Білім беру саласы: Қатынас Пәні: Сауат ашу және жазу Оқу іс-әрекетінің тақырыбы



Дата20.07.2020
өлшемі14,16 Kb.
#63415

Білім беру саласы: Қатынас

Пәні: Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Балабақша (Әңгіме құрастыру)

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Білімділік:Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету, сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу.

Дамытушылық:Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту.

Тәрбиелік:Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,ароматерапия.

Сөздік жұмысы : байтағым, баулып.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, слайдтар.


Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберіне

тұрғызу,жылы лебіздерін тыңдау.




Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады, қолдарына түрлі түсті таспаларды алып,өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады.



Ұйымдастыру-ізденістер

1.«Кім болам?»дидактикалық ойыны.

Ойын шарты:балалардың ішінен «тілші» сайланады.Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «Болашақта кім боласың?» деген сұрақты қойып,олардан сұхбат алады.Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

2.Тыныштық сәтін өткізу.

Көзімізді жұмамыз, өзімізді еркін

ұстаймыз.Көз алдарымызға балалабақша алаңын елестетеміз.

Дәптермен жұмыс

1) Дәптердің 4-5 беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру.Тірек сөздер:ойын бөлмесі,тәрбиеші,ойыншықтар,ойын алаңы,құм,сырғанау,әткеншек,шелек.

2) Н.Әлімқұловтың «Балабақшам-байлығым»немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңдерін оқу.

3.Сергіту сәтін өткізу:

Бала,бала,баламыз,бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз

Үйренеміз өнер біз,шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып,ән де айтып,би де билеп береміз.

4.Дәптермен жұмыс (4-5 беттері бойынша)

а) Педагог үзік сызықтарды (баланың балабақшаға дейінгі жолын) қалай қосып сызу керектігін және шрихтауды тақтада көрсетеді.5-беттегі үзік сызықтарды қосып сызу арқылы доптардың суретін салу және оларды бояу.Балалардың жұмысын тексеріп,қалай сызу,штрихтау керектігін әр балаға көрсету.



Балалар ойын шартын сақтай отырып, ойнайды
Балалар көздерін жұмады,терең тыныс алады.

Денелерін бос ұстап,еркін отырады. Көздерін ашып алған әсерлерін баяндайды.


Тәрбиешінің көмегімен әңгіме құрастырады.
Тәрбиешінің айтқанын қайталай отырып,өлеңді мәнерлеп жаттайды.

Тақпақты жаттап алып,бір бірлеп айтып береді.


Тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша үзік сызықпен қосып,сурет салып, оны бояйды.




Рефлексивтік-түзетушілік.

Оқу іс-әрекеті барысында алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады

Сұрақтарға барынша белсене жауап береді.

Білуі тиіс: Балабақша қандай орын екендігін,оның қадір қасиетін.

Түсінігі: Өздері тәрбиеленген балабақшаның аса бағалы болатынын түсінеді.

Көрсете білу:Тәрбиешінің қойған сұрақтарын наты пысық жауап берулері.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет