Бекітемін Әдіскер: Г. Көбекова Білім беру саласы



бет1/2
Дата17.06.2018
өлшемі323,69 Kb.
#42371
  1   2

Бекітемін_____________

Әдіскер: Г.Көбекова
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Гүл отырғызу

Мақсаты: Гүлдің өсу ретін үйрету;

Ұжыммен еңбек етуге тәрбиелеу;

Ойлау қабілеттерін арттыру. Гүлдерге қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Гүлдің өсу реттілігінің суреттері, ыдыстағы қара топырақ, су құйғыш, қопсыту құралы, ақ парақ, түрлі түсті қиылған гүлдің дене бөліктері, желім, сүрткіш. «Кьюзенер» таяқшалары.

Сөздік жұмыс:көрік, бөлме, топырақ, тұқым.

Билингвалды копонент: Тұқым-семена, топырақ-грунт, жел-ветер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық


Ұйымдастыру іздену

Рефлексивті түзетушілік


Таңғы жиын

Балалар бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Апайлармен амандасып алайық.

Балалар осы жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем мезгілінің айларын айтып көрейік.

Дұрыс айтасыңдар.

Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістерді білесіңдер?

Бүгінгі ауа райы қандай болып тұр?

Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?

Олай болса жарқыраған күнмен, тамаша көңіл-күймен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз ба?

Оқу іс-әрекетін бастамас бұрын мен сендерге өлең шумақтарын оқып бергім келіп тұр.

Мұқият тыңдаңдар.



  • Біз доспыз гүлдермен,

  • Текке оны жұлмаймыз.

  • Мереке болғанда,

  • Аналарға сыйлаймыз.

Балалар өлең жолдары не туралы айтылған.

Олай болса бүгін біз гүлді қалай отырғызу керектігімен танысатын боламыз.

Көктем мезгілінде қандай мейрамды білесіңдер?

Балалар есімізге түсірейікші аналар мерекесіне арнап біздер не жасап едік?

Өте жақсы

Енді бүгін гүлді қалай отырғызу керектігімен танысатын боламыз.

Барлығымыз тақтаға назар аударайық.

Гүлдің өсу реттілігінің суреттерін көрсете отырып түсіндіру.

Тосын сәт:

Телефон шырылдайды.

Балалар маған бейне хабарлама келіпті, барлығымыз бейнехабарламаны көрейік.

Слайдтан гүлзар әжейдің көрінісі.

Саламатсыңдар ма, балалар.

Балалар сендер гүлді қалай отырғызу керектігін үйренгілерің келеді ме?

Олай болса мұқият маған назар аударыңдар.

1.Бос шелекті алып, ішіне гүлге арналған топырақ саламыз.

2.Топырақты су құйып ылғалдап аламыз.

3.Топырақты жайлап қана ашып, өскінді орналастырамыз.

Демалыс сайын бір рет су құйып, күн көзіне терезенің алдына қоямыз.

Жапырақтарындағы шаң-тозаңын ылғалды шүберекпен сүртіп аламыз.

Міне балалар гүлді осылай отырғызамыз, кәделеріңе жаратыңдар.

Хош сау болыңдар.

Балалар Гүл отырғызу жөнінде гүлзар әжей бізге біраз мағлұмат берді.

Енді сол алған білімімізді әрі қарай жетілдіру үшін белсенді орталықтарға бөлінеміз.

Бүгін бізде төрт орталық ашық тұр.

1.Әдебиет орталығында МНЕМО әдісі арқылы гүл туралы тақпақтар жаттапүйренеміз.

Мақсаты: Балалардың жаттау қабілетін арттыру. Гүлге деген қамқорлық сезімін ояту.

2.Өнер орталығында дайын салынған құмырадағы гүлдің дене бөліктерінің суретін жапсыру. Гүлдің шелегін интеграциялау арқылы ермексазды жағу әдісі арқылы бояу.

Мақсаты: Гүлдің дене бөліктерімен (сабағы, жапырағы, гүлімен ) таныстыру.

3.Үстел үсті ойын орталығында «Кюзенер таяқшаларынан», Мозайкамен гүлдерді құрастыру.

4.Зерттеу орталығында арнайы дайындалған гүлдің топырағына өскін гүлді отырғызып үйренеміз.

Мақсаты: Балаларды гүлдердің қалай шығатынымен таныстыру. Білімділігін арттыру. Ұжым болып жұмыс жасауға дағдыландыру.

Кезекшіні шақырып текшелерді таратады.

Балалар алған текшелеріне байланысты орталықтарға бөлінеді.


Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Сөздік жұмыс: көрік, бөлме, топырақ, тұқым.

Билингвалды копонент: Тұқым-семена, топырақ-грунт, гүл-цветок

Балалар мен сендермен «Реттілігін тап» деген ойын ойнағым келіп тұр.

Ойнағыларың келеді ме?

Олай болса ойын шартын түсіндіріп өтейін. Тақтада бізге қалташықтар берілген, столдың үстінде гүлдің өсу реттілігіне байланысты суреттер жатыр. Суреттерді тауып қалташыққа ілуіміз керек.



Қорыту

Көрме ұйымдастырып, балалардың жұмыстарын мадақтау.

Балалар біз бейнехабарлама арқылы кімді көрдік?

Гүлзар әжей бізге нені үйретті?

Дұрыс айтасыңдар.

Қандай орталықтарда отырдыңдар?

Әдебиет орталығында кім, қандай жұмыс жасады?

Өнер орталығында кім, қандай жұмыс жасады?

Үстел-үсті ойын орталығында кім, қандай жұмыс жасады?

Зерттеу орталығында кім, қандай жұмыс жасады?

Жапсырған жұмыстарын жинап алып көрсету. Көрмеге қою.

Отырғызған гүлдерін зерттеу орталығына қойып, күнде бақылап күтіп баптау керектігін айту.

Жарайсыңдар балалар сендер бүгін барлық орталықта белсенді жұмыс жасадыңдар.

Жапсырған жұмыстарыңды көрмеге ілемін. Сол жерден ата-аналар көретін болады.Жұмыстарыңды аяқтамағандарың күннің екінші жартысында жалғастыратын боласыңдар.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды, апайларға қош сау болыңыздар дейміз.


Саламатсыздар ма апайлар.

Көктем мезгілі

Үш ай бар


Наурыз, сәуір, мамыр.

Күн жылынады, қар ериді, құстар оралады.

Күн ашық.

Тамаша


-Иә, бастаймыз

Өлең жолдарын түсініп тыңдайды.


Гүл туралы айтылған


Аналар мерекесі бар.


Гүлдің суретін жапсырдық.

Гүл туралы түсіндірмені зейін қойып тыңдайды.

Балалар таңырқай қарайды.

Саламатсыз ба, гүлзар әжей




  • Иә

Түсініп, тыңдайды.

Сау болыңыз

Орталықтарда қандай тапсырмаларды орындайтындарымен танысып алады.

Тәрбиешімен бірге жасайды.

.

Сөздерді қайталайды.


Қазақша, орысшасын айтады.

Ойнағымыз келеді.


Ойынды қызықты ойнайды.

Гүлзар әжейді көрдік

Гүлді қалай отырғызу керектігін.

Әдебиет, Өнер, үстел үсті, зерттеу орталықтарында

Сурет арқылы гүл туралы тақпақ жаттадықъ

Гүлдің дене бөліктерін тиісті жерге орналастырдық.

Әр түрлі гүлдер құрастырдық
Гүлдерді отырғыздық

Апайлармен қоштасу





Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Гүл отырғызу реттілігі.

Нені үйренді: Гүл туралы тақпақтар жаттап үйренді.

Нені біледі:Гүлдің пайдасын.




Каталог: materialy -> balabaksha
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
balabaksha -> Әрекеті Тақырыбы
balabaksha -> Сабақтыңтақырыбы: Күз мезгіліне саяхат. Сабақтың мақсаты
balabaksha -> Сабақ Тақырыбы: «Отбасы бақыт мекені» Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
balabaksha -> Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,плакаттар, түрлі-түсті шарлар. Әрекет кезеңдері
balabaksha -> Сабақ Тақырыбы: «Менің сүйікті қуыршағым»
balabaksha -> Сабақ Тақырыбы: Жұмбақтар күні Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет