«Бекітемін» «Келісемін» Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі



бет1/4
Дата11.01.2017
өлшемі408,91 Kb.
#7497
  1   2   3   4
«Бекітемін » «Келісемін »

Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі:



«__________» __2016 ж_ «__________» __2016 ж_

атындағы орта мектебі

сыныбының 2016-2017 оқу жылына

арналған тәрбие жұмысы жоспары

Сынып жетекшісі:

КІРІСПЕ

Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың өзектілігі білім беру ұйымдарының ұлттық мәдениетті меңгеру, бекіту, көріну және трансляциялауына ықпал ететін білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалады

Мемлекет пен қоғам ұлттың зияткерлік әлеуетін, адамгершілік, дене дамуы мен психикалық саулығын сақтау, тапсыру және көбейтудің негізі ретінде қарастыратын білім беру ұлттық өзіндік сана тәрбиесінен ажырағысыз.

Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы, әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық ділін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.

Оқушы жастардың санасында білімнің беделділігі, өз денсаулығын сақтаудағы экономикалық мүдделілік сияқты жаңа позитивті трендтер артуда; отбасы, достары, денсаулығы, материалдық игіліктер, қызықты жұмыс, мансабының өсуі оқушылардың дәстүрлі өмірлік құндылықтары болып қала беретінін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.

Сонымен бірге, ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балалар мен жастарда азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық байқалады.

Мектеп өз тәрбиеленушілерін Қазақстан тарихының бастауларына, туған елінің мәдениетіне, ана тіліне, қазақ әдебиетіне толық бейімдемейді. Мектеп бағдарламаларында оқушылар тұрып жатқан өңірдің табиғаты, мәдениеті және экономикасының жергілікті ерекшеліктерімен байланысты материалдарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Білімнің өзі адамның тіршілік әрекетінің міндетті құрамдасынан социумның пайдакүнемдік-қызметінің функциясына айналады, мұнда адам бейнесі білікті тұтынушы бейнесімен алмасады.

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты:

жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.



Міндеттері:

-Қазақстандағы әр бала тұлғасының мотивациялы-құндылықты аясын дамыту;

-тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілін және қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;

-көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу;

-отбасының тәрбиелік әлеуетін күшейту;

-оқушыларда табысты әлеуметтенуі үшін құзыреттіліктерді, толассыз өздігімен білім алу мен өзін-өзі дамытуды, олардың саналы түрде жан-жақты өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі дамытудың жоғары формасы – өзін-өзі тәрбиелеуге қатысуды қалыптастыру.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі

227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» іске асырудағы іс-шаралар жоспары




  1. Атырау облысы Білім беру басқармасының құзырына кіретін іс-шараларды құрайтын нормативті құжаттардың орындалуын бақылау






Нормативті құжаттар атауы

Мерзімі

Жауапты

1.1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 6 қаңтардағы №1436 қаулысын жүзеге асыру мақсатында жасақталған «Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық интеллигенцияның жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы рөлін арттыру жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары»

тұрақты


Білім беру басқармасы

1.2

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №139-ө өкімімімен бектілген «Отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және адамгершілік-рухани құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспары»

тұрақты


Білім беру басқармасы

1.3

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы

тұрақты


Білім беру басқармасы

1.4

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 сәуірде №292 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары»

тұрақты


Білім беру басқармасы

1.5

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №53 «Атырау облысында жастар саясатын дамытудың 2015 жылғы арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы

жыл бойы

Білім беру басқармасы

1.6

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №360 «Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы

2016 жылдың аяғына дейін

Білім беру басқармасы

1.7

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №34 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы №1114 «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Атырау облысының 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы

тұрақты


Білім беру басқармасы

1.8

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамырдағы №169 «Атырау облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы

2016 жылдың аяғына дейін

Білім беру басқармасы

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет