Бүгін "Жас Қазақ" газетінде Қр сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың сұхбаты жарық көрді



Дата27.12.2016
өлшемі65,88 Kb.
#5489
http://www.mfa.kz/index.php/kz/component/content/article/9-ministrdi-blogy/1699-b-gin-zhas-aza-gazetinde-r-syrt-y-ister

Бүгін "Жас Қазақ" газетінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың сұхбаты жарық көрді


Ерлан ЫДЫРЫСОВ, Сыртқы істер министрі:

Нотаны тек қазақша жолдаймыз

Соңғы кездері еліміздің сыртқы саясат мекемесі жөнінде әңгіме көп. Әлем мың құбылып тұрған әзіргі шақта Еуразия одағының мүшесі Қазақстанның көпвекторлы саясаты өзгерді ме? Бұл тараптағы елшінің басты міндеті не? Бүгінгі қазақ дипломатының бет-бейнесі қандай? Елшілер мемлекеттік тілді меңгерген бе? Белгілі бір елде елшіліктің көмегімен Қазақстанның келбетін қалыптастыру қаншалықты жүзеге асып жатыр? Бұл туралы «Жас қазаққа» Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың өзі егжей-тегжейлі айтып берді.



Дипломатия ежелгі кәсіп

Иә, ертеректе Шығыс пен Батыста елші­нің қызметі әртүрлі болды. Бір-біріне ұқ­самайтын. Дегенмен қызметі аса жауапты әрі қауіпті кәсіптің бірі саналды. Әдетте, елшілер бір елдің сөзін сөйлейтін толық өкілі ретінде – «Alter ego», яғни «екінші мен» деген түсі­нікке келетін қағиданы ұстанды.

Қазақ «елдестірмек елшіден» дейді ғой. Елші барған еліндегі жағдайдың барысын бақылап, зерттеп, екі мемлекет арасындағы түрлі салалар­дағы әлеуеті жоғары нүктелерін тауып, сол бағытты дамытуға күш-жігерін салуы керек. Өз елінің ұлттық мүдделеріне қайшы келмей­тін, оларды қорғай­тын және ілгерілететін ұстанымды басшы­лыққа алып, сол арқылы өзара ықпал­дастық пен сенімді нығайтатын қызмет атқаруы қажет. Әрине, барған же­рінде өз мемлекетінің мәдениеті, өнері, салт-дәстүрі және кез келген салалардағы жетіс­тіктерін дәріптеуді де ұмытпауы қажет.

57 елшілік бар

Көпшілік сыртқы саясатта елшіліктің қандай рөлге ие екенін біле бермейді. Бұл тарапта газет оқырманына Қазақ­станның қанша елде елшілігі барын айтып берейін. Бұдан біраз баспасөз бетінен еліміздің шетелде 60-тан аса дипло­матиялық өкіл­дігі бар дегенді көзіміз шалып қалды. Бұл дерек қате. Қазіргі күні әлем­де 200-ге жуық мемлекет бар және біз­дің ел олардың басым бөлі­гімен дипломатия­лық қатынас орнат­қан. Шетелде еліміздің 89 дипло­матия­лық өкіл­дігі бар, оның ішінде 57 елшілік, 5 халықаралық ұйым­дар жанындағы тұрақты өкіл­дік, 3 дип­ло­матиялық миссия, 10 бас консулдық, 12 кон­сулдық және 2 елшілік бөлім­шелері.



Елшілер мемлекеттік тілді таза біледі, күмәніңіз болмасын

Бәзбіреулер біздің елші­лерді «мемлекеттік тіл­ді мең­гермеген» дейді. Мен мынаны анық айта аламын. Сыртқы істер минис­трлігінде мемле­кет­тік тілдің қол­да­ныс аясын кеңейту мәселесі жүрдек жүріп жатыр. 2009 жыл­дан бері барлық құжат айналым қазақ тіліне өткен. Қа­жет болған жағдай­да, орысша аудармасы қоса тір­келеді. Жыл сайын СІМ қыз­мет­кер­ле­рінің бар­лығы «ҚазТест» сы­на­ғына қатысып, дең­ге­йін анық­тайды. Иә, тілді таза білмейтін қыз­мет­керлер де бар. Бұл мақсатта оларға арнап арна­йы қазақ тілі курс­тары ұй­ымдас­тырылып, жағдай жаса­лып жатыр. Ал егер бұл аз де­сеңіз... Қазақстанда орналасқан шетелдік елші­ліктер мен халық­аралық ұйымдар Сырт­қы істер министрлігіне жолдайтын ноталарын міндетті түрде қазақ тілінде жібереді, қа­зақ тілінде келмеген ноталарға жауап жолданбайды.



Ал бірінші басымдық – Ресей және Қытай

«Eлшілер белгілі бір елмен өзара ынты­мақтастық байланысты арттыруда қандай да бір әрекет етіп отырған жоқ» деп жалпы Сыртқы істер министрлігін орынсыз сынайтын азаматтар бар. Бұларға айтарым Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым­дығы әуелден-ақ айқын. Бұл туралы еліміздің 2014-2020 жылдарға арналған сыртқы саясаты тұжырымдамасында ашық айтылған. «Алыс ағайыннан қасындағы көрші артық» дейді. Сондықтан бүгін де, ертең де, бола­шақта да теріскей мен түстік, батыс пен шы­ғыстағы көршілермен өзара ықпалдас­тықты арттыруға күш саламыз. Бұл тарапта бірінші кезекте – Ресей және Қытай, одан кейін Еуропа одағы және АҚШ, келесі кезекте Түркия, Иран, Араб мемлекеттері және Азия­ның Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзиямен арадағы әріп­тестікке ерекше мән береміз.



Қазіргі басымдық қандай?

Әзіргі күні елшіліктеріміз эконо­мика­лық дипломатияға ерекше ден қойып, елге инвестиция және жаңа технологиялар мәселе­сін назарда ұстап отыр. Бұл мақ­сатта экономикасы да­мы­ған алдыңғы қа­тарлы 20 мемле­кет­ті іріктеп алдық, атал­ған елдерде орналасқан 500-ден астам келіссөз жүр­гізіп жатқан жайымыз бар.



Дипломат қандай болуы керек?

Дипломат ше­шен­дік өнерге жақын болуы ти­іс. «Сөз тапқан­ға қол­қа жоқ» демек­ші, орынды айтыл­ған қал­жың көп жағ­дайда жоғары ба­ға­ла­нып, әңгімесі жүр­мей, сөз­дің басы құралмай отырған жиын­ға жан біті­реді. Яғни бұл істе де әзіл-қал­жыңға орын бар. Біздің дипломаттар арасында домбыра, қобыз сияқты ұлт­тық музыкалық аспаптың құла­ғында ойнайтындар да аз емес. Сол өнері арқылы барған еліндегі әр­іптестерін таң қал­дырып, олардың тығыз достық қаты­настар орнатуына себеп болған жайттары да кездесіп жатады. Министр­лікте дипломаттардан құ­рал­ған ұлттық ас­пап­тар ансам­блі де бар.



Жеңілдік желік емес

Елшілік қызметкер­ле­рінің пайдалана алатын бел­гілі бір жеңілдіктері бар ма? Білгіңіз келсе, айтайын. Ел­ші­лік қызметкер­лері Дип­ло­матиялық қаты­нас­тар туралы 1961 жылғы Вена конвенциясына сәйкес, бірқатар дип­ло­матиялық иммунитет пен же­ңілдікке ие. Атап айтсақ, иммунитет дипломаттарға жеке бас қауіп­сіздігін қам­тамасыз етуге, оның жұ­мысын кедергісіз жасауға арналған. Қан­дай да бір жағ­дайда дипломат қамау­ға алынбайды, сот істеріне қатыспайды, бір сөзбен айт­қанда, қыл­мыс­тық және әкім­шілік жауап­кершілік­тен босатылады.

Жеңілдіктерге ке­ле­тін болсақ, дипломат барған елінде са­лық тө­леуден, жеке ба­сы­ның қажеттілігінде қол­дана­тын мүлікті тасымалдауда кедендік алымдардан босатылады.

«Айтылған сөз – атылған оқ»

Елшінің еліміздің келбетін қалып­тас­ты­ру­дағы орны ерекше. Оның әрбір айтқан сөзі атылған оқ қой! Әрбір қадамы жіті ба­қы­ланып, ол туралы жә­не тиі­сінше Қазақ­стан ту­ралы ой-пікір қа­лып­тасады. Ел­ші барлық ке­ліс­сөздер­ді, жиынды, іс-ша­ра­ны біз­дің елдің аты­нан өт­кізе­ді, оның кә­­сібилігі, бі­лік­тілігі, тіл бі­лімі, жан-жақ­ты­лығы және адам­гер­шілігіне қа­рап, мемле­ке­ті­мізге баға бері­леді.

Елшіге жүк­те­летін ең негізгі мін­дет – Қазақ­стан­ның халықара­лық сах­надағы жа­ғым­ды кел­бетін қалыптастыру. Себебі біздің ел туралы білгісі келетін шетел­діктер ең алдымен елшілікке келеді, сол жерде алғаш рет Қазақ­стан туралы анық-қанық ақпарат алады. Көптеген елшіліктерімізде арнайы бөлмелер киіз үйдің стилінде әрленіп, ішіне ұлттық киім үлгілері, музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз, сыбызғы, шаң қобыз, сырнай, бұ­дан сырт үй жиһаздары – сандық, кілемше, көрпеше, текеметпен безендіріледі.

Бұған қоса, жыл сайын ашық есік күнде­рін ұйымдасты­рамыз. Шетелдіктер ұлттық тағам түрінен дәм татады. Жеке бақылауымды айтар болсам, Еуропа тұрғындарына біздің бауырсақ пен жент көбірек ұнайды.



Назарымыз Газа секторында. Себебі...

Шетелге саяхаттап шығатын азаматтардан «Қазақстан азаматы болмаса шетелде тұра­тын қазақтар қиын жағдайға қалғанда оларға қан­дай көмек беріледі?» деген сұрақты жиі естимін. Мемлекет басшысы бекіткен ҚР сырт­қы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында біздің азамат­тарымыздың шетелдегі жеке, отбасылық, іс­кер мүд­делері мен құқықтарын қор­ғауды күшейту керек деген нақты тапсырма бар.

Шетелге шыққан әрбір азамат­тың кон­сулдық тіркеу­ден өтіп-өтпеуі өз ер­кінде. Тіркеу, бірінші кезекте, азамат­тардың қауіп­сіздігі үшін қа­жет екен. Мы­сал­ға, қазір министрлік азамат­та­ры­мызды Газа сек­торынан эва­куа­ция­лаумен ай­на­лысуда. Белгілісі, мұн­да­ғы кон­сул­дық тіркеу­де 115 азаматымыз бол­ған, әзір олардың ішінен 40 азамат елге оралды.

Өз басым 2007-2012 жылдары АҚШ-та қызмет атқарғанда қазақстандықтармен байланыс ор­натуға үлкен мән бере­тінмін. Менің білуімше, бүгінгі таңда Америкада 30 мыңға тарта қазақ­стандық бар. Олардың басым бө­лігі Вашинг­тон, Нью-Йорк, Ос­тин, Хьюстон, Лос-Андже­лес, Сан-Фран­цис­ко қала­ларында тұрады. Вашингтонда «Қазақ-Амери­кан­дық бірлестік» пен Хьюстонда «Ша­ңырақ» атты отандастарымыз құрған бей­ресми ұй­ымдар бел­сен­ді түр­де қыз­мет атқа­рып, нә­ти­жесінде 2012 жылы Хьюс­тон қала­сында ал­ғаш­қы қазақ мек­тебі ашылды!



Әттеген-ай...
немесе бізден сауал, сізден жауап

Жас қазақ: Ұлттық дәстүрді қазақтың қазынасын көрсетуге талпынған азаматтарға елшілік тарапынан көмек көрсетіле ме?

Ерлан Ыдырысов: Өкінішке қарай, Сыртқы істер министрлігінде қазақтың қазынасын, еліміздің бай мәдени мұрасын шетелдіктерге таныстыру үшін қаражат қарастырылмаған. Дегенмен, біздің ведомство Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, әйгілі «Құрманғазы» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, даңқты «Отырар сазы», фольклорлық-этнографиялық оркестрі, «Гүлдер» би ансамблі­нің концертін өткізуге ат салысты.

Қазіргі кезде дипломатияда «жұмсақ күш» феномені бар. Ол – белгілі бір елдің мәдениеті, өнері, музыкасындағы жетістіктері арқылы мемлекеттің оң келбетін қалыптастыру. Менің ойымша, біздің жұмсақ күшіміз – ұлттық аспаптарды заманауи техникалық мүмкіншіліктерді пайдаланып, жетілдіру, сол арқылы жаңа музыка синтезін қалыптастыру керек. Шетелдіктерді классикамен таң қалдыру мүмкін емес, оларды өзіндік ерекшелігі бар, сан ғасырларды басынан кешкен ұлы дала үндері ғана еліктіре алады.



Әзірлеген Думан Бықай

 "Жас Қазақ" газеті http://jasqazaq.kz/2014/08/15/notany-tek-azasha-zholdaymyz.html
Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет