Біләлова Өрік Әшербекқызы кмм волошинка орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылы Сабақтың мақсаты



Дата15.04.2018
өлшемі26,47 Kb.
#40141
Мамандық

(10-сынып)



Біләлова Өрік Әшербекқызы

КММ Волошинка орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы

Волошинка ауылы
Сабақтың мақсаты:


1.Тақырыптың мазмұнын тереңдете түсіндіру.Өз ойларын түйінді,тұжырымды жеткізуге үйрету.

2.Сұрақ-жауап,сөздік қорын молайту,сөз тіркестерін,сөйлемдер құру,мәнерлеп оқуға,сауатты жазуға жетелеу,қазақша тілдік орта қалыптастыру.

3.Тілге,Отанға деген құрмет,сүйіспеншілігін арттыру,үлкенді сыйлауға,әр мамандықты сыйлау,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Әдісі:іздену,топтастыру,сұрақ-жауап,баяндау,жинақтау.

Көрнекілігі:суреттер мамандыққа байланысты,үлестірмелі қағаздар,сызба кестелер,ноудбук.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі,сәлемдесу,үй жұмысы.

Етістіктің түрлері...

-Жақсы ,балалар бұл граматикалық тапсырманы сабақ барысында қолданамыз

Жаңа сабақ.

Ал бүгін қтетін тақырыбымыз мамандық, ол бізге таныс сөз,өйткені біз төменгі сыныптарда өткен болатынбыз.Бүгінгі сабақта ұмытқанымызды еске түсіріп,толықтырамыз,ауызекі сөйлеу,сөздік қорын молайту,қазақша тілдік орта қалыптастыру.

Сабақты мына өлең жолымен бастағым келіп отыр:

Ата-ананың тілегі,адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,адал болып өскенің.

Отаныңның арманы,жақсы маман болғаның.

Осы өлең шумағын қалай түсінесіңдер?

Иә, дұрыс жақсы маман болғаның Отаныңның,ата-анаңның қуанышы.

Қандай мамандықтарды білесіңдер?

Дәрігер, мұғалім,заңгер,құрлысшы,дүкенші...

-Дұрыс (сұрақ-жауап)

1.Ал балалар,сендер қандай мамандықтарды қалайсыңдар?

2.Мамандықтың жақсы-жаманы бар ма?

3.Заман талабына қарай сұранысы аз(көп) мамандықтар бар ма?

4.Мамандықты қалай таңдайсың?


Оқылым:Ал енді мәтінді мәнерлеп оқу,аудару.

Мәтіннен етістіктерді теріп жазу.

1-топ (етістіктің шақтары)

2-топ (Етістіктің райлары)


Мамандықтарды еске түсіре отырып ,сендерге үйге тапсырма берген болатынмын.

Шағын көрініс:

1-топ,Дәрігердің қабылдауында

2-топ.Сабақтан көрініс

Ал,мамандық қандай болуы керек?

Мейрімді,төзімді,кішіпейіл,біліктілік,тәжірибелі,жауапты,еңбекқор,ізден-паз,т.б.

Өз ісіне сенімді,дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді

Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң,соны істе» деп,қашанда адам өмірден орнын тапқан жөн.

Қорытындылау.Мамандық сөзінен қанша сөз құрастыруға болады

Амандық,аман,ақ,...

Сонымен,біз бүгін мамандық туралы сөз еттік.Әр мамандықдықтың өз пайдасы,қызығы мен қиыншылығы болатынын білдік,соған төзе білуіміз керек.Болашақта мамандықтарды жүрек қалауымен таңдаңдар,сонда ғана жүмыстарыңның жемісін көресіңдер.



Үйге тапсырма:Еңбек тақырыбына 10-мақал-мәтел жазып келу

Бағалау

.
Каталог: uploads -> doc -> 0fc1
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fc1 -> Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі»
0fc1 -> Сабақ Тақырыбы: Бисерден алқа тоқу «Сәндік-қолданбалы қолөнер» үйірмесінің мұғалімі: Джелдикбаева Г. С
0fc1 -> Сабақ№1 Сыныбы 7а Күні Мақсаты: Білімділік
0fc1 -> Сабақ жоспары мектеп: Өркен Мерзiмі: 24. 11 2015 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет