Биология пәнінде дәСТҮрлі емес сабақтарды қолдану мыңбаева Н. Е



Дата07.05.2017
өлшемі82,73 Kb.
#16141

БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ


Мыңбаева Н.Е.


«Биология» мамандығының студенті

Ғылыми жетекшісі,  ғылым магистрі Абдукадирова Г.А.

Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.


Бұған дейінгі дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік қалыптасуына көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие процесіндегі мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға білім беру процесі өз дәуірінде болуы керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұнын әртүрлі саладағы ғылымдардың өзара әрекеті даму процесінің жаңа тұрғыдан жетілуіне ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақты қолдануы тиіс.

Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген, оқушыларды қызықтыратын қызықты сабақтар – дәстүрлі емес сабақтар. Дәстүрлі емес сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ізденімпаздық пен шығармашылыққа баулу. Дәстүрлі емес сабақтардың міндеті – оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту. 1 – кестеде дәстүрлі емес сабақтардың міндет – мақсаттарын көрсетілген.

Ой қорыту сабақтары – оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой – түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.

Ой қорыту сабақтарына: лекция, семинар, конференция, баспасөз конференциясы, сынақ сабақтар, ХХ ғасыр көшбасшысы сабағы, телекөпір, интегралды сабақ, бинарлық сабақ, модульдік сабақтарды жатқызуға болады.






Кесте 1. Дәстүрлі емес сабақтардың міндет – мақсаттары

Дәстүрлі емес сабақтар







Мақсаты



Міндеті





Тәрбиелік

Дамытушылық




Білімділік



 Танымдық


белсенділігін

арттыру


 Өз бетінше

жұмыс


жүргізу және

ой қорытуға

дағдыландыру

 Ізденімпаз- дыққа

үйрету


 Оқушының


қызығушылығын

 Тақырыпты

толық меңгеру

 Алған білімдерін

өмірде қолдана алуға үйрету

 Сөйлеу мәдениетіне

төселдіру




 Ойлау қабілетін дамыту

 Шығарма- шылық

 Сөздік қорын байыту

 Адамгерші- лік


 Еңбек-

сүйгіштік

 Ұйымшыл- дық

 Жолдастық көмек беру

және қарым-қатынасқа

үйрету

Қазіргі педагогика ғылымында дәстүрлі емес сабақтардың 70-тен астам түрлері белгілі болды. Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу формасы мен мақсат – міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары ( 2-кесте ).

Ойын – оқушылардың оқу, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Оқушы ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Оқушы үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағыш келеді. Жалпы оқушы табиғаты өзін бірнеше есе үлкен етіп көрсетуге бейім [1, 8-9 б.].


Кесте 2.

Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері


Дәстүрлі емес сабақтар



Ой қорыту сабақтары

Ойын сабақтары

Жарыс сабақтары




 Лекция


Семинар

 Конференция

 Баспасөз конференциясы

 Сынақ


 ХХІ ғасыр көшбасшысы

 Қоғамдық білім байқауы

 Телекөпір

 Интегралды сабақ

 Бинарлық сабақ

 Модульдік сабақ


 Саяхат


 Театр

 Концерт

Тренинг

 Жұлдызды сағат

 Ғажайыптар алаңы

 Ойлан, тап!

 Аукцион

 Бақытты сәт


 Сайыс


 Не? Қайда? Қашан?  КТК (көңілді тақырыптар клубы)


Жарыс сабақтары. Жарыс сабақтары – дәстүрлі емес сабақтарының ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады

Жарыс сабақтарына жататындар:

1) Сайыс сабағы (Не? Қайда? Қашан?)

2) КТС (көңілді тапқырлар сайысы) және т.б. сабақтар жатады.

Барлық жарыс сабақтарының құрылымы бірдей. Жарыс сабақтарында сынып 2 топқа бөлінеді, әр топтың өзінің жанкүйерлері және топ басшылары болады. Жарысқа қатысатын әр топтың сабақтың тақырыбына байланысты, аты, ұраны болады. Жарыс сабақтары: сәлемдесу, топ басшыларының сайысы, жанкүйерлер сайысы сияқты бөлімдерді міндетті түрде қамтиды, ал қалған бөлімдерді сабақтың тақырыбы мен сыныптың біліміне қарай таңдалынып алынады. Жарыс сабақтары оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, жолдастық көмекке үйретеді. Жарыс сабақтарына әсіресе орта оқушылар мен бұйығы оқушылар ерекше ынтызарлық білдіреді. Жарыс сабақтарында бұндай оқушылар өздерін еркін ұстап, жарысқа қатысып, пәнге қызығушылық таныта бастайды. Жарыс сабақтарының оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын арттыруда атқаратын рөлі орасан зор [2, 55-б.].

Сайыс сабақ. Тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында қайталау сабағын сайыс сабақ ретінде өткізудің маңызы зор.

Тренинг дегеніміз – белгілі бір тақырыпта өткізілетін жеке сабақтың бір түрі. Тренинг қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек.

Тренинг сабағының ерекшеліктері:



  1. Оқушылардың сабаққа өз еркімен белсене қатысуы.

  2. Оқушылардың өз білімдерін көрсете білуі.

  3. Оқушылардың есептерді бірігіп, талдап шешу жолдарын іздестіруі.

  4. Оқушылардың топпен жұмыс істеуі.

  5. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дамуы.

  6. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы [3, 38-б.].

Қорыта айтқанда, оқытудың дәстүрлі түрлерінің мүмкіндігі шектеулі, мұғалім тек оқыту жағдайында ғана болады. Ал дәстүрлі емес сабақ түрін, мұғалім режиссерлік, консултанттық, ойлап табушы немесе суретшілік, сондай–ақ оқушының белгілі іс-әрекеті мектептегі білім үрдісін ұйымдастырушы міндеттерін бірдей атқара алады. Мұнда әр түрлілік болашақ маманның жан – жақты дамуын, оны ой іс - әрекетінде жүйелік сипаттамаларының болуын қамтамасыз етеді.Дәстүрлі емес сабақтарды қолдану оқушыны сабаққа дайындалуда белгілі бір жүйелілікке үйретіп, оның пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады, мамандық таңдауға деген көзқарасы қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Сарманов Е, Капаров С. Оқытудың жаңа технологиялары Шымкент

2005 ж. 8-9 б.

2. Махмутов М.И. Современный урок и пути его организации. –М:

«Знание», 2006г.



3.Қонысбаева Қ. Тиімді әдіс-тәсілдер. // Биология және салауаттылық негізі, №4 2011ж. -38 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет