Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата27.10.2019
өлшемі0,68 Mb.
#50719
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 МАН География-1




«География» пәні бойынша  

«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» 

педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының  

білім беру бағдарламасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН 

НҰСҚАУЛЫҚ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  

 

 



Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  

Педагогикалық шеберлік орталығының  

Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018 

 

 

Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген 



құралдармен,  фотокөшірмені  және  кез  келген  электронды  нұсқаны  қоса  алғанда, 

авторлық  құқық  иесінің  жазбаша  рұқсатынсыз  толық  немесе  ішінара  басып  шығаруға 

немесе таратуға тыйым салынады. 

 

 




МАЗМҰНЫ 

 

 

Кіріспе  

1. Критериалды бағалау жүйесі  



2. Бағалау қағидаттары  

3. Бағалау үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау 



4. Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу 

13 

Пайдаланылған әдебиет 



30 

Глоссарий 

34 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





КІРІСПЕ 

«Герграфия»  пәні  бойынша  «Бағалауға  арналған  тапсырмаларды  әзірлеу  және 

сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы 

бойынша  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  Дербес  Білім  беру  Ұйымының 

материалдарының негізінде әзірлеген осы «Мұғалімге арналған нұсқаулық» (бұдан әрі – 

Нұсқаулық)  мұғалімдердің  біліктілікті  арттыру  курсы  барысында  және  одан  кейін  де 

өзінің  оқыту  тәжірибесінде  пайдаланатын  оқу  құралдарының  бірі  болып  табылады. 

Біліктілікті  арттыру  курсының  басты  мақсаты  мұғалімдердің  пән  бойынша  бағалауға 

арналған тапсырмаларды әзірлеуіне және сараптама жасауына әдістемелік көмек көрсету 

болып табылады.  

Нұсқаулық  бағдарламаның  мақсат-міндеттерін,  күтілетін  нәтижелерді,  бағалау 

процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдерін, оқушылардың оқу жетістігін 

бағалау, бағалау тәсілдері мен қағидаттары, бағалау үдерісі туралы ақпаратты қамтиды 

және  бағалауға  арналған  тапсырма  әзірлеу  мен  оларға  сараптама  жасауды  үйренуге 

көмектеседі.  Нұсқаулықта  тапсырма  әзірлеуге  қатысты  практикалық  ұсыныстар  мен 

бағалауға  арналған  құралдарды  құрастыру  кезінде  кездесетін  әртүрлі  мәселелерді 

шешуге көмектесетін пайдалы кеңес берілген. 

Нұсқаулық  «География»  пәні  бойынша  «Бағалауға  арналған  тапсырмаларды 

әзірлеу және  сараптау» педагог кадрлардың  біліктілігін арттыру курсының  білім беру 

бағдарламасымен (бұдан әрі – Бағдарлама) қатар қолданылады. 

 

Бағдарламаның  мақсаты:  орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  бағалау 



тапсырмаларын  әзірлеу  және  сараптама  жасау  саласында  педагогтердің  кәсіби 

шеберлігін арттыру. 

 

Бағдарламаның міндеттері: 



1)  бағалау  құралдарын  әзірлеу  және  сараптама  жасаудың  негізгі  тәсілдерін 

көрсету; 

2)  бағалау  процесінде  қолданылатын  тапсырмалардың  түрлері  мен  сипатын 

көрсету; 

3) бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету. 

 

Оқу нәтижесі: 



1)  мұғалімдер  бағалау  құралдарын  әзірлеу  және  сараптама  жасаудың  негізгі 

тәсілдерін біледі және түсінеді; 

2) бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау дағдыларын 

қолданады; 

3) оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолданады. 

 

Курста оқу барысында түрлі тапсырмаларды әзірлеуге, оларды көрсетудің әртүрлі 



тәсілдерін  қолдануға,  әзірленген  тапсырмаларға  сараптама  жасаудың  педагогикалық 

әдіс-тәсілдерін  жетілдіруге,  тест  сұрақтарының  дұрыс  жауабы  мен  дистракторларды 

шеберлікпен  құрастыруға,  тапсырма  мен  тест  сұрақтарының  мазмұнын  талдай  білуге 

және  пән  бойынша  бағалауға  арналған  тапсырманы  дұрыс  таңдай  білуге  назар 

аударылады. 

 

 



 

 

 





1. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 

Оқушылардың  жетістіктерін  критериалды  бағалау  әдісі  көптеген  шет  елдерде  кең 

таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты және валидті болып табылады. 

Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға 

ынталандырады, білімін тереңдетіп, кеңейтеді, осылайша, оқушылардың ойлау қабілетінің 

деңгейін  көтереді  және  олардың  психикалық  үдерісіне  ықпал  етеді.  Сонымен  қатар 

оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  оқыту,  оқу  және  бағалаудың  өзара 

тығыз  байланысына  негізделген  және  оқу  үдерісін  ұйымдастыруға  бірыңғай  көзқарасты 

қамтамасыз етеді (Бойл және Чарльз, 2010). Бұл бағалаудың барлық элементтерінің арасында 

теориялық  негіздеме  және  өзара  байланыс  болуын  қажет  етеді  (оқу  мақсаттары,  түрлері, 

құралдары және бағалау нәтижелері), бұл тәсілдің практикалық маңызы мен төмендегідей 

артықшылықтарын көрсетеді: 

- оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады; 

-  оқушының  жұмысы  оларға  алдын  ала  белгілі  бағалау  критерийлері  бойынша 

бағаланады; 

-  баға  оқушылардың  нені  оқығанына  қарай қойылады, себебі  бағалау  критерийлері 

нақты оқу мақсаттарын сипаттайды; 

-  баға  қоюдың  нақты  алгоритмі  оқушыға  белгілі,  соған  сәйкес  оқушы  өзінің  оқу 

үлгерімін өзі анықтап, ата-анасына хабарлай алады

- оқушылардың өзін-өзі бағалауға және оқуға деген ынтасы артады. 

Бағалау ағымдағы және қорытынды оқу кезеңдерінде оқушылардың үлгерімі жайлы 

ақпарат  беретін  білім  беру  үдерісінің  маңызды  бөлігі  болып  табылады.  Бағалау  тәсілдері 

пәннің мазмұны мен критериалды бағалаудың түріне сәйкес өзгешеленуі мүмкін. 

Қалыптастырушы бағалау оқудың бір бөлігі болып табылады және оқу үдерісінің 

өн бойында жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім:  

- оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдіс-

тәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды;  

- қандай бағалау тәсілдері оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік 

беретінін шешеді;  

- қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады; 

-  оқушылардың  оқуы  жайында  барынша  мол  ақпарат  алады,  мысалы,  ауызша 

сауалнамалар,  оқушылардың  топтық  әрекеттері,  тапсырманы  өз  бетінше  орындау, 

тақырыптық зерттеулер, рөлдік ойындар ұйымдастыру және оны қадағалау арқылы. 

Мұғалім оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс бере отырып, оқушыларға пәнді 

меңгеру мен түсінуде көмекші болу арқылы олардың оқудағы алға ілгерілеуді қадағалайды, 

сонымен  қатар  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  объективті  көзқарасты  ұстана  отырып, 

оқушыларды оқуға ынталандырады. 

Оқушыны  дамытуда  қалыптастырушы  бағалаудың  мәні  зор,  сондықтан  ол  оқу 

үдерісіне  қатысушылардың  барлығына  түсінікті  де  анық,  оқушыны  жетістіктерге 

ынталандыратын сипатта болуы тиіс. 

Жиынтық  бағалау  оқушының  жазбаша  тапсырманы,  емтихан  немесе  жобаны  өз 

бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Оқушының кез келген жиынтық немесе 

қорытынды  жұмысы  өзге  біреулердің  қатысуынсыз  орындалады  және  белгіленген  оқу 

мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады. 

Оқушылардың  оқудағы  жетістіктерін  критериалды  бағалау  тәсілі  оқушылардың 

жетістіктерін  оқытудың  белгілі  бір  кезеңінде  меңгеру  қажет  біліммен  салыстыруға 

мүмкіндік береді, өйткені мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қай 

мақсаттар  бойынша  жұмысты  жетілдіру  қажет  екендігін  бағалауы  тиіс.  Осы  арқылы 

оқушыны  оқытудың  дербес  бағыт-бағдары  немесе  оқушылардың  оқу  жетістіктері 

бағаланады. 

 

 




2. БАҒАЛАУ ҚАҒИДАТТАРЫ 

 

Критериалды бағалау келесі қағидаттарға негізделеді: 

•  Оқыту  мен  бағалаудың  өзара  байланысы.  Бағалау  оқу  бағдарламасындағы 

мақсаттармен,  күтілетін  нәтижелермен  тікелей  байланысты  оқытудың  ажырамас  бір 

бөлігі болып табылады.  

Оқыту  барысында  мұғалім  пәннің  оқу  бағдарламасында  белгіленген  оқу 

мақсаттарын  басшылыққа  алады.  Оқу  мақсаттары  сыныптар  бойынша  күтілетін 

нәтижелер  тұрғысында  анықталған:  білік  немесе  дағды,  білу  немесе  түсіну.  Оқу 

бағдарламасының  әрбір  бөлімшенің  ішінде  бірізділікті  сақтай  отырып  құрастырылған 

оқу  мақсаттары  бөлімше  аясында  оқушылардың  қаншалықты  алға  ілгерілегенін 

көрсетеді,  олар  мұғалімдерге  өз  жұмысын  жоспарлауға  және  оқушыларды  бағалап, 

оларға оқудың келесі кезеңі туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.  

• Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты 

ұсынады.  Қолданылатын  критерийлер  мен  құралдардың  оқу  мақсаттарына  жетуге, 

күтілетін  нәтижелерді  бағалайтынына  сенімділік  бар.  Объективтілік,  анықтық, 

валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. 

Шынайылыққа 

«өте 


жақсы», 

«жақсы», 

«қанағаттанарлық» 

немесе 


«қанағатанарлықсыз» арқылы бағалануы мүмкін жұмыстың деңгейін көрсететін нақты 

бағалау критерийлерін мұқият әзірлеу арқылы қол жеткізіледі.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Оқушылар  бағалауда  қарастырылатын  тақырыптар  мен  сұрақтарға  ерекше  көңіл 

бөледі, сондықтан бағаланатын оқу мақсаттарын іріктеуге айрықша мән берген жөн. 

 

 



 

 

 



 

 

Валидтілік бағалау үдерісінің нақты әрекетін көрсетеді. Күтілетін нәтижеге жету 



үшін  бағалау  әдісінің  дұрыс  таңдалғанына  қалай  көз  жеткізуге  болады?  Ол  үшін 

оқушының  қажетті  білім,  білік-дағдылар  мен  құндылықтарды  меңгергенін  көрсете 

алатын  дәл/жеткілікті  бағалау  құралын,  яғни  бағалауға  арналған  тапсырма  немесе 

жаттығуды таңдау қажет. 

 

 

Мұғалімге кеңес 



1. Өте жақсы және жақсы жұмыстардың бағалау критерийлері қандай болады?   

2.  Қанағаттанарлық  және  қанағаттанарлықсыз  жұмыстардың  бағалау 

критерийлері қандай болады?   

3.  Анықталған  бағалау  критерийлері  оқушыларға,  әріптестер  немесе 

сарапшыларға түсінікті ме? 

4. Бағалау критерийлері анық және бірмәнді ме? 

5.  Әзірленген  бағалау  критерийлері  бойынша  бағаны  белгілеу  үлгісі  қандай 

болуы тиіс? 

 

 

 



Мұғалімге кеңес 

1. Қандай күтілетін нәтижелер бағалауға тұрарлық маңызды болып табылады?  

2.  Осы  білім,  білік-дағдылар,  құндылықтар  оқушыға  пайдалы  ма,  оларды  өз 

өмірінде қолдана ма?  

3. Оқушы оларды өмірде қаншалықты жиі қолданады? 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

• Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады

сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін 

арттырады. 

Мұғалім  осы  үдерісті  реттеп,  басқарады.  Жиі  қолдануға  болатын  мысал  ретінде 

бағалау  критерийлерін  белгілеуге  арналған  ашық  сағат  өткізу  тәжірибесін  келтіруге 

болады,  бұл  бағалауды  тиімді  жоспарлауға  және  оқушылардың  дағдысын  бағамдауға 

мүмкіндік береді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

•  Үздіксіздік.  Бағалау  білім  алушылардың  оқу  жетістігінің  ілгерілеуін  дер 



кезінде  және  жүйелі  қадағалап  отыруға  мүмкіндік  беретін  үздіксіз  үдеріс  болып 

табылады.  Бағалау  үдерісінің  тұрақтылығы  рәсімдер  арасындағы  өзара  байланысты 

негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл 

қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері 

арқылы қамтамасыз етіледі. 

Бағалау  оқу  үдерісінің  қозғаушы  күші  болуына  байланысты  оқушылар  білім 

сапасын бағалау үшін критерийлерді түсінуі керек. Пән бойынша білім мен дағдыларды 

айқындау қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау арқылы қамтамасыз етіледі. 

• Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, 

білім  беру  саласының  даму  бағытын  анықтайды  және  ынталандырады.  Бағалау  білім 

алушылардың  қандай  білім  мен  дағдыларды  меңгергені  туралы  ақпараттарға  талдау 

жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары 

туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді. 

 

 



 

 

 



 

Мұғалім бағалау критерийлерін анықтауды үйренуі керек. «Өзің үйретпеген нәрсені 

бағалау әділетсіз болады» (Дайана Хесс, 2001).  

Бағалау  оқу  үдерісіне  ықпалдастырылуы  тиіс.  Бағалауға  арналған  тапсырма  оқу 

жаттығуларының бірі болып саналады. Бағалау мен оқу –  біртұтас үдеріс (Ким Метлоф). 

«Бағалау  критерийлері  оқу  үдерісіне  қосылған  ба?  Мен  бағалайтын  нерсені  оқытып 

жатырмын ба?» - мұғалім оқытуды жоспарлағанда осы сұрақтар туралы ойлануы тиіс. 

 

Профессор Дайана Хесс Будапешт қаласында өткен құқықтық және азаматтық 



білім  беру  жүйесіндегі  бағалау  мәселелеріне  арналған  семинарда  (2001)  бағалаудың 

ашықтығы  мен  жариялылығы  туралы  «бұл  қағида  Америка  мектептерінде  нағыз 

төңкеріс жасап, оқыту жүйесін түбегейлі өзгертіп жіберді» дейді. «Мұғалімдер бағалау 

жүйесін  алдын-ала  ойластырып,  оқушыларға  жеткізді.  Бұл  мұғалімдердің  артқа 

шегінуіне  жол  бермеді,  өйткені  оқушылар  бағалаудың  әрбір  қағидасы  бойынша 

берілген сұрақтарды мұғалімдердің өзіне де қоя алатын болды. Сол себепті мұғалімдер 

бағалаудың барлық қағидаларын қолдануға мәжбүр болды». 

Бағалау критерийлері мен әдістерін белгілеуге, бағалау үдерісіне оқушылардың 

өздерін  де  қатыстыру  керек.  Мұндай  ұстаным  бағалауды  оқушылар  үшін  өзіне 

түсінікті, демократиялық және әділ үдеріске айналдырады. 



Мұғалімге кеңес 

Бағалауды жоспарлау кезінде мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі керек: 

•  Мен  оқушыларға  «нені»  және  «қалай»  бағалайтынымды  қашан  және  қалай 

хабарлаймын?  

• 

Мен  бағалаудың  критерийлері  мен  бағалау  үдерісін  оқушылармен  бірлесе 



отырып белгілей аламын ба?

 

 





3. БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ 

 

Бағалау үдерісін түсіну 

Бағалау  үдерісін  зерделеу  өзектілігінің  көптеген  себептері  бар.  Зерттеулер 

мұғалімдер  оқушыларды  бағалауда  басшылыққа  алатын  нақты,  ғылыми  дәлелденген 

ережелердің  жоқтығын  көрсетеді.  Осылайша  оқушыларға  баға  қоюдың  жүйсіздігі 

байқалады.  Бұл  оқушыларды  қорғансыз  жағдайға  қойып,  оқушының  МЕН-

тұжырымының төмендеуіне немесе өзіндік бағасын жоғарылатуына жол берді (Ананьев 

Б.Г., 1980). 

Адамның тіршілік әрекеті көптеген факторларға тәуелді: білімділік (қабылдаутын, 

өңделетін  материал  көлемі),  психологиялық  (уәж,  оқушылардың  жеке  тұлғалық 

ерекшеліктері),  педагогикалық  (әдіс-тәсілдерді  таңдау),  эмоциялық  (алаңдаушылық 

деңгейі),  адамгершілік  (бірмәнді,  нақты,  анық,  қатаң,  икемді  тәсілдер),  т.б.  Бағалау 

үдерісінде  барлық  факторлар  бір-бірімен  байланысты  болып,  бірін-бірі  толықтырады. 

Білімділік  немесе  педагогикалық  факторларды  ғана  жеке  бағалауға  болмайды,  себебі 

басқа  факторлар  да  оқу  нәтижелеріне  немесе  бағалауға  әсер  ете  алады.  Баға 

оқушылардың  білім,  білік-дағдыларын  әртүрлі  критерийлер  бойынша  бағалау 

нәтижелерінен  құралады,  мысалы,  зерделенетін  материалдың  көлемі,  осы  материалды 

түсіну және қолдану, материалды пәннің талабына сәйкес рәсімдеу, материал бойынша 

жазу жұмысына берілген уақытты пайдалана білу, т.б. 

Мұғалімдердің тәжірибесі бағалауға арналған тапсырмаларды саралау, бағалаудың 

тиімді  құралдары  мен  әдіс-тәсілдерін  қолдану  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын 

арттырып, өзінің даму бағытын анықтауына оң әсер ететінін көрсетеді. 

 

Бағалау үдерісін ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады: 



 

1-сурет. Бағалау үдерісін ұйымдастыру 

 

Бағалаудың құрылымын анықтау және қолдану 

Бағалаудың  құрылымын  анықтау  және  қолдану  кезінде  нені  бағалайтынымыз 

туралы ойлану керек -  оқу мақсатын ба, әлде дағдыларды ма?  

 

 

Мұғалім үшін бірінші маңызды қадам барлығына түсінікті болатын бағалаудың 



анық көрсетілген құрылымы мен моделі. Бұл бағалау компоненттерін логикалық 

талдау (алған білім, дағдыларды түсіну және қолдану) немесе теорияны зерделеу 

немесе оқушының тәжірибелік зерттеулерін жинақтау (өзіндік бақылау немесе зерттеу 

нәтижелерінің  дәлелдерін  алу  үшін  теория  мен  тәжірибені  пайдалану)  арқылы 

сипатталады.  Тіпті  нені  бағалайтынымызды  бақылау  мүмкін  жағдайда  да  (мысалы, 

бақыланатын  жұптық,  топтық  талқылаулар  немесе  мұғалімнің  қатысуымен  болатын 

белсенді  іс-әрекеттер)  дәл  осы  сәтте  құнды  деп  танылатын  бағаланатын  аспектілерді 

нақтылап алу керек. 

Бағалаудың құрылымы мен нысаны – не өлшеу керектігінің және қандай маңызды 

компоненттер  мен  аспектілерді  бағалау  қажет  екенінің  жұмысшы  анықтамасы.  Оқу 

бағдарламасының  бөлімін  немесе  жаңа  тақырыпты  бағалау  үшін  оқушының  оқу 

Бағалаудың 

құрылымын 

анықтау және 

қолдану

Дәлелдемелер 

жинау

Бағалауға арналған 

тапсырма әзірлеу 

бойынша 

қорытынды


жетістігін  бағалауға  көмектесетін  және  бағалау  талаптарын  анықтайтын  сұрақтарды, 

яғни бағалау критерийлерін қарастыруға болады. Мысалы, 

оқу нәтижесін түсіндіруге қатысты қандай критерийлер ұсынуға болады? 



шекті балл жинаған оқушылардың көрсеткіштері қалай бағаланады? 

Осы  сұрақтардың  жауабы  бағалау  үдерісін  түсінуге  көмектеседі.  Бағалау 

құрылымын немесе нысанын таңдауда нені өлшеу (бағалау) керектігін және оны бағалау 

критерийлерінің өзара қалай байланысты екенін анықтау маңызды. 

Сын тұрғысынан ойлау – адамның өзін-өзі тәртіпке салып, бағыттап басқаратын, 

өзін-өзі  бақылайтын және түзететін  сыни ойлау деген пікір бар (Paul and Elder, 2003). 

Бұл анықтамада сын тұрғысынан ойлау келесі компоненттерден тұруы мүмкін: 

-  маңызды сұрақтарды анықтай білу қабілеті;  

-  маңызды ақпаратты жинау, бағамдау және түсіндіру қабілеті; 

-  қорытынды жасау және оларды тексеру қабілеті;  

-  шешім қабылдауға дайын болу, болжам жасау қабілеті.  

Аталған  компоненттердің  әрқайсысы  жеке  өзі  құнды  болмауы  мүмкін,  бірақ 

барлығын  бірге  алғанда  күрделі  мәселені  дұрыс  шешуге  көмектесетіні  анық,  мұндай 

жағдайда оқушылар тиімді талдау жасап, ұсынылған мәселенің оңтайлы шешімін таба 

алады. 


Мысалы,  

-  өздерінің  пікірлеріне  негіздеме  жасау  барысында  ақпараты,  білімді, 



фактілер мен мағлұматтарды пайдаланады

-  өздерінің  пікірлерін  нақты  білдіру  үшін  өзінің  бақылау  және  зерттеу 



нәтижелерін пайдаланады; 

-  өзінің  іс-әрекеттерін  зерттейді,  проблема  туралы  және  оны  шешу 



жолдары туралы ойланады.  

Бағалау  құрылымын  анықтаудағы  екінші  маңызды  қадам  –  әрбір  компонент 

бойынша  жеке  және  барлық  компоненттерді  бірге  алғанда  «жоғары,  орташа 

және төмен көрсеткіштерді» анықтау болып табылады. Оны жасаудың ең жақсы 

тәсілі – сын тұрғысынан ойлайтын үш тұлғаның (сарапшы/тапсырма әзірлеуші, мұғалім 

және  оқушы)  көрсеткіштерін  бақылау  және  бақылау  нәтижесін  бағамдау.  Әдетте, 

сарапшылар әрбір жеке компонент бойынша және барлық компоненттерді бірге алғанда 

да  жоғары  нәтиже  көрсетеді,  ал  оқушылардың  көрсеткіші  төмен  болады.  Неліктен? 

Қандай  айырмашылық  бар?  Бағалау  тапсырмаларын  әзірлеуші  сыни  ойлау  дағдысын 

ұзақ уақыт бойына жетілдірген, өзінің дағдылары мен сын тұрғысынан ойлаудың аталған 

төрт компонентін дәйекті пайдалана білетін білікті маман болып табылады. Мұғалімдер 

(олардың  саны  басқаларынан  көптеу)  дағдылар  мен  төрт  компонентті  бағалау 

тәжірибесіне жеткілікті деңгейде уәжделген. Оқушылар көбіне сын тұрғысынан ойлауда 

қиналады,  оның  құрамдас  бөліктерімен  жұмыс  істеу  қабілеті  мен  оларды  өз 

тәжірибесінде  қолдануға  деген  ынтасы  төмен.  Осының  барлығы  емтихан  алушы 

мұғалімнің  жоғары,  орташа  және  төмен  көрсеткіштердің  дәлелдерін  жинақтауына 

көмектесетін бірыңғай тест спецификациясын құру қажеттілігін айқындайды. 

Пән  бойынша  тест  спецификациялары  белгіленген  құрылым  бойынша  тест 

сұрақтарын  әзірлеуден  бастап,  ұсынылатын  жауаптарды  (кілт  және  дистракторлар) 

құрастыруға дейін барлық талаптарға сәйкес жасалады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет