Бекітемін Мектеп директоры Г. О. Нүсіпбаева Мемлекеттік тілге байланысты 2016-2017 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары



Дата01.02.2018
өлшемі422,64 Kb.
#37308
Бекітемін

Мектеп директоры Г.О.Нүсіпбаева

Мемлекеттік тілге байланысты 2016-2017 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары



Іс-шаралар  

Жүзеге асыру мерзімі

Жауапты

1

«Ұлтпен бірге жасайды өнеріміз» атты оқушылар арасындағы сайыс байқауы

Қыркүйек

Қалжанова Ғ.Т.

Әділбекова М.М.

Тұяқова Г


2

«Шырайлы аты елімнің — қасиетінде жерімнің» шығармалар байқауы

Қыркүйек

Қазақ тілі пәні мұғалімдері

3

«Тіл-халықтың жаны» байқауы

Қазан

Қазақ тілі пәні мұғалімдері

4

Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Қазан

Қалжанова Ғ.Т.

Әділбекова М.М.

Тұяқова Г


5

XXI ғасыр көшбасшысы

қараша

Қалжанова Ғ.Т.

Тұяқова Г



6

«Үш тұғырлы тіл» дебат сайысы

желтоқсан

Қалжанова Ғ.Т.

Тұяқова Г



7

КАТЕV ауудандық қазақ тілі олимпиадасы

Ақпан

Қалжанова Ғ.Т.


 8

С.Иманасов аудандық мектеп арасындағы оқуы

28 ақпан

Қалжанова Ғ.Т.

9

І.Жансүгіров аудандық мектеп арасындағы оқуы

15 наурыз

Қалжанова Ғ.Т.

10

«Абай оқулары» аудандық байқауы

20 сәуір

Қалжанова Ғ.Т.

11

«Тіл— тұнық ойдың кәусары» мектептік байқауы (қазақ,орыс,ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында)

Мамыр

Қазақ,орыс,ағылшын тілі мұғалімдері


Талғар ауданы

Бесқайнар ауылы

20 орта мектеп



«Ұлтпен бірге жасайды өнеріміз»

Сайыс сабақ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
«Ұлтпен бірге жасайды өнеріміз»
Мақсаты: Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін,салт- дәстүрін, өзіндік үлгі-өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Оқушыларды мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым-қатынасы мен тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Достығы жарасқан ұлт өкілдеріне арналған мемлекеттері туралы слайдтар, достық тақырыбына көсем сөздер,ұлттық киім киген оқушылар, ұлттық тағамдар. 

Сабақтың барысы : 
Екі жүргізушы шығып: 
Сыр бойында баулардан, 
Алатаудай таулардан. 
Сарыарқамдай даламнан, 
Теңіз Каспий, Аралдан. 
Баян сұлу Жібектей, 
Төлегендей түлектей, 
Ұл-қызы бар елімнен, 
Жұлдызы бар жерімнен. 
Сәлем, саған туған ел! 
Аспаны бір, күні бір. 
Жұлдызы бар бір, түні бір. 
Арманы бір , жыры бір, 
Даласы бір, гүлі бір. 
Сәлем саған, туған ел! 

Жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, көрермендер! 

2-жүргізуіші: Бүгін, сіздердің назарларыңызға, мемлекеттік тіл күніне арналған «Бірлік - түбі тірлік» атты іс шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. 
Мұғалім: 
Қазақстан тәуелсіз ел болып, егеменді,дербес мемлекет атанғалы биыл 18 жыл болайын деп тұр. Бұл қажырлы еңбектің , төзімділік пен жеңістердің 18 жылы. Биыл Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 13 жыл толды, таяуда Ассамблеяның сессиясы болған болатын. 
Бұл да –бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 13 жылы . 
Нақ осы Ассамблея біздің мемлекеттің ұлттық саясатының тарихында ғана емес,сонымен бірге әлемдік практикада «ұлттық мәселені» шешуде де жаңа беттер ашып берді. Біздің елімізді дағдарыс иірімінен алып шығып,ауқымды апаттарға ұрынбауға мүмкіндік берген жанкешті еңбектің қалыпты емес шешімдерді қинала іздестіру мен қабылдаудың жылдары ретінде тарихқа енеді. 
Біз жаңа толыққанды қоғам- азат та құқылы адамдардың қоғамын құрдық. 
Ең бастысы-біз өзіміздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді, адамдардың жүрегінде өзара түсіністік пен сенімді сақтай алдық. Қазақстандықтар ұлттық төзбеушілік пен өшпенділікке ұрынбастан, шынайы біртұтас халыққа айналды. 
Осының бәрі алғашқы күннен бастап біз ұлттық келісімді өзіміздің басты басымдылығымыз және мемлекет саясатының өзегі ретінде айқындауымыздың арқасында ғана мүмкін болды. 

1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары, 
Төбемізде тұр аспан. 
Барлық ұлттың баласы, 
Достығымыз жарасқан. 
2-Жүргізуші Ортақ бізге бір Отан. 
Ортақ жердің байлығы. 
Еңбек ортақ, жыр ортақ, 
Ортақ бізге барлығы. 

Екеуі бірге: Байлықтың ең үлкені- халықтар достығы. 
1-жүргізуші: Біздің қазақстан жерінде 130 дан астам ұлт 
өкілдері тұрады.бүгін осында татар, орыс, грузин,қырғыз,әзербайжан ұлт өкілдерінен біздің колледжде оқитын оқушылар бүгінгі іс-шарамызға қатысуға келіп отыр. Осы ұлт өкілдеріне қошеметтеп қол шапалақтап қояйық./ду қол шапалақ/ 

2-Жүргізуші Бүгінгі іс шараның өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін. Іс шарамыз 4 турдан тұрады. 
1- тур. Ұлт өкілдерінің тілектері. 
2-тур. Өз ұлтымның өнері. 
3- тур. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. 
4-тур. Дастарқан сәні-ұлттық тағамдар. 
5-тур. Достық түбі- береке, береке түбі-мереке. 

1-жүргізуші: Сонымен 1-тур. Ұлт өкілдерінің тілектері. 
Бұл жерде біздің елімізде туып өскуен ,бүгінде колледжімізде оқып жүрген ұлт өкілдерінің тілектерін тыңдайық. Кезекті сөзді сіздерге берейік. 1-ші сөз Орыс мәдени орталығының өкіліне беріледі. 

Орыс мәдени орталығы: 1-оқушы.Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезеңде біздің орталық өлке жұршылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жоқ. Әрине негізгі мақсатымыз- славян мәдениетін дамытуға , орыс тілін оқытуға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан қашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа біге түк керек емес. Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе өзара түсіністігімізді дамыту. 
Қазақстан жасасын! 

2-оқушы:Думан елім , 
Асқар белім. 
Шалқар көлім, 
Құшағын жайған айдыным, 
Мәңгілікке панам өзің. 

2-Жүргізуші Ендігі сөзді Грузин мәдени орталығына берейік. 
1-оқушы: 
Жетісу ,Сарыарқа жерінде ата-бабаларымыз қалай келіп тұрақтап қалғаны тарихтан мәлім. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдылығы ның арқасында біздің грузия халқы да өсіп-өніп жақсы тіршілік кешуде. Мына біздің аталарымыз,көптеген қиын жағдайларда бастарынан өткерді. Олардың біраз ұрпақтары қонақжай қазақ халқының жерінде тұрақтап қалды. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға өте бай. Ал, байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек,бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі! 

2-оқушы. Много слов сказано, 
Сколько песен сложено 
И стихов искренних 
На разных языках 
О степях ветренных, О тебе вечная, Цветущая земля! 
1-жүргізуші:Ендігі сөзді Қырғыз мәдени орталығына берейік: 

1-оқушы: Мүмкіндікті пайдалана отырып, бәрімізге айтарым,қашанда жүзіміз жарқын,көңіліміз шат болып тұру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай, берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір,Конституциялық құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда.Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім де, ешқашан да ұрыс-керіс,жанжал,айқашумен жақсы тұрмыс жаай алмайды. Жассын достықты жақтаған Қазақ елі! 

2-оқушы: Асқарлы қарлы шың, 
Аялаған ән құсым. 
Туған жер армысың, 
Саған мың алғысым! 

2-Жүргізуші Келесі сөзді татар мәдени орталығына берейік. 

1-оқушы: Біз қазақ халқының шексіз дарқандығын айтқымыз келеді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына болады.Өйткені достығы, бірлігі мықты ел қашанда дараланып тұрады. Қазақстан Республикасында тұратын мақтан тұтатын ұлттың бірі- біздер татарлар. Дініміз бөлек болса да , түкі тіліміз бір болғандықтан қазақ тілін үйренуге балаларымыз да бейім. Қазақ жеріндегі жақсы тұрмысымыз туралы сырттағы бауырларымыздың аузынан етіп төбем көкке бір елі жетпейді. Жасасын Қазақстан! 

2-оқушы Своих детей храни, земля, 
Пусть ночи будут мирными 
У нас на всех одна, одна земля. 
Своих детей люби , Земля 
Мы вместе будем сильными, 
Ведь Родина унас на всех одна. 

1-Жүргізуші: Келесі сөз кезегін қазақстан мәдени орталығына берейік. 

1-оқушы Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Осы тәуелсіз мемлекетімізді уақыт талабына сай салиқалы ақылмен, терең парасат- пайыммен басқарған Н.Назарбаев сынды ерен елбасын қалай мақтап, мадақтасақ та жарасады. 
Көп ұлтты халықтың арасында «ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болып, дер кезінде республикадағы ұлттардың Ассамблеясының жұмысын жандандырып ,олардың тілін, әдет-ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Осылайша ел басқарудың ауыр міндетін қайыспай көтеруде. 
Елбасына деген ізгі ниет, бауырлық қимас сезімге толы. Мемлекетімізде істеліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы президент Н.Назарбаев есімімен байланысты.Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп, үндесіп тұр. 

2-оқушы.Баста батыр,Бақытқа байтағыңды. 
Халқың тағы өз сөзін айта білді. 
Аспан түстес, Көгілдір айшық туың, 
Ерке өзендей екпінің,ағының бай., 
Қолдады жұрт досыңдай, бауырыңдай. 
Орысың да қолдады ойлы ұлым деп, 
Татарың да қолдады тамырындай. 
Барлық ұлттың ұлысың,Бар ұлыстың, 
Республика намысын алып ұштың. 

1-Жүргізуші: Осымен 1-турымыз аяқталды, тілектеріңізге көп рахмет! Ал енді келесі 2-турға көшейік. 

2-Жүргізуші: 2-тур. Өз ұлтымның өнері. 
Асқарлы қарлы шың, 
Аялаған ән құсым. 
Туған жер армысың, 
Саған мың алғысым – деп өз ұлттарыңыздың өнерлерін шашу ретінде ұсыныңыздар. 

2-тур. Орыс мәдени орталығы сіздерді ортаға шақырамыз. 
Келесі кезек грузия.. 
Келесі ... т.б. 

1-Жүргізуші: Жер- Анамыз жасайды тарлық кімге? 
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде. 
Қайталанып,жаңарып айтылады, 
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде. 
3- тур. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. 

2-Жүргізуші: Бұл турда - Туған жер ,Отан туралы мақал-мәтелдердерді әр ұлт өз тілдерінде айтады,кім қазақша эквивалентін бірінші тапса,туларын биігірек көтеріп жауап береді. 

1-Жүргізуші: бұл турда,яғни тек өз тіліңде ғана емес, мемлекеттік тілдеде біліктіліктеріңізді көрсетесіздер.Ал, бастайық.1ші кезекті орыс мәдени орталығы сіздерге берейік. 

2-Жүргізуші: Келесі- татар мәдени орталығы.... 
Келесі Грузия мәдени орталығы.... 
Келесі қырғыз мәдени орталығы... 
Келесі қазақ мәдени орталығы.... –бұған жауапты өз тілдеріңізде айтыңыздар. 

Берілетін: 
Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
4. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
5. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
6. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

1-Жүргізуші: Бәрекелді, жақсы біз Қазақ жерінде тұрып жатқаннан кейін бәрімізге мемлекеттік тіл білу парыз деп есептейміз. Президентіміз айтқандай :»Қазақтанның болашағы –қазақ тілінде» 

2-Жүргізуші: Достық түбі-береке, Береке-түбі-мереке. дегендей 
Осы мерекеге қандай ұлттық тағамдарыңызбен келдіңіздер,оны қалай дайындадыңыздар,қалай аталады сол туралы айтсаңыздар. 
4-тур. Дастарқан сәні-ұлттық тағамдар. 

1-Жүргізуші: 1-кезек орыс мәдени орталығы өздеріңізге беріледі. 
Бәрекелді, қандай тағам,ғажап ... 
Келесі. Қырғыз мәдени орталығы сіздер... 

Рахмет,Өте дәмді,сәнді ғажап ұлттық тағамдар түрлерімен таныстық,дайындықтарыңызға рахмет! 
2-Жүргізуші: Республикам Менің! 
Республикам Менің! 
Абатым! 
Көркіңді көрсе-мейірі көздің қанатын! 
Қуат бар сен де лапылдап от боп жанатын, 
Шуақ бар сен де достасып бірге табатын! 

Соңғы -5-тур. Достық түбі- береке, береке түбі-мереке. 

1-Жүргізуші: Туып-өскен еліміз,жеріміз Отанымыз туралы ,салт дәстүр,ән-күй, өлең жырларыңызды ортаға салуға шақырамын. 
Әдеттегідей 1-ші тур орыс мәдени орталығы өздеріңізге беріледі.. 

2-Жүргізуші: Республикам менің! 
Республикам менің! 
Келбеттім! 
Кең бесігіңді кемел еліңді тербеттің! 
Кіндігі сенің қазағым үшін жер,көктің! 
Алғысын айтам ақ жүрегімнен мен көптің! 
/Музыка. Нұрлыбек ән орындайды./ 

Жүргізуші: Осымен, «Бірлік түбі-тірлік» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысқан оқушыларға , қызықтаған мына сіздерге көп рахмет! Келесі кездескенше! 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі 

«Мемлекеттік тіл» күніне арналған тәрбие сағаты 

Дайындағандар:Б.Қ.Жакешева 
Ғ.Е.Барбанова 

Петропавл-2009жыл. 
Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
7. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
8. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
9. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
10. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
11. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
12. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
13. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
14. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
15. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
16. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
17. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
18. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
19. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
20. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
21. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
22. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
23. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
24. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
25. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
26. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
27. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
28. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
29. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
30. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Мақал-мәтелдер 
1. Достық күші – бірлікте, 
2. Ынтымақ- достықтың бірлігі. 
3. Туған жердей, жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
31. Отан үшін күрес- елге тиген үлес. 
32. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. 
33. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. 

Орыс мәдени орталығы: 1-оқушы.Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезеңде біздің орталық өлке жұршылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жоқ. Әрине негізгі мақсатымыз- славян мәдениетін дамытуға , орыс тілін оқытуға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан қашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа біге түк керек емес. Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе өзара түсіністігімізді дамыту. 
Қазақстан жасасын! 

2-оқушы:Думан елім , 
Асқар белім. 
Шалқар көлім, 
Құшағын жайған айдыным, 
Мәңгілікке панам өзің 

Орыс мәдени орталығы: 1-оқушы.Алматы облысына қарасты Орыс мәдени орталығы 1992 жылы құрылған еді. Содан бергі кезеңде біздің орталық өлке жұршылығының баянды тірлік құруы үшін аз еңбек сіңірген жоқ. Әрине негізгі мақсатымыз- славян мәдениетін дамытуға , орыс тілін оқытуға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталған. Біз елімізде ешқандай қақтығыс, төңкерістің болмағанын қалаймыз. Қазақстан қашанда осындай тұрақты қалыпта болып, төбемізден күн күліп тұрса екен дейміз. Басқа біге түк керек емес. Барлық мерекелерде басқа халықтармен бірге өзіміздің өнерімізді көрсетіп, ән салып, би билеп, той тойлаймыз. Біз үшін басты мәселе өзара түсіністігімізді дамыту. 
Қазақстан жасасын! 

2-оқушы:Думан елім , 
Асқар белім. 
Шалқар көлім, 
Құшағын жайған айдыным, 
Мәңгілікке панам өзің. 

2-Жүргізуші Ендігі сөзді Грузин мәдени орталығына берейік. 
1-оқушы: 
Жетісу ,Сарыарқа жерінде ата-бабаларымыз қалай келіп тұрақтап қалғаны тарихтан мәлім. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдылығы ның арқасында біздің грузия халқы да өсіп-өніп жақсы тіршілік кешуде. Мына біздің аталарымыз,көптеген қиын жағдайларда бастарынан өткерді. Олардың біраз ұрпақтары қонақжай қазақ халқының жерінде тұрақтап қалды. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға өте бай. Ал, байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек,бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі! 

2-оқушы. Много слов сказано, 
Сколько песен сложено 
И стихов искренних 
На разных языках 
О степях ветренных, О тебе вечная, Цветущая земля! 

2-Жүргізуші Ендігі сөзді Грузин мәдени орталығына берейік. 
1-оқушы: 
Жетісу ,Сарыарқа жерінде ата-бабаларымыз қалай келіп тұрақтап қалғаны тарихтан мәлім. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдылығы ның арқасында біздің грузия халқы да өсіп-өніп жақсы тіршілік кешуде. Мына біздің аталарымыз,көптеген қиын жағдайларда бастарынан өткерді. Олардың біраз ұрпақтары қонақжай қазақ халқының жерінде тұрақтап қалды. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға өте бай. Ал, байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек,бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі! 

2-оқушы. Много слов сказано, 
Сколько песен сложено 
И стихов искренних 
На разных языках 
О степях ветренных, О тебе вечная, Цветущая земля! 

1-оқушы Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Осы тәуелсіз мемлекетімізді уақыт талабына сай салиқалы ақылмен, терең парасат- пайыммен басқарған Н.Назарбаев сынды ерен елбасын қалай мақтап, мадақтасақ та жарасады. 
Көп ұлтты халықтың арасында «ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болып, дер кезінде республикадағы ұлттардың Ассамблеясының жұмысын жандандырып ,олардың тілін, әдет-ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Осылайша ел басқарудың ауыр міндетін қайыспай көтеруде. 
Елбасына деген ізгі ниет, бауырлық қимас сезімге толы. Мемлекетімізде істеліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы президент Н.Назарбаев есімімен байланысты.Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп, үндесіп тұр. 

2-оқушы.Баста батыр,Бақытқа байтағыңды. 
Халқың тағы өз сөзін айта білді. 
Аспан түстес, Көгілдір айшық туың, 
Ерке өзендей екпінің,ағының бай., 
Қолдады жұрт досыңдай, бауырыңдай. 
Орысың да қолдады ойлы ұлым деп, 
Татарың да қолдады тамырындай. 
Барлық ұлттың ұлысың,Бар ұлыстың, 
Республика намысын алып ұштың. 

1-оқушы Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Осы тәуелсіз мемлекетімізді уақыт талабына сай салиқалы ақылмен, терең парасат- пайыммен басқарған Н.Назарбаев сынды ерен елбасын қалай мақтап, мадақтасақ та жарасады. 
Көп ұлтты халықтың арасында «ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болып, дер кезінде республикадағы ұлттардың Ассамблеясының жұмысын жандандырып ,олардың тілін, әдет-ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Осылайша ел басқарудың ауыр міндетін қайыспай көтеруде. 
Елбасына деген ізгі ниет, бауырлық қимас сезімге толы. Мемлекетімізде істеліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы президент Н.Назарбаев есімімен байланысты.Елбасымыздың есімі Тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өріліп, үндесіп тұр. 

2-оқушы.Баста батыр,Бақытқа байтағыңды. 
Халқың тағы өз сөзін айта білді. 
Аспан түстес, Көгілдір айшық туың, 
Ерке өзендей екпінің,ағының бай., 
Қолдады жұрт досыңдай, бауырыңдай. 
Орысың да қолдады ойлы ұлым деп, 
Татарың да қолдады тамырындай. 
Барлық ұлттың ұлысың,Бар ұлыстың, 
Республика намысын алып ұштың. 

1-жүргізуші:Ендігі сөзді Қырғыз мәдени орталығына берейік: 

1-оқушы: Мүмкіндікті пайдалана отырып, бәрімізге айтарым,қашанда жүзіміз жарқын,көңіліміз шат болып үру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай, берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір,Конституциялық құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда.Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім де, ешқашан да ұрыс-керіс,жанжал,айқашумен жақсы тұрмыс жаай алмайды. Жассын достықты жақтаған Қазақ елі! 
2-оқушы: Асқарлы қарлы шың, 
Аялаған ән құсым. 
Туған жер армысың, 
Саған мың алғысым! 
1-жүргізуші:Ендігі сөзді Қырғыз мәдени орталығына берейік: 
1-оқушы: Мүмкіндікті пайдалана отырып, бәрімізге айтарым,қашанда жүзіміз жарқын,көңіліміз шат болып үру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай, берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Құдайға шүкір,Конституциялық құқығымыз да ел қатарлы қорғалуда.Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім де, ешқашан да ұрыс-керіс,жанжал,айқашумен жақсы тұрмыс жаай алмайды. Жассын достықты жақтаған Қазақ елі! 
2-оқушы: Асқарлы қарлы шың, 
Аялаған ән құсым. 
Туған жер армысың, 
Саған мың алғысым!
Талғар ауданы

Бесқайнар ауылы

20 орта мектеп



«Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің»

шығармалар байқауы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің» шығармалар байқауы


Есіңде ұста! Атам қазақтың сөз жасау жүйесінде барлық ру мен тайпалардың (ел-жұрттың), кез-келген ұғымдардың шыққан тегі сөздің түбірінде тұрады. Осы түбір арқылы барлық ұғымдардың тегін таба аласың. «Сөз түбірі жаңылыспайды».
Қажырбайұлы Мұхамбеткәрім
        Жер-су аттарының шығу тарихы мен мағынасын білу  қызық. Әсіресе өз туған елді-мекендеріміздің атауларының шығу тарихын зерделеу, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, туған өлкеге деген ыстық ынта, отаншыл  сезімді күшейтпек. Қазақстан  топонимдері халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен халықтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында,  сезім сұлулығы  туралы ой түюге мүмкіндік береді. 
      Мен Солтүстік Қазақстан облысында тұрамын. Бұл облыс Батыс-Сібір ойпатынан оңтүстігінде орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің Ақмола, Костанай, Павлодар облыстарымен және Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстарымен шектеседі. Біздің облыс 1936 жылы құрылған. Ол  кезде облыстың құрамына 26 аудан, 5 қала болған. 
      Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 13 аудан бар. Облыстың халқы 588910 адам, жер көлемі – 98 мың шаршы километр. Біздің облыстың табиғаты әсем, ормандар мен көлдерге бай. Біздің өлкені «аққайыңдар өлкесі» деп атайды.
Солтүстік Қазақстан облысы – атақты халық мақтанышы болған адамдардың туған жері. Көрнекті ақын-жазушылар Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов, ғарышкер Александр Викторенко осы өлкеде туған. Біздің өлке жылдан жылға гүлденіп, дамып келеді. Мен өз жерімді мақтан етемін.  
 Жыл сайын шығармалар байқауларына қатысып, өзім тұратын ауылдың атауын, ауданымыздың атауларын зерттегенмін.  Осы шығармада Есіл өзені туралы білген мәліметтерді ортаға салмақпын. 
       Есіл өзені — облыстың ең басты су арнасы. Кеңес дәуірінде «Есіл» атауы «Ешим» болып бұрмаланып келді. Есіл өзені Сарыарқа жері, Қарағанды облысындағы Нияз тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды. Жалпы, ұзындығы 2450 шақырым, Қазақстандағы ұзындығы 1719 шақырым. Ресейдің Түмен, Омбы облыстарынан өтеді. 1950 жылдардың ортасында Есілде кеме жүзген. Есіл бойында Астана,  Есіл, Қызылжар қалалары орналасқан. Есіл өзені бас қаланы қақ бөліп ағып жатыр. 
       Өзен атауы көне түркі тілінде «көк» деген мағынаға ие.       «Есіл» сөзі «ер, сөз, дерт» сөздерінің мағыналарын  күшейтуге қолданады.  Осыған байланысты «есіл дүние ысырап болды»,  «есіл ер-ай!» 
«саған қор болған есіл ат»,  «тыңдамасқа айтқан есіл сөз» деп айтылады. Мағынасы «айхай, әттең, дариға, қайран, шіркін» сөздеріне жақын болғаны тегін емес. Ұлы түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, РАН шығыстану Институтының қызметкері– Л.Тугушев «Ишим» сөзін түркі тілінен аударғанда, «атақты жағалалуларымен  өзен» дегенді айтады және осы нұсқаны жергілікті өлкетанушы ең дұрысы деп есептейді.
      Есіл өзенінің атауының шығу тарихына  көптеген жорамалар бар. Негізінде «Ишим» өзенінің атауын «ишэм» деген татар сөзімен байланыстырады. Ол «жүзу, есу» дегенді білдіреді. Башқұр тілінде де «иш» , «ишэм» деген сөздер бар. Олар «жолдас, дос» дегенді білдіреді. Орысша Есіл өзенінің атауы Ишим болып табылады. Осыған  орай бұл өзеннің атауы Ишим дегенге байланысты. Халықтың айтуы бойынша, бұл өзен өз атауын суға батып кеткен Татар ханының ұлы Кучума Ишимакудың атына қатысты.  
«Ишимак» сөзі татар тілінен аударғанда, «қиратушы» деген мағына береді.  Өзен  жағасында салынған шаруалардың үлкен-кішілі үйлері  қиратылып қалатын  делінеді. 
   Есіл өзенінің атауының шағуына байланысты тағы бір мынадай аңыз бар. Онда екі егіз ұлы болған бір әйел туралы айтылады. Олар таулар арасында қорқынышты және қалың орманда кішкентай көл жағасында өмір сүрген. 
Екі ұлы ержетіп,  өмірді көруге, өздеріне қалыңдық іздеуге жолға шығады. Ол екеуі бір-бірінен айырылмастан, көп жер жүріпті. 
     Ағайындар әр түрлі болыпты. Біреуі өте мықты, әрқашан тек алды жүретін және ойланбастан өз күшіне және мықтылығына сенетін болыпты. Ал екіншісі сабырлы және әлсірек болатын. Біріншісі  бірден қылышына сүйенсе, екіншісі ойын жинап алатын. Екеуі жердің өзгергендігін, құстар ұшып келмегендігін, алдарынан жануар кездеспегенін байқап, не болғанын және соған орай халыққа көмектескілері келді. Әйтеуір, жердің басқа қиырына жетеді. Ол жақта таулар аспанмен ұштасып, жердің орталығына апаратын үңгір болады. Біркөзді шайтандар осы үңгірге өту жолын қорғайды екен, аңдардан ерте шығып, жердің  бүкіл аудандарына жайылады. Осы жерден бірнеше құстардың ойнағы ұшып шығып, бүкіл жерге тарайды екен. Бірақ жолды Джиль-бурган деген зұлым карликтің біркөзді құлдары жауып тастайды. Ол жел мен қардың, аяз бен жаңбырдың билеушісі болыпты. 
    Бұл кәрі шалдың жас, әдемі қызға көзі түседі. Бірақ жас қыз оның үйінің иесі болудан бас тартады. Ол кәрі шалды мазақ етіп күледі, бүкіл ағайын-жұрт, бүкіл халық мазақ етіп күледі. Зұлым карлик ашуға булығып, бәрін жазаламақшы болады. Жануарлардың, құстардың жерге қайдан келетінін біліп алады да, өзінің біркөзді құлдарын сол жолға қойып, бүкіл жолды жауып тастайды. Алғашқы ағасы қорқынышты карликпен күреседі, екіншісі ойын жинақтап алмақшы болады. Ағасы біркөзділерді жеңіп, өзі де құрдымға 
кетіп, өзенге айналып кетеді. Ал екіншісі қасіреттің кінәлісі карликті қуып жетіп, өлтіреді де, бүкіл жан-жануарларды, құстарды бостандыққа шығарады. Құстар жан-жаққа,  әр елге ұшып кетеді. 
     Күллі халық мәз-мейрам болып, қуанып, ағайындарға алғыстарын білдіріп жатады, бірақ жігіт  қуанбайды. Ол қайтыс болған ағасының қайғысына қайғырады. Жалғыз болып ұзақ жүреді. Ішпей, жемей, ақырында күші бітеді, отырады да жылайды.  Көзден аққан жасы ағасының жаны жатқан өзенге бағытталып ағады. Жергілікті халық  жай, тыныш ағысына қарап, осы өзенді Ишим деп атапты.
    Сабит Мұқановтың «Есіл бойында »  әңгімесінде Есілдің тамылжыған тамаша табиғатты суреттелген, үйірер жеміс-жидегі,шалғыны, сағымы да көз алдымызға елестеп,көңілді жадыратады.Ал Есіл өзені тасуға бейім екені әңгіме ішіндегі ән сөздерінде айтылған : 
Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауды жаңбырмен араласып,
Ауылымның тұсында ақша шатыр,
Ашуланып кетті де біздің батыр.
   Атақты  Асан қайғы бабамыз желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге сындар айтқан  екен . Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», - депті. Ал Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», - депті. 
     Тіпті осы өңірді жаз жайлауына, қыс қыстауына айналдырған, әділдігімен үш жүзге аты жайылған Жабайұлы Тоқсан би : «Есілдің арғы бетіндегі Қарауыл төбеге жерлеңдер. Түбінде осы жер тоғыз жолдың торабына айналады. Сонда ұрпағым еске алар» деп, ұрпақтарына өсиет қалдырған екен. 
       Жер-су атаулары – халық қазынасы, өткен өмір  айнасы. Әсем табиғат аясында ағып жатқан Есіл өзенімді  жақсы көремін. 
 «Сыр басым сыңғыр сыңғыр етеді,
Сулулар таққан сырғадай.
Төгілген суды тыным етеді,
Ұйқымды қайсып ұрламай ... » - деген Есіл ағымын жырлайтын ән сөздерімен шығарманы аяқтаймын.

Талғар ауданы

Бесқайнар ауылы

20 орта мектеп



XX – ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

1-жүргізуші :

Сәлем , достар, аман ба?

Мына бейбіт заманда

Қуантамын бәріңді

Білімдіден қалам ба?

Құрметті оқушылар мен ұстаздар, ата –аналар! Бүгін сіздер оқушылар арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



2-жүргізуші: Ақыл – тон аңдағанда тозбайтұғын,

Білім – кен қанша алсаң азбайтұғын

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын – деп Тұрмаханбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызды ортаға шақырамыз.



1-жүргізуші :

Өнер менен білімде

Әркімнің өз жолы бар

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар, - дегендей білімпаз жастар өздерін таныстырсын.

2-жүргізуші:

Шын жүйріктер сыналады жарыста.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс – мәре жақын ба әлде алыс па, - демекші қазылар алқасын таныстырайық.



1-жүргізуші : сайыс 4 бөлімнен тұрады:

  1. Бәйге

  2. Тіл – өнер

  3. Сегіз қырлы, бір сырлы

  4. Жорға

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы - көп ұлтты мемлекет. Конституцияға сәйкес әрбір азамат ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

«Білікке сенер заманда – ешкімге есе бермедік,

Билікке сенер заманда – қапы қалып жүрмейік.»

Ертеңгі келер күннің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш – тек білімге тән. Олай болса, оқушылардың білімін таразылайтын «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

Бұл сайыс балдық жүйемен бағаланады, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай берілмек.


  1. «Әкімшілік жаза» деп қандай жазаны айтамыз? (ескерту, қатаң екерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату, жалақыдан босату.)

  2. Әнұранның авторларын ата. (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.)

  3. Қазақ хандығының негізгі сот билігі кімнің қолында болды? (билердің)

  4. Адамдарға қатысты заңдар жинағы қалай аталады?(кодекс)

  5. Қылмыстық жауапкершілік қандай жағдайда жеңілдетіледі? (өзі мойындап келсе)

  6. «Жеті жарғы» заңы қай ханның тұсында өмірге келген? (Тәуке хан)

  7. Қазақстан Республикасында меншіктің қай түрі танылған? (жекеменшік)

  8. Мемлекеттің жергілікті өкілдері органдарының халық сайлайтын әкімшілік аумақтың бөлінісі қалай аталады? (мәслихат)

1-жүргізуші: Ешкім де заңнан жоғары тұрмайды. Мемлекет Қазақстан халқының барлық тілдерінің қолдану аясын сақтауға кепілдік беріп, оларды үйреніп, дамыту үшін жағдайлар туғызуға қамқорлық жасайды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дей отырсақ та, орыс тілі, шет тілі қатынас құрал ретінде өмір сүруде. «Тіл өнер » сайысына кезек береміз.

Дұрыс жауапқа 20 ұпай.



  1. Тәртіпке бас иген кім болмайды? (құл - раб)

  2. Өзін аяған дұшпанға кім? (дос - друг)

  3. Тексізден тезек артық,

Арсыздан не артық? (айуан - животное)

  1. Ер тірегі қандай ұрпақ? (білім - знание)

  2. Тәртіп тән үшін, ынтымақ не үшін керек? (жан - душа)

  3. Білекті бірді жығады,

Білімді кімді жығады? (мың - тысяча)

  1. Білім инемен не қазғандай? (құдық - колодец)

  2. Құм жиылып не болмайды? (тас - камень)

  3. Тамырын құрт жеген не көктемейді? (ағаш - дерево)

  4. Тәрбие кілті қайдан басталады? (бесік - колыбель)

2-жүргізуші: «Озар елдің қызы – мінезді, ұлы – өнерлі келеді», «ер жігітке сегіз өнер де аз» дегендей, енді сегіз қырлы, бір сырлы ойын кезегіне жол берейік. Әр оқушы кезекпен өз өнерлерін ортаға салады. Өнер 50 ұпаймен бағаланады.

1-жүргізуші: Егеменді елдің ертеңі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді. Адамдар өзара тең дәрежеде жаратылып, белгілі бұлжымас құқықты иеленген. Өмір сүру, білім алу, бостандық, т.б. Осы ретте сөз бостандығы тұрғысында жастардың алғырлығы мен тапқырлығын, өз ойын нақты жинақтап айта білуін, өз құқығын біліп, тиісті заңдар жөніндегі білімін байқау ойыны – «Жорға» жарысын бастаймыз. Мұнда екі нұсқа беріледі.

І НҰСҚА


  1. Қазақстан Республикасы құрылымы жағынан қандай мемлекет?(унитарлы)

  2. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы? (16-18жас)

  3. Қазақстан Республикасында ресми түрде қолданылатын тіл?(қазақ тілі)

  4. «Сындарлы он жыл» кітабының авторы кім?(Н.Ә.Назарбаев)

  5. 22 қыркүйекте ҚР‑да қандай мереке тойланады?(ҚР халықтарының тілдер күні)

  6. Ата заң не үшін қызмет етеді? (әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға)

  7. ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлімнен 98 баптан)

  8. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Пзезидент қол қойғаннан кейін)

  9. Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады? (заңға)

10.Сенаттың неше депутатын президент тағайындайды? (15)

ІІ НҰСҚА


  1. Бүкілхалықтық дауыс беру (референдум)

  2. Мемлекеттің ішкі ижәне сыртқы саясаттағы толық тәуелсіздігі (егемендік)

  3. «Құқық» дегеніміз не? (мемелекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

  4. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (бала туған кезінен бастап)

  5. Әр адамның жеке басын куәландыратын құжат? (төл құжат)

  6. Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмір сүру құқығы)

  7. Ата‑-ананың қасиетті міндеті не? (балаларына қамқорлық көрсету)

  8. Саяси қуғын-‑сүргінге ұшырағандарды еске алу күні?(31 мамыр)

  9. Жігіттің құны жүз жылқы... (ары мың жылқы)

  10. Атаның баласы болма... (адамның баласы бол.)

Келесі сөз кезегін қазылар алқасына береміз. (қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша әсем әнмен көңіл көтере отыралық)

2-жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашан да осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.



1-жүргізуші: Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін дәл осылай барлығынның

Тек қана биіктерден көрінгенің- деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!



Талғар ауданы

Бесқайнар ауылы

20 орта мектеп



«Үш тұғырлы тіл»

дебат сайысы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері


Үш тілде білім беруге көзқарас

ДЕБАТ сайысы


Сыныбы: 7а,8 а
Жетекшілер: Тұяқова Гүлназ, Қалжанова Ғалия

Мақсаты: оқушылардың үш тілділік оқыу бағдарламасына оқушылардың көзқарастарын анықтап,олардың ойын білу,оқушыларды шешендікке баулу, Оқушының ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениет-тілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:плакаттар,нақыл сөздер,т.б.
Әдістері: Түсіндірме, сұрақ-жауап,пікірталас, пікір алмасу
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, 
Барысы
Құрметті көрермендер, әділ – қазылар және дебат мүшелері.
Қазіргі таңда қоғамдағы және мемлекетімізді алаңдатып отырған күрделі мәселелердің бірі – тіл мәселесі.
Қазіргі қоғам талабы үш тілді меңгеру және меңгерту болып отыр.
Енді «Үш тілде білім беру бізге қажет пе әлде қажеті жоқпа? (қазіргі таңда)» тақырыбында мектебіміздің дебат клубының мүшелерінің талқылауына берсек.
Дебат пікірсайысында қаралатын қарар
« Ү ш т і л д е б і л і м б е р у қ а ж е т т і л і г і »
Жақтаушы «Болашақ» тобының кейсі (тұжырым)
Дефиниция: Білім, тіл, болашақ
Критерий: Үш тілде білім беру – асыл мұрат
Аргумент: Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

Даттаушы «Әділет» тобының кейсі (тұжырым)


Дефиниция: Тіл, дәреже, шала қазақ
Критерий: Тілге құрмет – елге құрмет
Аргумент: Өз үйіндегі өгей тіл.

Ойын барысы:






Спикер

Уақыт

Спикердің рөлі

1

Жақтаушы 1

6 минут

Команданы таныстырады. Кейспен  таныстырады.

2

Даттаушы3-Жақтаушы1

3 минут

Даттаушы 3 Жақтаушы1-ге сұрақтар қояды.

3

Даттаушы1

6 минут

Өз командасымен таныстыру. Жақтаушы 1-дің кейсін (келіспейтін жағдайларын) даттап, қарама-қарсы өз командасының кейсімен таныстырады.

4

Жақтаушы3-Даттаушы1

3 минут

Жақтаушы3 Даттаушы1-ге сұрақтар қояды.

5

Жақтаушы 2

5 минут

Даттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтып, өз кейсін қалпына келтіреді.

6

Даттаушы1-Жақтаушы2

3 минут

Даттаушы1-Жақтаушы2-ге сұрақтар қояды.

7

Даттаушы 2

5 минут

Даттауды жалғастырады.Жақтаушы 2-нің кейбір сөздеріне өз түсініктеме-лерін айтады.

8

Жақтаушы1-Даттаушы2

3 минут

Жақтаушы1 Даттаушы2-ге сұрақтар қояды.

9

Жақтаушы 3

5 минут

Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

10

Даттаушы 3

5 минут

Ойын барысына қорытынды анализ жасайды,өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

 

Сұрақ қою реті


Жақтаушы топ Даттаушы топ

1 спикер- 6 мин 1 спикер- 6 мин


2 спикер- 5 мин 2 спикер- 5 мин
3 спикер- 5 мин 3 спикер- 5 мин

Сараппшыларға сөз кезегі беріледі.



Қорытынды сөз.Қай халықтың болмасын мәдениеті, дәстүрі, ұлттық қадір қасиеті сол ана тілі арқылы көрініс тауып, ана тілі арқылы шырайлана түседі. Халық барда тілі бар. Тіл мен халық егіз ұғым екені бәрімізге мәлім.
Қазақстан өркениетті елдер қатарына қосылсын десек, көштен кеш қалмауымыз керек. Дегенмен де туған тілдің өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақтың, әрбір қазақ ошағының жүрегі қазақ әрбір адамның бүкіл бір қауымның бірден – бір міндеті болып табылады.
Заман талабына сай сұранысы артып тұрған алып екі тілдің қатарына біз ана тілімізді ең көп қолданатын, ең айтқыш, ең білгір, ең бай тіл ретінде сұранысы артатын ҮШІНШІ тілге айналдыруымыз қажет.
 

Мектебіміздегі Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының орындау барысы туралы анықтама

  • 2016-2017 оқу жылында «ҚР Тілдер туралы» Заңын орындаудың мектепішілік жоспары құрылып бекітілген;

  • Мектепішілік жоспар бойынша әр дүйсенбі сайын саптық жиындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны мемлекеттік тілде орындалады; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»Қазақстан Республикасы Заңының іске асыру бойынша Заңнаманы сақтау шеңберінде мектебіміздегі көрнекті ақпараттар,маңдайшалар, стенд мәтіндерінің рәсімделуіне ,іс-шаралардың екі тілде орындалуда . Деректемелер мен көрнекі ақпараттар тілі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан республикасы Заңының 21- бабына сай талаптармен орындалған.

Мектебімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөнінде жоспарлары іс-шаралар іске асырылуда. Мектептің іс жүргізу негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кітабы, хаттамалар педагогикалық, ғылыми-әдістемелік кеңестердің, директор жанындағы отырысы т.б. талапқа сай екі тілде жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп және ұжым мұғалімдері мемлекттік тілде газет –журналдарға да жазылды.

Қазақ тілі пәнінің оқытылу сапасы жақсы деңгейде. Оқу жылының басында жаңа бағдарламаға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылып, сол жоспар бойынша жұмыс жүргізілуді.

Мектебімізде биылғы жылы мемлекеттік тілдер мерекесіне арналған «Ұлтпен бірге жасайды өнеріміз» атты оқушылар арасындағы қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сайыс байқауы өткізілді.

Осы мерекеге орай қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында «Шырайлы аты елімнің — қасиетінде жерімнің»атты шығармалар байқауы өткізіліп, 6-6-5-сынып оқушысы Фазыл Мадина,7-сынып оқушысы Болатбай Сая,6-сынып оқушысы Абылқасымов Жандос марапаттарға ие болды.

«Үш тұғырлы тіл» бағытында тіл мамандарының ұйымдастыруымен «Тіл-халықтың жаны» атты көңілді іс-шара ұйымдастырылды. Іс –шараның мақсаты:сынып оқушылылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызықты ойындар, ертегілерден үзінділер, концерттік бағдарламалар қойып өз өнерлерімен бөлісті. .

Қазан айында «Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы» ұйымдастырылды. 5-9-сыныптар арасында оқушылар қатысып,өз өнерлерін ортаға салды.Сайыс барысында көптеген талантты оқушылар көзге түсіп,аудандық қуларға қатысуға іріктеніп алынды.

Мектебімізде қараша айында «XXI ғасыр көшбасшысы» сайысы ұйымдастырылды.Сайысқа 7-9-сынып аралығында оқушылар қатысты.

7-сыныптан Болатов Әли,Жазылбекова Диляра,8-сыныптан Құдайбергенова Наргиза,Тлеубай Сандуғаш.9-ыныптанҚозбақова Аружан,Мырзаш Әділжан қатысты. Жүлделі орындарды Мырзаш Әділжан, Құдайбергенова Наргиз,Болатов Әли қанжығасына байлады.

Желтоқсан айында «Үш тұғырлы тіл» тақырыбында дебат сайысы өткізілді.Дебат сайысы өте тартысты өтті. Үш тілді басты назарға алсақ,қазақ тілінің жағдайы қандай болмақ деген мәселелер көтерілді. Жақтаушы,Даттаушы жақта өз ойларын ортаға салып,қазақ тілінің жағдайына аландау қажет екені және заманмен бірге бізде дамып,үш тілді бірдей меңгеру қажеттігі айтылды.Бақылаушылар оқушылардың әрбірінің ойларымен келісіп отырды.

Сонымен қатар мектеп оқушылары жыл сайын аудандық және облыстық мемлекеттік тілде өтетін сайыстарға бір кісідей ат салысып, жүлделі орындарға ие бола болуда. Биылғы 2017 жылғы жетістігімізге келетін болсақ,аудандық Махамбет оқуынан 6-сынып оқушысы Абылқасымов Жандос ынталандыру марапатына ие болды,11 «А»сынып оқушысы Әлжан Айгерім «KATEV» атты аудандық қазақ тілі олимпиадасына қатысып , ғылыми жоба жұмысымен жүлделі 3-орынға ие болса, І.Жансүгіров оқуына 7-сынып оқушысы Дәрмен Мади қатысып,2-орынға ие болды,Абай оқуына 7-сынып оқушысы Болатбай Сая қатысып,ынталандыру марапатына ие болды.



Мектебімізде өзге ұлт ұстаздары да әр аптаның 1 күні қазақ тілін үйрету барысында дәріс алып тұруы қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренем деген және аудармалардан өзге ұлт өкілдері ұстаздарына өз тарапымнан көмек көрсетілуде.

Алдағы уақытта осындай жұмыстардың нәтижесінде мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгерте отырып, сонымен қатар мемлекеттік тілге деген құрметінің жоғарылай беруіне әрқашан да ықпал жасау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет