Бердешова Ұлбосын Саменқызы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңатаң орта мектебінің



Дата11.11.2016
өлшемі84,12 Kb.
#1491
Бердешова Ұлбосын Саменқызы
Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Жаңатаң орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Қасым деген - қалғыған жанартау ғой


Мақсаты: 1.Оқушыларды ақын шығармашылығымен, өмірбаянымен, азаматтық тұлғасмымен таныстыру;

2.Поэзияны сүюге, ақын өлеңдерін сүйіп оқуға, оның құдіретін сезінуге тәрбиелеу.

3.Оқушылардың өлең, көркем сөз оқу, ән айту қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

1-жүргізуші:

Кештің барысы: Ей, тәкәппар дүние,



Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені,

Мен қазақтың баласы, - деп кезінде ағынан жарыла толғанған дауылпаз ақын Қасым Аманжолов биыл 100 жаста. Тірісінде-ақ аты аңызға айналған Қасым- ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп баурап алады.

Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?

Қасым солай болмаса, несі Қасым?-деп, ақындықтың асқар тауындай ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан Момышұлы «Қасым Аманжолов Жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен.

2-жүргізуші: Қасым Рахымжанұлы Аманжолов1911 жылы Сарыарқаның ең көрікті жерінде Қарқаралы ауданында дүниеге келеді. Ата жұртының тұрағы Қызыл деп аталып кеткен таудың етегінде орналасқан. Көктемде тау бөктерінде қызғалдақ гүлдер, белуардан көкорай шалғын өсетін құтты қоныс екен. Ақынның «Сарыарқа» өлеңі перзенттің махабаттан туған туынды.

«Сарыарқа» өлеңі- Ақмаржан.

1-жүргізуші: Жастайынан жетім қалған Қасым атасының қолында, табиғаттың тамаша ортасында есейген.

Ышқына соққан дауылға

Құмартушы ем жасымда

Нөсерлеп құйған жауынға

Қызығушы ем жасынға

Жүгіруші ем жарысып

Сарыарқаның желімен

Ойнаушы еді алысып

Соққан дауыл менімен

Дегенмен осындай албырт жасөспірім күз желімен майысқан Арқаның боз селеуіндей жалаңаш жетім еді. Жетімдіктің, өгейліктің зардабын молынан көрген Қасым 1924 жылы Семейдегі балалар үйіне орналасады.


2-жүргізуші: Интернаттағы оқуын аяқтап, Семейдегі мал дәрігерлік техникумына оқуға түседі. Ол 1930 жылы оқу іздеп Алматыға келеді. Бірақ түсе алмай, «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» газеттерін паналайды. Оқуды армандаған Қасым 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына оқуға түседі.

1-жүргізуші: Бірақ Солтүстіктің ызғарлы ылғалды ауасы денсаулығын қажыта бастаған соң, елге қайтады. Баратын жері де, ағайын-тумасы да жоқ, аурудан қалжыраған Қасым тағдырдың айдауымен, бейтаныс Орал қаласына келеді. Облыстық «Екпінді құрылыс» газетіне тілмаш болып орналасады.

2-жүргізуші: 1933 жылы жиырма екі жасар Қасым әскерге алынады. Ол кезде оралда әскер полкі болатын. Екі жыл әскери міндетін ойдағыдай өтеп шыққаннан кейін Оралда ұйымдастырылып жатқан қазақ театрының көркемдік жетекшісі болады. Қаладағы өнерге құштар жастарды театрға шақырып, оларды жаңа рөлдерге ойнауға баулиды. Театрдың өрісін кеңейтуді көздеп, оркестр құрады. Сөйтіп, Орал театры республикадағы қазақтың тұңғыш музыкалық драма театры болады.

1-жүргізуші: Ол кезде Оралда бірқатар талантты жастар тобы қалыптасқан-ды. Олар: Қажым Жұмалиев, Қуан Тастайбеков, Жәрдем Тілеков, Батыр Қадырниязов, Абдолла Жұмағалиев, Хамит Ерғалиев сынды азаматтар еді. Қасым осы лаулаған талант иелерінің ортасында болды.

2-жүргізуші: Оралда болған жылдар Қасым ақынның ең бір шарықтап өрлеген, талантының толысқан кезі еді. Қасым аяқ астынан өлеңді төгіп жіберетіндігімен, ән құмарлығымен, сауыққой ерке серілігімен жұртты тәнті ететін. Ақынның «Домбыра» өлеңі сондай шабыт үстінде туған туынды еді.

«Домбыра» өлеңі-Шаттық

1-жүргізуші: «Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған» жеп Абайдың өзі айтқандай, Қасымның ақындық, серілік, оның үстіне бекзаттық адамгершілігі алдында көп сұлулардан ерік кетті. Оралдағы жырлар «махаббат қызық мол жылдар» болды. Махаббат, ақындығына қанат бітіргеннің бірі- осы Оралда 1935 жылы кездескен Сақыпжамал .

«Сақыпжамал» өлеңі-Гүлсая

Сақыпжамал, атың қандай,

Сәпени дейміз қысқартып.

Жар бола гөр айтылғандай

Сенен қайсы қыз артық,-деп жырлаған Сақыпжамалға Қасым тоғыз жылдан кейін, соғыстан аман-есен оралған соң қосылады. Екеуінің армандары орындалып, балалы-шағалы болады. Жанар, Дариға атты қыздары болады. Ақынның Дариға атты қызыны арнаған өлеңін тыңдаңыздар.

«Дариға»- Әмина

2-жүргізуші: Қасым Дариғасын ерекше жақсы көрсе керек. «Дариғасыз бір күн де өмір сүре алмаймын» дейді екен. Дариға бір жарым жасында қатты ауырады. Сол кезде жазылған ақынның «Балам ауырғанда» өлеңін тыңдаңыздар.

«Балам ауырғанда»-Нұрталап.

1-жүргізуші:осы жылдары Қасымның өлеңдері газет бетінен көріне бастайды.Әсіресе Оралдың «Екпінді құрылыс» газетінде жиі басылады. Жұртшылық Қасымды ақын ретінде 1936-1937 жылдары барып қана жыға таниды. 1938 жылы оның «Өмір сыры» атты тұңғыш жинағы жарыққа шығады. Қасым әскерге 1941 жылы-ақ шақырылады. Оларды Қиыр Шығысқа жөнелткен.

«Қоштасу»- Гүлдерай

«Елге хат» - Гүлтан

1-жүргізуші: Қасымның шынайы ақындық болмысы соғыс жылдары көрінеді. Ол қазақ ақындарынан тұңғыш қаһармандықтың, қайсарлықтың тамаша үлгісін көрсеткен Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдайды. «Ақын өлімі туралы аңыз» ауырып емханада жатқанда жазған.

2-жүргізуші: Поэма небәрі 220 жол. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылық, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай тас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес.

1-жүргізуші: Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы ауылында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан ақындық талантымен ерте танылған. Оралдың педогогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен айырылмастай достасып кеткен. Абдолла 30 жасында шейіт болады.Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасына әдебиет сыншылары сол кезде «Бүкіл қазақ совет поэзиясының маржаны» деген үлкен баға берді.

2-жүргізуші: Орал Қасымның аяулы ақындық бесігі еді. Әрбір ақынның өзі шыққан тауы болады десек, Қасым шыққан поэзиятауы асқақ та, биік те. Осы биікке ол Оралда жүріп көтерілді.Сондықтан да Оралды, Жайықтың жанындай сүйді, жас жүректің лүпілімен сүйді, шырқаған шабыты да осында шарықтады.

...1943 жылдың қысы еді. Қиыр Шығыстан майданға апара жатқан эшелон Оралға тоқтады. Жұпынылау киінген, өз сөзімен айтсақ, балтырға шұлғау байлап, кең де ұзын шинельді сүйретіле, ынтыға жүгіре, эшелон бастығына келді. Қысқа-қысқа сөйлеп қаланы аралауға екі сағатқа жіберуді өтінеді. Әскери тәртіп қатты ғой, командирді кіналауға болмас, рұқсат болмағасын көңілі түсіп, ызасы да, қайғысы да аралас халде отырып, ойындағысын мұңайып барып қағазға түсіреді. Енді сол өлеңге кезек берелік.



«Оралым, менің,Оралым»-Рахмет

1-жүргізуші: Соғыс кезінде қайнаған Қасым шығармашылығының ғажайып маржандарының бірі «Дариға, сол қыз» - тұтас бір соғыстың шежіресі. Басты кейіпкері қазақ батыры, ақыны. Сол сұрапыл соғыс, сол сүйген қыз, өмірге құштарлық. Қансырап жығылып,семіп бара жатқан батырды қыз тұрғызып жібереді. Өмір елестеп, қыз алыстап аласұрған, еңіреген ақын аяғында өлімді алыстатқан әмірші қызбен, өмірмен қайта табысады.


2-жүргізуші: Қасымның өмірініңең жайдарлы да қунышқа толы жылдары Орал елінде өтеді. Оны өзі жырлаумен өтеді. Қасым соғыстан келген соң тұрмыс тауқыметін көп көреді. Оралға тек бір рет қана келген екен. Сол келгенде шығарған «Жайық»өлеңі өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көреді.

«Жайық өлеңі» - Әмина

1-жүргізуші: Соғыс жылдарындағы оның шығармалары бейнелеу, образ байлығымен, мүлдем жаңа сөз мұратымен, теңеу тосындығымен, сезім жомарттығымен ерекшеленеді. Талант ауқымы, диапазоны кең ақын соғыстан оралған соң да айтарлықтай туындылар береді.

2-жүргізуші: Өткенді жаңғыртып қопарудың қажеті де болмас. Дегенмен Қасым тірісінде де, өлгенде де жолы көп болыңқырамаған ақын.

Соғыстың, қыстың ызғары

Бойымнан кетпей боп сырқат,

Емендей жалғыз құздағы

Айналаға болдым жат,- деп өзі айтқандай, дерт үстінде жатқан ақынды сен ұлтшылсың деп күнде бетіне басып, өлеңдерін өзгерттіріп, қымбат бейнет беріп, арзан ақылға қамаса керек.. Тағдырдың тауқыметін көп көрген Қасым ұзақ жылдар бойы пәтерсіз жүреді. Осыған байланысты 1946 жылы жазылған баршаға аян «Баспана» деген өлеңі бар.

«Баспана» - Рахмет

1-жүргізуші: Қасым соғыстан кейін ауыра бастайды. 1955 жылдың қаңтарында аурудың жеңе бастағанын сезіп, «Осы қаңтардан аман өтсем, ұзақ жасаймын» деп өзін-өзі қайраған екен. Олай ететін себебі, өзінің әкесі де 44 жыл өмір сүріпті. «Қырық жыл қырғын келсе де, ажалы жеткен өледі» дегендей Қасым ұлы қырғын соғыстан аман келіп, дәл қырық төрінде дүние салады.

2-жүргізуші: Қасым өткір мінезді, бұрқ-сарқ қайнап, дауылдап жүрген болса керек. Музыкалық дарынаы ерекше болған. Жас шағында өзінің мондалині, арнайы жасатқан баяны болыпты. Сауыққұмар Қасым татар әндерін ерекше жақсы көріпті. Өзінің де сазгерлік қырының ашылуына осы жайлар әсер еткен болуы керек. Ақын өзінің компазиторлығына ерекше мән бере қоймаған. Топ әндерінің ішінен «Дариға, сол қыз» өлеңін ғана Әбілахат Еспаев нотаға түскен.

«Дариға, сол қыз» -Рахмет
1-жүргізуші: Өлең жазған кезінде Қасы өзімен өзі жеке отырғанды ұнатады екен. Түн кіре үйдегілерді жатқызып тастап, Сары самаурынды қайнатқызып қойып жазады екен. Домбырасы да қолында. Шабыт шақырудың әдемі тәсілі-перне бойына саусақ жүгірте ойланып отырып жазады екен.

Поэзия халықтың рухын көтереді. Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын, бауырмалдығын, мархабаттылығын, алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында. Қасымның мейлінше жалынды, лепті, сыршыл поэзиясы-әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия.


«Туған жер» өлеңі- Гүлсая.
ІІ бөлім

Ақын туралы естеліктер (Оқушылар ақын туралы естеліктер оқиды)
Ақынның «Өзім туралы» өлеңін музыкасымен Айбазар Нұрталаптың орындауында қабыл алыңыздар
Қасым деген қалғыған жанартау ғой
Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!

Қасым солай болмаса несі Қасым,

«Ақынмын » деп қопаңдап жүргендердің

Әммесінен Қасымның несі басым.

Қуат алып жырына бәз-даладан,

Ол жанған.

Күні жоқ-ты маздамаған!

Өлісінде өнеге болғаны анық,

Тірісінде біреуге жазған Адам...»

Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,

Өлеңінің өлмеуін арман қылды.

Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,

Қан менен жас аралас тарлан-жырды.

Жеді.


Тынды...

Кремет дерттер төніп,

Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.

Қасым деген-қалғыған жанартау ғой,

Жанартау ғой.

Жанды да кетті өртеніп.

«Бір күй бар домбырамда ...»

(Иесі Қасым)

Қасым солай болмаса, несі Қасым!?

Жыр бәйгеге аттанған адам болса,



Сөредегі Қасымын есіне алсын!..
Мұқағали Мақатаев
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ағамыз айтқандай даланың дауылпаз ақыны Қасым ағамызды біз сияқты зиялы да білімді ұрпақтары тұрғанда ешқашан да ұмытылмақ емес.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет