Бекітемін: ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы



Дата07.12.2016
өлшемі35,57 Kb.
#3410
БЕКІТЕМІН:

ШҚО ішкі саясат басқармасының бастығы

Е.Ж. Нұрғалиев

«____» ____________2012 ж


Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жылсайынғы сыйлықтары туралы ереже
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.

2. Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етіледі; марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күніне ұштастырылып өткізіледі.

3. Сыйлық 7 номинация бойынша жылына бір рет беріледі:

1. Жылдың жас көшбасшысы;

2. Жылдың студент көшбасшысы;

3. Жас кәсіпқой;

4. Жылдың жастар ұйымы;

5. Жылдың жас журналисі;

6. Жылдың жастар акциясы;

7. Жас отбасы.

Бір үміткер екі және одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашыл және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін өзі ұсынады. Конкурс құжаттары (ұсыныс, өмірбаяны, мінездеме),сондай-ақ үміткердің айрықша үлесін дәлелдейтін шығармашылық және өзге де материалдар Ішкі саясат басқармасына немесе ШҚО «Жастар бастамаларын дамыту орталығына» ұсынылады.

5. Конкурс құжаттарын қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүзеге асырады. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді. Комиссия құрамын Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы сыйлық берілетін жылы бекітеді.

6. Конкурстық құжаттарды қарау кезінде Комиссия номинантқа қатысты қосымша ақпарат сұрауға құқылы.

7. Сыйлық беру туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан отырысында көпшілік дауыспен шешіледі.

8. Сыйлықты Шығыс Қазақстан облысының әкімі табыс етеді.

9. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері жыл сайын нақтыланып тұрады.



10. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерилері:

  1. жылдың жас көшбасшысы (жастар ұйымына басшылық жасауы, оқудағы, қоғамдық жұмыстардағы, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктері, тілдерді меңгеруі, әлеуметтік маңызды және ауқымды саяси іс-шараларға қатысуы, ұсыныстары, табысты іске асырылған жобалары, оларды орындау арқылы қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, жұмыстарының бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) жариялануы);

  2. жылдың студент көшбасшысы (облыстың жоғарғы оқу орындары немесе орта арнаулы оқу орындарының бірінде күндізгі бөлімде оқитын студент болуы, ғылыми және қоғамдық қызметтегі жетістігі, студенттік ұйымның жетекшісі);

  3. жас кәсіпқой (алған мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жас маман болуы, кәсіби жетістігі, қызметінде инновациялық компоненттердің болуы (дайындамалары, жаңа технологияларды енгізуі немесе қолдануы, ғылыми жұмыстары және ашқан жаңалықтары), белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық пайдалы қызметі);

  4. жылдың жастар ұйымы (заңды тұлға мәртебесі, бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, маңызды іс-шараларды ұйымдастыруы және өткізуі, табысты іске асырылған әлеуметтік – маңызды жобалары, қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, қала, аудан, облыс, республиканың мақсатты топтарының, серіктестерінің, беделді тұлғалары және ұйымдарының пікірлері мен ұсыныстары, қызметтерінің БАҚ жариялануы);

  5. жылдың жас журналисі (бір жыл ішінде БАҚ-та жарияланған материалдарының бар болуы, телеарналардағы телехабарлары (сюжеттері), материалдарында көтерілген тақырыптардың мәнділігі мен өзектілігі, конкурсқа ұсынған материалдарының сапалық деңгейі, белгілі журналистік конкурстарға, форумдарға қатысуы, жеке көзқарасы және белсенді азаматтық ұстанымы);

  6. жылдың жастар акциясы (қоғамдық-саяси маңыздылығы, әлеуметтік тиімділігі, ауқымдылығы, бұқаралығы, нәтижелігі, БАҚ жариялануы, атрибутикасы, ұзақ мерзімді тиімділігі, қатысушылардың пікірі);

  7. жас отбасы (жас мөлшеріне шектеулер «Қазақстан Республикасындағы мемлекетік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 158 Заңының 1 - бабына сәйкес), кемінде бір баласының болуы, отбасы мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымдары, қала, аудан, облыс, республика кәсіпорындары мен ұйымдарының іс-шараларына қатысуы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері жолын ұстауы, табысты кәсіби қызметі).

Материалдар 2012 жылғы 26 қарашаға дейін, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 (облыстық әкімдіктің ғимараты) мекенжайында орналасқан Ішкі саясат басқармасының 239 бөлмесіне немесе Өскемен қаласы, Киров көшесі, 61 мекенжайында орналасқан ШҚО «Жастар бастамаларын дамыту орталығына» тапсырылады.

Анықтама телефондары: 578651, 296980.
Каталог: assets -> files
files -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
files -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
files -> Юсупова алия 16 лет. Академия художественной гимнастики Ирины Винер, г. Москва
files -> Жоспардың мазмұНЫ
files -> Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі
files -> Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы Екібастұз қаласы Мазмұны
files -> Гост 10922-90: Арматурные и закладные изделия сварные, соединения сварные арматуры и закладных изделий железобетонных конструкций
files -> Алуштинський мв гу держтехногенбезпеки в ар крим
files -> “Party political communication II political public relations”. Перевод – Тугуши Ольга


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет