«Бекітемін» СӨСҚПҰО директоры Ж. Е. Баттақова 2014 ж



Дата25.08.2017
өлшемі101,02 Kb.
#27378
«Бекітемін»

СӨСҚПҰО директоры

______________Ж.Е. Баттақова

« »__________________2014 ж.
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін және оған орайластырылған, қатерлі ісік аурулары профилактикасы және ерте анықтау анықтау бойынша онкүндік өткізу ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ (2014 ж. 3-12 ақпан аралығы)
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, СӨСҚПҰО ұйымдастыру –әдістемелік бөлімінің жетекшілігімен, 2014 жылдың 3-12 ақпан аралығында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін және оған орайластырылған, қатерлі ісік аурулары профилактикасы және оларды ерте анықтау бойынша онкүндік өткізіледі.

Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күні жыл сайын 4-ші ақпан күні Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың қолдауымен өткізіледі. Ал 2014 жылы «Жалған ақпаратты жоққа шығару» ұранымен өткізіледі. 2013 жылғы кампанияның қатерлі ісікке қарсы күрес күні 5-ші Дүниежүзілік Декларацияның жемісті еңбегі болып табылады: Халықтың қатерлі ісік ауру жөніндегі халықтың қарым-қатынасын жақсарту, ал жалған ақпаратты жоққа шығару.

Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күні және онкүндігі ерте анықталған қатерлі ісік ауруларына қарсы профилактикасы және маңыздылығын, ауру туралы жалған ақпараттардан арылу. Жаһандық көзқарас бойынша, төрт жалған ақпаратқа назар аударып нақтылау қажет:

1-Жалған ақпарат: Біз қатерлі ісік туралы айтпауымыз керек.

Шындық: Қатерлі ісік ауруы туралы ақпарат өте қиын тақырып кең көлемді ақпарат, қоғамдық және саяси деңгейде жағдайды жақсартады.



2-жалған ақпарат: Қатерлі ісік ауруларының ешқандай белгілері болмайды.

Шындық: Әсіресе, қатерлі ісіктің ерте анықталған көптеген түрлерінде аурудың нышандары кездеседі - бұл дәлелденген. Сондықтан қатерлі ісік ауруларының белгілері болатынын білуіміз керек, бұл тұрғындар үшін де медицина мамандары мен саясаткерлерге қатерлі ісік ауруының белгілері бойынша аса қажет ақпарат болып табылады.

3-жалған ақпарат: Мен қатерлі ісік ауруына қарсы ешнәрсе істей алмаймын.

Шындық: Қатерлі ісік ауруларының көп таралған түрлерінің үштен бір бөлігін жеке, қоғамдық және саяси деңгейлерде сонымен қатар алдын алу стратегиялар бойынша болдырмауға болады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жаһандық, өңірлік және ұлттық стратегиялар және бағдарламалар арқылы қатерлі ісікті төмендетуге болады, олар зиянды алкогольді, темекі өнімдерін тұтынудың зияны, дұрыс тамақтанбау және дене белсенділігінің төмендігі, кәсіптік қауіп-қатердің дамуы және тағы басқалар. Салауатты жұмыс орындарында жұмыс берушілер өз қызметкерлерін қорғау үшін:

  • Қоршаған ортаны темекіден және темекі түтінінен 100% азат ету;

  • Дұрыс тамақтану рационын қолжетімді ету;

  • Жұмыс орындарында ақпараттандыруды жоғарылату бағдарламасы мен оның көмегі арқылы қатерлі ісіктің пайда болуына қауіпті факторлардың әсер ететінін түсіндіретін және онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік тудыратын саясатты енгізу.

4-жалған ақпарат: Менің қатерлі ісік ауруынан емделуге құқығым жоқ.

Шындық: Барлық адамдар қатерлі ісік ауруынан тексерілген тиімді әдістер мен қолжетімді көмек арқылы тең дәрежеде емделуге болады. Сапалы медициналық қызмет көрсету әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады.

Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруына қарсы күрес күнінің және онкүндіктің мақсаты – тұрғындардың, бастапқы топтағы медициналық қызметкерлердің онкологиялық аурулардан сақтануын жоғарылату, МСАК пен онкологиялық қызмет арасындағы өзара әрекетті күшейту; профилактика шаралары туралы ақпараттандыруды жоғарылату, халықтың нысаналы тобын скринингтік тексеріп-қараудан уақытылы өту, қызметкерлер контингентінің денсаулығын сақтау және нығайтуға ықпал ететін жағдай тудыруға жұмыс берушілердің уәждемесін қалыптастыру.

Нысаналы топтар:

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты және Қазақстан Республикасында 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентттіктің мәліметтері бойынша, 2012 жылы республикада қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны 100 адамға шаққанда 190,6 құрады; қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім саны 100 адамға шаққанда 103,9 құрады.
Скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелігіне жету үшін скринигтік тексеріп-қараудан қызметкерлер контингенттінің өтуі үшін жағдай туғызуы арқылы жұмыс берушілердің белсенді қатысуы қажет.

Салауатты өмір салтын ұстану, танымал канцерогендерден аулақ болу, мысалы темекі түтіні, кәсіби зиянды факторларды бақылау, күннің астында ұзақ болмау , сонымен қатар гепатит В вирусы мен адамдағы папилома вирусы сияқты қатерлі ісік ауруына шалдықтыратын инфекцияға қарсы иммундау арқылы қатерлі ісік ауруларының 40%-ның алдын алуға болады.

Қатерлі ісік ауруларының кең ауқымды әлеуметтік, экономикалық салдары бар, адамның құқына тиеді және тегіс қамтитын, әділ дамуға жету үшін айтарлықтай кедергі болып табылады. Сондықтан қатерлі ісік ауруы профилактикасы жаһандық қатерлі ісік ауруының ауыртпашылығын төмендетудегі экономикалық тиімді және тұрақты әдіс болып табылады.

Іс-шаралар жоспарының үлгісі

1. Онкологиялық аурулардың профилактикасы мәселелері жөнінде МСАК қызметкерлері үшін семинар-жиналыстар өткізу, БАҚ-қа хабарлау арқылы АПВ-ға қарсы вакцинация енгізу.

2. Ақпараттандыру және мекен-жай бойынша шақыртулар жіберу арқылы скринингтік тексеріп-қараудан өтуге тұрғындарды тарту.

3. МСАК мекемелерінде және онкодиспансерлерде онкологиялық ауруларды ерте анықтау, ақпараттық білім беру материалдарын тарату арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері және профилактика туралы мамандардың консультация беруімен Ашық есік күндерін өткізу.

4. Жергілікті атқарушы органдарды, қоғамдық қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, ҮЕҰ–ны онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелерін талқылауға тарта отырып, өткізілетін онкүндік пен ақпараттық кампанияның міндеттерін түсіндіруімен, БАҚ-ты шақыра отырып дөңгелек үстел өткізу.

5. Халық көп жиналатын қоғамдық орындарда (супермаркеттерде, автобекеттерде, темір жол воказалдарында), кәсіпорындарда, жергілікті атқару билік қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінде, құқық қорғау орындарында және тағы басқа «Қатерлі ісік аурулары туралы жалған ақпаратты жоққа шығару» ұраны бойынша акция өткізу.

6. Бейінді мамандардың, қоғамдық қызметкерлердің, саясаткерлердің сөз сөйлеуімен онкологиялық аурулардың профилактикасы бойынша (теле-радиодан сөз сөйлеу, республикалық және өңірлік басылымдарда басып шығару) БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру.

7. Денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру үшін мінез-құлықтық қауіп-қатер факторлары бойынша Денсаулық мектептеріне халықты тарту.

8. Салауатты өмір салтын насихаттау және онкологиялық аурулардың профилактикасы бойынша жергілікті және республикалық теле-радио арналарға аудио-бейнероликтерді жалға беру.

9.Қоғамдық көліктерде, аялдамаларда, билбордтарда, диодты дисплейлерде ақпараттарды орналастыру.

10. халықтың денсаулығын сақтау және нығайту үшін онкологиялық аурулардың профилактикасы, жатыр мойны қатерлі ісігі мен АПВ-ға қарсы вакцинация жасау мәселелері, онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығы бойынша халықты ақпараттандыруды жоғарылату мақсатында халықтың түрлі топтарына ақпараттық білім беру материалдарын басып шығару және тарату.
Күтілетін нәтижелер:


  1. Қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға қатысты медициналық онкологиялық сақтықтығын жоғарылату.

  2. Қатерлі ісік ауруын ерте анықтау және қауіп -қатер факторларының профилактикасы бойынша халыққа медициналық көмек қызметін көрсететін МСАК мамандарының қызметтерін белсендіру.

  3. Қызметкерлер арасында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға скринингтік тексеріп-қарауды жүргізуге жұмыс берушілердің ққатысуын және жауапкершілігін жоғарылату.

  4. Өз уақытында скринингтік тексеріп қараудан өту арқылы денсаулықты сақтау және нығайту үшін қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен ерте анықтаудың маңыздылығы туралы халыққа ақпараттандыруды жетілдіру.

  5. Болашақта ауруды төмендету, өмір жасын ұзарту.


Ұсынылған есептік үлгі – баспа және электронды түрде расталған фотосуретпен СӨСҚПҰО-ға есеп беру мерзімі 2014 жылдың 24-ақпанына дейін жіберіңіз.
Әзірлеген: Л.Н. Шумилина - МСАК және әлеуметтік аурулар бөлімінің жетекшісі

Н.А.Сүлейманова - Оқу тренинг орталығының жетекшісі, бағдарламаның үйлестіруші



Келісілді : С.Б. Мұқашева - директордың профилактикалық бағдарламалары жөніндегі орынбасары

Қатерлі ісікке қарсы күрес Дүние жүзілік күні және профилактикалау бойынша он күндік өткізу қортындысы жөніндегі есеп беру үлгісі

Облыс/қала _______________________________________________________

Өңір


1.



Көзделген топтар

Барлығы

Қамту (көзделген аудиторияға %)

1.1

Ересектер







1.2

БМЖК медицина қызметкерлері







1.3

Жұмыс берушілер







2.

Дүние жүзілік күні және профилактика бойынша он күндік өткізуге қаржылық шығындары

Жоспарланған (мың теңге)

Нақты шығын (мың теңге)

2.1










2.2










2.3










3.


СӨСҚ өңірлік орталықтары әзірлеген ақпараттық-оқыту материалдарының шығарылуы

Түрлері

Таралымы

3.1

Халық үшін (буклет)







3.2

Ата-аналар үшін (кітапшалар)







3.3

Қыздар үшін (буклет)







4.

БАҚ жұмыс

Саны

Қамтылған адам

4.1

Баспасөз конференциясы







4.2

Дөңгелек үстелдер







4.3

БМЖК медицина қызметкерлері үшін семинар-тренингтер







4.4

Материалдарды жариялау







4.5

ТВ-хабарлары







4.6

радиохабарлар







4.7

Бейнефильмдер прокаты







5.

Өзге де шаралар


саны

Қамтылған адам

5.1

Ашық есік күндері







5.2

«Қатерлі ісктен өзіңді қорға - өміріңді сақта!» акциясы







5.3

Мінез-құлық тәуекелдік факторлары профилактикасы бойынша денсаулық мектептеріндегі сабақтар







5.4

дәрістер







5.5

пікірлесулер







5.6

Өзге де







Басшының ТАЖ ___________________ Қолы___________________
Каталог: kaz -> files
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
files -> Шілікті ауылдық округінде 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы Шілікті ауылдық округінің әкімі өз жұмысын Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару»
files -> 1. Бақша өсімдіктерін өсіру (қарбыз, қауын, асқабақ) Жалпы ақпарат. Бақша өсімдіктері
files -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
files -> Кулитурна-массовые мероприятие
files -> Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім
files -> «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет