Бекітемін «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мм басшысы Е.Қалмақов



Дата26.06.2018
өлшемі24,75 Kb.
#44749
БЕКІТЕМІН

«Қостанай облысы

әкімдігінің мәдениет

басқармасы» ММ

басшысы

___________ Е.Қалмақов

2018 жылғы «__» қаңтар

ҚазССР-нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Аманкелді ауданының құрметті азаматы, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің әндерін орындаушылардың Республикалық «Көктем-қыздар» атты ән байқауының

ЕРЕЖЕСІ

2018 жылдың 11 мен 13 сәуір айында Қостанай қаласында ҚазССР-нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, Аманкелді ауданының құрметті азаматы, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің әндерін орындаушылардың Республикалық «Көктем-қыздар» атты ән байқауы өтеді.


Байқаудың құрылтайшылары: Қостанай облысы әкімдігі;

«Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы» ММ;

Қостанай қаласы әкімдігі

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

Қазақ әндерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Қ. Деріпсалдин шығармашылығын келер ұрпаққа жалғастыру, композитор арқылы елдің рухын биіктетіп, ән өнерін дамыту және өнер әлеміне композитор өміршең әндерімен талантты орындаушылардың жаңа есімдерін ашу болып табылады.



БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ:
- Байқау екі кезеңнен тұрады;

- І кезеңде қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен 2 ән орындалады, орындалатын 1 ән міндетті түрде Қалибек Деріпсалдиндікі (тізім бойынша: «Еркеқұсым», «Айлы түнде», «Сағыныш сазы», «Сарыадырым», «Аяулы жан аға», «Қайдасың, аңсағаным», «Арманайым», «Аққуым», «Қимадан ба едің, қалқам-ай?», «Көктем қыздар», «Сен мені түсінесің бе?», «Торсан-көпір», «Қостанай туралы ән», «Айнакөл жағасында»), екінші ән өз қалауы бойынша (Бақытжан Байқадамов «Су тасушы қыз», «Домбыра», Әбілахат Еспаев «Қыз қуу», «Жайық қызы», «Маржан қыз», Болат Хамзин «Торғай қызы», «Шолпаным-жұлдызым», Бақытжан Сәуекенов «Туған жер-Торғайым», «Қазақ қызы», «Даланың ару қызы», «Арқалығым менің», «Анажан») болуы шарт. Оркестрмен орындалатын әндердің қай «тональносте» айтылатыны алдын ала жіберілуі керек.

- ІІ кезеңде міндетті түрде кәсіби дыбыс жазу студиясында жазылған (-1) форматындағы эстрада жанрындағы Қалибек Деріпсалдиннің 1 әні орындалуы (тізім бойынша: «Өркенді Қазақстан», «Айлы түнде», «Адамдар аққуларды атпаңдаршы», «Арманайым», «Мерекелі Меңдіқара», «Көктем-қыздар», «Ақбота», «Қостанай-достар-ай», «Киелі Науырзымым», «Әулиекөл вальсі», «Еркеқұсым») керек.

- орындаушылардың әр шығармасы 4 минуттан аспауы тиіс.

- Байқауға Қазақстан Республикасының облыстарынан екі әншіден қатыса алады;

- Қостанай облысынан алдын ала іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатыса алады;

- байқауға қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.
БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ:





  • Байқауға қатысушылар мекеме, оқу орындарының мөрімен бекітілген ұсыныстары мен орындалатын шығармаларының репертуарын ұйымдастырушы мекемеге 20- күн бұрын жібереді;

  • Туу туралы немесе жеке куәлігі құжатының көшірмесі,

Шығармашылық өмірбаяны;


ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ


  • Қатысушылардың өнерін бағалау үшін, қортынды шығару үшін өнер әлеміне белгілі әнші, композитор, ақындардан тұратын қазылар алқасы құрылады.

  • Қазылар алқасының шешімі түбегейлі, талқыланбайды, қайта қаралмайды.

  • Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.

  • Қазылар алқасы барлық сыйлықтарды тағайындамауға, бір сыйлықты бірнеше жеңімпазға бөлуге құқылы.


ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ
1. БАС ЖҮЛДЕ – біреу, Лауреат атағы;

2. БІРІНШІ ОРЫН – біреу, Лауреат атағы;

3. ЕКІНШІ ОРЫН – екеу, Лауреат атағы;

4. ҮШІНШІ ОРЫН – үшеу, Лауреат атағы;



5. АРНАЙЫ ЖҮЛДЕЛЕР –үшеу, Дипломант атағы.



  • Конкурс жеңімпаздары қорытынды Гала-концертке төлемақысыз қатысады;

  • Іс-сапар шығынының жол қаражаты жіберуші жақтан, жататын орны мен тамақтандыру ұйымдастырушылар тарапынан;

  • Байқаудың ережесіне сәйкес тиісті құжаттар 2018 жылғы 2-сәуірге дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысатын талапкерлердің құжаттары Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы орталығы» КМҚК-на тапсырылуы тиіс. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Әл- Фараби көшесі, 111- А, тел.:8(7142) 392 393; 392 390; Факс: 8(7142)392 395; 8 775 682 53 09 е-mail:odk_yunost@mail.ru
Каталог: userfiles -> item
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> Программа учебной дисциплины опд. Ф "Онтология и теория познания"i специальность (направление) – 030101
item -> Конкурс атауы: Ноутбуктарды сатып алу. Лот №1: Ноутбук сатып алу. Лот №2: Ноутбук сатып алу. Конкурс ұйымдастырушысы: Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының
item -> Өтетін уақыты: 02. 11. 2017 ж, сағ. 10. 00-де (Сахна тақырыпқа сай безендірілген.) С. Жалмышев туралы бейнебаян көрсетіледі.
item -> Бекітемін «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мм басшысы Е.Қалмақов
item -> Оқырмандардың көркем әдебиетті оқып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханалық сабақтарда ойын ретінде іс- шаралар өткізіліп тұрады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет