Билингвалды оқыту дегеніміз не?



Дата15.09.2017
өлшемі79,77 Kb.
#32958
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесінің алдына қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, әлеуметтік тұрғыда белсенді, ұтқыр, өзгерістерден қорықпайтын, халық үмітін ақтауга даяр болашақ қазақстандықты тәрбиелеу міндетін қойды. Елбасы атап көрсеткен бұл басымдықтар білім беру саласындағы барлық қызмет көрсетулер сапасын арттырудың негізгі бағыттарын айқындайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сонымен қатар кейбір пәндерді мектепте оқыту бір мезгілде қазақ тілінде де, орыс тілінде де, жүргізілуі туралы ойласу керектігін және бұл біздің бүкіл білім беру жүйеміз үшін жаңа міндет екендігін айрықша атап өтеді [1].
Адамзат баласының тарихында ұрпақ тәрбиесінің білім берудің маңызы қашанда ерекше. Сондықтан халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп ұстазға үлкен талап артып, жауапты міндет жүктейді. Сол жауапты міндетті арқалаған ұстаз шәкірт жүрегіне жол тауып биік белестерге жетелеудің жолын қарастырады. Өз ісінің шебері болу үшін көп ізденіп, қайта оқып, мол тәжірибе жинайды, әдіс алмастырады. Сондай жаңа бір әдістің түрі «Билингвал оқыту жүйесі» жаңаша оқыту арқылы біз оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, өз- өзін еркін ұстауға, тілін, ойын еркін жеткізуге, қысылмай сөйлеуге, топпен жұмыс істеуге, бірін-бірі білуге, қазақ тілін өз ана тіліндей меңгеруге үйретеміз.
Қазіргі кезде Республикамыздың өзге ұлт мектептерінде оқытудың жаңа әдістерінің бірі «Билингвалды оқыту жүйесі» болып табылады. Билингвалды оқытуда -қазақ тілі тек қана пән ретінде емес кейбір пәндерді қазақ тілінде оқыту кұралы ретінде қолданылады, яғни осы әдіс бойынша оқытуда әрі оқу мазмұнын меңгеруде 2 тілді қатар қолдану болып табылады. [2].
Билингвалды оқыту дегеніміз не?
- билингвалды оқытуда - қазақ тілі тек қана пән ретінде емес, кейбір
пәндерді қазақ тілінде оқыту құралы ретінде қолданылады;
- билингвизм, немесе екі тілділік - екі тілді меңгеру және қолдану;
- билингвал оқыту - екі тілде оқыту қолданатын мақсатқа бағытталған жүйе;
- билингвалды оқыту - оқу мазмұнын меңгеруде екі тілді қолдана оқыту;
- билингвалды оқыту - аудармасыз оқыту;
-билингвалды оқыту - бір мақсатқа бағытталған процесс.
Билингвалды оқытудың мұғалімге қоятын талаптары:
1. Тұлғаның қасиеттері:
- өздігінше іздену, сенімділік, әріптестердің жұмысын бағалай білу;
- өзге ұлт мәдениетіне қызығушылықпен қарап, қарым –қатынас жасау қабілетінің артуы;
- этникалық дүниетанымы кеңейіп, өзіне сенімділік пайда болу.
2. Мұғалімнің білімі:
- өз пәні бойынша академиялық білім алу;
- әдістемелік технологияларды білу;
- екі тілді білу (ана тілі мен қазақ тілінде );
- әлемдік билингвал оқытудың тарихын, тәжірибесін білу;
3. Дағды және біліктілік:
- білімді интеграциялау;
- ұйымдастырушылық;
- зерттеушілік;
- топ болып жұмыс істеу;
4. Педагогикалық технология:
- дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту әдістерін біріктіру;
- шығармашылық жүмыс жасау;
- көрнекі құралдарды пайдалану;
- интернет ресурсын тиімді пайдалану. [3,92].
Мұғалім ұйымдастыру кезеңін екі тілде немесе ана тілінде бастайды да, үй тапсырмасын екі тілде сұрап пысықтайды. Сонда қандай пән болсын ондағы термин сөздердің қазақша баламасын кез келген оқушы тусініп ұғып отырады. Болашақта ешқандай қиындық тумайды. Күнделікгі тамған бір тамшы су сияқты бірнеше сөздерден оқушының сөздік қоры молайып бара береді. Тест тапсырмасын орындауда жаттығу жұмысын жазуда еш нәрсе бөгет бола алмайды. Сөздік кітаптарын іздестіріп ондағы сөздің баламасын табуға уақыт кетпейді, міне осының бәрі оқушы үшін тиімді әрі қолайлы.
Жаңа тақырып міндетті түрде ана тілінде түсіндіріледі. Бала ана тілінде білім нәрімен сусындауы тиіс. Ал, жаңа тақырып мемлекеттік тілде пысықталуы тиіс. Сонда жаңа тақырыптағы сөздердің мағынасы кең ашылып, оқушының тез ұғынуына қолайлы болады. Қорытынды екі тілде немесе ана тілінде болады.
Билингвалды оқыту жүйесінің кез келген сыныптан бастап оқытуға болады. Бастысы бір жүйеде мақсатты түрде болса болғаны. Осы жүйеде оқыған балдардың айтар ерекшелігі қазақ тілін тез үйреніп, тіпті қазақ тілде оқытылатын өз замандастарымен оза шабуға бәсекелестікке де дайын болады.
Билингвалды және көптілді білім - жан-жақты мәдениетті, креативтік, толеранттық, дүниетанымдық құзіреттілігі қалыптасқан, дамыған түлғаны қалыптастырудың негізі.
Ана тілін сақтай отырып, мемлекеттік тіл - қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілін білу және шет тілдерінен бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтіп, коммуникативтік құзіреттілігі дамыған, ұлтаралық қатынас мәдениеті қалыптасқан тұлға болып дамуына жол ашады. [4].
Мектептің оқу-тәрбие процесіне билингвалды жэне көптілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі:
- бүгінгі қоғамда көптілді және жан-жақты мәдениетті тұлғаға деген
сұраныстың артуы;
- ұлттық мектеп бітірушілерін жалпы қазақстандық және әлемдік
білім мен ақпарат кеңістігіне интеграциялануындағы проблемаларды
шешу қажеттілігі;
-болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы;
-ұлттық мектеп бітірушілерінің коммуникативті, толеранттық және ақпараттық құзіреттілігінің жеткілікті деңгейіне қол жеткізу. [5].
Билингвал оқыту жүйесін қолдану аясында мектепте айтарлықтай нәтижелер болып, көптеген жетістіктерге жеттік:
- балалар мемлекеттік тілді толық меңгере білді;
- екі тілде еркін ойлау, сөйлеу дәрежесі дамыды;
- МАБ және кешенді тест барысында көрсеткіштер жақсара түсті;
- шәкірттер кез келген оқу орындарында, сайыстарда білімдерімен
қоғамдық бәсекелестікке сай бола алатындығын керсетті;
- шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз тұрғыластарынан қалмау үшін не
істеу керектігін аңғарады;
- өз зейінін тәрбиелейді;
- білім жүйелілігі мен тізбекті байқайды;
- ойланып оқуға дағдыланады;
- ойлау мен іс-әрекетіндегі еркіндік пайда болды;
-тапсырмаларды орындағанда алған бетінен қайтпау.
Қазіргі таңның басты мәселесі болып отырған да осы білім,тәрбие ісі. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде білім ордасының алатын орны ерекше. Көптілді оқыту қазіргі күннің заман талабы. Дана халқымыз: -"Тілі бірдің-тілегі бір", "Тіл байлығы-ел байлығы" екендігін әрдайым жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету-баршамыздың міндетіміз. Сондықтан, тілсіз ұлт-ұлтсыз тіл болмайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның болашағы мектептен басталады", - деген сөзінен бүгінгі білім ордаларына қойылатын үлкен міндетті аңғарамыз. [3].
Ұлы жазушы Ғ. Мүсірепов «Жазушы жазуын қойған күні өлгені», -деген екен. Сол сияқты мұғалім оқуын іскерлік қабілетін өз бетінше ізденуін тоқтатқан күні мектеп табалдырығын аттамағаны дұрыс. Мұғалім күнделікті оқу арқылы ойы мен бойына білім қорын жинауы тиіс. Заман талабына сай оқушының білім сапасын көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізіп, үнемі ізденуден жалықпайтын, жаңа әдісті мең

герген ұстаз нәтижелі табысқа жете алады



Билингвальды оқыту мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін оқушы үшін де, мұғалім үшінде тиімді тәсіл. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастыру кезеңін екі тілде немесе ана тілінде бастайды да, үй тапсырмасын екі тілде сұрап пысықтайды. Сонда қандай пән болсын ондағы термин сөздердің қазақша баламасын кез келген оқушы түсініп ұғып отырады. Болашақта ешқандай қиындық тумайды. Күнделікті тамған бір тамшы су сияқты бірнеше сөздерден оқушының сөздік қоры молайып бара береді.Тест тапсырмасын орындауда, жаттығу жұмысын жазуда еш нәрсе бөгет бола алмайды.Сөздік кітаптарын іздестіріп ондағы сөздің баламасын табуға уақыт кетпейді міне осының бәрі оқушы үшін тиімді әрі қолайлы. Жаңа тақырып міндетті түрде ана тілінде түсіндіріледі. Бала ана тілінде білім нәрімен сусындауы тиіс. Ал, жаңа тақырып мемлекеттік тілде пысықталуы тиіс. Сонда жаңа тақырыптағы сөздердің мағынасын кең ашылып оқушының тез ұғынуына қолайлы болады. Қорытынды екі тілде немесе ана тілінде болады. Бұл жүйе жаңалық болғандықтан ең алдымен жүйені ендірмес бұрын оны сатыға бөліп кіргізуді жөн көрдік. 1.Билингвал әдісін қолданғанымызға да 8-9 жыл болғандықтан оқушылар да мұғалімдер де біраз тәжірибе жинап ысырылып кәдімгідей еш қиындықсыз білім үрдісінде қолданыуда. 2.Пәндердің саны жыл артқан сайын көбейіп, оқушылардың сапалы білім алуына сүбелі үлесін қосуда. 3.Тестке дайындайтын негізгі пәндердің барлығы түгелдей билингвал оқыту әдісіне көшті. Осы билингвал оқыту жүйесін қолдану аясында мектепте айтарлықтай нәтижелер болып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік: -Балалар мемлекеттік тілді толық меңгере білді; -2 тілді еркін ойлау, сөйлеу дәрежесі дамыды; -ҰБТ, ОЖСБ және кешенді тест барысында көрсеткіштер жақсарды; -шәкірттер кез келген оқу орындарында, сайыстарда білімдерімен қоғамдық бәсекелестікке сай бола алатындығын көрсетті; -шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз тұрғыластарынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады; -өз зейінін тәрбиелейді; -білім берудің жүйелілігі артқаны байқалды; -ойланып оқуға дағдыланады; -ойлау мен іс-әрекетіндегі еркіндік пайда болды; -тапсырмаларды орындағанда алған бетінен қайтпау; -оқушылардың коммуникативті болуы және қоғаммен интеграциялануы; -келешекте жоғары оқу орнында оқуы және қоғамдық өмірдегі бәсекелестікке сай болуы; Мектепте өтілетін барлық пәндік іс-шаралар, атап айтсақ интеллектуалдық ойындар, әртүрлі сайыстар, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер осы билингвал әдістері арқылы өтеді.
Әр пән өзіне тиісті саланы тәпіштеп қарастырады. Алайда, олардың арасында диалектикалық байланыс болуы тиіс. Егер физиканы оқытуды пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыра білсек оқушылардың білім және білік сапасын арттыруға септігін тигізер еді. 1. Физика мен математика байланысы. Бұл екі пән тарихи тығыз байланысқан төл пәндер. Оқушы математикалық есептеулерді білмейінше физикалық есептерді шеше алмайды. Геометрияны білмейінше кеңістік ұғымын, жазықтықтағы қозғалысты көз алдына елестете алмайды. Функция ұғымын білмесе, физикалық шамалар арасындағы байланысты түсінбейді, графиктік тәсілмен есептерді шешу мүмкін емес. Функция жөніндегі мәліметтерді оның графигінен тауып алуға болады. Олай болса, функцияны оның графигінен бөліп қарауға болмайды. Физиканы оқытуда статистикалық әдісті қолданғанда жуықтап есептеу, орташа мән, орташа квадраттық мәндерді табудың математикалық әдістерін оқушы жетік білуі керек. Бір сөзбен айтқанда, физика пәні мұғалімі өзінің талаптарын, әдістері мен жұмыс тәсілін математика пәні мұғалімімен келісе отырып жүзеге асыруы керек. 2. Физика мен химия байланысы. Физика мен химия бірін-бірі өзара толықтырып отырады. Құбылыстар мен үрдістерге бірдей теориялар мен заңдарды қолданып отырады. Оларды әрқырынан (физикалық, химиялық) қарастырып зерттейді. Мысалы: молекула-кинетикалық және электрондық теория, газ заңдары, электролиз заңдары, диффузия құбылысы т.б. Физика мен химияны оқытудың байланыстылығы заттардың атомдық-молекулалық құрылысын оқып-үйренген кезде ерекше қажет. 3. Физика мен биология байланысы. Физиканың биология ғылымдарымен байланысы ерекше өріс алды. Бұл биофизика, агрофизика, бионика сияқты ғылымдардың пайда болуымен түсіндіріледі. Бұл аралық байланыстар орта мектепте тиісті оқу пәндерін оқып үйренгенде көрініс табады. Мысалы: биологиялық пәндерді оқығанда жылу, температура, энергия, жарық, ылғалдылық сияқты физикалық ұғымдар пайдаланылады. Газдардың, сұйықтардың, қатты денелердің қасиеттерінің көріністерімен танысады. Таразыны, лупаны, микроскопты т.с.с. құралдарын пайдаланады. Электрді оқып-үйренгенде электр зарядтары мен электр өрісінің жасушалардың қызметтеріндегі ролін, ағзадағы биотоктар жөнінде айтып беруге болады. Биологиялық нысандардың қасиеттерін физикалық тұрғыдан түсіндіріп, мүмкін болса көрсетіп (демонстрациялап), есептер шешіп отыру аралық байланысты нығайта түседі. 4. Физиканың дүниетану,жаратылыстану және геогрфиямен байланысы. Бастауыш сыныптан бастап оқушылар дүниетану, жаратылыстану және география сабақтарында заттың үш күйін, ауаның жылуды нашар өткізетіндігін және серпімділік қасиетін, сондай-ақ қыздырғанда денелердің ұлғаятындығын оқып-үйренеді. Жердің қозғалысы, пішіні мен өлшемі,магнит өрісін анықтауда құлабызды қолдану, атмосфераның құрылысы, сынап және металл барометрлерімен атмосфералық қысымды өлшеу жөнінде мағлұматтар алады. Табиғаттағы судың айналуы (су – бу - бұлт – жауын – су), өзендер мен желдің энергиясын пайдалану т.б. құбылыстардың себептерімен танысады. Аталған мәселелерді физика курсының көптеген тақырыптарын тереңірек оқып - үйренуге пайдалану тиімді нәтиже береді. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау және экология жөніндегі ғаламдық мәселелерге үлкен мән беріледі. Бұл өзекті мәселені шешуде физиканың атқаратын ролі зор. 5.Физиканың технологиямен байланысы. Физика сабақтарында оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін пайдалану аса маңызды.
Каталог: uploads -> doc -> 0561
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0561 -> Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру, бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сто әдісі, баяндау, талдау
0561 -> Сабақтың тақырыбы Тұйық етістіктің түрленуі Сабақтың жалпы мақсаты
0561 -> Мухаммед бен Муса ал-Хорезми
0561 -> Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, топтастыру, үйрену


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет