Бекжанов берикбай утемурадович әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы спортшылардың эмоциялық қалпын реттеу



бет1/2
Дата01.04.2017
өлшемі487 Kb.
#13332
түріДиссертация
  1   2
ӘӨЖ 364.2:159.942:159.9:37.037 Қолжазба құқығында

БЕКЖАНОВ БЕРИКБАЙ УТЕМУРАДОВИЧ


Әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы спортшылардың эмоциялық қалпын реттеу

6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған


РЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық- педагогикалық институты, педагогика және психология кафедрасында орындалды.





Ғылыми жетекші:

психология ғылымдарының кандидаты А.Ж. Аяғанова


Ресми оппонент:

Психология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы Ш. Турдалиева

Диссертация 2013 жылдың ______күні сағат ____Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қ, Төлеби көшесі, №36, 7 оқу ғимараты, гуманитарлық- педагогикалық институты 4 қабат, ______ дәрісхана) қорғалады.



Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ҒТК танысуға болады.

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін жақсарту өз шешімін тауып, халыкаралық деңгейде жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетіп келеді. Қазақстандык дене тәрбиесі жүйенің тиімділігі көптеген факторлар аркылы анықталады. Олардың ішінде спортшы тұлғасының іргетасы каланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін кұру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқаруда.

Спортшылар өмірінде, іс-әрекеті мен қарым-қатынасында ерекше психологиялық жолмен шешуді қажет ететін жағдайлар аз еместігі белгілі. Тәжірибеден өз әлеуеттерін толык қолданбайтын, ерік-күштерін шамалы ғана жұмсайтын немесе еңбек іс-әрекеттері барынша нәтижелі, әлеуметтік тұрғыдан құптарлықтай болғанмен, осыған шамадан тыс күш, кажыр-кайрат жұмсалу салдарынан олардың психологиялык кажуы, титыктауы, саркылуы, яғни, жалпы тіршілік әрекетінің шыркы бұзылуы орын алған жағдайларда кездеседі. Іс-әрекетінен мәнді нәтиже алуға кеткен күш-қайраттың орнын толтыра алмау салдарынан кейбір жастардың психологиялық стресс алуы да кездеседі Сондықтан спортшылардың барлық күш-жігерін осы сәйкессіздікті жоюға ғана арнауға тура келеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі кезде психология ғылымында эмоция туралы зерттеулер және оның теориялык дамуы өзге такырыптарымен салыстырып карағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Сондықтан іс-әрекет, карым-катынас барысында немесе оларды кабылдау, жүзеге асыру ерекшеліктерімен байланысты пайда болатын кайшылыктарды спортшылар саналы түрде аңғарып, тани білуі қажет.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтер жұмысын ұйымдастыру олардың маңыздылығын айқындап, түрлі мәселелік жағдаяттарын анықтауға және өмірдің күрделі жағдайларында дәлме-дәл шешім кабылдауға машықтандыруда эмоциялық қалыпты реттеуде тиімділігінің зор екендігі дәлелденуде. Сондықтан спортшылардың эмоциялық қалпын реттеуде әлеуметтік-психологиялық треннигтерді пайдалану жолдарын анықтау өзекті мәселердің бірі ретінде алға шығады.

Біздің зерттеулеріміздің басты бағыты спортшылардың эмоциялық қалпын реттеуде психологиялық тренингтердің рөлін анықтау болып табылады.

Практикада әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастыру мәселесі қоғам сұраныстарынан туындап отыр. Әсіресе, спорт саласындағы жетістікке ұмтылыс жағдайында тұлғалардың көздеген межеге жетуіне сенімділік ұялату, өзіндік иландыру мен мақсатқа бағыттылықты қалыптастыру релаксациялық жаттығулармен қатар, әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастырумен қол жеткізілетіндігі көптеген зерттеулерде көрсетіп жүр.

Зерттеу мақсаты: Әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы спортшылардың эмоциялық қалпын реттеу жолдарын жүйелеу. Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:

  • спортшылардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық негіздеу;

  • спортшылардың эмоциялық қалпын диагностикалау;

  • әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы спортшылардың эмоциялық қалпын реттеу;

  • алынған нәтижелер бойынша әдістемелік кешен құру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Спортшылардың эмоциялық қалпын диагностикалау

арқылы алынған мәліметтер негізінде әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізіп оны реттеуге болады.

Зерттеу пәні: Әлеуметтік-психологиялық тренингтер мен спортшылардың эмоциялық қалпы.

Зерттеу нысаны: Спортшылар тұлғасы.

Зерттеудің жаңалығы.


  • спортшылардың психологиялық ерекшеліктері теориялық талданды;

  • спортшылардың эмоциялық қалпы диагностикалау арқылы анықталды;

  • әлеуметтік-психологиялық тренингтер спортшылардың эмоциялық қалпын реттуеде пайдаланылды.

Зерттеудің жалпы болжамы: егер, спортшылардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда негізделіп, олардың эмоциялық қалпы анықталып, оның нәтижесін талдай отырып, әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізілсе, онда олардың жарысқа психологиялық дайындығы арта түседі.

Жеке болжамдар:

  • спортшылардың эмоциялық қалпын диагностикалау жетістікке жету мотивіне оң әсерін тигізеді;

  • әлеуметтік-психологиялық тренингтер спортшылардың эмоциялық қалпын реттеуге жағымды әсер ете отырып, жүйкелік бұзылулардың алдын алады.

Қорғауға ұсынылатын жағдайлар:

  • спортшылардың эмоциялық қалпын диагностикалау оны бағалауға мүмкіндік береді;

  • әлеуметтік-психологиялық тренингтер эмоциялық бұзылулардың алдын алады және түзетеді;

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бiздiң зерттеуiмiзге философиялық, әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық әдебиеттер негiз етiп алынды. Тұлға құрылымын зерттеуге бағытталған теориялар мен тұжырымдар (Б.Г. Ананьев, И.С. Кон, Э. Эриксон және т.б.), әлеуметтену мәселесі бойынша А.А.Реанның, тұлға ерекшеліктерін зерттеуші К.К. Платоновтың спортшыларды жарысқа психологиялық дайындау мәселесін зерттеген А.Ц. Пунидің, эмоция туралы И.П. Павловтың, Н.Н. Ланге мен У. Джеймстің, әлеуметтік-психологиялық тренингтер туралы Л.А. Петровскаяның, Т.В. Зайцевтың, сонымен қатар, спорттағы психодиагностика мәселесімен айнаналысқан В.Л. Марищуктың, Ю.М. Блудовтың еңбектері зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздерін құрайды.

Зерттеу көздері: Оқу-әдістемелік құралдар, диссертациялық жұмыс мәселесі бойынша шетелдік, кеңестік ғалымдардың ғылыми еңбектерi зерттеу көздері болып табылады.

Зерттеуде қолданылған әдістер. Қойылған мақсаттарға байланысты спортшылардың психологиялық ерекшеліктері мен эмоциялық қалпын анықтау үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттер және әдістемелік құралдарды және құжаттарды теориялық талдау; психодиагностикалық әдістемелер: Санкт-Петербург әскери-медициналық академия қызметкерлері құрастырған САН (С-хал-жағдайы, А-белсенділік; Н-көңіл күй); Көңіл-күйді бағалау әдістемесі; әлеуметтік-психологиялық тренингтер.



Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Қазіргі таңдағы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жетістіктерге жетуінің бірден бір өлшемді көрсеткіші спорттағы нәтижелері болып табылады. Бүкіл дүние жүзі спорт көрсеткіштері бойынша елімізді танып отыр. Осы орайда, спорттық жетістіктерге жетуде, оны жүйелі түрде жаттықтыру жұмыстарын теориялық негіздеу зерттеудің маңыздылығын алға тартады. Зерттеу жұмысында спорт әрекеті, жарысқа психологиялық дайындық, әлеуметтік-психологиялық тренингтер теориялық тұжырымдалды. Алынған мәліметтер мен қорытындылар: спорт әрекетін ұйымдастыру мен жетістікке жету жолдарын анықтауда кең көлемде пайдалануға болады. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейінгі спорттық әрекет, тұлғаның эмоциялық қалпын реттеу, әлеуметтік-психологиялық тренингтер туралы теориялар мен тұжырымдамалар жүйеленді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Спортшылардың эмоциялық қалпын реттеуге бағытталған әдістемелер қазақ тіліне аударылып, осы ортаға бейімделіп қолданылды, нәтиже көрсеткіштері тепе-тең деңгейде мәселені қарастыруға әкеледі. Зерттеу көрсеткіштері мен қолданылған әлеуметтік-психологилық тренингтер психолог әрекетінің құрылымы мен стратегияларының ықпалын және спорт нәтижесінің жетістігін жоғарылатуға әкеледі. Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында, психодиагностикалық және кеңес беруде қолдануға болады.

Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі. Спортшылардың эмоциялық қалпын әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы реттеу жөніндегі тұжырымдар теориялық-эксперименттік тұрғыдан негізделуімен, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу әдістерін қолданумен, нәтижелерді сандық және сапалық талдауға мүмкіндік беретін эксперименттік-эмпиралық жұмыстың тұтастылығымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері республикалық конференцияларда жарияланды.

Зерттеу жұмысының кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2011 ж) тұлға құрылымы, эмоция, әлеуметтік-психологиялық тренингке байланысты әдебиеттерге теориялық талдау жасалынды, зерттеу жұмысының нысаны, пәні, жалпы және жеке болжамдары, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды.

Екінші кезеңде (2012 ж) жарыс алдындағы спортшылардың эмоциялық қалпын диагностикалау жұмыстары жүргізіліп, оны реттеу үшін әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізілді. Зерттеу жұмыстары бойынша статистикалық талдау жасалып, тұжырымдар мен қорытындылар жасалды.

Зерттеу базасы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің университетінің «Сыр сымбаты» спорт клубы негізінде ашылған бокс секциясына қатысушы 1;4 курс студенттері. Респонденттер саны- N=40

Жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Магистрлік диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі – 92 бет, қолданылған деректер тізімі- 90 әдебиеттерден тұрады.



Негізгі бөлім
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі және зерттелу деңгейі, зерттеудің нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, деректі көздері, әдістері мен тәсілдері, теориялық-әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы айқындалады. Зерттеу жұмысының теориялық практикалық маңыздылығы көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануының барысы баяндалады.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі «Психология ғылымында спортшылар тұлғасын теориялық зерттеу» деп аталады. Бұл бөлімде біз психология ғылымындағы спортшылар тұлғасының зерттелуі тұжырымдалды. Жалпы алғанда адам іс-әрекетінің барлық түріндегі сияқты спортта тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері маңызды мазмұнға ие болып табылады. Спортшы тұлғасының даралық және оның әрекетінің техникалық-тактикалық стиль ерекшеліктерін дұрыс ескергенде ғана олардың жетістікке жету мүмкіндігі жоғарылайтындығы сөзсіз. Осы орайда, спортшы тұлғасының даралық ерекшеліктерін білгеннен кейін оның мүмкіндігін дамытуға және қарқынды пайдалануға болады.

Спорттық іс-әрекет өзінің мәні бойынша тұлғаның жекелік қасиеттерін тәрбиелеу үшін маңызды амалдардың бірі болып табылады. Спорттық іс-әрекеттің мінез қалыптасудағы рөлі тұлғаның даралық ерекшеліктері мен ерік сипаты көрініс беретін әлеуеттің негізгі құрылым ретінде алға шығады. Бүгінгі күні жастардың бойында салауаттылықты тәрбиелеуде спорттың алар орны ерекше. Сондықтан да спортты жан-жақты зерттеу маңызды мәселелердің қатарына кіреді. Дегенмен, спортшы орындайтын жаттығу процесінің әрекеті тұрақты, сенімді болуы үшін экстремальді жарысу жағдайында әскери мінез көрініс беретін дағдылар жүйесі болуы қажет. Бұл жағдайда спортшы көп ойланбай және бөгелмей әрекет етуге қабілетті болуы қажет.

Тұлға көпшекті және глобальді ұғым болып табылады. Көп жағдайда тұға ұғымы жинақтаған қасиеттердің әлеуметтік жиынтығы ретінде анықталады. Психология ғылымында “тұлға” категориясы басты ұғымдардың қатарында. Дегенмен, “тұлға” ұғымы тек психологиялық ғана емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі. Атап өтсек, философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен және т.б. Осы орайда, психология ғылымының шеңберінде тұлғаны зерттеу ерекшелігі неде және бұл ұғымның мәні қандай екендігін анықтап аламыз.

Біз зерттеуімізде спортшылардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтамас бұрын жоғарыда тұлға ұғымына сипаттама беріп отырмыз. Осы кезекте біз тұлғаның құрылымына түсініктеме беріп өтуді жөн санап отырмыз.

Тұлға құрылымын қарастырғанда біз психологиялық зерттеулердің негізінде оны төмендегідегі сызбада жіктеп алып отырмыз.




Тұлға құрылымы



Ерік сапалары

Темперамент

Мінез

Қабілет



Эмоция және мотивация

Әлеуметтік нұсқаулар(ішкі ыңғайлану)

1- Сурет Тұлға құрылымы


Жоғарыда атап кеткендей, тұлға әлеуметтік тарихи және адамның өзіндік әрекетінде дамитын өнім болып табылады. Ол санаға және әлеуметтік қасиеттер жүйесіне ие бола отырып, қоғамда белгілі бір қызмет атқарады. Адам іс-әрекетінің барлық түріндегі сияқты спортта да даралық маңызды мазмұнға ие. Спортшы тұлғасының даралық және оның әрекетінің техникалық-тактикалық стиль ерекшеліктерін дұрыс ескергенде ғана жетістікке жету мүмкіндігі жоғарылайды. Спортшы тұлғасының даралық ерекшеліктерін білгеннен кейін оның мүмкіндігін дамытуға және қарқынды пайдалануға болады. Тұлға өз қасиеттерінің белгілі бір жүйелілгімен, тұтастылығымен және тұрақтылығымен сипатталады. Спортшы тұлғасы қалыптасуының аспектілерін төмендегі сызбада көрсетуге болады:


Спортшы тұлғасы




Қоғамдық сана (спорттық ұжым және қоғам)




Өзіндік сана

Жаттықтырушы әрекеті



Рухани сезім

Қарым-қатынас




Бағалау-оятушы әрекет



Этикалық сезім

Эмоциялық реакция



Бірлескен жаттығу әрекеті



Өзін-өзі тану

Мінез актісі



Өзіндік бақылау

Оқыту әдістемесі

Жарысу әрекеті



Өзіндік қадағалау

Оқыту амалдары

Ұжымға қатынас




Өзіндік бағалау

Тәрбие әдістемесі

Жауапкершілік



Өзіндік тәрбие

Тәрбие амалдары

Мінез өлшемдер



Ашықтық




Өзара көмек



Әрекетті бағалау


Қоғамға қатынас




Қоғамның әлеуметтік құрылымы




Қоғам саясаты

2-Сурет Спортшы тұлғасы қалыптасуының аспектілері


Сонымен қатар, бұл бөлімде спортшыларды жарысқа психологиялық дайындау мәселесі тұжырымдалады. Спортшыларды нақты жарысқа арнайы психологиялық дайындау төмендегі мәселелерді енгізеді:

  • алда күтіп тұрған жарыс жағдайлары туралы ақпарат жинау (жарысқа дайындық қалпын қалыптастырудың басты бөлігі болып табылады); мәліметтердің мазмұны мен сипаты (спорт түріне байланысты: шаңғы тебуде өту орны басты болса, ал қалған жағдайларда негізгі мәлімет қарсыласы және т.б. туралы болуы);

  • жарыс мақсатын анықтау және қалыптастыру (мақсатта белгілі бір нәтижеге жету мүмкіндігі айқындалса, онда ол спортшының әрекетін басты реттеушісі болады);

  • жарысқа қатысу мотивін қалыптастыру және өзектендіру (қойған мақсатқа жетудің қоғамдық маңыздылығын түсінуден туындайтын итермелеуші күш, ол кейде жекелік мазмұнда да болуы мүмкін; мотив жарысқа қызығушылықты арттырады, дайындық процесі мен жарыстың өзіне елігу және мақсатқа жету жағдайын құрады);

  • жарыс әрекетінің ықтималдылық бағдарламалануы (әрекеттің тактикалық жоспарын жасау барысында жүзеге асады; әрдайым мүмкін болу сипатын білдіреді);

  • жағымсыз ішкі қалыпты өзіндік реттеу (спортшы жарысқа дайындалу барысында өзіндік реттелудің қарқынды және қолжетімді тәсілдерін пайдаланады, ол жалпы психологиялық дайындық мазмұнына кіреді; жарыстан жарысқа дейін өзіндік реттеу тәсілдері жарыс алды мінез-құлықты реттеудің өзіндік дәстүріне айналады);

  • жүйкелік-психикалық қалыптылықты сақтау және қайта құру (жарысқа дейінгі спортшының мінез-құлық ерекшеліктері, ең алдымен күн тәртібін құрып алу қажет, жарыс туралы ойдан алаңдау- осы жағдайлардың бәрі жүйкелік-психикалық әлеует жинақталудың қайнар көзі болуы тиіс).

Спорттық әрекетті психологиялық қамтамасыз етудің барлық процесі дайындық және жарыс әрекетін басқару ретінде түсініледі. Әсіресе, спортшылардың жарысу әрекетін басқаруы өте күрделігімен ерекшеленеді. Бұл ең алдымен, белгілі бір кедергілердің пайдалы және қажетті болатын ситуациялар болуымен байланысты болып келеді.

Екінші бөлім «Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің теориялық негіздері» деп аталады. Бүгінгі күні психология ғылымының қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі кеңінен қолданылып жүр. «Тренинг» ұғымының нақты тұжырымдап беретін анықтамасы жоқтың қасы. Сондықтан бұл ұғым психологиялық тәжірибеде әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде жиі пайдаланылып жүргені белгілі. Осы орайда, «тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие болып табылады. Кеңес ғалымы Ю.Н. Емельяновтың пікірінше тренинг іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтегі топтық динамика адам өміріндегі бағыттылықтың өзара әрекеттестігінің үлгісі болып табылады. Дегенмен, адам өмірінде өзара әрекеттестіктің басқа да түрлері бар екендігін естен щығармау керек. Бұл тұлғалардың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге нысандалған өзара әрекеттестігі болып табылады. Өйткені, мақсат қоя білу және оларға қол жеткізу үйлесімді тұлғаның маңызды қасиеттерінің бірі. Үйлесімділік өзгелермен қарым-қатынастарында өзін көрсете алу біліктілігімен байланысты болып келеді.

Ресейлік анықтамалық басылымдардың көбінде тренингтің төмендегідей түрлері жиі келтіріледі.


1- Кесте Тренинг түрлері




Тренингтің атауы

Сипаттамасы

1

Коммуникативтік дағдылар мен икемділіктер тренингі

Қарым-қатынас дағдыларын дамыту

2

Өзіндік жүйелеу тренингі

Өзіне деген сенімділігін күшейту

3

Жеке адамның тұлғалық өсу тренингі

Жеке үйлесімділік құру

4

Оқытушы тренингтер

оқушылардың нақты категориясына арналған: мекеме қызметшілеріне кәсіби маңызды дағдылар тренингі, келіссөздер жүргізу тренингі және т.с.с.

Әртүрлі өлшемдердің көмегімен тренинг түрлерінің басқа жіктелуін құруға болады. Нақтылайтын болсақ, мақсат өлшемдерін пайдалана отырып, кейбір авторлар тренингтік топтардың келесі алуан түрлігін атап көрсетеді:



  • психологиялық проблемларды шешу топтары;

  • психологиялық саулық пен өмір сапасы топтары;

  • ӘПТ топтары;

  • өзіндік түсінікті дамыту тренингі топтары;

  • жеке адамның тұлғалық өсу топтары.

Тренингтің ықпал ету мақсатында жатқан өлшемі бойынша басқа да алуан түрлерін атап көрсетуге болады, нақтылайтын болсақ:

Тренинг түрлері



мақсаты- жаттықтырушының пікірі бойынша тұжырым қажетті, талап етілген (оқиғамен, өмірмен және т.с.с.) мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру;




Дрессура



Шынықтыру

мақсаты- нақты адамға қажетті жеке дағдылар мен икемділіктерді құрастыру;



мақсаты – топ қатысушыларына психологиялық мәселелерді шешудің мүмкін болар амалдарымен таныстыру және беру;



Оқыту


мақсаты - өзіндік жетілу барысында, өзіндік мүмкіндіктерін ашуға көмек көрсету




Жетілу

Сурет 3- Тренинг түрлері


Әлеуметтік-психологиялық тренингтер тұлғаның эмоциялық қалпын реттеу жолдарының маңыздыларының бірі болып табылады. Тренингті өткізу тәртібі жүйеленіп, ұстанымдары ұсынылды.

Қазіргі таңда кеңінен қолданылып отырған медиативтік техникаларда тренингтік әдістердің қатарына жатады. Біздің зерттеуміздің эксперименттік бөлімінде бұл әдістер қолданылады. Себебі, оларды топтық та жекелік те жұмыс процесінде пайдаланудың тиімділігі тәжірибеде дәлелденген. Көбінесе, аталмыш техникалар денелік және сезімдік релаксацияға, артық психикалық күштен және стресстік күйден арылу амалдарын үйренуді оқыту мақсатында қолданылады. Себебі, спорттық жарыс кезінде оған қатысушылардың сәтсіздіктен қашу мақсатындағы қобалжулары оның нәтижесі кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да медиативті немесе жалпы психологиялық тренингтерді тиімді пайдалану тұлғаның өз әлеутетін толық көрсетуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ өзіне сенімін күшейтеді.

Үшінші бөлім «Спортшылардың эмоциялық қалпын әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы реттеуді эксперименттік зерттеу» деп аталады.

Эмоциялық қысым психикалық тұрақтылықтың және психомоторлық процесстердің уақытша төмендеуімен сипатталады. Бұл өз кезегінде вегетативті реакция мен эмоцияның сыртқы көріністерімен қатар жүреді. Сонымен қатар, түрлі эмоциялық реакциялар мен әсерленулер қатар жүретін эмоциялық-еріктік, психикалық, соматикалық аймаққа әсер етуші эмоциогенді, психогенді, стрессогенді және басқа да факторлармен байланысты туындайды және дамиды. Көп жағдайда қысымның тездігі мен даму дәрежесі даралық психологиялық ерекшеліктер арқылы анықталады. Жекелей айтсақ, эмоциогенді әсерлерге қарсы тұру алу қабілеті ретінде оның ықпалына даралық тұлғалық мәнділігі болып табылады. Функциялық мүмкіндіктердің ұтқырлығымен байланысты туындайтын психикалық қысымды эмоциялық қысымнан ажырата білу керек.

Қысым эмоциялық ықпал етулерге солғын түрде жауапты сипаттаушы эмоциялық қозудан ажыратылады. Күшті эмоциялық қозу қысым сияқты кернеулікке өсуі мүмкін. Кейбір авторлар қысымды операциялық қысым деп те атап жүр. Психикалық қысымнан ерекшелігі жағымсыз қалып сияқты психикалық процесстердің тұрақтылығының төмендеуімен байланысты болады.

Қысым қалпын анықтау онымен қатар жүретін төмендегі үш компонентті бағалау жолымен жүзеге асады:



  • эмоцияның сыртқы көріністері;

  • вегетативті физиологиялық реакция;

  • психикалық және психомоторлық тұрақтылық.

Қысымның сыртқы (денелік) көріністері

  • ым-ишарадагы эмоциялық реакция;

  • түрлі көркем қозғалыстар (пантомимика);

  • шырмалушылыққа көріністері бұлшық еттің еріксіз дамуының көрсеткіші ретінде;

  • қолдағы, аяқтағы және беттегі діріл көріністері;

  • беттің қызаруы, бозару;

  • көздің еріксіз жүгіру көрінісі («қарашықтың жүгіруі»), қарашықтың айқын үлкебі мен кішіреюі;

  • пиломоторлы реакция («терінің бүршіктелуі», «шаштың түкіреюі»);

  • сөздің фонациясы мен артикуляциясының өзгеруі.

Айтылған сыртқы көріністердің көбісі (қызару-бозару, қарашықтың диаметрі мен пиломоторлы өзгерістер) сәйкес физиологиялық, вегетативті жылжумен (қозғалыстармен) анықталады.

Спортшының өз басындағы, өміріндегі және кәсіби іс-әрекетіндегі психологиялық мәселелерді аныктай алуы аса маңызды болып келеді. Осыған орай, спортшы-жастар өміріндегі әлеуметтік-психологиялык күрделі жағдайларды айқындау үшін эксперименттік жұмыс жүргізілді. Сауалнама, сұхбат арқылы жастардың өмірінде болатын типтік әлеуметтік-психологиялык мәселелер тізімі жасалды. Олардың жауаптарындағы айтылған психологиялык мәселелер мазмұны бойынша төмендегіше жіктеле отырып, топтастырылды:

1. Спортшылар үшін мәселе не қиындық ретінде қабылдана отырып, танылатын кейбір түлғалык ерекшеліктерге мыналар жатады:

- сенімсіздік;



  • ұялшақтық;

  • қорқактык;

  • жалкаулык;

  • сенгіштік;

күмәншілдік т.с.с.

2. Қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:

- қарым-катынас жасау дағдысының жеткіліксіз болуы;



- әркашан адамдармен тіл табыса алмау;

- бастамашылдықтың жетіспеуі;

- тұйыктык т.с.с.

3. Оку, еңбек іс-әрекетіне қатысты мәселелер:

- сәтсіздікке бой алдыру;

- іс-әрекеттеріне көңілдің толмауы;

- уақытты жеткізе алмау;

- өзара әрекеттестікгі тиімді орната алмау;

- ерік-жігердің жетіспеуі т.с.с.

4. Тұрмыс жағдайына, тіршілік әрекетіне байланысты мәселелер:

- мекен- жайдағы жағдаймен қанағаттанбау;

- дем алуға уақыттың болмауы;

- күн тәртібін сактай алмау т.с.с.

5. Материалдық жағдайлардан туындайтын мәселелер:

- қаржыны үнемдей алмау;

- материалдык жағынан тәуелсіздіктің болмауы; материалдық жағдайға
байланысты дәрменсіздікті сезіну, кредит ала алмауға және алғандардың оны өтей алмауына байланысты психологиялык тығырыктар т.с.с.

6. Өзін-озі танытуға орай мәселелер:

- өмірде өзіндік орын табудың қиыншылығы;

- болашақтың бұлыңғырлығы;

- өзіндік танымның жеткіліксіздігі

- өзіндік бағаның дәлме-дәл болмауы т.с.с.

7. Жеке бастың жағдайы ретінде кабылданатын, түсінілетін әлеуметтік
ортадағы мәселелері:

- отбасындағы жағдайдың ауырлығы;

- жакын адамның денсаулығындағы мәселелер;

- «қазіргі адамдардың өзгеруі» т.с.с.

8.Физикалык және психологиялық денсаулыққа
қатысты мәселелер:

- шаршау;

- кажу жәйті;

- денсаулықтың нашарлауы;

- қоркынышқа, стреске бой алдыру т.с.с.

Осыған орай спортшы-жастар арасында әлеуметтік-психологиялык жұмыс ұйымдастырудың басты бір формасы ретінде субъективтілікті дамыту тренингі алынады. Мұнда жастардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, әрекеті, қарым-катынас жасау ерекшеліктері сипатталған рөлдік ойындар, мәселелік жағдаятты талдау, пікірталас әдістері камтылған тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.

Біз эксперимент жұмысына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сыр сымбаты» спорт клубы негізінде ашылған бокс секциясына қатысушы 1;4 курс студенттері респондент ретінде таңдылды. Респонденттер саны N=40. Ең алдымен біз зерттеу бағдарламасын құрып алдық. Зерттеу бағдарламасы төмендегі кестеде көрсетілген.


2 - Кесте Зерттеу бағдарламасы


Зерттеу кезеңдері

Мақсаты

Міндеттері

Мазмұны

1

2

3

4

1 кезең


Экспериментті ұйымдастыру



- Эксперимент жүргізуші респонденттерді таңдау;

- студенттермен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- экспериментке стимулдау тәсілдерін ұсыну;

- зерттеу әдістерін негіздеу;

-әлеуметтік-психологиялық тренингтерді таңдау:


- топішілік жарыстарды ұйымдастыру арқылы респонденттермен зерттеу жұмысын жүргізу;

- Зерттеу әдістері:

САН әдістемесі;

Эмоциялық қалыпты өзіндік бағалау.

-релаксациялық жаттығуларды анықтау.


2- кестенің жалғасы


1

2

3

4

2 кезең

Жарыс алдында спортшылардың эмоциялық қалпын психологиялық диагностикалау

- САН әдістемесін жүргізу;

- көңіл күйді бағалау әдістемесін жүргізу



Психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау

3 кезең

Әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы эмоциялық қалыпты реттеу




-эксперименттік топта тренингттік сабақтар ұйымдастырылды;

-тұжырымдар жасау.



4 кезең

Қортынды жасау

- зерттеу жұмыстарын жүйелеу;

-зерттеу нәтижелерін өңдеу;

- қорытынды жасау;

- тұжырымдамалар мен ой-пікірлер қалыптастыру.



-сандық өлшемдер арқылы математикалық талдау жасау;

-әдістер сенімділігі айқындау.




Эксперимент жұмысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде спортшылардың жарыс алдындағы эмоциялық қалпын анықтау мақсатында психологиялық диагностика жүргізілді Ол үшін төмендегідей әдістемелер пайдаланылды:



- САН әдістемесі;

- Көңіл күйді бағалау;

Екінші бөлімде әлеуметтік-психологиялық тренингтер, яғни релаксациялық жаттығулар жүргізілді.

Біз зерттеу жұмысымызды бастамас бұрын экспериментке сыналушылардың эмоциясын стимулдап алдық. Ол үшін төмендегідей тәсілдер пайдаланылды. Сыналушылар үшін жеткілікті маңызды болып табылатын эмоциялық стимулдар, эмоциогенді ықпал етулер ретінде әртүрлі әсерлер пайдаланылады.

Жалпы алғанда тұлғаның эмоциялық қалпын өлшеу негізгі үш аспект бойынша жүзеге асады. Бұл аспектілер төмендегідей:



- Эмоциялық;

- Физиологиялық;

- Мінез-құлықтық.

Жоғарыда көрсетілген аспектілер өзара тығыз байланыста болады. Спорт тәжірибесінде эмоциялық реакция мен жаттықтыру қарқындылығы және жарыс әрекеті өзара байланыста меңгеру құнды болып табылады.

Зерттеу жұмысымызда біз респонденттерге қолайлы психологиялық ахуал жасауға тырыстық. Себебі, тұлғаның жетістікке жету мотивінде айналасында болып жатқан жағдайлар міндетті түрде өзінің әсерін тигізері сөзсіз.

Әрине эксперименттік жұмысты ұйымдастыру бірнеше қиындықтар туындады. Жарыс жағдайында спортшы жастардың басым көпшілігінің жарыс жағдайына акцент жасады, соынмен қатар, психологиялық тренингті өткізуге сыртқы жағдайлардан кедергілер де кездесіп жатты. Дегенмен біз зерттеу мақсатына жетуге бар мүмкіндікті пайдануды көздедік.

Қарқынды түрде физикалық және психикалық күш түскенде эмоциялық қалыпты өлшеу үшін САН әдістемесі қолданылады. Бұл әдісті Санкт-Петербургтік академия қызметкерлері дайындаған.

3- Кесте САН әдістемесі

Мерзімі __________________ уақыты_________________________


1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



Өзін сезінуі жақсы

Өзімді күшті сезінемін

Тек солғын

... үшін аз қозғалам

Көңілді

Көңіл күйім жақсы



Жұмысқа қабілетті

Күшім толық

Шабан

Әрекетсіз



Бақытты

Өмірге құштарлы

Қысымды

Дені сау


Енжар

Селқос


Мәз мейрам

Қуанышты

Демалған

Жас


Маужырау

Демалу ниеті

Тыныш

Оптимист



Көнбіс

Тың


Ұғу қиын

Алаңғасар

Үмітке толы

Көңілі тоқ



С

9 8 7 6 5 4 3 2 1



Нашар

Әлсіз


Белсенді

Қозғалғыш

Мұңлы

Нашар


Сыну

Күшсізмін

Жылдам

Әрекетшіл



Бақытсыз

Шытулы


Босаң

Ауру


Құштар

Қобалжулы

Жабырқаңқы

Мұңды


Шаршаған

Қаңсыраған

Абыржыған

Жарысу


Қамжеген

Пессимист

Қажыған

Солғын


Оңай

Ықыласты


Үміті үзілген

Наразы


А

1 2 3 4 5 6 7 8 9



Н

9 8 7 6 5 4 3 2 1



С

9 8 7 6 5 4 3 2 1



А

1 2 3 4 5 6 7 8 9



Н

9 8 7 6 5 4 3 2 1



С

9 8 7 6 5 4 3 2 1



А

1 2 3 4 5 6 7 8 9



Н

9 8 7 6 5 4 3 2 1



С

9 8 7 6 5 4 3 2 1



А

1 2 3 4 5 6 7 8 9



Н

9 8 7 6 5 4 3 2 1



С

9 8 7 6 5 4 3 2 1



А

1 2 3 4 5 6 7 8 9



Н

9 8 7 6 5 4 3 2 1


Бұл әдістемеде әрбір әріп анкетада көрсетілгендей адамның белгілі бір эмоциялық қалпын білдіреді: С- хал- жағдай (самочувствие), А-белсенділік (активность), Н- көңіл-күй (настроение).

С әрпіне келесі жұп сөз сәйкес келеді- 1,2; 7,8; 13,14; және әрбір екі жұптан кейінгі үшінші; А әрпіне-3,4; 9,10; 15,16 және дәл сол интервал бойынша; Н әрпіне – 5,6; 11,12; 17,18 және т.б. Келтірілген жұп сөздер әрбір қалыптың бағалау суммасын құрайды.

Суммалық балл 3-3,5 жоғары болса, онда эмоциялық қалып тепе- теңдікті білдіреді.


4- Кесте Респонденттердің эмоциялық қалып көрсеткіштері (N=40)


Қатысушы №

С

А

Н

Эмоциялық қалып

1

2

3

4

5

1

1,9

1,8

1,3

0,5

2

2,1

1,4

2,1

0,6

3

1,3

2,2

1,9

0,5

4

2,0

1,9

1,5

0,5

5

1,4

2,1

2,3

0,6

4- кестенің жалғасы


1

2

3

4

5

6

1,1

3,4

5

1

7

3,5

3,2

3,1

1

8

2,4

1,9

2,3

0,7

9

2,5

2,0

1,7

0,6

10

1,7

2,5

3,0

0,7

11

2,9

1,8

1,6

0,6

12

2,6

2,1

2,0

0,7

13

1,5

2,0

2,5

0,6

14

2,4

2,6

1,9

0,7

15

3,1

1,3

1,6

0,6

16

1,5

2,1

3,3

0,7

17

2,4

2,7

2,9

0,8

18

1,6

1,9

2,0

0,6

19

2,1

2,8

2,0

0,7

20

1,5

3,0

2,4

0,7

21

1,1

3,4

5

1

22

3,5

3,2

3,1

1

23

2,4

1,9

2,3

0,7

24

2,5

2,0

1,7

0,6

25

1,7

2,5

3,0

0,7

26

2,9

1,8

1,6

0,6

27

2,6

2,1

2,0

0,7

28

1,5

2,0

2,5

0,6

29

2,4

2,6

1,9

0,7

30

3,1

1,3

1,6

0,6

31

1,9

1,8

1,3

0,5

32

2,1

1,4

2,1

0,6

33

1,3

2,2

1,9

0,5

34

2,0

1,9

1,5

0,5

35

1,4

2,1

2,3

0,6

36

1,1

3,4

5

1

37

3,5

3,2

3,1

1

38

2,4

1,9

2,3

0,7

39

2,5

2,0

1,7

0,6

40

1,7

2,5

3,0

0,7



2

2,2

2,4

0,7

Эмоциялық қалыпты анықтау үшін төмендегідей формула пайдаланылды:


∑= nC+nА+nН

10

Бұл жерде n- суммарлық нәтиже болып табылады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей эмоциялық қалыпсыздық жарыс алдында өте жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Екінші әдістемеде көңіл-күйді бағалау әдістемесі пайдаланылды. Бұл әдістеме тұтастай алғанда эмоциялық қалыпты тұтастай бағалайды. Әдістемеде 21 сұрақ беріледі. Сұрақтарға «ия», «жоқ», «керісінше» («кері сезімдер») деген жауаптар беріледі. Жауаптар бойынша зерттеу сәтіндегі басым көңіл күй туралы тұжырым жасалады. Зерттеуді талдауда қарапайым, эйфориялық немесе негативті (астеникалық) пікір жасалады.

Сұрақтар тізімі:



  1. Өзімді сергек сезінемін.

  2. Көршілер (спорттық команданың басқа мүшелері) мені жалықтырды.

  3. Ауыр сезімді сезініп тұрмын.

  4. Тыныштануды сезінгім келіп тұр.

  5. Мені тыныштыққа қалдырып, мазаламаса екен.

  6. Тау қопару қалпын сезініп тұрмын.

  7. Экспериментатормен сөйлесу жағымсыз, қанағаттанбауды сезінемін.

  8. Таң қаларлық көңіл күй. Өлең айтып, билегім және кездескендердің барлығын қуаныштан сүйгім келіп тұр.

  9. Жанымда жамандық жасауға дайын, қайыры жоқ көп адамдар қоршап жүр.

  10. Айналадағы барлық ғимараттар, салынған құрылыстар сәтсіз жасалған.

  11. Кездескендердің барлығына дөрекілік танытуға дайынмын (сондай қалып).

  12. Көңілді келемін, аяғымды сезіп тұрған жоқпын.

  13. Ешкімді көргім келмейді, ешкіммен сөйлескім келмейді.

  14. Көңіл күйімнің сондай барлығына «Бәрі де жоғалсын».

  15. «Мені мазаламаңдар, кетіңдерші» дегім келеді.

  16. Барлық адамдар жақсы, адал ниетті. Олар мен үшін тартымды.

  17. Алдымнан ешқандай қиындықты сезініп тұрған жоқпын. Бәрі оңай. Бәрі қол жетімді.

  18. Менің болашағым мұңды сияқты.

  19. Одан да сорақы болуы мүмкін, бірақ сирек.

  20. Ең жақын адамдарыма да сенбеймін.

  21. Көшеде көлік гуілі сирек естіледі, бірақ, жағымды әуен сияқты қабылданады.

Эксперимент нәтижесін интерпретациялаймыз. Респонденттердің берген жауап талданып, математикалық қорытындысы баллдық жүйеде төмендегі кестеде беріліп отыр.
5- Кесте Көңіл күйді бағалау әдістемесінің қорытындысы (N=40)


Қатысушы саны

Көңіл күй

Астеникалық қалып

Эйфория қалпы

N=40

3

5

2

Біз жоғарыда екі әдістеме бойынша спортшылардың эмоциялық қалпын анықтап алды. Келесі кезекте біз әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргіздік.

“Гипотония” босаңсу жаттығуы.


  • Мен жайбарақат күйдемін…

  • Менің барлық денем жағымды босаңсып және тынышталуда…

  • Мені ештеңе алаңдатпайды…

  • Мен ішкі көңіл тұрақтануын сезудемін…

  • Бойыма күш пен энергия жинақталуын сезудемін…

  • Мен жағымды тазалағыш душта түсіп жатқандаймын…

  • Менің барлық бұлшық еттерім демалып жатыр…

  • Дене бойымен тітіркенулер жүгіріп өткендей…

  • Менің денемнің барлық мүшелері демалып жатыр…

  • Барлық жайсыз, келеңсіз жайттар артта қалды…

  • Алда тек жарқын, ашық болашақ…

Сонымен қатар, денеге бағытталған психотерапия, релаксациялық жаттығулар өткіздік. Осы жұмыстардың негізінде әлеуметтік-психологиялық тренингтер кейінгі нәтижелерді ұсынамыз. САН әдістемесін қайта жүргізгенде төмендегідей көрсеткіш анықталды.
6- Кесте САН әдістемесі бойынша салыстырмалы қорытынды (N=40)




Әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізгенге дейін

Әлеуметтік-психологиялық тренингтен кейін

С

А

Н

С

А

Н

40

2

2,2

2,4

3

3,5

4,6

Тұлға өміріндегі әртүрлі эмоциялық реакциялар мен әсерленулер қатар жүретін эмоциялық-еріктік, психикалық, соматикалық аймаққа әсер етуші эмоциогенді, психогенді, стрессогенді және басқа да факторлармен байланысты туындайды және дамиды. Көп жағдайда қысымның тездігі мен даму дәрежесі даралық психологиялық ерекшеліктер арқылы анықталады. Жекелей айтсақ, эмоциогенді әсерлерге қарсы тұру алу қабілеті ретінде оның ықпалына даралық тұлғалық мәнділігі болып табылады. Функциялық мүмкіндіктердің ұтқырлығымен байланысты туындайтын психикалық қысымды эмоциялық қысымнан ажырата білу керек.

Көңіл-күйді бағалау әдістемесі бойынша қорытынды төмендегі кестеде беріледі.
7- Кесте Көңіл-күйді бағалау әдістемесі бойынша салыстырмалы қорытынды (N=40)




Әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізгенге дейін

Әлеуметтік-психологиялық тренингтен кейін

Көңіл күй

Астеникалық қалып

Эйфория қалпы

Көңіл күй

Астеникалық қалып

Эйфория қалпы

40

3

5

2

5

2

4

Зерттеу қорытындысы бойынша біз әлеуметтік-психологиялық тренингтердің тұлғаның эмоциялық қалпын реттеуде маңызды рөл атқаратынын байқап отырмыз. Тренинг өткізгеннен кейін спортшылар өздерінің мазасыздану күйін жеңіп, өзіне сенімділігінің арта түскендігін байқатты.

Біз өз зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімінде спортшылардың эмоциялық қалпын бағалау мақсатында мемлекеттік тілде модификацияланған әдістемені пайдалана отырып, олардың жарыс алдындағы көңіл-күйін, белсенділігін және өзіндік сезімін анықтадық. Анықтау қорытындысы бойынша мәліметтерді негізге ала отырып, біз әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргіздік. Зерттеу қорытындысында спортшылардың эмоциялық қалпына әлеуметтік-психологиялық тренингтердің жағымды әсер ететіндігі анықталды.

Бұл бөлімде жарыста ситуативтік басқару резервтік мүмкіндіктерді ашатындығы тұжырымдалады. Сонымен қатар, спортшыдардың жарысқа психологиялық дайындаудың практикалық мәселелерін шешуде оны жоспарлау маңызды сұрақтардың бірі болып табылатындығы нақтыланады. Бұл жерде сөз психологиялық жалпы дайындық болып отыр. Нақты жоспарды жаттықтырушы өзі құруы және ерекшеліктер жиынтығынан шығуы қажет: спорт түрі, спортшының жасы және шеберлігі, оның жасы және т.б. Міне осы мәселелері маңызды орынға шығады.

Зерттеу жұмысының нәтижелері кестеде, сызбаларда ұсынылды. Сонымен, спортшыларды жарысқа психологиялық дайындау олардың эмоциялық қалпына жағымды әсерін тигізетіндігі эксперименттік тұрғыда дәлелденді.


Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет