Білім беру бағдарламасы «Жалпы тәжірибелік дәрігер -стоматолог» бағыты бойынша интернатура Мамандықтың шифры мен аталуы



бет1/2
Дата12.11.2019
өлшемі113,47 Kb.
#51615
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Байланысты:
5ccbe8df48264
5ccbe8df48264, 5ccbe8df48264





«ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

Стоматология бойынша интернатура кафедрасы


Силлабус



Орындаған: доцент Айтбаев Ж.Ж.

бетттің беті





Бекітемін

Стоматология мектебінің деканы

__________________Амантаев Б.А.

«____» _____________2018 ж.


СИЛЛАБУС


Білім беру бағдарламасы

«Жалпы тәжірибелік дәрігер –стоматолог» бағыты бойынша интернатура

Мамандықтың шифры мен аталуы

5В1310200-«Стоматология»

Пәннің циклы

ПДИВ

Пәннің коды

I.18-HРРRP.e

Пәннің аталуы

«Ауыз қуысын протездеуге хирургиялық дайындау, Тіс имплантациясы»

Курс

6

Жарты жылдық

11

KZ кредиттері

5

ECTS кредиттері

9

Сағаттың жалпы көлемі

225

Аудиториялық

75

ИОӨЖ

75

ИӨЖ

75

Кафедра/курс

Стоматология бойынша интернатура кафедрасы

Оқыту тілі

Қазақша

Қорытынды бақылау түрі

Емтихан

Алматы, 2018



Нормативтік бағыт:

Силлабус:



  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығымен

  2. Университет Кеңесінің отырысында 2018 ж. 14 тамыз №12 хаттамасымен бекітілген білім беру бағдарламасына сәйкес құрылды.




Құрастырған:

қолы

Аты жөні

Стоматология бойынша интернатура кафедрасының доценті м.ғ.к.




Ж.Ж. Айтбаев

Талқыланды:







Стоматология бойынша интернатура кафедрасының меңгеруші




А.А. Есіркепов

Кафедра мәжілісінде «_15_ »_08_ 2018 ж

№ 1 хаттамасы









ОӘБ мамандық бойынша методисті




Жумагулова Д.Б.

«Стоматология» мамандығы бойынша ББК төрайымы




И.В.Баскакова

ББК мәжілісінің «_17__» 08.2018________ № _1__ хаттамасы


Байланыс мәліметтері: Алматы қаласы, Төле би 94. №3- оқу ғимараты. 338-70-90 ішкі тел. 73-26, internstom@mail.ru

Оқытушылар туралы мәліметтер



Аты жөні

Қызыметі

Ғылыми атағы


Сабақ бері тілі

Каб.

Байланыс телефондары

  1. 1

Айтбаев Жаңабай Жұмабекұлы

Кафедра доценті

Медицина ғылымдарының кандидаты

Қазақша орысша

331

87014052888

  1. 2

Ибрагимова Роза Сафиулловна

Кафедра профессоры

Медицина ғылымдарының докторы

Орысша казақша

317

87012546108

Пәннің саясаты:

Медициналық ЖОО ның білім беру үрдісінің жалпы талаптарына сай кезеңімен қойылған мақсатқа оқу үрдісін жүзеге асыру пәннің негізгі саясаты болып табылады.



Білім алушы міндетті:

- С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ дің студенттерінің кодексі мен ішкі тәртіптердің ережелерін қатаң сақтауға;

- оқу үрдісінің барлық сатыларында академиялық адалдық ережлерін сақтау;

- бекітілген сабақ кестесіне байланысты дәрістер мен тәжірибелік және зертханалық сабақтарға кешікпей қатысып,

- үзіліс уақыттарын қадағалауға;

- тәжірибелік және зертханалық сабақтарға, семинарларға үнемі дайындықпен келуге;

- әр дайым өзімен бірге жеке альбом, түрлі- түсті қаламдар, пластилин, фломастерлер, маркерлер, жұмыс дәптерін, жұлынған тістері бар міскін блоктар;

- оқу үрдісіне әр дайым белсенді қатысу (теориялық материалдарды оқу, жеке берілген тапсырмаларды міскінде , блоктарда, альбомда, орындау, кіші топтағы сөз таластарға, талқылауларға және науқастарды қабылдауға қатысу және т.с.с.) ;

- пәннің силлабусында көрсетілген уақытында бақылау СӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды уақтылы өткізіп отыру;

- техника қауіпсіздігі ережелерін, асептика, антисептика, эпидемияға қарсы тәртіптерді қатаң сақтауға;

- рұхсаты бар санитарлық кітапшасы болуы керек (клиникалық кафедраларда білім алушылар үшін);

- кафедраның оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдарына, Университеттің кітапханалық қорына ұқыптылықпен қарау;

- оқу үрдісіне қатысы бар барлық кісілер арасында медициналық зтика мен деонтология қағидалары мен қабым қатынас тәртібін сақтау; (ПОҰ, кафедраның оқытуға- көмекші кісілеріне, клиникалық базалардағы кіші және орта медициналық қызыметкерлерге, науқастар мен оқушыларға)

- топтағы келеңсіз жағдайларды кафедраның оқу бөлімінің жауаптысы немесе меңгерушісінің қатысуымен талқылау;

- емтиханға уақтылы сыпақ кітапшасымен белгіленген уақытта кешікпей келу;



Дресс-кодқа қойылатын талап

Оқушы міндетті

- бекітілген киім үлгісін сақтау;

- ұқыпты шаш үлгісін сақтап, тырнақтарын қысқа қылып бастырып отыру; (қыздар үшін: ашық макияж бен тырнақты бояуға рұқат етілмейді);

- медициналық киімі таза үтіктелген болуы керек ( клиникалық кафедралар үшін – хирургиялық костюм, қалпак/бас киім, мұрындық, ауыстып киетін аяқ киім).

Дәріс және тәжірибелік сабақтар кезінде интерндерге тиым салынады:


  1. Қалта телефондары мен басқада гаджеттермен қолдануға;

  2. Оқытушының рұқсатысыз оқу бөлмелерін, аудиторияларды, (клиникалық /өндірістік базаларда) жұмыс орнын тастап кетуге тиым салынады;

  3. Оқу корпустарын, клиникалық /өндірістік базаларды арнайы медициналық киім мен арнайы аяқ киіммен шығып кетуіне тиым салынады.

Айып санкциялары:

- Пәннің саясатын бірінші рет бұзғаны үшін оқушы оқытушыдан ауызша ескерту алады.

- Пәннің саясатын екінші рет бұзғаны үшін оқушы кафедра меңгерушісінің атына түсініктеме жазады.

- Пәннің саясатын үнемі бұзғаны үшін кафедра меңгерушісі оқушының үстінен факультет деканына рапорт жазады.

- Әр бір орындалмаған тапсырма /қатыспаған сабақ үшін оқушы «0» балл қойылады.

Пәннің бағдарламасы


Пәннің мақсаты - Компетентті, білімді, хирургиялық стоматологиядан тәжірибесі мол және қолынан іс келетін, өз бетінше ауыз қуысын протездеуге хирургиялық дайындау, оның ішінде тіс имплантациясының мәселерін жетік біліп көмек көрсете алатын, сонымен қатар дәлелдеу медицинаның қағидаларын меңгерген, заманауи емдік диагностикалық технологияларды қолдана алатын, әрдайым өз мамандығын жетілдіріп отыратын жалпы тәжірибелік дәрігерө стоматологты дайындау.

Пәннің қысқаша мәліметтері – Хирутргиялық стоматологиялық аурулары бар науқастарды амбулаториялық жағдайда қабылдау ерекшеліктерін атап, ұйымдастыру ерекшеліктеріне сараптама жасайды (медициналық құралдар жабдықтарды залалсыздандырудың заманауй тәсілдері, клиникалық аудит, деонтология қағидалары)

Жергілікті жансыздандыру тәсілдерінің әр қайсысына топографо-анатомиялық тұрғыдан негіздеме береді.Жансыздандыру тәсілдерінің орындалуын көрсетіп, асқынуларының алдын алу жолдарын атап көрсетеді.

Тіс жұлу операциясының типтік және атиптік тәсілдері көрсетіліп оның асқынуларының маңызы айтылады.

Тістер мен жақсүйектерінің, жұмсақ тіндер мен шықшыт буынының анатомо физиологиялық және морфофункциялық ерекшеліктерін білу көрсетіледі. Заманауй қосымша тексеру тәсілдеріне деген білім мен түсінікті көрсете білу. ЖБА жарақаттары мен іріңді қабыну үрдістеріне деген білім мен түсінікті көрсете білу. Нейростоматологиялық және ісіктік үрдістерін нақтамалау мен емдеуде олардың этиопатогенетикалық негізін білу мен түсінуді көрсету. ЖБА хирургиялық патологиясы бар науқастарды реабилитациялау түрлерін білу мен тусінуді көрсету. Ауыз қуысы хирургиясы мен тіс имплантологиясы.



Оқытудың негізгі ақырғы нәтижелері:

ПК-1.4 – Науқастың медициналық анамнезін толық жинауға, жақ- бет аймағы тіндері мен ағзаларының жағдайын бағалауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған медициналық құжаттарды толтыра алу және оған дайын болу.

ПК-1.5 – Заманауй функциялық, зертханалық, құралдық тексеру тәсілдерін тағайындай білу және оның нәтижелерін оқи білу.

ПК-1.9 – Стоматологиялық ауруларға хирургиялық ем жүргіз көрсеткіштерін анықтай алу және дайын болу.

ПК-2.3 – Жедел тіс ауыруы және жақ бет аймағының шұғыл жағдайларында алғашқы көмек көрсете білу және оған дайын болу.

ПК-4.1 – Стоматологиялық ауруларға реабилитация шараларын жүргізу кезінде физиотерапиялық және бальнетерапиялық аппараттарды қолдана білу және дайын болу.

Пререквизиттер: Жақ бет аймағының анатомо- топогтафиялықерекшеліктері. Стоматологиядағы жансыздандырулар. Стоматологиядағы саулелік нақтамалаулар. Ауыз қуысының хирургиясы. Хирургиялық стоматологиядан өндірістік тәжірибе. Бас пен мойынның рнкологиялық аурулары. Жақ бет аймағының және гнатикалық хирургия.


Пәнді оқыту жоспары



Пәннің тарауларының атауы

Сабақты бірге өту сағаттары

ИӨЖ

сағаттары

Тапсырмалар

Тәжірибелік

ИОӨЖ




1.

Ауыз қуысын хирургиялық дайындауға анатомиялық негіздеу. Жақсүйектерінің архитектоникасы.

Хрургиялық стоматологиядағы құқықтық аспекттер. Ұяшықты өсіндіде, жақсүйегінің денгесінде, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінде операциялар жасау.



25

25

25

ИОӨЖ. Науқастарды нақтамалап тексеру. Науқастың 3D форматтағы КТ және рентген суреттерінің нәтижелеріне интерпретация жасау. Науқасты қабылдау кезінде жансыздандыруды таңдап алу. Тіс жұлу операциясының көрсеткішін анықтау. Тіс жұлу операциясы мен жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулардың алдын алу шараларын жүргізу.

ИӨЖ. Әдебиеттермен танысу.

1-5 тақырыатарға мультимедиялық форматта көрсетілім дайындау.



2.

Тіс имплантациясы. Көрсеткіштері мен қарсыкөрсеткіштері. Тіс имплантаттарының түрлері. Тіс имплантациясының нәтижелдерінің нақтамалау, ақырын болдау, алгоритмі. Имплантатциялық шаблондардың көмегімен тіс имплантаттарын орнату. Тіс имплантациясының тәсілдері.

25

25

25

ИОӨЖ. Науқастарды тіс имплантациясына тексеріп дайындау. Салыстырмалы нақтама жүргізу. 3 D форматтағы және ретгенологиялық, биохимиялық, морфологиялық зерттеулердің нәтижелеріне интерпретация жасау. Нақтаманы негіздеу. Кешенді емдеу алгоритмін құрастырып, іске асыру. Операцияларға қатысу немесе көмектесу.

ИӨЖ. Әдебиеттермен танысу.

6-10 тақырыптарға мультимедиялық форматта көрсетілім дайындау.



3.

Ауыр клиникалық жағдайларда имплантация операциясын жүргізу. Ұяшықты өсіндіге сүйек пластикасын жасау.

Синуслифтинг және субантралдық имплантация тәсілдері. Аутопластика. Тіс имплантологиясында қолданылатын остеопластикалық материалдар. Тіс имплантациясынан кейінгі науқастардың реабилитациясы. Тіс имплантациясының ортопедиялық кезеңдері.



25

25

25

ИОӨЖ. анатомо- топографиялық жағдайлары күрделі науқастарды тексеру, ұяшықты өсіндіні жару, ашық және жабық синуслифтинг, остеопластикалық материалдардың түрлері, емдеу қалыптастырғыштарын орнату. Жеке қасық дайындау үшін қалып алу.

ИӨЖ. Әдебиеттермен танысу.

10- 15 тақырыатарға мультимедиялық форматта көрсетілім дайындау.






Барлығы:

75

75

75




Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

№ п/п

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары

Оқу сағаттарының көлемі



Ауыз қуысын протездеуге хирургиялық дайындауды ұйымдастыру ерекшеліктері

Жақсүйектерінің архитектоникасы



3



Жақсүйектерінің иннервациясы. Жергілікті жансыздандырулардың түрлері. Асқынудың алдыну алу

3



Жақсүйегінің ұяшықты өсіндісі мен денесіндегі әртүрлі патологиялық үрдістер кезінде жүргізілетін операциялар. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.

3



Ауыз қуысының жұмсақ тіндерінде жүргізілетін операция түрлері.

3



Тіс имплантациясының көмегімен науқастарды реабилитациялау. Тіс имплантациясының көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері

3



Тіс имплантациясы кезінде нақтамалау алгоритмі. Науқастарды тексеру ерекшеліктері.

3



Тіс имплантаттарының түрлері.

3



Тіс имплантациясының тәсілдері. 1 аралық бақылау.

3



Науқастарды тексеру ерекшеліктері.

3



Тіс имплантациясынан кейінгі дамитын асқынулардың себептері.

3



Науқастарды операция алдында дайындау шаралары.

3



Тіс имплантациясында имплантологиялық шаблондарды қолдану.

3



Тіс имплантациясында имплантологиялық шаблондарды қолдану.

3



Тіс имплантациясында имплантологиялық шаблондарды қолдану.

3



Тіс имплантациясынан кейін науқастарды реабилитациялау

3



Тіс имплантациясының бітісу механизмдері. 2 аралық бақылау.

3



Қиын клиникалық жағдайларда тіс имплантаттарын отырғызу ерекшеліктері

3



Қатты семген ұяшықты өсінділерге сүйек пластикасын жасау.

3



Синуслифтинг және субантралдық имплантация түрлері.

3



Трансплантаттың жаңа сүйек регенератына ауысу сатылары.

3



Тіс имплантациясында қолданатын остеопластикалық материалдар. , использующиеся в дентальной имплантации

3



Остеопластикалық материалдарды тіс имплантологиясы мен ауыз қуысындағы реконструктивтік және тісті сақтауға бағытталған операциялар кезінде қолдану.

3



Тіс имплантациясынан кейінгі арнайы кәсіби гигиена.

3



Тіс имплантациясында кездесетін қателіктер мен асқынулар.


3



Хирургиялық стоматологиялық аурулары бар науқастардың реабилитациясы. № 3- аралық бақылау.

3




Академиялық сағаттардың қорытындысы

75 сағат

Аралық бақылаудың уақыты: 8, 16, 25 сабақтар.

Қорытынды бақылаудың уақыты: ОП және КУП кестесі бойынша емтихан.

ИОӨЖ тақырыптық жоспары

№ р/с

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары

Оқу сағаттарсаны



ҚР стоматология саласы бойынша құқықтық және реттеуші, оқу- есепетік құжаттарды талқылау.Науқастарды қабылдау, амбулаториялық медициналық карталарды толтыру.

3



Науқастарды хирургиялық стоматология мандығының талаптарына сай салыстырмалы түрде тексеру. Науқастарды инновациялық тексеру тәсілдері мен хирургиялық стоматологиялық ауруларды нақтамалау талаптарына сай анықтау. Тіс имплантациясының көрсеткіштері мен қарсы

көрсеткіштерін анықтау.



3



Науқастарға тіс имплантациясы кезінде жергілікті жансыздандыруларды ЖБА анатомо- топографиялық және жергілікті жансыздандырғыштырдың клинико- фармакологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап , жүргізу.

3



Науқастарды тіс имплантациясы көрсеткіштері бойынша қабылдау және жергілікті жансыздандырулар жасау кезінде алдын алу шараларын сақтау.

3



Төменгі жақсүйегінің тіс ақаулары кезінде тіс иплантациясының көрсеткіштерін анықтау.

3



Жоғарғы жақсүйегінің тіс ақаулары кезінде тіс иплантациясының көрсеткіштерін анықтау.

3



Науқасты қабылдау. Ұяшықты өсіндінің жару тәсілдерін анықтау, сүйек түзуші материалдармен аугментация тәсілін жүргізу.

3



Клиникалық мәселерді сай ретроспективтік моделдеу, науқасқа нақтам қою, емдеу тәсілін таңдау. Тіс ақауларын қалыпқа келтіру тәсілдерін таңдап алу. №1-аралық бақылау.

3



Науқастарды тексеру. Тіс имплантаттарын дұрыс орнату үшін ауыздағы тыртықтық деформациялармен анатомиялық тартпаларды жою.

3

10.

Науқастарды қабылдау. Жоғарғы жақсүйегіне тіс имплантаттарын орнату үшін науқастарды тексеру. Вестибулопластика операциясы.

3

11.

Науқастары амбулаториялық қабылдау. Төменгі жақ сүйегінің тіс ақаулары бар науқастарды тексеру. Тілдің қысқа тарпасын жою.

3

12.

Эндодонто- эндоссалдық тіс имплантаттарын дайындауды үйрену.

3

13.

Субпериосттық тіс имплантаттарын дайындау техникасын үйрену. Көрсеткіштері мен қарсыкөрсеткіштері. Операцияға қатысып көмектесу.

3

14.

Инсерт имплантаттарды дайындау техникасы. Операцияға қатысып көмектесу.

3

15.

Субмукозды тіс имплантатының көрсеткішін үйрену. Дайындау техникасы, көрсеткіштері мен қарсыкөрсеткіштері.

3

16.

Трансмандибулалық имплантацияның көрсеткіштерін үйрену. Көрсеткіштері мен қарсыкөрсеткіштері, артықшылығы мен кемшілігі. Имплантация тәсілдерін – міскін мен мүсінде үйрену. № 2- аралық бақылау.

3

17.

Пластиналық тіс имплантаттарының көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Изучения техники изготовления Пластиналық тіс имплантаттарының дайындау технологиясы.

3

18.

Ашық синуслифтинг операциясының инновациялық тәсілдері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау. Міскінмен жұмыс істеу (тауық жұмыртқасы).

3

19.

Жабық синуслифтинг операциясының инновациялық тәсілдері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтау. Міскінмен жұмыс істеу (тауық жұмыртқасы).

3

20.

Ұяшықты өсіндіні өсіру кезінде жарғақтық техниканы қолдану.

3

21.

ҚР тіс имплантациясы бойынша құқықтық нормативтік реттеуші құжаттарды талқылау.

3

22.

Жоғарғы және төменгі жақсүйектеріндегі орнатылған имплантаттарға емдікөқ қалыптастырғыштар орнату.

3

23.

Жұмыс жасайтын және көмекші жақсүйектерінен қалып алу тәсілдері.

3

24.

Тіс имплантаттарына протез салу ерекшеліктері.

3

25.

Науқастарды тіс имплантаттарына бекітілген протездеріне күтім жасау тәсілдерін үйрету. Имплантациядан кейін физио ем шараларын тағайындау. Тіс имплантациясынан кейін амбулаториялық картаны толтыру. №3- аралық бақылау.

3




Академиялық сағаттардың саны

75 сағат

Кеңес беру уақыты: оқытушының жеке кестесі бойынша жасалады.

ИӨЖ тақырыптық жоспары

№ р/о

ИӨЖ тақырыптары

Оқу сағаттар саны

1

Қызыл иектің рецессиясын жою

6

2

Тіс имплантациясының даму тарихы .




3

Тіс имплантациясы кезінде науқастарды тексеру үшін жүргізілетін әртүрлі көріп тексеру тәсілдеріне салыстырмалы бағалау

6

4

Стереолитографиялық биомүсіндеу

6

5

Тіс имплантациясын жоспарлау алгоритмін құрастыру

7

6

Тіс имплантациясынан кейінгі асқынуларды болжау алгоритмі

6

7

Тіс имплантациясына ортодонтиялық дайындау

6

8

Имплантологиялық шаблондарды дайындаудың алгоритмі

6

9

Остеорепарацияға шипалы әсер ету түрлері.

7

10

Сүйек тінін консервациялаудың негізгі түрлері. Сүйек трансплантациясымен жұмыс істеу тәртібі.

6

11

Ауыз қуысын протездеуге хирургиялық дайындау мақсатында

реконструктивтік хирургияның дамуы.



6

12

Төменгі жақсүйегінің атрофиясын аутосүйектік трансплантатпен

Реконструкциялық операция жасау



6

13

Төменгі жақсүйегінің атрофиясын аутосүйектік трансплантатпен

Реконструкциялық операция жасау

Остеотомияға арналған құралдар.


6

14

Тіс имплантациясында әртүрлі остеопластикалық материалдардың шипалығының салыстырмалы мінездемесі

6

15

Санитарлық- ағарту жұмысы

6




Академиялық сағаттардың көлемі

75



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет