Біріккен сөздер



Дата19.05.2020
өлшемі13,49 Kb.
#69757
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ
Шакаримде сабақ

Біріккен сөздер
Екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. Мысалы: алгысөз, белбеу, баспасөз, ашудас, өнеркәсіп, тоқсан екі сөзден құралып (алғы және сөз, бел және бау, яғни бау, баспа және сөз, ашу я ащы және тас, кейінгі ықпал заңы бойынша т дыбысы д-ға айналып, тас сөзі дас болған; өнер және кәсіп, тоғыз — тоқс және он — ан), бір ұғымның ғана атауы болып тұр.
 
Қазақ тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірі — құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады. Мысалы: туйекұс (түйе-құс), бұзаубас (бұзау-бас), қарақұрт (қара-құрт), басмақала (бас-мақала) т. б. Екіншісі құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл және жыл, бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалған, екінші сөздің басындағы ж дыбысы й-ға айналған), жаздыгуні (жаздың және күні, бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп қалган, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгерінді ықпал заны бойынша г-ге айналған), түрегелді (тұра және келді, бірінші сөздегі дауысты дыбыстар екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп ұ-ү-ге, а-е-ге айналған, екінші сөздің басындағы к дыбысы г-ге айналған). Бұлар ғылым тілінде кіріккен сөздер деп аталады.
Біріккен сөздерге көбіне мынадай атаулар жатады. 1. Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, текесақал, алабота, аққу, қарақұрт, итмұрын, саңырауқұлақ, бәйтерек, бәйшешек т. б.
2. Географиялық атаулар (жер, су, планета аттары); Жетіқарақшы, Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, Қызылорда, Әулиеата, Алакөл т. б.
3. Кісі аттары: Орынбасар, Сейілбек, Мұхамеджан, Қойбагар, Жаңбырбай, Есенәлі, Бейсенбай т. б.
4. Дене мүшелері, анатомиялық атаулар: асқазан, тоқішек, ұлтабар, мойыномыртқа, кәріжілік, сегізкөз, тазқарын т. б.
5. Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қылтамақ, қарасан т. б.
6. Ойын атаулары: алтыбақан, ақсуйек, балтамтап, доптаяқ, орынсатпақ т. б.
7. Ән, күй, өлең аттары: Саржайлау, Сарыарқа, Қараторгай, Кісенашқан, Сегізаяқ т. б.
8. Қоғамдык өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі атаулар: баспасөз, қолбасшы, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы, ақсақал т. б.
9. Мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін, қыстыгүні, жазғытұрым, күздігүні, әнеугүні т. б.
10. Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар: ешкім, ештеңе, қайсыбіреу, әлдекім, әрқайсысы, ешқашан, кейбір, әрбіреу, әлдеқашан т. б.
БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ.
1. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, шекара, қарақұс, әлденеше, әркім, Ақтөбе, Талдықорган, бесжылдық.
2. Кіріккен сөздер түбір тұлғасының дыбыстық өзгерген түрінде жазылады. Мысалы: ашудас (ашутас емес, ащытас емес), ендігәрі (ендігіденәрі емес), сөйтіп (солайетіп емес), қонағасы (қонақасы емес), Өмірзақ (Өміріұзақ емес), Бегәлі (Бекәлі емес), бүгін (бұл күн емес) т. б.
3. Еш, бір, әр, кей, әлде деген сөздер есімдіктермен (мысалы, еш сөзі кім, бір, қандай, қайда, қашан, теңе сөздерімен, бір сөзі неше, талай, аз, ыңгай, келкі, жола, жолата, қыдыру сөздерімен, әр сөзі кім, қашан, қайсы, дайым, бір, қалай сөздерімен, кей сөзі бір, біреу сөзімен, әлде сөзі кім, қашан, қалай, қайда сөздерімен) бірігіп жазылады да, зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда, олардан бөлек жазылады. Мысалы: еш бала, еш жерде, бір мектепте, әр оқушы, кей адам т. б.
35

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет