«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері



бет1/7
Дата30.11.2016
өлшемі1,36 Mb.
#2861
  1   2   3   4   5   6   7
«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері

«Бизнес этиасы» пәнінен қысқаша дәріс тезистері


1, 2 - тақырып. Бизнес этикасы: пәні, мазмұны, анықтамасы. Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары.

Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.

Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез – құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.

Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым – қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.

Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез – құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым – қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.

Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.



Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.

Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан.Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:

1.Этикалық ізгіліктер.

2.Дианоэтикалық ізгіліктер.

Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық,батылдық,шыншылдық.

Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат.

Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады.Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.

Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.

Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.

Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан.Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Этика Грек тілінен аударғанда «Әдеп» дегенді білдіреді.

Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді.Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды.Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.

Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.

Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды.Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді – деген екен.

Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.

Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.

1.Адам мен Полис бірлігі.

2.Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейліншесену.

3.Эвдомоманы яғни бақытты адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану

Қазіргі этика адамзат тарихының ежелгі кезеңімен өте тыгыз байланысты. Қазіргі кезде этиканың ең басты пәні Мораль.Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.

Коптеген философиялық,теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады.Олар: Достық, Махабат, Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық, ұят, абырой, парыз, Әділеттілік бақыт.

Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.

Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.

Әдеп – қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады.Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары,Министрлер,Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.

Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты.Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.

Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.

Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.

1. Бақыт дегеніміз – жолы болып жұлдызы жаңғандық.

2. Бақыт дегеніміз – Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.

3. Бақыт дегеніміз – Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.

4. Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе,жалпы өмірге көңілі толған төрт құбылаң түгелдік күйі.
Бизнес әдебiнiң мазмұны және анықтау түсiнiгi.

Әдептiлiктiң утилитарлық - ағартушылық тақырыбының iскерлiк өмiрiнде адамның экономикалық iс әрекетiне дiннiң, моральдiң, мәдениеттiң әсер етуi.

Құрама Штаттар мен Батыс Европада бизнес әдебi ғылыми тәртiп ретiнде бұрыннан өмiр сүредi, менеджмент, экономика, стратегиялық жоспар, қаржы, есеп, маркетинг, ракурсына сәйкес зерттелетiн. Бизнес этикасы бiлiм саласының қолданбасы ретiнде Құрама Штат және Батыс Европада ХХ ғасырда 1970 жылдары құрылды.

Ғылыми қауымдастық және iскерлiк әлем кәсiби бизнесмендер iскерлiк операцияларды жүргiзуде сондай-ақ, «қоғам алдында корпорациялық жауапкершiлiктер», «Әдептiлiк сана сезiм» қажеттiгiн жетiлдiру туралы келiсiмге келдi. 1980 жылдар басында АҚШ-та бизнес мектебiнiң көпшiлiгi сонымен бiрге кейбiр университеттер өздерiнiң оқу бағдарламасында әдеп бизнесiн өткiзедi. Бизнес этикасында бизнестiң мораль мәселелерiнiң 3 негiзгi әдiсi бар. Үш негiзгi жолдамаға тiрелетiн утилитаризм, деонтикалық әдеп, және «әдiлеттiлiк әдебi». Америка ғалымдары М. Валаскес, Дж. Ролза, Л. Нэш еңбектерiңде көрсетiлген. Қазiргi уақытта бизнес әдебiнiң курсына Ресей және Қазақстан оқу орындарының кейбiр оқу жоспарына кiредi.

Бизнес әдебiнде ең негiзгi лауазымдардың бiрi болып утилитаризм тұжырымдамасы табылады. Моральды ақталған болып соңында ең аз пайдалы тиiмдiлiкке әкелетiн әрекет табылады.

Барлық мүмкiн болатын iс-әрекет нұсқалары негiзiнде табыс пен шығын түрiнде жағымды не негативтi тиiмдiлiгiн ескеру қажет, сондай-ақ оның салдарын болжау, оның iшiнде әрбiр жалған нәтижелерiн теориялық утилитаризм ережесiн қолдану, толыққанды мәселелерiмен байланысты, оның қатарындағы ең негiзгiсi «қоғамдық пайданы» толығымен анықтау қажеттiлiгi. Кейбiр жағдайда табыс пен шығын өлшемге берiлмейдi. Көп жағдайда табыс пен шығын мөлшерiн болжау, сондай-ақ оларды сан жағынан бағалау мүмкiндiгi болмайды.

Сонымен өте белгiлi фундаментальдi ғылыми зерттеулердiң табысы мен шығысын анықтау мүмкiн емес.

Теориялық нормалар утилитаризмiнiң жағдайларын келесi принциптермен көрсетуге болады:

1) әдеп көз қарасы жағынан қандай болмасын акция заңды, тек қана мораль нормаларының реализациясының қажеттiлiгi болған жағдайда ғана;

2) мораль нормасы түзу тек қана, онымен жүретiн табыс, альтернативтi норманы қадағалау нәтижесiндегi жалпы табысынан гөрi жоғары көрсеткiштi болса.

Iскер өмiрдiң мәселерiне басқа тұрғыдан қарау деонтикалық әдептi және борыштық әдептi ұсынады. Осы тұрғыда түсiнiк орталығы құқық болып табылады. Бұл түсiнiктi кез-келген бизнесмен кездестiредi. «Құқық» терминi адамның кез-келген нәрсеге қарым-қатынаста моральдi түрде қолдануы. Индивид кез-келген адаммен немесе нақты бейнемен қарым - қатынас жасағанда қандай да бiр құқықтарды игередi.

Моральдi құқықтың 3 ерекшклiгi бар. Олар: жауапкершiлiкпен, автономды және тең құқықты мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн мақсатты таңдауды, iс-әрекеттiң және қамқорлық жасаудың немесе басқа адамдарға көмектесумен байланысты.

Утилитарлық тұрғы және моральдық құқықтық позициялық тұрғының арасындағы басты екi айырмашылықты бөлiп қарауға болады. Моральдiк құқық моральдiк талаптардың бейнесi болып табылады, ал утилитарлық моральдiк нормалар мәнi бойынша ұжымдық болып табылады да, онда нормативтiк базалар қоғамдық пайдалы және сапалы факторлар ретiнде бейнеленедi.

Бизнес этикасы келесi категориялық императивтi құрастырады: «адамгершiлiк мақсат ретiнде өзiне немесе басқа адамдарға тек бiр құрал ретiнде қарастырылсын» Кант өз еңбектерiнде жауапкершiлiк заңдылықтарын этикалық шешiмдердi барлық адамдарға тән рационалистiк этиканы қалыптастыра отырып қарастырған. Iскерлiк өмiрдiң мәселелерiн 3 тұрғыдан қарастырғанда бизнес категориясына әдiлдiктi қолдануға талдау жасауымен байланысты. Утилитаризм этикасы және деонтикалық этиканың арасындағы айырмашылық «әдiлдiк этикасын» қолданумен айрықшаланады.

Соңғысы бизнеспен қоғамды тұтас қарым - қатынас негiзiнде қарастырады, мысалы корпорациялар арасындағы қарым-қатынас.соған қоса әдiлдiк стандарттары моральдiк құқықтан жоғары тұрмайды. Әдiлдiктiң өзi индивидтiң моральдiк құқығына негiзделедi.

Дж. Ролз әдiлдiк туралы өзiнiң түсiнiгiн келесi принцптер негiзiнде құрастырған:

1) әрбiр адам бостандыққа, басқа адамдармен бейбiт өмiр сүруге тең құқықты;

2) әлеуметтiк экономикалық теңсiздiк параметрлерi келесiдегiдей болуы қажет:

а) табысты артық мөлшерде қамтамасыз ету;

б) билiктi жүргiзушi мекемелер және лауазымды адамдар тең құқықты болуы керек.



1 сурет - Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары
Негізгі сұрақтар


  1. Этика дегеніміз не?

  2. Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар?

  3. Антикалық этикада неше мұрат анықталған?

  4. Әдеп дегеніміз не?

  5. Іскерлік өмірдің әдеп мәселелері.

  6. Бизнес әдебінің ғылым ғылым ретінде қалыптасуы.

  7. Бизнес әдебінің құрылымы.

  8. Мораль және әдеп. Мораль және құқық.

  9. Адамдардың қатынас теориясы.

  10. Утилитаризм тұжырымдамасы.

  11. Деонтикалық этикасы.

  12. Әділеттілік этикасы.


3, 4 - тақырып. Кәсіпкердің этикалық заңдар жинағы. Кәсіпкердің қоғамдық санасы.

Әдеп кодексi. Бизнестегi мораль нормалары түсiнiгi. Кәсiпкердiң қасиетi iс-әрекетiнiң этикасын қамтамасыз ету. Өркениеттi кәсiпкердiң моральдi-этикалық кодексi.

Мораль - адамдардың қоғамдағы iс-әрекетiн нормативтi бағыттайтын ең негiзгi құралдардың бiрi. Қоғдық сананың және және қоғамдық қатынастардың ерекше формасы. Әдептi оқыту пәнi.

Кәсiпкердiң моральдi - этитикалық кодексi бизнесменнiң моральдi және әдiл, адал кәсiпкер ретiнде тарихи дамуды көрсетедi.ХХ ғасырдың басында Ресей кәсiпкерлерi кәсiпкерлiк iстiң келесi принцптерiн өндеп шығарған:

1) билiктi құрметте;

2) әдiл және шынайы бол;

3) жеке меншiктi құқықты құрметте;

4) сөзiне сенiмдi бол;

5) адамды сүй және құрметте;

6) қаражат бойынша өмiр сүр;

7) ұмтылғыш бол.

Қазiргi заманғы кәсiпкердiң этикалық кодексi:

1) өзiнiң еңбегiне өзi үшiн ғана емес, қоғам, мемлекет, басқа адамдар үшiн пайдалы болу сенiммен қарау керек;

2) қоршаған адамдарға жұмыс жасауға немесе жасайтын кәсiпкер ретiнде түсiнiк қалыптастыру керек;

3) бизнеске сену, оны бизнеске деген қарым-қатынастық қол өнер ретiнде шығармашылық ретiнде қабылдануы;

4) бәсекелестiктi ынтымақтастыққа жетудi көздейтiн қажеттiлiк ретiнде мойындау;

5) өзiндi және басқа тұлғаны силау-өзiңдi сияқты;

6) кез келген меншiктi, мемлекеттiк билiктi, қоғамдық қозғалысты, әлеуметтiк тәртiптi, заңдылықты силау;

7) басқа адамдарға сенiм бiлдiру, кәсiптiлiктi және басқа адамдардың бiлiктiлiгiн силау;

8) бiлiм, ғылым, мәдениеттiң құндылығын мойындау;

9) экологияны қорғау;

10) жаңалыққа ұмтылу;

11) гуманизм.

Идеология - нақты қоғамның, қарым-қатынастың өзгерiсiне бағытталған әлеуметтiк iс әрекеттi мақсат тұтатын әлеуметтiк мәселелер, қақтығыстар адамдардың қарым-қатынасы, бiр-бiрiмен iс әрекет жасауы, көрiнетiн көз қарастары мен идеяларының жүйесi.

Қоғамның идеолгиялық құндылықтарынсыз олар қалыптаспайды. Сондықтан әлеуметтiк құндылықтардың орнына саяси технология деңгейiндегi либералды қүндылықтар енгiзiлдi.

Егер идеологиялық жүйе болмаса мемлекеттiң құрылымы идеологияның саяси қолданбалы сипатында болады. Кез келген қала, қауымдастық оркениет, идеясыз қызмет етпейдi. Ойсыз жолшылық болады. Ұлттық идея - бұл әрбiр ұлттың уневерсал мәнiн менгеретiн құндылықтар жүйесi.

Кәсiпкердiң идеологиясы - патриотизмге, жаналыққа ұмтылуға, әлеуметтiк бостандықты материалдық приоритеттiн табысты көзi ретiнде қарастырылады.

Кәсiпкердiң идеологиясы оның элемдi түсiнiумен сипатталды, ол қоршаған әлемдi және оның басқа компанеттерiмен байланыста болатын оның суретiмен бейнеленедi - нақты идея кәсiпкердiң тәжiрiбиелiк iс әрекетiне күштi әсер етедi.


Негізгі сұрақтар
1 Әдептілік кодексінің түсінігі.

2 Кәсіпкердің қызметінің құқықтық негізі.

3 Кәсіпкер идеологиясының ішкі мәні.

4 Бизнес және дін.


5, 6 - тақырып. Этиканың заңдар жинағы мен іскерлік қасиеттердің концепциясы.

Iскер сапаның концепциясы. Бизнесменге сипаттама. Жетекшiнiң сапасы.

Зонбарт, Кантильон, Шумплер, Гипс кәсiпкерлерiне түсiнiк беру, кәсiпкерлiк - экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы. Экономикалық белсендiк - индивидтың қоғамдық кәсiпке араласуың және өзiнiң өмiр эрекетiң қамтамасыз ететiн қаржылық құралдар мен формалар.

Iскер сапа концепциясы келесiлердең тұрады:

1) әрбiр аралас бiрлiктiң сапалы және экономикалық - шаруашылық жолымен нарықты талдауды, оның тауарлары, темистерi, шарттары тұрғысынан экономикалық жүйенiң дайындығын және сәулеттi (құрылыстық қолөнер) жүйенi iздестiру қабылетi;

2) тауарға, заттарға, шарттарға мақсатылған кәсiбi құрылымдық арық жағдайда нәтижежелi сақтап қалуға дайындалу және меншiк кәсiби құрылымды қалыптастыру;

3) норықтағы барлық жағдайды дұрыс бағалау және өзгерiстердi дұрыс шеше бiлуге қабылеттi болу;

4) сонымен қоса нарық қажеттiлiгiң анықтау. Бұл қажеттiлiктер анық болуы мүмкiн, бiрақ қанағаттандырылмайтын, толығымен қанағаттандырылатың, сапасы аса емес болуы мүмкiн;

5) алғашқы кәсiби шарттарды жүзеге асыра бiлу, бұлар коньюктуралық және маркетiнгтiк зерттеудiң нәтiжесiнен шығады;

Осылардың негiзiнде кәсiпкер осы идеямен айналуға болатыны жөнiнде шешiмге келедi;

6) кәiпкерлiк жобаны оның мақсаты мен мiндеттерiн, бағынушылардың, серiктестердiң және қызметкерлердiң осы мақсатқа жетулерiн жүзеге асыру қабылеттерiн қалыптастыру;

7) алдымен механикалық, технологиялық немесе ғылыми техникалық идея түсiнiгiне коз жүгiрту және сонғы нятижеге жету деңгейiн осы идеяны қолдану мүмкiндiгiн қарастыра бiлу;

8) қажеттi адамдармен мекемелермен билiк құрылымдармен коммуникациялық проццеске жету қабылетi.

Жанашылдық - кәсiпкердiң iскер сапасының концепциясы. Жанашылдықта қорқыныштын болмауы және жанашылдық - тек осы сапалар оған басқалар көрмейтiң және iстемейтiн iс әрекеттi жасауға мүмкiндiк бередi.

Нарықта осы сапаларды нәтижелi қолдануға болады. Кәсiпкер - нарықтығы тыныштықты қалыптастырушы.

Ол өнiмнiң бiр орнында тұруына жол беремейдi. Жана тауар жеткiзушiге және т.б. қойылатың жаңаталаптар. Менталдық - капиталды игеру және оны басқару, нарық жағдайда кәсiпорын факторынын жүйелеу, осы жағдайда табысқа жету үшiн артық мөлшерде мүмкiндiк туғызу, өзгерiстерге беймделе бiлу, басқарудың ерекше жүйесi, нарықтың сұранысының өзгеруi, иновацияны қабылдау - сапа. Бұларсыз кәсiпорын нәтижелi жұмыс iстей алмайды.

Еркiн күшi, өзiне деген сенiмi-кәсiпкердiн 8%-тiк бағасы, тұрғылықты жерi кәсiп бойынша.

Керiлiкпен айналысады:

Агрессивтілiк - ол кез келген бiрiншiлiктi менгеруге деген сенiмдiлiк, нақты және мақсатқа бағытталған инициативаға жұмылдуруға ұмтылу.

Команданы құру қабылетi - шешiм қабылдау қабылетi және өзiне жауапкуершiлiктi алуға дайындалу, қаупке дайындалу қабылетi.

Мобилизацияға қабылеттiк – идея, iс әрекет фактi және құблыстарды, ресурстарды кезектi формада карастыру, сапа және санды, байланыс қарым - қатынасты топтау қабылетi.
Негізгі сұрақтар

1 Кәсіпкердің жеке қасиеттері.

2 Іскерлік қасиеттерінің тұжырымы.

3 Бизнес өнер сияқты.

4 Кәсіпорын әдеп кодексі оның бөліктері.
7, 8 - тақырып. Іскерлі қатынастардың этикасы.

Коммуникация этикасы. Iскер байланысты енгiзу техникасы. Байланыс кезендерi. Қақтығыстарды шешу. Байланыстар тәртiбi. Әдеп тәртiбi.

Iскер қатынас - бұл адамдардың қызметтiк ортада жүзенге асатын көп жоспарлы, күрделi дамуы процессы

Олардың мүшелерi арнаулы статустарға, мақсаттарға жетуде, нақты тапсырмаларды шешуде көзге түседi.

Арнай байланыстық тәртiп нормалары бойынша «жазбаша» және «жазбаша емес» бойланыстары белгiлi. Қызметтегi қабылданған тәртiп және форма iскер әдеп деп аталады. Оның негiзгi қызметi - адамдар арсындағы тәртiптiлiктi қалыптастыру. Екiншi қызметi мақсаттылық және тәжiрбиелiк. Қазiргi замандағы қызмет әдебi ұлтаралық белгiлерге ие, өйткенi оның негiзi 1720 жылы «бас регламентте» 1 Петр дәуiрiнде енгiзiлген, онда шет елдiк идеялар ұсынылған.

Iскер әдеп тәртiптiң 2 тобын бөлiп қарастырады:

- бiр ұжымдағы мүшелердiң мәртебелерi бойынша қарым-қатынас нормалары;

- етекшiнiң және бағынушының вертикалды байланысын насихаттау.

Жалпы талаптары жұмыстағы ұжыммен серiктестiктермен жақсы қарым-қатынаста болуға негiзделедi. Мұнда сүйiспеншiлiк және жаратпаушылық орын алмауы керек. Iскер iс-әрекет сөйлеген сөзiнен де көрiнедi. Сөздiк әдептi дұрыс қолдану-тiлдiк тәртiптiң қоғамдық нармаларына сәйкес, дайын «формуланы» қолдануға мүмкiндiк беретiн ұсыныс, алғыс т.б.

Қарым-қатынас ешқандай мәселесiз болу үшiн келесi кезендерден өтуi керек:

- байланысты қалыптастыру (танысу). Басқа адамды түсiну, өзiн басқа адам ретiнде сезiну;

- қарым-қатынас жағдайын бақылау, өткендi ойлау, үзiлiске шыдау;

- қызықты мәселелердi талдау;

- мәселелердi шешу;

- байланысты аяқтау (одан шығу).

Ақпаратпен алмасу тәсiлi бойынша iскер қарым-қатынасты ауызша және жазбаша деп 2-ге бөлiнедi.

Монологияның түрiне мыналар жатады:

- амандасып сөйлесу;

- сауда-саттық сөйлесу (жарнама);

- ақпараттық сөйлесу;

- баяндама (жиналыстарда, отырыстарда).

Диалогиялық түрi:

- iскер сөйлесу. Тек қана бiр тақырыпқа байланысты қысқа уақыттық байланыс;

- iскер әңгiме - шешiм қабылдауда қолданылатын ұзақ уақытқа созылатын ақпаратпен алмасу;

- байланыстар - кез келген сұрақты ашу мақсатында оны талқылау;

- интервью - мөрлерде, радио, телевиденияларда тiлшiлермен сөйлесу;

- пiкiр сайыс;

- кеңес (жиналыс);

- пресс конференция;

- іскер байланыстық әңгiме - үздiксiз «тiрi» диалог;

- телефондық әңгiме (дистантты) вербалды емес коммуникациядан тұрады.

Қақтығыстарға түрлiше анықтама берiледi,бiрақ барлығы келiспеушiлiк формасы ретiнде қолданылады, егер адамдар арасында қақтығыс болса, олар жабық және ашық түрде болады, бiрақ барлығы осындай келiспеушiлiктiң негiзiнген туындайды.

Қақтығыстардың обьективтi себептерiн бiрнеше үлкен топтардың негiзiнде қарастыруға болады:

- бөлiске түсетiн ресурстардың шектеулiлiгi;

- мақсаттық құндылықтың тәртiп әдiстерiнiң квалификация деңгейiнiң бiлiмiнiң әртүрлiлiгi;

- жауапкершiлiктi бөлiсуде тапсырмалардың дұрыс орындалмауы;

- нашар коммуникациялар.

Қақтығыстарды шешу толығымен немесе жартылай себептердiң ескеруiнен және қақтығыс мүшелерiнiң мақсатының өзгеруiнен тұрады.

Қақтығыстарды басқару-бұл қақтығыстарға қатысатын адамдар тәртiбiнiң мақсатты түрде қақтығысқа әкелуiнiң себебi. Қақтығыстарды басқаруда көптеген әдiстер қолданылады.
Кесте 1 - Қақтығыстар қызметi


Позитивтi

Негативтi

Екi жақ қақтығысын бәсендету



Үлкен және эмоционалды материалдық шығын жанжалда қатысу үшiн

Оппотент туралы жаңа ақпарат алу


Ұжымда әлеуметтiк психологиялық климат түсуi, тәртiптiң төмендеуi, қызметкерлердiң жұмыстан шығуы.

Iшкi жаумен қарсыласта ұйымдағы ұжымның (топтасуы) ұйыдасуы

Жеңiлген топтарға жау ретiнде қарау

Даму мен өзгерiстерге ынталандыру

Осы процеспен әуестiгi қақтығыстың өзара әсер етуi, жұмысқа шығын әкелуi.

Бағынушылардың бағыну синдромын алып тастау


Қақтығыс аяқталғаннан кейiн- қызметкерлер арасындағы ынтымақтастық деңгейiнiң озаты.

Оппонеттер мүмкiндiктерiнiң диагностиека


Iскерлiк қарым-қатынас күрделi қалпына келтiруi.(қақтығыс сүйреткiсi)

Оларды бiрнеше топ бойынша қарастыруға болады, олардың әрқайсысының қолдану аумағы бар:

- тұлғаiшiлiк, бұл жеке тұлғаға әсер ететiн әдiс;

- құрылымдық, бұл ұйымдасқан қақтығыстың шеттетiлуi бойынша қолданылатын әдiстер;

- тұлғааралық әдiстер немесе қақтығыстағы тәртiп стилi;

- байланыстар;

- агрессивтi әсерлер, бұл топтағы әдiстердi барлық осы топ әдiстерiнiң мүмкiндiгi жетпеген жағдайда қолданады.

Классикалық схеманың ораторлық өнерiнiң негiзiне 5 кезең жатады:

1) қажеттi материалдарды таңдау, бұқаралық орындау мазмұны;

2) жоспар құрастыру, жиналған материалдарды логикалық бiрiздiлiкпен бөлу;

3) «сөздiк орындау» сөздi әдеби өндеу;

4) жаттап алу, мәтiндi есте сақтау;

5) айту.

Қазiргi кезде ораторлық iс әрекеттi үш негiзгi кезеңге бөледi: коммуникативке дейiнгi, коммуникативтi, посткоммуникативтi.

Байланысты iске асырудың 3 әдiсi бар: жұмсақ, қатты және пренципиалды.

Әрбiр байланысқа түсушi екiжүздi қызығушылықта болады: iс және серiктестер арасындағы қарым-қатынас.

Есте сақтайтын жайт, байланысатын мүшесi ең алдымен адам. Келiсiмге келiп байланысқа түсуге әрбiр адам ұмтылады.

Жалпы қызығушылыққа қатысты үш сәт:

- кез келген байланыста жалпы қызығушылық бар;

- жалпы қызығушылық кездейсоқ емес, шындықтағы мүмкiндiк;

- жалпы қызығушылықтардың жиынтығы байланысты жұмсақ және достықта болдырады.

Маркетингтік коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері бар:

1) жарнама;

2) өткізуді ынталандыру;

3) жеке сату;

4) қоғаммен байланыс немесе PR.

Коммуникациялардың жеке және жеке емес арналары бар. Жеке коммуникация арнасы - бұл адамдардың телефон және хат алысу арқылы өзара қатынасы. М., кеңес берушілер, достар, әріптестер, көршілер. Жеке емес коммуникация арнасына БАҚ, яғни бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын хабарлар және арнайы шаралар жатады.

Жарнама – көптеген білім шеңберлерін қамтитын қоғамның қоғамның күрделі әлесуметтік-экономикалық құбылысы.

Жарнама қызметі дегеніміз - қаржыландыру көзі анық көрсетілген БАҚ арқылы жүзеге асатын жеке көрсетілмейтін таура мен қызметтерді жылжыту нысаны. Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:

1) жарнаманы беруші, жарнаманы өзі дайындаған, содан кейін оны басып БАҚ-қа ұсынады;

2) жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттеріне және агенттеріне тапсырыс береді.

Жарнама берушілер өндірушілер, бөлшек көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б.

Жарнама агенттіктері – олар жарнама қызметін ұсынатын делдалдар.

Жарнама жоспарлау үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады:

1) мақсаттты аудиторияны таңдау;

2) жарнама мақсатын анықтау,

3) хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

4) жарнама құралдарын таңдау;

5) жарнама тиімділігін бағалау.

Жарнаманы тұтынушылар жақсы түсінуі үшін ол мынадай талаптарға сай болуы керек:

1) жарнама науқаны кезеңінде жарнама тақырыбы мен сөз мәнерін өзгертуге болмайды;

2) жарнама жиі қайталанса, тез жатталады және есте жақсы сақталады.

Жарнама мәтінінің мазмұны AIDA формуласына сәйкес жасалады:

A – attention – назар;

I – interest – қызығу;

D – Desire - тілек;

A – action - әрекет.

Жарнама үндеуінің стилі - жарнама мәтінін көркемдеп айту тәсілі, мәнері және оны баяндау үні, сарыны. Жарнама үндеуін жасау тәсілдері:

1) натураға қарап жасау. М., әдеттегі екі әйелдің тауар туралы әңгімесі;

2) фантазия немесе қиял. М., тауар туралы әр түрлі қиял пайда болу;

3) көңіл-күй мен бейне . М., тауар айналысында белгілі бір әсемдік махаббат бейнесі қалыптасады;

4) клиенттер мен лидерлер пікірі;

5) тауарларды жариялау;

6) әзіл-оспақты жақсы пайдалану;

7) символикалық кейіпкерлер;

8) тарихи әңгіме ретіндегі жарнама жанры;

9) музыка;

10) ғылыми дәлелдер.

Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады:

1) мақсаттық белгіленуіне қарай тауар мен қызметтер жарнмасы, идея, ойлар жарнамасы, пайда алу үшін бағытталған жарнама, пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама, пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама;

2) мақсатты бағытына сәйкес жарнама типтері: марка жарнамасы, тауар жарнамасы, фирма немесе компания жарнамасы, имидж жарнамасы және т.б.;

3) практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу.

Жарнама құралдарын таңдау үдерісі мынадай бірнеше кезеңдерден тұрады:

1) жарнама құралдарын қамту ауқымын анықтау;

2) жарнаманаың қайталану жиілігі және әсер ету күші туралы шешім қабылдау;

3) оны тарату құралдарын таңдау;

4) жарнама жеткізушілерін таңдау;

5) құралдарды қолдану графигі туралы шешім қабылдау.

Жарнама бағасы былай анықталады: Ж.б = Ш.ж/А

Ш.ж – жарнамаға кеткен шығындар.

А – бақылау аудиториясы, басылу тиражы.

Өткізуді ынталандыру – ол тауар мен қызметтерді ынталандыратын шаралардың кешені. Өткізуді ынталандыру нарыққа қысқа мерзімде әсер ету шарасы. Басқа жылжытудың түрлерімен салыстырғанда, оның нәтижелері тез байқалады. Өткізуді ынталандырудың әдістеріне мыналар жатады:

1) өзінің сауда қызметкерлерін ынталаандыру;

2) делдалдарды ынталандыру;

3) тұтынушыларды ынталандыру. М., сыйақылар, купондар, жеңілдіктер, байқаулар.

Жеке сату - ол тауарларды сату мақсатында тұтынушылармен жеке дара байланыстың орнатылуы. Жеке сату – бұл тұтынушылармен кездесіп, әңгімелесу барысында тауарды қолдану туралы кеңес беріп, оны ауызша ұсыну. Тауарларды сату үдерісі мынадай кезеңдерден тұрады:

1) әлеуетті клиенттерді іздеу;

2) оларды жіктеу;

3) тауарды таныстыру рәсімін өткізу;

4) сату;

5) сатудан кейінгі шаралар.

PR – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынасты құру және оны қолдауға бағытталған жоспарланған шаралар. PR қызметтеріне мыналар жатады:

1) көпшілікке өзі туралы жағымды ақпарат тарату және оны нандыру;

2) оның ой-пікіріне ықпал ету;

3) ұйымның жақсы бет-бейнесін құру, беделін көтеру;

4) ұйымның жұмысына қызметкерлердің жауапкершілігін қалыптастыру.

PR әдістері:

1) БАҚ-пен байланыс;

2) баспасөз конференцияларын ұйымдастыру;

3) баспа өнімдері;

4) кино және фотоқұралдар;

5) сөз сөйлеу;

6) жарнама;

7) тауарды таныстыру рәсімін өткізу;

8) демеушілік;

9) фирмалық стиль;

10) мүдделерді алға жылжыту (лобби).


Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет