Білім мекемелеріндегі Ұбт –ге дайындық жұмыстарын зерделеу, бақылау анықтамасы



Дата24.05.2017
өлшемі92,54 Kb.
#16840
Білім мекемелеріндегі ҰБТ –ге дайындық жұмыстарын зерделеу, бақылау анықтамасы

(10-13 қараша 2015 жыл аралығы)
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2015 жылғы 09 қарашадағы №864 бұйрығы негізінде білім мекемелерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеруге жалпы орта білім беретін мектептер қамтылып, ҰБТ-ге қатысты құжаттары зерделенді.

Ш.Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде мектептің 2015-2016 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарында мектепішілік бақылау, басқару жоспарында желтоқсан айында «ОЖСБ, ҰБТ-ге дайындық жұмысының жағдайы», наурыз айында «Көктемгі көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын» директор жанындағы кеңесте қарау жоспарланған, бірақ директор жанындағы кеңес жоспарына бұл мәселелер енгізілмеген. Директор жанындағы кеңес жоспарында қазан айында «ОЖСБ, ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының жағдайы» мәселесі жоспарланған, алайда бұл мәселе хаттамада жазылмаған. Қараша айында педагогикалық кеңесте «ОЖСБ, ҰБТ-ге дайындық жұмысының жағдайы» тақырыбында мәселе қойылған, хаттама мен анықтамада ҰБТ-ге дайындық жұмысы барысы ғана қаралған. Сынама тест қорытындысы қаралмаған.

№2 шағын орталықты орта мектепте қырқүйек айында «11 сынып оқушыларынан байқау тест алу, түзету жұмыстарды ұйымдастыру» мәселесі директор жанындағы кеңесте қаралғанынымен, кеңестің шешімі орындалмаған.

М.Горький атындағы орта мектепте оқу-тәрбие жоспарында қазан айында директор жанындағы кеңес жоспарында «9-11 сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі пәндерінің берілу сапасы» қаралған, бұйрық шығарылған, алайда бұйрықтың рәсімделуі дұрыс емес және комиссия құрамына мектеп әкімшілігі енгізілмеген, комиссия құрамы тек мұғалімдерімен шектелген. Осы тексеру қорытындысы бойынша төменгі білім сапасын көрсеткен пән мұғалімдеріне ешқандай тәртіптік шара қолданбаған. Осы аталған директор жанындағы кеңесте қазан айында «11 сынып оқушыларының Қазақстан тарихы мен физикадан мектепішілік, аудандық сынама тест қортыныдысы. ҰБТ-ге дайындық құжаттары» қаралған, тексеру қорытындысында физика пәнінен 11 «А» сынып 25%, 11 «В» сыныбы 16%, тарих пәнінен 11 «Ә» сынып 13% білім сапасын көрсеткен, алайда шешім жалпылама «Қазақстан тарихы физика пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жаңа технология элементтері сабақ үрдісіне енгізілсін»-деп шығарылған.Нақты шара қолдану қарастырылмаған. Қараша айында педагогикалық кеңесте «ҰБТ-де негізгі пәндерден алынған тест қорытындысы» қаралған. Осы мерзімге дейін 3 тест алынған, алайда педкеңесте соңғы тест қорытындысы ғана қаралған. Қорытынды бойынша шешімде 7 мұғалімге тәртіптік шара қолданылған, алайда бұйрық шықпаған.

Аудандық білім бөлімінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №577 бұйрығы Бірлес орта мектебінде, Р.Смаилов атындағы орта мектепте, Ақыртөбе орта мектебінде орындалмаған. Атап айтқанда білім бөліміне әр айдың 25 күні ҰБТ бойынша атқарылған жұмыстар жайлы мәліметтер қазан айына әзірленбеген.

Бірлес орта мектебінің ҰБТ – ге арналған іс-шаралар жоспары жүйесіз болса, ал Ақыртөбе орта мектебінің оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарында қыркүйек айына жоспарлаған «ҰБТ шараларын ұйымдастыру іс-шаралары» бойынша анықтама өте қысқа жазылған. Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің техникалық хатшысы 1 жыл жұмыс істеп жатқандықтан, жоспар әзірлеуде кемшіліктер жіберген, оны қайта өңдеуде. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде ҰБТ-ге дайындық жоспарында техникалық хатшы Ш.Шонатаева қыркүйек айында «Ата-аналар мен мектеп оқушыларын ережемен таныстыруды жоспарлаған», алайда бұл мәселе хаттамада жазылмаған. №2 шағын орталықты орта мектебінің ҰБТ – ге арналған іс-шаралар жоспары техникалық хатшы мен психологтың жоспарында сәйкестік жоқ. №1 мектеп –лицейінің ҰБТ-ге дайындық жоспары жасалған, бірақ мазмұны тек ұйымдастырумен шектелген. Қызыл ту орта мектебінде ҰБТ – ге арналған іс-шаралар жоспарын жүйелеу қажет, қаралатын орны көрсетілмеген. Жоспары бойынша қаралған мәселенің анықтамасы талапқа сай жазылмаған.

Бірлес орта мектебінде ата-аналар жиналысының хаттамасы өте қысқа жазылған және оқушылармен өткізілген жиналыс хаттамалары жоқ, журнал арналмаған, яғни оқушылар ҰБТ – дің Ережелерімен толық таныспаған. Абай атындағы шағын орталықты орта мектепте ата- анамен жұмыс жоспары жасалынған, бірақ өңдеу қажет. 19.09.2015 жылы ата-аналар жиналысы өткізілген, хаттамасы жазылған, бірақ хаттаманың рәсімделуі дұрыс емес. Малдыбай орта мектебінде ата-ана, пән мұғалімдерімен және оқушылармен өткізілген жиналыстың хаттамалары толық жазылмаған, төрағалардың қолы қойылмаған. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте ата- анамен жұмыс жоспары жасалынған, бірақ жоспарға сай жұмыстар атқарылмай, анықтамалар, мәліметтер жазылмаған, 2015 жылдың 19 қазан күнгі хаттама жазылған, бірақ аяқталмаған. Қызыл ту орта мектебінде ата – анамен түсіндіру – ақпараттық жұмыстары жүргізілмеген, 10 қазанда 1 жиналыс өткізген, хаттамасы талапқа сай жазылмаған.

Бірлес орта мектебінде мектеп әкімшілігі тарапынан алынған тест жұмыстарына мәтіндік талдау жұмыстары жүргізілмеген. Ал, Ақыртөбе орта мектебінде мектеп әкімшілігі тарапынан алынған тест жұмыстарының мәтіндік талдаудың ұсыныстары мен талдаудың кейбір мәтіндері бірдей, яғни бірі – екіншісінің көшірмесі тек сандар ғана ауыстырылған. Р.Смаилов атындағы орта мектепте мектеп әкімшілігі тарапынан алынған тест қорытындысына мәтіндік талдау жұмыстарында оқушылардың білім сапасындағы ауытқушылықтардың себептері анықталмаған, пән мұғалімдері нақты көрсетілмеген. Р.Смаилов атындағы орта мектеп, Бірлес орта мектебі, Ақыртөбе орта мектептерінде байқау тесттерін алу, тексеру, зерттеу бұйрықтары шығарылмаған, яғни мектеп әкімшілігі тарапынан зерттеу және зерделеу жұмыстары жүргізілмеген. Қызыл ту орта мектебінде алынған байқау тестілеулердің нәтижесіне сараптамалық талдау толық жазылмаған, тек сандық мәлімет жазылған.

Жамбыл атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі М.Қыдыралиев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Оспанова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Диярова, биология пәнінің мұғалімі Н.Ақбұзауова, Бірлес орта мектебінен тарих пәнінің мұғалімі М.Бейсембаев, қазақ тілі пәнінің мұғалімі C.Күзембаева, Р.Смаилов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі Д.Ауғанбаев, Ақыртөбе орта мектебінде орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Джунисова, физика пәнінің мұғалімі, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Г.Әйтенова алынған тестілеу нәтижесінде үлгермеушілік көрсеткенімен, үлгерімі төмен оқушылармен жоспар әзірленбеген, сыныппен және жеке оқушылармен мүлдем жұмыс жүргізбеген. Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде үлгерімі төмен оқушылармен жүргізетін іс –шаралар жоспары болғанмен, қайта өңдеу қажеттігі анықталды. А.Шынасилов атындағы орта мектебінде техникалық хатшының құжаттарында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс бойынша қосымша сабақ кестесі жасалынып, бекітілген, бірақ пән мұғалімдерінің қосымша сабақ кестесі, техникалық хатшының жасаған сабақ кестесімен сәйкес келмейді. Қазақстан тарихы, математика пән мұғалімдерінің қосымша сабақ кестесі жасалынған, журнал арнаған, атқарған жұмыстары көрсетілген. Алайда пән мұғалімдерінің қосымша сабақ кестелері бекітілгенімен, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б. Байбуланова, география пәнінің мұғалімі Н. Сейдахметова, биология пәнінің мұғалімі А. Каинбердиева, физика пәнінің мұғалімі Қуандық Сымбат үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізбеген. Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі Г. Айжанова, география пәнінің мұғалімі Б. Құрымбаев үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізбеген. Ал Малдыбай орта мектебінде пән мұғалімдерінің үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарлары болғанымен, қайта өңдеуі қажет. №1 мектеп-лицей, №2, Құлан орта мектептерінде пән мұғалімдері үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс өз деңгейінде жүргізілмейді. Жеке тоқталатын болсақ: №2 орта мектебінде соңғы тест қорытындысы бойынша орыс тілі, математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихи пәндері бойынша үлгерімі төмен оқушылар анықталса да, пән мұғалімдері Қазақстан тарихы (МамырбаеваГ.), қазақ тілі (Танбаева Г.), математика (Монбаева), орыс тілі (КаптагаеваА.), қазақ тілі орыс сыныптарында (Бисембаева А.) үлгерімі төмен оқушылармен жоспар жасап, қосымша сабақтар ұйымдастырмаған. №1 мектеп-лицейінде пәндер бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жоспар жасалғанымен, оқушылар қосымша сабақтарға келмейді. Әр тесттен кейін пән мұғалімдері талдау жұмыстарын жүргізген, бірақ талдаулары қысқа, салыстырмалы түрде жүргізілмейді. Қызыл ту орта мектебінде үлгерімі төмен оқушылар анықталса да, іс –шаралар жоспары әзірленбеген.

Жамбыл атындағы орта мектеп бойынша: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Оспанованың дайындық жоспары әзірленбеген. Тарих пәнінің мұғалімі М.Қыдыралиев тест жұмыстарына мәтіндік талдау жүргізбеген. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Диярова 11 сынып журналына алған мазмұндама жұмыстарының бағасын қоймаған. Сонымен қатар 11 сынып журналына бастапқы бақылау мен тоқсандық бақылау жұмысының бағасын қоймаған.

Бірлес орта мектебі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Күзембаева ҰБТ – ге оқушыларды дайындауға арналған іс-шаралар жоспарын жүйелеу керек.Р.Смаилов атындағы орта мектеп: Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Д.Ауғанбаевтың алынған тестілеу жұмыстарына мәтіндік талдау жүргізбеген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Қарақұлова алынған тестілеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес білім сапасында ауытқушылығы бар оқушылармен жұмыс жүргізбеген, 11 сынып журналында тоқсандық бақылау жұмысының бағасын қоймаған. Математика пәнінің мұғалімі О.Ибраймов қазан айынан бері алыған тестілеу жұмыстарына мәтіндік талдау жүргізбеген. Ақыртөбе орта мектебі: Орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Джунисова алынған тестілеу жұмыстарының арасында салыстырмалы талдау жүргізбеген. Тарих пәнінің мұғалімі Г.Әйтенова алынған тестілеу жұмыстарының арасында салыстырмалы талдау жүргізбеген. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде тарих пәнінен жоспарланған тақырып және тараулар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары алынбаған. Алынған тест тапсырмалары жалпылама түрде. Алынған жалпылама тест жұмыстарына мәтіндік талдау жасалынған. Үлгерімі төмен және тест нәтижесінде үлгермеушілік көрсеткен оқушылармен жұмыс жоспарланбаған. Ағылшын тілі пәні бойынша ҰБТ- ге дайындық барысында алынған тесттер жалпы тест, яғни жоспарында жоспарланған тақырып, тараулар бойынша тест алынбаған. Алынған тест тапсырмаларына жасалынған талдаулар қысқа және ашып жазылмаған. Жоспар бойынша материалдарды толықтыру қажет. Абай атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қойайдаров Айдостың Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша жоспары бар, бірақ мерзімі жылдың аяғына дейін қойылмаған. Осы уақытқа дейін 8 тест алған, бірақ бірде-бір сандық, мәтіндік талдау жазбаған, тек тест алумен шектелген.

Малдыбай орта мектебінде сынама тест қорытындыларына талдау сапалы жасалмаған. Пән мұғалімдері тесттерге салыстырмалы талдау жүргізбеген.

Бірлес орта мектебінің психологы Б.Рахметилдаева оқушылардан алынған сауалнамаларына анықтама жазбаған. Оқушылардың бағыт-бағдарын анықтауға арналған психологиялық құралдар қоры аз. Р.Смаилов атындағы орта мектептің психологы А.Дүйсебаева үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс әзірлемеген, алынған сауалнамаларға анықтама жазбаған. Психологиялық диагностика жүргізібеген. 11 сынып оқушыларына психологиялық кеңестер бермеген, хаттамалары жоқ. Ақыртөбе орта мектебінің психологы Н.Аксакалова ата-аналармен, оқушылармен және пән мұғалімдермен жұмысы жүйесіз, талапқа сәйкес келмейді. Алынған сауалнамаларға анықтама жазбаған. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде психологиялық қызметтің әлсіздігі байқалды. Мектеп психологы тарапынан үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық жұмыстар жоспарланбаған, алайда мектепішілік байқау тестілерінің нәтижесінде үлгермеушілік көрсеткен оқушылар анықталып отыр. Қыркүйек айында «Оқушылардың жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтау» тақырыбында оқушылардан алынған сауалнаманың хаттамасы жасалынбаған. Қазан айында өткен «Менің ішкі жандүнием» тақырыпты тренинг материалдары толық жинақталмаған. (психолог Сағынаева Фатима );

Орын алған кемшіліктерді сараптай келе ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында төмендегідей ұсыныстар беріледі:

1Бітіруші 11 сынып оқушыларымен ҰБТ –ге дайындық барысында үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, білім сапасын жақсарту мақсатында нақты жұмыстар атқаруға;

2.ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында бітіруші 11 сынып оқушыларымен негізгі пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізуге және мектеп әкімшілігі тарапынан қосымша сабақтардың өтілуіне, оқушылардың толық келуіне бақылау жасауға;

3.Бітіруші 11 сынып оқушыларымен ҰБТ –ге дайындық барысында жүргізілген жұмыстарды мектептің алқалы кеңестерінде талқылап, пәрменді шешімдер қабылдауға;

4.ҰБТ –ге дайындық барысында бітіруші 11 сынып оқушыларынан үздіксіз бақылау жұмыстары алынып, сапалы талдау жүргізуге;

5.ҰБТ –ге дайындық барысында бітіруші 11 сынып оқушыларымен психологиялық жұмыстар жүргізуге;

6.ҰБТ –ге дайындық барысында атқарылған жұмыстармен, ҰБТ бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бітіруші 11 сынып оқушылардың ата –аналарымен үздіксіз өткізуге;



Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІНІҢ ШЕШІМІ

Құлан ауылы «18» желтоқсан 2015 жыл


  1. Бітіруші 11 сынып оқушыларының Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары күшейтіліп, мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау, басқару, қадағалау жұмыстары күшейтілсін.

  2. Анықтамадағы кемшіліктерге жол бергені үшін тиісті қызметкерлерге тәртіптік шара қолдану мектеп директорларына жүктелсін.

  3. Барлық жалпы орта білім беретін мектеп директорлары бітіруші 11 сынып оқушыларының білім сапасын жақсарту бойынша нақты жұмыстар атқарып, үлгермеуші оқушылармен жұмыстар жандандырылсын.

  4. Барлық жалпы орта білім беретін мектеп директорлары бітіруші 11 сынып оқушыларынан үнемі сынама тестілеулер өткізіп, сапалы салыстырмалы талдаулар жүргізілсін.



Алқа төрайымы Л.Ш. Утеулиева

Хатшы Е.С. Сейтжапаров
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет