Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылдың 4 тоқсан ішіндегі жұмыс қорытындылары



Дата31.01.2018
өлшемі26,17 Kb.
#37135
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2014 жылдың 4 тоқсан ішіндегі жұмыс қорытындылары

Салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу мақсатында Бесқарағай ауданының аумағында 108 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның ішінде 21 спорт залы бар: жалпы білім беретін мектептерде -18 зал, Бесқарағай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар –жасөспірімдер спорт мектептебінде – 1зал, Бесқарағай колледжінде 1 зал; 50 жазықтық ғимараттар бар, оның ішінде 29- спорт алаңы, 21-футбол алаңы, 3-ипподром, 16-хоккей алаңы, 8- спорт залы, 7- атқыш тир.


2014 жылы 19 аудандық және 1 облыстық деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп, 9 облыстық іс-шараларға қатысты.
2014 жылдың қаңтар айында өткен шаңғы жарыстарына 21 мектептен 138 адам қатысты. Осы іс-шара Канонерка ауылдық округінің шаңғы тебетін трассасында жалпы білім беру мектептерінің арасында өтті.
Бесқарағай ауданының қатысушыларының арасында «Жұлдызша» жүлдесіне шайбалы хоккей бойынша  Семияр орта мектебінің хоккей аланыңда өткен жарысқа 6 құрама команда қатысты. Олар: Семияр, М-Владимировка, Н.Баймұратов атындағы орта мектептері және Борас орта мектеп-бақшасы.
Осындай жарыстар өткізілуінің арқасында Өскемен қаласында «Жұлдызша» жүлдесіне шайбалы хоккей бойынша өткен Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында Бесқарағай ауданының құрама командасына 2- ші жүлделі орынды иеленді.
Ауданның ауылдық округтерінің ерлері мен әйелдері арасында волейболдан чемпионат өткізіліп, 2014 жылы ерлер арасында Қарабас ауылдық округінің командасы, әйелдер арасында Бесқарағай ауылдық округінің командасы чемпионы атанды. Ауғанстаннан әскерді шығаруға 25-жылдығына арналған ерлер командасының арасында волейболдан турнир, Бесқарағай ауданының жалпы білім беру мектептерінің оқушыларының арасында баскетболдан жарыс, спорт ардагерлерінің арасында шахматтық турнир, Жеңіс күніне орай шағын футболдан турнир, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 69- жылдығына орай бәйге өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Күніне орай спорт ардагерлері арақасында «Бір жалау астында татулықпен» атты шахматтан турнир өтті. 2014 жылдың мамыр айында Борас орта мектебі-бақшасы базасында 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында, Ауғанстаннан әскерді шығаруға 25- жылдығына орай шағын футболдан облыстық турнир өткізілді. Осы турнирге Бесқарағай, Жарма, Бородулиха аудандарының, Курчатов және Семей қалаларының командалары қатысты. Бесқарағай ауданның командасы бірінші орынға ие болды.
2014 жылдың I жартыжылдығы ішіндегі дене шынықтыру және спорттың белсенді дамуын оьлыс деңгейіндегі жарыстардан алған жүлделі орындардан байқауға болады: аудан командалары Семей қаласының футбол залында ашық турнирден және жасөспірімдер арасында баскетбол жарысынан 1 орын алды, Семей қаласында ITF таэквандо бойынша облыстық жарыстардан біздің спортшылар жүлделі орындарды иеленді.
2014 жылдың бірінші жарты жылдығына Бесқарағай ауданының құрама командасы 2014 жылғы 18-25 маусым аралығында атақты күресші Балуан Шолақтың 150-жылдығына орай Зайсан қаласында өткізілген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Халық спортының XVIII ойындарына қатысып, Бесқарағай ауданы 12-ші орынды иеленді.
13-ші шілдеден 14-ші тамыз аралығында ауылдық округтердің арасында 2014 жылғы футбол бойынша Чемпионаты өтті.
2014 жылдың 16 тамызында Бесқарағай ауылының орталық алаңында «Денсаулық аптасы» акциясы негізінде «Денсулық фестивалі» өткізілді, 29 желтоқсанда ауылдық округтердің арасында Тұнғыш Президент күніне арналған шахматтан жарыс өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13-ші және 20-шы желтоқсанында жалпы білім беру мектептерінің 2001-2002 жылы туылған оқушылардың арасында Шығыс Қазақстан облысы  әкімінің жүлдесіне «Сәулетай» балар спорттық ойынының Х облыстық бағдарламасында қазақша күрес, армрестлинг, үстел теннисі, тоғық құмалақ, волейбол, шағын футбол бойынша іріктеу  спартакиадасы өткізілді. Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ауылдық округтердің арасында дойбыдан жарыс өткізілді. 17 қарашадан 15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудан орталығының мекемелері мен ұйымдары арасында Х спартакиада өткізілді.

Білім беру, дене шынықтыру


және спорт бөлімінің басшысы К.Н.Тастенбекова
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет