Білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,58 Mb.
#34524
  1   2   3
Кіріспе

Білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру. Өйткені, заман сұранысына сай жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруда ұлттық рухани ерекшеліктерді ескере отырып, салт-дәстүрді, білімді, ғылымды пайдалану – бүгінгі таңның кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасында: «Жан-жақты мәдениетті тұлға, ең алдымен тұтастай дүниетанымға ие болуы қажет…»- деп тұлға дүниетанымын қалыптастыруға ерекше мән берілсе, ал Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында үздіксіз білім беру жүйесінің үш іргелі мақсаттарының ішіндегі ең негізгісі дүниетаным екені анық айтылған.

Бүгінгі таңда білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру екені айқын. Сондықтан да оқу тәрбие үрдісінде оқушының ұлттық мәдениет пен ел тарихын, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайын саналы түсінуге, яғни ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан да әр адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асырылуы тиіс. Бастауыш сынып – оқушы дамуының іргетасы болғандықтан, олардың дүниетанымының негіздері де осы кезеңдерде қаланады.

Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы.

Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру туралы еңбектерді талдау нәтижесінде жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу нысанасына айналғандығы белгілі болды.

Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып, оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға жағдай туғызу болып отыр.

Әр оқушының өз елін, тілін, дінін, мәдениетін танып білуі, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайтыны сөзсіз. Бірақ бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруды жеке пәндер негізінде жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.

Солай бола тұра, жеке пәндер материалдарының педагогикалық мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайларының арасында; бүгінгі қоғам сұранысына сай жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың мәселесі бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелек тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды. [1]

I.   ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.            

1.1 Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Адам, қоғам, табиғаттан тұратын, дүниетанымдық мазмұнын тануда Ш.Уәлиханов пікіріне назар аударамыз. «Шоқан енді белгілі болып таныла бастаған ғалым, этнограф, саяхатшы, мәдениетті өте жоғары танушы еді».Ағартушы, атақты ғалым өз зерттеулерінде адам табиғаты, оның мінез – құлқы туралы түрлі пікірлерін қалдырған. Қазақ халқының этнографиясы туралы көп ізденген, келелі пікірлер де айтқан. Мысалы, «Ұлы жүздің мақал - мәтелдері» деген еңбектерінде «Асыққан қарға, түсесін торға», «Азған елде намыс жоқ, сусыз жерде қамыс жоқ», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Ақыл дария екен, көңіл дүлділ екен» деген жазбалары бар. Бұл мақал адам мінезіне тұрмыстың да әсері бар екенін білдіреді.

Сонымен бірге сол сапарда (Ыстықкөл) ғалым Балқаш көлі бойы, Тарбағатай аймағы, Іле жағалауы табиғаты туралы ой түйгені байқалады. Одан әрі қарайғы Лепсі, Ақсу,Басқан өзендерін басып өтіп,Жоңғар Алатауы етегіндегі Шелек өзені бойының керемет табиғатын асқан шеберлікпен суреттеген. Лепсі бойындағы құмды өлкелері мұндағы жәндіктер (жылан, тасбақа) жайлы өте шынайы жазған. Балқашқа құятын Лепсі өзені жағасында өсіп тұрған өсімдігін үшқат, қайың, тал, көктерек туралы, балық пен жан –жануарлар туралы өте нанымды суреттеген.

Шоқан Уәлиханов жер –су атауларының шығу тарихы, тегін зерттеп, кейбіреуіне нақты тоқталған. Картаға түгел түсіруге тырысқан. Сонымен қатар жануарлар, жәндіктер жайлы ғылыми ақпараттар беріп, өсімдіктер мен бунақденелілерден коллекция жасаған.

Ғалым өз жолында кезддескен елді мекендерде жергілікті халықтыың ауыз әдебиеті, тұрмыс – салт жырлары туралы да деректер жазып отырған. Қырғыз өлкесі шығыс және оңтүстік Қазақстан аймағына қатысты деректер де жазған. Бұл деректердің жастар үшін мәні зор екені анық.

Ғалым сонымен бірге жергілікті халықтың киім үлгісі, тұрмысқа қажетті жабдықтар жайында да өз көзқарастарын да білдіре кеткен. Дәлірек айтсақ аңшылық, соғыс құралдары жайлы талдап, пышақ, қайшы, жебе, найза, айбалтаның түрлеріне тоқталып олардың әр бөлігінің қалай аталатынын, өмірде пайдасы, әрекет етудегі пайдасы (мысалы:белдік - кісе) маңызы жайлы кеңінен айтып өткен. Әсіресе оқ, тас, мылтық білтесі, пышақты салып жүретін кісенің маңызын айтқан.

Шоқан Уәлиханов табиғаттың қайталанбас әсем көріністерін ғана жазып қоймай, оның суретін де дәлдікпен сала білген. Бұл жөнінде С. Мұқанов «Шоқан – өте шебер суретші» деген сөзі дәлел болады. Керемет табиғаттың, табиғаттың, адамның табиғаты, жан дүниесіне жақсы әсер ететінін сипаттайды. Бұған дәлел – ғалымның шеркестер мен қазақтар жайлы жазбалары. Ол өз жазбаларында тауда өмір сүрген шеркестер жерінің табиғатын, таудың сұсты түрі, биік құлама, терең құзырына теңейді.

Осындай табиғатқа шеркестер де бейім. Ұқсастықтар да бар. Себебі тауда туған шеркес табиғатпен етене араласады. Шеркестер таудан тағылым алады, олардың ұстазы да – дейсіз. Ия, тау баласы тауға қарайды деген сөз бар. Шеркестер мінезінің қаттылығын – таудың шыңдауына байланыстырады.

Ал бұған қарама – қарсы дала халқының мінезі даласының кеңдігіне қарай жайбарақат, еркін өскен жануарлар да қаннен қаперсіз. «Ол жерде бәрі де жайбарақат өмір сүреді» деп суреттейді. Қайда қарасаңыз да тіршілік – ара, көбелек, гүл... Бұлардың бәрі мол табиғат, жайбарақат өмір, жанға жайлы ауаны сезіндіреді. Міне, ғұлама ғалымның дүниетанымы осындай.

Шоқан Уәлихановтің табиғатты зерттеп, қалдырған еңбегін С. Мұқанов: «Ол жолшыбай кездескен өсімдіктердің, жәндіктердің, тастардың латынша, орысша, қазақша аттарын жазып отырған». (Қазақтыың ұлттық ғылымында қазақша жазуы – үлкен жаңалық). Бұл жөнінде, Шоқанның этнограф, географ ретіндегі еңбегін Ә. Бірмағанбетов толық сипаттайды. [2]

Өзінің бүкіл болмысын халықтың көзін ашуға, жастарға білім беруге арнаған Ыбырай Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасы өз алдына бір төбе. Бүкіл шығармаларының бәрінде де Ыбырай жастарды әсемдікке, адамгершілікке, табиғатты аялап, оның пайдасын түсіне білуге баулиды.

Оның хрестоматиясына енген халық ауыз әдебиеті үзінділері, шағын әңгімелер, мақал-мәтел және ертегі, аңыздар оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Ол жастарға қандай білім беру керектігін саралаған пікірінде «...бұратана елдің балаларына тарих, география, жаратылыстану сияқты пәндерді оқытатын оқу құралдарын таңдап алу...» қиындық келтіретін мәселе екенін айта келіп, мұның «...белгілі бір жүйеге салынуы» керектігін ойластырады. Ғалымның бұл пікірі оның бастауыш сынып оқушыларының сауатын ашып, тіл үйретумен ғана шектелмей, оларды дүниемен таныстыруды да мақсат еткеніне дәлел болады.

«Ыбырайды осы дәрежеде қажырлы қайраткер еткен сана, бірінші жағынан оның өзінің еңбекші елмен, қалың бұқарамен нық байланысты болғандығынан, соның тарихи келешегін айқын көргендіктен сол келешекке бұлжымастай, айнымастай нық сенгендіктен». Ыбырай Алтынсариннің балалар хрестоматиясына енген әңгімелері биік адамгершілік,шыншылдық пен әділдік, танымдық бағытты ұстайды. Кейінгі ұрпақты еңбекшіл болуға, шындықты жақтауға, әділдікті сүюге, туып – өскен елін, жерін аялауға баулиды. Бұл шығармалар шағын болғанымен, мәні көлемді, мазмұны терең.

М. Жармұхамедов Ы. Алтынсариннің табиғат көрінісін суреттеудегі көркемділігі мен шеберлігінен туған табиғат лирикасы жайында ой түйеді. Бұл – Алтынсариннің қазақ әлеміндегі жаңалығы еді.

Атақты педагог өз досы Н. И. Ильминскийге жазған хатында балаларға арналған екінші кітабына табиғат құбылысы мен күштерін қызықты етіп суреттеуді, әңгімелердің ғылыми жағын да көрсететінін айтқан.

Ұлы ғалым өз еңбегінде алғы сөзінде «...қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр», — деп, «Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай, жалпы білім беретін кітаптардың Азия халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық», — дейді.

Жас баланы көзге түскен нәрсенің бәрін емес, тиімді, қажетті,жарасымды, қолжетімді жақтарын алуға үйретеді. Елінің салт – дәстүрін дәріптей білген адам халқын сүйген елжанды болатыны анық.

Сонымен қатар Ы. Алтынсарин шығармаларының көтерген мәселесі – баланың ата – ана алдындағы парызы, ілтипаты, сыйы. Достық пен сүйіспеншілік, махаббат пен ізгілік жайлы оқимыз. Осы кездегі дүниетану бағдарламасында «Адам» бөлімінің негізгі проблемасы да осы.

Ы. Алтынсариннің қағидаларына сүйене отырып, адам проблемасын шешуге ұмтылу – парыз. Ұлтымыздың бағалы өнері – қолөнері. Бұл жайлы да Ы. Алтынсарин бағалы пікір айтып, іспен де дәлелдеген. (Қолөнер мектептерін ашқан).

Қарадан шығып шын хакім болған Абайдың дүниеге көзқарасы оның өлеңдерінде анық көрінеді. Қазақ тілінің кең шұрайы Абай өлеңдерінің әрін ашып, көркемдеген.

Ақын әсіресе қыдырымпаздық, серілік, бос әурелік, бойкүйездік, мақтаншақтықты өлтіре сынайды. Іскерлік, еңбексүйгіштік,шеберлікті үйреніп, ғылым – білімге ұмтылуды үйретеді. Оның өлеңдері уақыт өткен сайын өз оқырмандарын көбейтіп, мәнін жоймай келе жатқан шығармалар.

Ұлы суреткер М. Әуезов ақын шығармашылығын зерттеген. Абайтану ғылымын дүниеге келтірген. Ол ақын шығармашылығын зерттей отырып, оның өлеңдері табиғат, ғылым, білімді, игеруді шақырғанын көрсетеді. Ал белгілі философ М. Орынбеков адам проблемасын негізгі мәселе етіп алған Абай шығармаларын көрсете отырып, адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімге ұмтылушылық, өзін – өзі ұстау, биік мәдениттілікке бастар Абай уағызы екенін түсіндіреді. Бір кездері Абай аңсаған адам тәрбиесі бүгін де оқу – ағарту ісінің алдында тұрған негізгі міндет. Бұл тұрғыда бізге Абай шығармаларының көмегі тиері анық. Кіршіксіз таза киім, шынайы жүріс, мәнді сөйлеу, парасатты ұстанымына сай мінез – Абай ұстанымында. Абайдың «білімді, ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын» деп орынды сөйлеуге, парасатты пайым жасауға үйретеді. [3]

Абайдың табиғат лирикасы нағыз реалистік тұрғыда жазылған шығармалар. Бүл өлеңдерді оқып отырғанда көз алдына келер тұнық табиғат, адам мінезі, жануарлар – бәрі – бәрі самсап шыға келеді. Бұл өлеңдердің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттыруда ықыласы зор. «Жаздыгүні» өлеңін оқығанда көгілдір көктемге елжіресең, «Жаз» өлеңінде тамаша табиғатқа марқаясың, күнде суыта бастаған табиғатпен бірге көз алдыңа келер көріністерді талдасақ, «Қыс» өлеңінде нағыз қыстағы тіршілігіне көз жеткізесің. Бұл өлеңдердің берері мол екені хақ.Абай өлеңцерінің дүниетанымдық негізі оның шындықты нақ білуінде ғана емес, табиғат, адам, қоғамды қабыстыра беруінде. М.Әуезов Абайдың «Жаз» өлеңінің мән-мағынасын «Ең әуелі жас шалғынды, бәйшешегі толықси өсіп тұрған соны қонысты алады. Сол араға жеткен малдың ішінде, әсіресе, қалың топ жылқының ен суға, мол шалғынға емін-еркін араласқан күйлі кезін көрсетеді. Әлі үйін тігіп, жайғасқан ауыл жоқ. Жанды-жансыз табиғат арасында шұбартқан суретті өз қимыл-қозғалыстарымен толықтыра түседі. Сәнін молайтқан адам тобының әр алуаны көрінеді. Үй тігіп жатқан қыз-келіншек, ат үстінде мал аралап жүрген ауыл иесі үлкендер аталып өтеді. Содан жұмыс үстінде жүрген шешелерді жағалаған жас балалар, тынымсыз шабуылмен күнұзын салпылдап еңбек еткен жалшылар көрінеді; өзен бойында құс салып жүрген жас аңшы бозбалалар да ақынның көзіне түседі. Бай ауылына жағынышты, жалынышты тынымсыз көрші малай, қартаң ақсақал да өз әрекетімен аталып өтеді. Осылайша үлкен ретпен көп өмір көрінісін аз өлеңнің ішіне тығыздап сыйғыза білген ақын, негізінде реалистік пейзаж беріп отыр» - деп талдайды. Осы талдаудан да, өлең жолдарында ұлы ақынның табиғаттың белгілі көрінісіне, мезгіліне адамның әрекетін мол араластыра білгендігін айқын аңғаруға болады.«Табиғатты ағын судай, сымпылдап ұшқан үйрек, қаздай динамикалы халде алған сияқты, адамды да тіпе-тек тыныш отырған үнсіз, қозғалыссыз күйде алмайды. Әркім әр алуан іс пен мінезде, құбылыста көрінеді. Осыдан буы аспанға шыққан, көшіп келген жәрмеңкедей жанды өмірді оқушыға аса қонымды етіп, «дәл осындай болады» дегендей, бас шұлғытып, иландыра біледі», — дейді мұнан әрі тағы М.Әуезов .

Ақын көшпелі қазақ халқының тіршілік тынысын, сырт қарағанда көзге бірден шалынатын кемшілігі мен жетістігін бақалшақтай шағады. Абайдың тікелей қоғамдық ой толғамын беретін өлеңдері де аз емес. Олардың қатарына: «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» және т.б. жатады. Абай бұл өлендерінде сол кездегі қоғамның жетістігін де, кемшілігін де аша түсті. Өзі өмір сүрген ортаның болмысын дәл шындықпен көрсете білді.Абайдың қара сөздері мен өлеңдері жастарға дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастың дұрыс дамуына бағдар береді. Сондықтан да, Абай шығармалары мәні күн сайын күшейе түсіп, оқу-тәрбие құралдарына еңдіріліп, тиімді пайдалануды керек ететін құнды материалдар қатарында өмір бойы қала бермек.Абай шығармаларын оқығаңда, қазақ халқының тарихи-мәдени деңгейін, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, отбасылық, қоғамдық, моральдік жағдайын толық көз алдыңызға елестетуге болатындығы жайында кезінде М.Әуезов айтқан болатын.Адамға білу, үйрену, сезіну тән екенін, тіршілікте осындай жан талпынысын дамытып, соның азығын тауып отырған адам ғана өз дәрежесінде көріне алатынын айтады. [4]

Ғұлама ақын адам арасындағы қатысты, тіл байлығын, ақылдылық пен тапқырлықты, әділеттілікті уағыздаған. Тіл байлығы мен ойды басқаға жеткізе білу шеберлігін көңіл айнасы ретінде дәріптеген Абай көркем сөзді өте жоғары құндады. Оның:

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы, —

деген өлең шумағы осы пікірінің дәлелі.

«...Абай танымының негізі болып табылатын адам мен қоршаған дүниені тану мүмкіндігі мәселесін орынды шешті. Тұтас алғанда таным сезімдік қабылдау деңгейінен басталатынын, алайда онымен шектелмей жеке алғанда сезімдік танымға алдыртпайтын заңдылықтар мен дүние мәнін түсінуге апаратын жолдардың басы — зерделі ойлау деңгейіне көшетінін дұрыс болжаған».Абайдың дүниетанымға қосқан үлесін С. Мұқановтың мына пікірі онан әрі нақтылай түседі: «Көркем шығарманың дүние тануға жәрдем болатын себебі: оның авторы, дүниені көріп қана, көргенін сол күйінде айтып қана қоймайды, сол берген бейненің ішіне үңіліп, өзінің ой өрісі жеткенше талдауға, талқылауға, көргенін өзінің сезім елегінен ғана емес, сана елегінен де өткізуге тырысады», — деген тұжырымын айта келе, «Біздің Абай да — осындай жазушы».

Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу, білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып дүниетанымын, наным, сенімін қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты.

Тарихта мұндай /сынбайтын/ иілмейтін, тұрақтылығымен белгілі адамдар бар.Италияның ұлы ғалымы Галилео Галилей /1564-1642/ - «А все же она вертится...» - «Бәрі бір ол айналады» деген көзқарасынан қайтпаса, Поляктың аса көрнекті астрономы Николай Коперник /1474-1543/ өзінің гелиоцентристік идеясынан қуғын-сүргін мен қорлауға қарамай бас тартпаған. Бұған орыс демократы Н.Г. Чернышевскийді, Отан соғысының қаһарманы Д.М. Карбышевтің табандылығын қосуға болады. [5]

Халқымыздың күрескер ұлдары Кенесары, Махамбет пен Исатай бастаған азаттық қозғалысы, желтоқсанның /1986/ қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі, отан қорғау соғысында Бауыржан Момышұлының, қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ерліктері бүгінгі және болашақ жастарға үлгі-өнеге боларлық тағылымдар.Дүниетаным адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өміріне, табиғатқа, өміріне көзқарасы және сенімі. Адамның өмірлік поэзиясының, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекетінің тірегі, көрсеткіші. Сондықтан оны қоғам құрметтеп, зор баға береді.Осыған орай ғылыми дүниетанымның, құрылымдық компаненттерінің төрт түрінің бар екенін ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетеді. Олар: ғылыми білім жүйесі, сенім, адам мұраты, дүниетану.Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп, байымдау арқылы, ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге дейін екі ұдайы пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе, екіншісі адамды жаратушы Алла /Құдай/ деген тұжырым жасайды - мұны діни пікір дейді.Сенім терең, тиянақты ойланып қортылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның. Бойына нық орнап, қалыптасқан өмірлік позициясы, оның беріктігін айқындайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идеялардың ішінен адам сенімін тауып алу, шындықты терең танудың негізі, соны берік үстау.

Бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалар кандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керек?

Оқыту мен тәрбие барысында әр кезеңге байланысты білім берудің мазмұны, тереңдігі оларды оқушыларға түсіндіру, оқу, тәрбие бағдарламаларында белгіленген. Онда оқушылардың жас ерекшілігі және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынған.Сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу процесінде дамиды. Сонымен бірге, еңбек оған көзқарастары қалыптасады, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Оқытудың өмірімен байланысы қалыптасады.Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйрену керек.Айта келе, оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы жұмыстардың бір бағыты- дүниетану. Ол оқушының жалпы білім деңгейін, эстетикалық, Отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Дүниетану оқушының өзінің туып өскен жеріне деген сүйіспеншілігін, еңбек адамдарына, қоршаған ортаға деген ерекше көзқарасын қалыптастырады.[6]

Жеке тұлғаның дүниетанымы, кең көлемде алғанда, әлеуметтік ортамен адамгершілік қарым – қатынаста болуымен қатар, оның салт – санасы, бағыт бағдары сыртқы ықпалдарды қабылдап, оны ішкі жан дүниесінен өткізіп, өзінің өмірлік іс - әрекетіне, қызметіне бағдарлап қабылдауымен қатар, ынта жігерін болашаққа негіздеп, өз іс - әрекетін бағамдап, басқара білуге дағдыланады. Сонымен бірге, жеке тұлғаның тұтас даму процесінде тарихи әлеуметтік орта мен тәрбиелік тәжірибе ерекшеліктеріне орай, оның дербес өмірлік белсенділігінің арқасында, дүниетанымның көлемі де тереңдеп арта бермек.Отанға деген сүйіспеншілік өзінің туған жеріне, қала мен ауылға деген сүйіспеншіліктен басталады. Қазақстан территориясындағы кез-келген елдімекенді алатын болсақ, ол ұлан-байтақ мемлекетіміздің бай тарихының маңызды бөлігі болып есептеледі. Әр жердің өз тарихы, жаңа замандағы елеулі өзгерістері бар.Қоршаған ортаға көзқарас, оның шығу тегі мен адамның орнын анықтау, адам мен туған жер арақатынасының сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдылықтарын танып білу философиялық дүниетанымның негізгі мәселелерінің бірі.Дүниетаным – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың туған жерінің (мектеп маңын, ауыл, аудан, қала, облыс, өлке, Қазақстан) табиғи, тарихи, әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жан-жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиені өмірмен, қоршаған ортамен тығыз байланыста қарастыруға болады.

Дүниетанудың зерттеу объектісіне: қоғам, отбасы, ауа, су, топырақ, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі және сол жердің тарихы, мәдениеті, шаруашылығы жатады.Оқытудың ғылыми деңгейін арттыруда дүниетанымның педагогикалық құндылығы ерекше орын алады. Алғашқы дүниетанымдық зерттеулердің алғы шарттарын біз көне дәуір оқымыстылары Геродот, Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен байқауымызға болады. Жершары құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қоршаған ортаға тәуелділігін қарастырған.Туған жер табиғатын зерттеудің ғылыми-педагогикалық негізін салған орыстың классик педагогы К.Д.Ушинский болды. Ол туған жерді зерттеудің білімдік және тәрбиелік маңызын көрсетіп, оқытудағы «Отантану» ұстанымын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. К.Д.Ушинский баланың бойында табиғатты қорғау сезімдерін оятып, оның адамгершілік, эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын аша түскен. Ол: «Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалады» - деді .[7]

ХІХ ғасырдың соңына қарай педагогика саласында «табиғаттану» атты маңызды бағыт қалыптасты. В.Е.Глуздовский , И.М.Греве, В.И.Боголюбов , Г.И.Иванов бастауыш және орта мектеп бағдарламасына жергілікті жердің географиясы, тарихы, табиғаты сынды пәндер енуі керек екендігін көрсеткен.

Ұлы Отан соғысының соңына қарай дүниетану оқушыларды социалистік патриотизмге және ғылыми дүние танымдық көзқарасын қалыптастырудың құралы бола бастады.50 – жылдардың соңында дүниетануды адамгершілік тәрбиесімен ұштастырған С.Д.Бабишиннің, Л.Н.Касумованың , Н.К.Котовичтің , Н.Г.Лохичеваның, Н.В.Рубанованың еңбектері жарық көрді.

Қазақ халқы ежелден – ақ қоршаған орта болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көзіне айналдыра білген. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқанын байқауға болады.

Қазақстанда өлкетану білімінің алғашқы негізін салған – Шоқан Уәлиханов болды. Ол адамды табиғаттың туындысы деп ұғынып, орман мен тоғайды, өзен мен көлді, далалы мен таулы жерлердің тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Ш.Уәлиханов қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрыптарын жете зерттеп, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін былай деп суреттейді: «Көшпелі қазақ халқы табиғаттағы кейбір аңдар мен құстарды киелі деп қастерлейді. Оларды «обал, сауап» деп, ұстамайды, атып өлтірмейді. Осындай құрмет тұту, ата-дәстүрін сақтау адам баласына бақыт пен байлық, құт пен береке әкеледі» - деп қазақ халқының өмірін табиғатпен жақын байланыстығын көрсетеді .

Көрнекті тарихшы – ғалым С.Аспандияров - өлкетану ісі патриоттық тәрбие беруде маңызды роль атқаратындығын дәлелдеген. А.С.Барков студенттерді оқытуда дүниетанудың маңыздылығын атап көрсетті.Дүниетаным мәселесін ғылыми тұрғыда талдаудың философиялық, психологиялық және педагогикалық қорытынды нәтижелері төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Адам дүниетанымы оның тұрмыс – тіршілігіндегі басқа да қажеттіліктерінің қозғаушы күші, қоршаған ортадағы іс – әрекетінің бағыт – бағдарын реттеуші болып саналады. Ол адамның жеке және жас ерекшелігіне, қоршаған ортаға көзқарасына, өмірлік тәжірибесіне және қоғамдағы әлеуметтік – психологиялық ұстанымына байланысты. Дүниетанымды адам идеясының қоршаған орта жөніндегі ғылыми, философиялық, қоғамдық – әлеуметтік, психологиялық – педагогикалық көзқарастардың және іс – әрекетінің бағыт – бағдарын айқындайтын тұтас жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Жалпы ғылыми әдебиеттерге талдау және сараптау жасау бізге «дүниетаным» ұғымын анықтауға мүмкіншілік берді. Дүниетаным – тұлғаның туған жерін, қоршаған ортасын, айналасын - жүйелі және жан – жақты танып білуі, оның қоғамдық өмірі мен педагогикалық процесстегі мақсатын, мазмұны мен құндылығын ескере отырып жүзеге асырудың құралдары мен әдіс - тәсілдерін меңгеруі.

Демек, дүниетаным негіздері дегеніміз - өз жеріңді, тіліңді, дініңді (ауыл, аудан, қала, облыс, республика, қоғам, отбасы, адам, әлеуметтік – саяси орта) жан-жақты тану, оның қоғамдық өмірін, географиялық, экологиялық, экономикалық, демографиялық және табиғи, мәдени ресурстарын есепке алып зерттеу.Дүниетаным - жергілікті белгілі бір жіктелген өмірді немесе еліміздің шағын бөлігін оқып үйрену. Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектеп табалдырығын аттаудан бастайды. 1-2 сыныптардағы дүниетаным бағдарламасы бойынша сыныптағы сабақта басталады. Мәселен, 1-сынып оқушыларына «Дүниетану» атты оқулық өздерінің күнделікті көріп, араласып жүрген табиғатпен, адам қоғаммен таныстырылады. Және табиғат өзгерістерінің жеке обьектілері туралы ұғымдарды түсіндіреді. Ал 3-4 сыныптарда Дүниетану жұмыстары барған сайын күрделене әрі кеңейе түседі, оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, өз өлкесі жөніндегі экологиялық білім негіздері қорлана түседі. Оқушылар 3-4 сыныпта табиғаттың маусымға қарай өзгеруін, соған сай адамдардың еңбектегі іс-әрекетінің өзгеруін бақылай алады.

Жертанушылық жұмыстарды саяхат жасау жорықтарымен түрлендірудің де орны бөлек. Ол – саяхат-сабақтың түрі. Жұмыстың бұл түрінде балалар табиғатпен шынайы түрде танысады.

Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сиякты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.

Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскілерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлығының бағыттылығына, іс-әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді. [8]

Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. Әдебиет адамдар арасындағы қарым-катынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.

Сонымен мектепте оқыту оқшылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.

1. Мұғалімнің ғылыми дүниетанымын негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәнінің орнвн анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси-әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларды пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі. Үшінші кезеңі дүниетаным кортындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қортындыларын тақырыптарға сәйкес бөлу және оларды сабақ жоспарларында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзеге асады. Бесінші кезенде оқушылардың оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістерімен формаларын анықтайды.

2. Табиғатпен қоғамдық өмірдің танылуы тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екендігіне сенім қалыптастырады.

3. Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжирбиеде тексеріліп, іс-әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүние таным сипатына алады.

4. Оқушының адамгешілік қатынас тәжірбиесінің жүйелі жиналуы. Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны коршаған орта, оны қоғамның-саяси белсенділікке, өз бетіндік іс-әрекетке және жауапкерлікке итермелейтін жағдайда қоюды талап етеді.

5. Мұғалім-ғылыми дүниетаным иесі, және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушынның дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.

Әртүрлі сыныптық және мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамытудың қажетті құралы. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, оларды еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарастарын қалыптастырады. Осы бағытта жүргізілетін түрлі оқу пәндерінің, жас натуралистер мен жас техниктер станцияларының, көркемөнер үйірмелерінің, тәрбиелік мәні аса зор.Мектепте үйелмен және өндірісте оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің, олардың қоғамда өз роліне, бақытты өмір сүруіне түсінуінің өзінің алатын орнын білуінің маңызын атап өткен жөн. Өйткені еңбек процесінде оқушылар әртүрлі үжымдар мен жеке адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы білім және практикалық дағдыны игереді, қоғамдық қатынастар тәжірбиесін иемденеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік көзқарасы, сенімімен сезімі дамиды.Көп жылдар бойына әдебиет беттерінде атеистік тәрбие сөз етіліп келді. Адамның дүниетанымын қалыптастыруда қажетті құралдардың бірі болды. Атеизм туралы ұғым тарихта діни оқулармеқ олардың әртүрлі заманда үстемдік ету сипатымен байланысты болды. Атеизм ғылыми негізге сүйене отырып, Құдайды бекерге шығарады. Міне, осы тұрғыдан қазіргі қайта құру кезеңінде атеистік тәрбиені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырады.

Ғылыми-атеистік тәрбиенің негізгі мақсаты дүниенің біртұтас екендігі жөнінде оқушылар көзқарастарының жүйесін қалыптастыру. Ең маңыздысы оқушылар жас шамасының мүмкіндігіне сай дүние мәңгі қозғалыста және диалектикалық дамитын материалдан басқа ешнәрсенің жоқ екендігін түсінуі.

Міндет — оқушыларды жаратылыстан тыс күшке сенуді жокка шығаратын ғылыми атеизммен қаруландыру.

Дүниені диалектикалық, материалистік, атеистік тұрғыдан қараудың элементтері ең алдымен оқу процесінде қаланады. Қандай пән болмасын, оның оқу материалы дұрыс қойылса ғана мазмұны балаға тәрбие берудің объективтік алғы шарты бола алады. Оқушыларға атетстік тәрбие беру құралдарының ішінде ұйымдастыру жолдары алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстар ерекше орын алады (сұхбаттасу, кино, теледидарлық материалдар көру және талқылау, діни сенімдерге байланысты кештер, жиындар, пікірталастар өткізу, саяхаттар, түрлі үйірмелер т.б.) . Бірқатар балаларды діни салттар әуестендіру мүмкін.

Қоғам дамуының жаңа сатысында тәрбиеге ықпал жасайтын факторларға біржақты, тиым салу тұрғысынан қарауға болмайды.

Бірсыпыра ғалымдардың пікірінше тауратты, басқа да діни әдеби және тарихи кітаптарды пайдаланып, дүниежүзілік мәдениетпен және өнермен жастарды таныстыру қажет. Мысалы, Мәскеудің мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде студенттер антик және орта ғасыр әдебиеттері бойынша семинар сабақтарында діни тауратты пайдаланды, демек, грек, Римнің қоғамдық құрылысы, мәдениеті және өнері мен танысады. Бұл жерде сөз діни тәрбиесі туралы емес, студенттерді тарихи әдебиет көне ескерткіштерімен таныстырды. Өйткені бұларсыз дүние жүзілік мәдениет даму процессінің пайда болуын түсіну қиын.

Бірақ шіркеумен және мешітпен жақындасуды тіпті дінмен келіскендіктің белгісі деп қарастыруға болмайды. Олармен араласпау, қарым —қатынас жасамау, оларға қарсы тұру діни қызметкерлері қоғам арасында болмауы тиіс. Төологтар өздерінің діни тарихының халықтар мәдениеті туралы білім тапшылығын болдырмауда белгілі көмек көрсетеді.Сонымен, біздер дүние жүзінің әдебиетімен тарихи мәдениетіне түсінбей, ешуақытта жастардың жалпы мәдениет деңгейін жоғары көтеру мүмкін емес.Қазіргі кезеңде жастардың дін деген не, оған олардың қөзқарасы, өмірге қатынасы қалай, міне, осы мәселелерге терең ойланып шыдамдылықпен қарау тиіс. Осыған орай, оқыту және тәрбие барысындағы басты міндеттер - бұл дүниетанымдылықты дамыту, атеистік білімнің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету, еліміздің әлеуметтік-эканомикалық дамуын және ғылыми үдеуді есепке алып, жастардың ғылыми-атеистік тәрбиесінің деңгейін көтеру, толық сенімі мол белсенді атеистерді тәрбиелеу.

Дүниетанымның ғылыми-матералистік тұрғыдан түсіндіруді жақтай отырып, дінге сенушілердің сезіміне нұқсан келтіруге болмайды. Олардың халық арасындағы әртүрлі жаңа салтымен әдет-ғұрыптарды кеңінен тарату жөніндегі болымды істеріне көмектесіп, бағыт беріп отырған жөн. Демек, осы бағытта мешіт, шіркеу кызметкерлері жалпы адамдық құндылық және мейірімділік қозғалысына үлес қосуға тиіс. [9]


Каталог: uploads -> doc -> 0836
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0836 -> «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орын алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу, надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»
0836 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы Сан есім Жалпы мақсаты
0836 -> Сабақ: Менің туған күнім. Күні: Сынып : 3
0836 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға 3000 метрге жүгіру техникасын үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет