Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті»



Дата23.08.2017
өлшемі87,52 Kb.
#24812
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Деңгейі: Бакалавриат


Академиялық дәреже «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру бакалавры

Қарағанды, 2016 ж.

«5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 бұйрығымен (2016 жылғы 13 мамыр №292 өзгертулер мен толықтырулармен), ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» 2012 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы №90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен №425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылған.

«5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны 131 кредит

1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

1 модуль. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар

2 модуль. Әлеуметтік-мәдени және ақпараттық ғылымдар

3 модуль. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдар

4 модуль. Кәсіби тілдер және оқыту әдістемесі

5 модуль. Қазақ әдебиеті мен тіл білімі негіздері

6 модуль. Қазіргі қазақ тілі.

7 модуль. ХХ ғасыр әдебиеті

8 модуль. Синтаксис мәселелері және әдебиеттің даму үдерісі

9 модуль. Қазақ әдебиетінің тарихы

10 модуль. Оқытудың жаңа технологиялары және экономика

11 модуль. Тәрбие жұмысы және оқыту әдістемесі

12 модуль. Қазақ лингвистикасы мен әдебиеттану ғылымы

13 модуль. Тіл білімі мәселелері

14 модуль. Әдеби тіл және қазақ әдебиетінің типологиясы

15 модуль. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және қарым-қатынастық дағдылар

16 модуль. Практика

17 модуль. Мемлекеттік аттестация



1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы.

«5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.



1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

«5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары:

мектепке дейінгі оқыту және тәрбилеу ұйымдары;

бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;

мамандандырылған мектептер;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.



1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

«5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет пәні:

- қазақ тілі мен әдебиеті, әлемдік және ұлттық руханият, имандылық пен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматын қалыптастыру болып табылады.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

«5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет түрлері:

- білім беру (педагогикалық)- жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында;

- ғылыми-зерттеу (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);

- әдеби-шығармашылық (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында);

- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде);

- өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде)

- әдеби кеңесші болып табылады.



1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

«5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет функциялары:

- жалпы білім беретін орта мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен дәріс беру;

- мамандығына қатысты ғылыми,әдеби, мәдени шаралар ұйымдастыру болып табылады.



1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

«5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің түріне сәйкес мынадай міндеттерді шешуі:

білімдік қызмет саласында:

- мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде сабақ беру, нақты жағдайлардағы әдістемелік білімі мен қолданбалы біліктілігінің болуы;

- эксперименттік- зерттеу қызмет саласында:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі;

- қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу және қорытуы;

- педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

- қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлауы;

- оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтауы;

әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:

- көпмәдениетті тұлға қалыптастыруы;

оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

- оқу тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принцптері, тәрбиелік механизмдерге сәйкес іске асырылуы;

- сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлауы;

- нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі;

- қазақ тілі мен әдебиеті бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиенің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдану;

- оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнатуы;

оқу-технологиялық қызмет саласында:

- оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы тиіс.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

-отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;

-жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

-экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

-бакалаврды тілдік даярлау;



-кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шет тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, аталмыш ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы

мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну
Каталог: file -> facultet -> MOP
MOP -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В011200 Химия» мамандығы бойынша білім беру бакалавры
MOP -> Білім беру бағдарламасы «5B050800-Есеп және аудит»
facultet -> Программа по специальности «5В090200-Туризм»
facultet -> Программа по специальности «5В091200-Ресторанное дело и гостиничный бизнес»
facultet -> Образовательная программа по специальности «5В051100 Маркетинг»
facultet -> Образовательная программа по специальности «5В090900 Логистика»
facultet -> «5В071700-Жылу энергетикасы»
facultet -> «5В051100 Маркетинг»
MOP -> Білім беру бағдарламасы «5В090800 Бағалау»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет