Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді



бет1/4
Дата01.04.2017
өлшемі398,34 Kb.
#12975
  1   2   3   4
.

Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, - деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.Оқушыға сапалы біліммен бірге саналы тәрбие де бере білу ұстаздан үлкен жүректі, асқан шеберлікті талап етеді. Мұғалім жан –жақты білімді болуымен қатар, әрбір баланың өміріне терең із қалдыратын адам болуы керек. Биылғы жылдың қараша айында Абай орта мектебінде аудан көлемінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Жаңа технологияларды пайдалану негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ана тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру»тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Сабақты Көкшетау қаласында «Өрлеу» біліктіліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған , Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты аясында өтетін 3 (базалық) деңгейлік курсты тәмамдаған, жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойшыбаева Гүлжан Қайыржанқызы 8-сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау» тақырыбы бойынша көпшілікке ашық сабақ өткізді. Гүлжан Қайыржанқызы - жоғары білімді ұстаз, еңбек өтілі -23 жыл. Аудан көлемінде өзінің жоғары біліктілігімен көзге түсіп, талай аудандық және облыс , республика көлемінде пәндік олимпиадалар мен «Жарқын болашақ», Мұқағали оқулары , Абай оқулары, ғылыми жобаларды қорғау бойынша жүлдегерлер дайындаған тәжірибелі әріптестеріміздің бірі. Сабақтың бүкіл құрылымы жаңаша кезеңдермен жасақталған, түрлі жаңа технологияларымен байытылған, оқушылардың сапалы білім алуы мен шығармашылық ізденістерге бой алдыратындай бағытта болды. Жаңалыққа жаны құмар Гүлжан Қайыржанқызы бұл сабағында өзі үйренген түрлі инновациялық жаңа технологияларды қолдана отырып, сабақтың терең мазмұнда және оқушыларының жан - жақты дамуы мен білім дағдыларын игеруіне жағдай жасады. Оқушыларды жаңа оқуға бейімдеу оңай жұмыс емес. Көп жылдар бойы мұғалімнің рөлі мен оның сабақ кезіндегі әрекеті басымдыққа ие еді. Қазір мұғалім тек жетекші рөлінде. Білімді өздігінен алған, тапсырмаларды тәуелсіз орындаған оқушылар ғана білім шыңына жетеді. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, тәжірибелі ұстаз оқушыларын бірнеше топқа бөліп, олардың жас ерекшелігі мен тапсырмаларды орындау деңгейлерін ескере отырып өз сабағын ұйымдастырыпты. Мұғалімнің сабақ жоспары 7 модуль кіріктіріліп қысқа мерзімді жоспарға негізделіп құрылған. Мұнда топпен жұмыс, түрлі тапсырмалар бергенде «Крестиктер мен нөлдіктер» әдісі, «Алты қалпақ» стратегиясы, «Ұрланған бала» тақырыбына ситуациялық жағдай туығыза отырып, АКТ арқылы бейнежазба көрсетіліп, талқыға салынды. Семинарға қатысушылар сабақта «Жұптасып суреттеу» стратегиясы мен «Жоба қорғау» тәсілі де оқушылардың логикалық ойлау мен жеке тұлғалық белсенділігі мен шығармашылық ізденістерін шыңдайтын тиімді тәсіл екендігіне көз жеткізді. Себебі: топ атынан бір оқушы постердің көмегімен тапсырмаларын қорғады.

Топ мүшелері екі рет ауысып, жаңа топ құрады.


Каталог: 8DD1E344ADDC75B1
8DD1E344ADDC75B1 -> Заттардың қасиеттері. Заттарды санау
8DD1E344ADDC75B1 -> Бекітемін: Келісемін: Әдістемелік кеңес отырысында Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі: қаралды: Хаттама №
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың тақырыбы, түрі. Пән Мұғалімнің аты-жөні Сынып 1
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың типі : Бекіту сабағы Сабақтың түрі : Сайыс- сабақ; кіріккен. Көрнекілігі
8DD1E344ADDC75B1 -> 7 оқу жылындағы істеген жұмыстарының жылдық есебі Біздің әдістемелік бірлестігінің мәселесі: «Сабақта оқытудың әдістерін түрлендіре отырып, білім сапасын арттыру»
8DD1E344ADDC75B1 -> Абай орта мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы Әдістемелік жұмыстарының сараптамасы
8DD1E344ADDC75B1 -> Сабақтың тақырыбы Сабақтың міндеттері Оқушыларға функциялардың қасиеттерін
8DD1E344ADDC75B1 -> Мұғалімдердің Ұбт-ге дайындық жұмыстарының есебі 2014-2015 оқу жылы Қазақ тілі мұғалімі:Қойшыбаева Г.Қ
8DD1E344ADDC75B1 -> Семинарда өткізілген «Тіл тағдыры менің тағдырым»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет