«бір ел бір кітап» акциясы 2014 г



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі243,5 Kb.
#45327
  1   2
«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2014 г.

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы биыл сегізінші рет ұйымдастырылуда.

Ұлттық академиялық кітапханада академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауыс жинауына байланысты, 2014 жыл кітабы болып Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары таңдалып алынды.

Сіздерді, Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты повестерін оқуға, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапханалық – ақпараттық орталығына қарасты кітапхана-бөлімшелерінде өткізілетін шараларға белсене қатысуға, рухани нәр, тәлімдік тәрбие беретін баға жетпес мәдени мұра көркем әдеби шығармаларды бірге оқып, ой бөлісуге шақырамыз



Сонымен қатар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кітапханалық – ақпараттық орталығы «жастар өмірінің энциклопедиясы» атанған Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Басында Үшқараның...» атты шығармаларын қалың оқырмандар арасында насихаттау мақсатында кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, әдеби кештер, кітапханалық анонс, әдеби клуб отырыстары, пікірталастар, оқу марафондары және т.б. көптеген мазмұнды әрі қызықты шаралар ұйымдастырады.

Халық жазушысы Сайын Мұратбековтың өмір баяны

Халық жазушысы Сайын Мұратбеков Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында 1936 жылы, 15-шi қазанда дүниеге келген.

Сайынды жастайынан атасы Мұратбек бауырына салып, өсiрiп-тәрбиелеген. Өз әкесi Сапарғали Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер.

Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Ұлы Отан соғысынан кейiнгi кезеңде халық құрметiне бөленген жазушы, Қазақстан Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көркемсөз зергерi, бөлекше дарын иесi Сайын Мұратбековтың алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған.

Содан бергі уақытта «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Отау үйі», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін» атты жинақтары, таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрген.

Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман – повестерін, сондай-ақ Г. Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың «Тас қалам» романын қазақшалаған. «Тел өскен ұл» кинофильм сценарийінің авторы.

Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген.

Жазушы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.



Жазушының шығармалары

Мұратбеков С.

Жусан иісі [Мәтін]: Повесть

/Сайын Мұратбеков.

-Алматы: «АнАрыс» баспасы, 2009.- 324 б.
«Жусан иісі» атты повесінде екінші дүниежүзілік соғыс

жылдарындағы

кішкентай бір ауылдағы балалардың бастан кешкен оқиғасы,

көрген ауыртпашылықтары, қазақ ауылының ауыр жағдайы,

халықтың басына түскен қайғы-қасірет суреттеледі.

Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян.



Оған ақылдылық, ұқыптылық, мақсаткерлік тән



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет