Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі Орынханов М. К. 20 ж



Дата17.02.2017
өлшемі79,6 Kb.
#9555
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

___________ Орынханов М.К.

«______»_____________20___ ж.

«Педагогика» пәні бойынша
5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

5В010300-Педагогика және психология

5В011100-Информатика

5В011500-Құқық және экономика негіздері

5В011400-Тарих

5В011600-География

мамандықтарына арналған

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Педагогика» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:



Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым. Педагогиканың пәні, оның негізгі ұғымдары. Таным теориясы. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.

1

2

Тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы және сипаттамасы. Тұлға ұғымы. «Дамыту», «тәрбиелеу», «тұлғаны қалыптастыру» ұғымдары және олардың ара қатынасы. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлар.

1

3

Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие үрдісінде есепке алу. Оқушы тұлғасының даму кезеңдері, олардың дербес ерекшеліктерінінің сипаттамасы.

1
4

Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру.

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері.



Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісінің мәні

1

5

Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі. Педагогикалық үрдістің мәні және оның қозғаушы күштері. Педагогикалық үрдіске басшылық ету.

1

6

Педагогикалық үрдістің заңдылықтары. Оқу-тәрбие үрдісінің ұстанымдары, олардың мәні және сипаттамасы.

1
7

Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік шарттылығы. Тәрбиенің мақсаты – педагогикалық үрдістің негізгі компоненті, педагогикалық үрдістің өзегі. Тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту туралы түсінік.
1

8

Дүниетаным тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде. Дүниетанымның мәні мен негізгі компоненттері. Дүниетанымның түрлері. Дүниетанымды қалыптастыру жолдары мен құралдары.

1

9

Педагогикалық үрдістегі мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің мазмұны. Тәрбие түрлері. Адами мәдениетті меңгерудегі іс-әрекет түрлерінің негізгі рөлі.

1

10

Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие әдістерінің, формаларының, құралдарының жүйесі. Педагогикалық үрдіс әдістерінің сипаттамасы. Әдістер мен формалардың, құралдардың өзара байланысы тәрбие іс-әрекетін ұйымдастыру тиімділігінің шарты ретінде.

1
11

Педагогикалық үрдістегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы және өзара әрекеті. Ұжым тәрбие субъектісі және объектісі ретінде, ұжымның мәні. Балалар ұжымын қалыптастыру қызметі, заңдары және кезеңдері. Балалар ұжымдарының түрлері. Балалар ұжымының жағдайын зерттеу әдістемесі.

1

12

Сыныпта тәрбиелік жүйесі құру сынып жетекшісінің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде. Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Тәрбиелік жүйесі құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті. Тәрбиелік іс-шараларды дайындау әдістемесі.

1

13

Отбасы тәрбиесінің негіздері. Отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, отбасындағы ересектер мен балалардың өмірін ұйымдастыру әдістері, формалары, құралдары.

1

14

Тұтас педагогикалық үрдістің құрылымындағы оқыту.

Дидактика - педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Оқыту үрдісінің мәні, оның әдіснамалық негізі. Біртұтас педагогикалық үрдістің негізгі қызметтері (дамыту, тәрбиелеу, оқыту). Оқыту ұстанымдары мен заңдылықтары.



1
15

Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны. Білім беру мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттардың сипаттамасы.

1

16

Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ. Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет амалы ретіндегі оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік. Қазіргі мектептегі оқу жұмысыны ұйымдастыру формалары. Сабақтың типтері мен құрылымы. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың фронтальдық, топтық, жеке формалары. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.

1

17

Оқыту әдістерінің сипаттамасы. Қазіргі дидактикадағы оқыту әдістерін жіктеудің әртүрлі тұрғылары. Әр түрлі оқыту әдістерінің сипаттамасы.

1

18


Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық -педагогикалық негіздері. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің білім беру, тәрбиелеу, дамыту мүмкіндіктері. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің мәні, түрлері және оны ұйымдастыру формалары.

1

19

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің қазіргі тұғырлары. Оқыту үрдісінің әртүрлі тұғырларының сипаттамасы. Оқыту үрдісін жетілдіруде дәстүрлі және жаңа тұғырларды үйлестіру.

1
20

Тұтас педагогикалық үрдістегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алудың қызметтері. Оқыту нәтижелерін бақылау және есепке алу түрлері. Оқу жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу әдістерінің жүйесі. Оқушылардың білімін бағалау.

1

21

Білім беру технологиялары. Білім беру технологиялары туралы түсінік. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамасы. Тұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асыру технологиясы. Білім беру технологияларының сипаттамасы.

1

22

Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы. ҚР Конституциясындағы, «Білім туралы» заңдағы білім беру туралы мәселелер. ҚР жалпы орта білім беру туралы стандарты. Мектептердің түрлері мен олардың сипаттамасы, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері.

1

23

Мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушылық- әдістемелік басқару. Әр түрлі типтегі мектептерді басқару мен басшылық жасау. Басқару ұстанымдары. Мектеп басшысына қойылатын талаптар. Мектептің педагогикалық үрдісін басқарудың коллегиялық органдарының қызметі.

1

24

Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие үрдісін диагностикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектепішілік бақылау.

1

25

Мектеп жұмысын жоспарлау. Мектептегі әдісмелік жұмыс және мұғалімдерді аттестациялау.

1




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25




















4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тестілік тапсырмалар студенттердің білімі, білігі, дағдылары мен мен құзыреттерін анықтайды: педагогиканың әдіснамалық негіздерінен педагогиканың пәні және негізгі категорияларын, педагогикалық ғылымдардың басқа ғылымдармен байланысын тұлғаның даму проблемарын, тәрбие теориясы мен дидактиканы, тәрбиенің заңдылықтары мен мақсаты, қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны, оқыту принциптері, әдістері мен формалары білім беру мазмұны, педагогикалық технологиялар, педагогикалық басқару, т.б.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:



Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Директор Қ.Әбдиев
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет