БҮкіл әлемдік ядролық Қарусыздандыру және ондағы елбасымыз нұРСҰлтан әбішұлы назарбаевтың алатын орны



Дата25.02.2018
өлшемі104,35 Kb.
#38293
БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Альдибаева А.Б.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

Бүкіл әлемдік қарусыздандыру жобасы немесе дәлірек айтқанда I-ші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін үнемі халықаралық ороталықтарда талқыланған ескі арман болған. Қарусыздандыру және қару-жарақты бақылау негнізінде өткен алғашқы конференциялар 1899 және 1907-ші жылы Гаагадағы қос конференция еді.Осы конференцияларды бейбітсүйгіштік арманды баяндайды деп санау керек.Ол алғаш рет қару-жарақты шектеу және жанталаса қаруланудың алдын алу мәселесін саяси деңгейде қөоғамдық пікір алдында талқылады.Осы ұсыныс бойынша тұрақты және шынайы бейбітшілік орнату үшін конфереция құру жәнеқарулардың күн сайын өрістеуінің алдын алу жайлы 1899 жылы 11 қаңтарда талқыланады.Соңынан Гаагада 26 елдің қатысуымен конфереция қарусыздандырудың орнына соғыс ережелері туралы екі келісімшарт құрастырумен айналысып,хабарламалар бойынша тек қарудың бірнеше түрін қлолдануға тыйым салды.Қалай болғанда да Гаага конферециясы қазіргі ғасырдағы қарусыздандыру негізіндегі іс жүзіндегі алғашқы қадам ретінде танылды.

Жалпы алғанда БҰҰ-ның жарғысында ұлттар қоғамдыстығының сертіне қайшы қарусыздандыру мәселесі ерекше қарастырылмаған.Оның себебі халықаралық сахнада реалистік пікірлердің үстем болуы еді.Өйткені реалистер қаруды шектеу және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіруі үшін оларды алып тастауды ойластырудың орнына,көбінесе тепе-теңдік және сақтандыру мәселесін ойлайды. Осы топтың пікірінше мем лекеттерндің күш-қуаты артуының негізгікөрсеткіші әскери қуатының артуы және осы әскери қуатты әсерлі түрде қолдануға мемлекетті қапбілетті ету қалпында сыналады.Сондықтан осы топ елдердің әскери күш-қуатын сол қарудың иегері ретінде арттыра алатын кез-келген қару реалистердің негізгі мақсаттары болып саналады.Осы елдердің қаруларға қол жеткізудегі теориясында халық пен халықаралық ережелерге айтарлықтай орын жоқ және олар оңайлықпен аяқ аксты етіледі.Осылайша қарусыздандыру конферециясф 1931 жылы құрылып,алғашқы отоырысын ресми түрде 1932 жылы өткізді.Алайда осы конфереция да 1936 жылы ұлттар қоғамдастығы кеңесінің шешімімен уақыцтша тоқтатылды.Десе де Бас Ассамблеясы өз қызметіне кіріскен соң қарусыздандыру туралы шектеусіз көп жақты келіссөздердің жалғыз кеңістігі болып табылатын осы конферецияны белсенді етті.Қарусыздандыру конферециясы қазіргі уақытта АҚШ пен Ресейдің қарусыздандыру және қаруды бақылау екі жақты комитеті мен Франция,Британия,Америка және Ресей Сыртқы істер министрлерінен құрылған «Он сегіз үкімет» деп аталатын(1979-1983жылдары негізі қаланды) қарусыздандыру комитетінің ізбасары ретінде қызмет атқарады.

Атап айтқанда 1972 жылғы биологиялық қарулар конвециясы,1993 жылғы химиялық қарулар конвенциясы және 1996 жылғы сынақ өткізуге тыйым салу жан-жақты келісімшарты.Қарусыздандыру конферециясф шын мәнәнде БҰҰ –нан тәуелсіз халықаралық орган болып есептеледі.Негізінде қарусыздандыру және әлем деңгейінде қару-жарақты бақылауға қатысты мәселелермен айналысады.Оның шешімдері БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында талқыланып,шешім қабылданады.Алайда осы ороган негізгі қиындылықтарға тап болып отыр.Мүше елдердің жаппай шектеулері,нәтижелерге деген сенімнің болмауы немесе. Шешімдерінің қолдау таппауы және қару жараққа тыйым салу үшін басым саяси талаптың болмауы мен осындай мәселелер бұл органның өзінің қолайлы мәртебесіне қол жеткізе алмауына себеп болып отыр.Сол себепті күні бүгінге дейін атқарылған барлық шараларға қарамастан,адамзат қоғамы жаппай қарусыздандыру үшін жалпыға бірдей талаптың жоқтығының зардабын шегіп отыр.Бірақ кейбір бақылаушылар қарусыздандыру мақсаттарын жүзеге асыру халықаралық және әлемдік қолайлы кеңістік бар деген сенімде.Шағыны зор және бітпес жанталаса қаруланудың нәтижесі болып табылатын бейбітшілікке төніп отырған қауіп-қатер және қарусыздандырудың орнын қару-жарақты бақылау мәселесінің басуы іс жүзінде осы салада маңызды қадам жавсауға кедергі болып отыр.Осылайша қарусыздандыру пікірі Кант және Вилсонның идеалистік ойларынан шыққанымен,қаруды бақылау пікірталасы іс жүзінде 20 ғасырдың екінші жартысындағы қырғи қабақ соғыстағы негізгі бақталастар ретінде Америка мен Кеңес Одағының іс-әрекетінің көлеңкесінде қалды.Қарусыздандыру мәселесінде әлемдік алпауыттар ешқашан ядролық қарусыздандыру тақырыбын өзге елдердің атсалысуымен халықаралық бір ұйымның ырқына беруге бейім емес.Тіпті алпауыт елдердің өздері тікелей басқарып отырған ұйымда да осындай болған емес.Осы тақырып,әсіресе ядролық қарулар жөнінде және бақуатты елдердің оған халықаралық қоғамдастықта өз билігін жүргізу үшін көзір ретінде қаруынан көрінеді.

Осы конференция қырық жыл бойы қару-жарақты бақылыу жөнінде бірнеше келісім шарт құрастырды. Атап айтқанда 1972 жылы биологиялық қарулар конвенциясы, 1993 жылы химиялық қарулар конвенциясы және 1996 жылғы сынақ өткізуге тыйым салу жан-жақты келісімшарты.Қарусыздандыру конференциясышын мәнінде БҰҰ-нан тәуелсіз халықаралық орган болып есептелді. Негізінен қарусыздандыру және әлем деңгейінде қару-жарақты бақылауға қатысты мәселелермен айналысты.Оның шешімдері БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында талқылынып, шешім қабылданады. Алайда осы орган негізгі қиындықтарға тап болып отыр. Мүше елдердің жаппай шектеулері, нәтижелерге деген сенімнің болмауы немесе шешімдерінің қолдау таппауы және қару жараққа тыйым салу үшін басым саяси талаптың болмауы мен осындай мәселелербұл органның өзінің қолайлыы мәртебесіне қол жеткізе алмауына себеп болып отыр.Сол себепті күні бүгінге дейін атқарылған барлық шараларға қарамастан, адамзат қоғамы жаппай қарусыздандыру үшін жалпыға бірдей талаптың жоқтығының зардабын шегіп отыр.Бірақ кейбір бақылаушылар қарусыздандыру мақсаттарын жүзеге асыру үшін халақаралық және әлемдік қолайлы кеңістік бар деген сенімде. Шығыны зор және бітпес жанталаса қаруланудың нәтижесі болып табылытын бейбітшілікке төніп отырған қауіп-қатер және қарусыздандырудың орнын қару-жарақты бақылау мәселесінің басуы іс жүзінде осы салада маңызды қадам жасауға кедергі болып отыр.Ослайша Қарусыздандыру пікірі Кант және Вилсоннның идеалистік ойларынан шыққанымен, қаруды бақылау пікірталасы іс жүзінде 20 ғасырдың екінші жартысындағы қырғи қабақ соғысты негізгі бақталастар ретінде Америка мен Кеңес Одағының іс-әрекетінің көлкеңкесінде қалды. Қарусыздандыру мәселесінде әлемдік алпауыттар ешқашан ядролық қарусыздандыру тақырыбын өзге елдердің атсалыспауымен халықаралық бір ұйымның ырқына бермеуге бейім емес. Тіпті алпауыт елдердің өздері тікелей басқарып отырған ұйымда да осындай болған емес.Осы тақырып, әсіресе ядролық қару жөнінде және бақуатты елдердің оған халықаралық қоғамдастықта өз билігін жүргізу үшін көзір ретінде қарауынан көріненді/4/.

Дегенмен халықаралық құқықтық келісімшарттар күллі әлем елдерінде қатысты болып келеді және оны көзір ретінде қолдануға болмайды.Алып державалар соңғы жылдары талай рет осы құқықты аяқ асты етті. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерерінің халықаралық ұйымдарға ықпалы және олардың вето құқығын қолдауы осы үрдістің қалаптасуында әсерлі болды. Мысалы, ядролық қаруды таратпаушартының 6-шы бабанда ядролық қаруы бар елдерден ізгі ниетпен ядролық қарусыздандыруға әрекеттену талап етілмегенімен, соңғы 40 жылбойында орын алған әрекеттер осыдан өзгеше болған және үнемі бірнеше алап державаның қарсылығына тап болған. Шын мәнінде ядролық қаруы бар елдер бір әділ бақылау механизимінің болмауында өздерінің әрекетін сақтандырумен шектемеген және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түрлі құралдарды қайтадан анықтауында өздеріне НПТ шартына мүше елдерге атомдық шабуыл жасаймыз деп сес көрсетуге жол бермеді.америка, Ресей, Британия және Франция үнемі өздерінің ядролық қарулары төңірегінде ұғымы және практикалық жағынан қоршау коюды мақсат тұтқан. Осы жағынан алып қарағанда, әркез ядролық қарусыздандыру ұжымдық талап ретінде сұралса, жылдамдықпен Батыстың саяси және БАҚ деңгейіндегі бопсалауларына куә боламыз. Осы орайдағы талпыныстар мен келісемшарттардың табысты болмауының себептерін келесі бағдарламаларымызда жалғастаратын боламыз./3/.

Қазақ даласында алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылы тамыздың 29-ында жасалған еді.Осылай болса сол зұлматтың орын алғанына 68 жыл толып отыр. Дегенмен, жойқын жаралыстың басталуынан бері талай заман өтті.

Соның ішінде Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл жер жаһан, азамат баласы үшін айтулы қадам 1991 жылдың 29- тамызында жасалды.Яғни, дәл сол күні 1991 жылғы тамыздың 29-ында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен әлемдегі аса ірі ядролық сынақ полигондарының бірі жабылды. Сөйтіп, Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбіт сүйгіштігін әлемге паш етті, бәзбіреулер үшін таптырмас болатын қуатты жойқын қарудан ерікті түрде бас тартып, бейбіт даму жолын таңдап алды.

Сол жылдан басатап қазақ жерін ғана емес, дүниені дүр сілкіндірген ядролық сынықтар тоқтала бастады.Ендігіде қазақ даласы қорқынышты жерасаты дүмпулерінен тітіркенбеітін болды.Осыншама зұлмат үшін басты кінәлі саналған кеңестің әскерилері де жөніне кетті.Полигон жабылды.Жабылғанымен де, қазақ ұлтына Абай, Шәкәрімдей ұлдарды сыйлаған дарқан дала бұрынғысынша қауіптілігінен әлі аралып біткен жоқ. Тек сол қауіптің әлбеті ғана өзгерген. Оның үстіне Семей полигоны әлемдегі ең ашық-шашық полигон есебінде қалап отырғаны да жасарын емес. 40 жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істемеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы амаерикандықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбасының куатынын 2,5 мың есе күшті екен /5/.

Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылғы 29-ында жасалса, 1953 жылы тұңгыш рет термоядролық қондырғы сынақтан өткен, ал 1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы осы қазақ даласында жарылды.Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдар аралығында осы аймақта жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық (26-сы жерүсті, 91-і ауада, 8-і биіктіктегі) жарылыс болса, 343-і жерасты (215-і көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы) сынақтар. Яғни, мәлімет бойынша айтсақ, кезіндегі қызыл империяның барлық ядролық сынақтарының үштен екі бөлігі қазақ даласында жасалды.Осындай сандық көрсеткіштердің өзі кез келгеннің жағасын ұстатары сөзсіз. Әлемдегі экологиялық қозғалыс басшылыры, беделді сарапшылар Семей сынақ алаңынан кейінгі адам ағзасында орын алған ауытқуларға, жан түршігерлік құбылыстар мен өзгерістерге үлкен алаңдатушылық туғыза бастады. Солай бола тұрса да, кезінде «бейбіт жарылыстар» деп айдар тағылған қазақ даласының қасіретті зардаптарына қарағанда әлем жапон трагедиясы туралы әлдеқайда көп хабардар болушы еді. Ауызға да соны бірінші алатын кездері жиі болатын /6/. Дегенмен, сонғы жылдары Қазақстан көшбасшысы Н.Назарбаевтың ұстаған сарабдал саясаты ядролық қарусыздандыру мәселерінде еліміздің халақаралық аренадағы мерейін барынша арттырып отыр. Әлем ел тәуелсіздігінен бергі Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан қажырлы еңбегін мойындады. Ядролық қарусыздану мәселесінде алып державалар басшылырының өзі Елбасының есімін алға тартуды жиі қолданатын болды. Президент Н.Назарбаевтың ұтымды ұсыныстары да халақаралық қауымдастықтың тарапынан жан-жақты қолдауға әлі де ие болып келеді. Мәселен, қолда бар жойқын қарудан ерікті тұрде бас тартқан Қазақ елінің өзінің бастамасымен Орта Азиядағы яжролық қарудан еркін аймақ туралы келісімге бастама жасады. Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы халақаралық келісімдерді қабылдады. Қазақстанның ұсынысымен тамыздың 29-ы Ядролық сынықтарға қарсы іс-қимылдың халақаралық күні болып қабылданды. Бір сөзбен айтқанда, ендігі күні жер жаһандық деңгейде өтетін ядролық қарусыздану немесе оны таратпау жайндағы мәртебесі жоғары әңгімелердің барлығыда міндетті түрде Қазақстанның, оның көшбасшысы Н.Назарбаевтың есімі аталатынына еш күмән жоқ /7/.

Ал сондай төрткүл дүние қөз тіккен жиын 2012 жылы елордада өтті. Халақаралық сарапшылар Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан- ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияны әлемді құтқару бастамаларының одан арғы жалғасына балағаны да еліміздің биік өрісіне айналмақ. Әлемнің 70-тен асатам мемелекетінен келген парламент басшылары мен депутаттары, Үкімет мүшелерібеделді халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестікткердің өкілдері, танымал саясаткерлер мен ғаламдар қатысқан басқосуды Елбасы н.Назарбаев ашып, онда бірқатар тың ұсыныстар жариялағаны мәлім. Енді солардың өзектісіне тоқталсақ/5/.

Мемелекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Семей полигоны жабылғаннан бастап ядролық қаруды таратпау мен қарусызданудағы жаһандық үдерістің жаңа кезеңі бастау алғанына назар аудару. «1991 жэылғы 29 тамызға дейін ядролық қауіпсіздік сериялары негізінен шектеу шаралары ретінде қабылданып келді.Қазақстан тұңғыш рет «махшар күні» қаруын сынауға, жетілдіру үшін зерттеуге толық, бұлтарыссыз тыйым салатын акт жасады. БҰҰ шешімімен Жаппай ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісім жасады. Қазақстан оған ең біріншілердің қатарында қол қойды»,- деді Нұрсұлтан Әбішұлы.Елбасы қозғаған әлгі келісімге бүгінгі күг\ні 183 ел қосылып, 157 мемлекет ратификациялаған. Семей полигоны жабылған соң планетадағы басқа да сынық алаңдарының Невада, Жаңа Жер, Лобнор мен Муруроа сынықтарының «үні» өше бастады. Бұл ретте Президент Ұлыбританияның «Атомшы-ғалымдар(атомшылар) бюллетені» журналы 65 жыл бойы жаһандық ядролық қауіпсіздіктің деңгейін «махшар күнінің» символикалық сағатымен өлшеп келетініне ерекше тоқталған болатын. «Биылғы жылдың басында әлгі сағаттың тілі планетада орын алуы мүмкін ядролық апат мерзіміне қарай бір минөтке алға жылжытылыпты.Бұндай бағалау немен байланысты?Мамандардың Сеулдегі Жаһандық саммитке қатысушылардың назарын осы саладлағы проблемаларға аударғысы келгені сөзсіз.Шынымен де, біз бүгінгі күні жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту үдерісі серпінінің тежелуін байқаймыз.Бұл тіпті осы тақырыпты қамтитын саммиттердің жиілегеніне қарамастан орын алып отыр»,- деді Елбасы.

Бұдан басқа, Н.Назарбаев Астана экономикалық форумында өзі бастама жасаған «G-GLOBAL» - дың бес қағидаты негізінде жаһандық ядролық қауіпсіздік саласында серпінді алға басу мүмкін болатынына сенім білдірді.Бұлардың қатарына ядролық мемлекеттердің қатысуымен,БҰҰ қолдауымен әзірленген және қабылданған Стратегиялық шабуылдаушы қару – жарақты жаппай қысқартудың қадамды жоспарын бекіту,өңірлік ядросыз аймақтарға қатысушылар үшін берік халықаралық қауіпсіздік кепілдіктерінінің болуы мәселелері қамтылды.Ең бастысы Президент осы үдеріске қатысушылардың барлығы үшін айқын сенімділік тетіктерінің болуы керектігін айтты.Бұл ретте Елбасы Қазақстан тарапынан жүзеге асатын «АТОМ» жобасы туралы мәлімдеді. «Ядролық қару-адамзат үшін өз-өзіне ажал шақыру.Ал суицидті тікелей Жаратушы алдындағы асылық ретінде «лемнің бүкіл діндері айыптайды.Осы тұрғыдан алғанда әскери ядролық қуатқа ие болуға ұмтылу- ол барып тұрған күпірлік.Ядросыз әлем – ол адамзат ұмтылуға тиіс біздің ортақ мақсатымыз.Тек бірлесе қимылдағанда ғана біз өз әлемәмәздә қауіпсіз және жақсырақ ете аламыз.Жаһандық қоғамдастықты оған түбегейлі және түпкілікті тыйым салу жөнінде неғұрлым батыл іс-қимылдарға итермелеу үшін біздің ядролық сынақтардың қайғылы зардаптарын тағы да әлемнәң есіне салуға мүмкіндігіміз бар.Дәл осы мақсат үшін Қазақстан бүгінде халықаралық «АТОМ» жобасын іске қосып отыр»,-деді Н.Назарбаев.Жобанаң атауы ағылшын тіліндегі –Эболиш Тестинг.Ауэ Мишн («Abolish Testing.Our Mission»)-төрт сөздің бірінші әріптерінен тұрып, «Сынақтарды Жою – Біздің Миссиямыз» дегенді білдіреді.Қорытындылай келе,Жоба щенберінде жер бетіндегі ядролық қаруға қарсы кез келген адам әлем үкіметтерін ядролық сынақтардан біржола бас атртуға шақырған онлайн-петийияға қол қойып,Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім- шарттың тезірек күшіне енуіне қол жеткізе алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :

1.Орысша – қазақша түсіндірме сөздік:Әлеуметтану және саясаттану бойынша Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.Арын – Павлодар «ЭКО» ҒӨФ.2006.-569б

2.Саяси түсіндірме сөздік

3.Иванов Л.Крах конференции по разружению.-Харьков,Украінсьский Потемкин В.П. История дипломатии.В 5-ти томах.

4. Дипломатический словарь. Глав.ред. Громыко А.А.

5. Қазақ энциклопедиясы, 10 – том

6. Атом и оружие, М., 1964;

7. //Егемен Қазақстан. 21.11.2012

8. Ядерный взрыв в космосе, на земле и под землей. Сб. Ст., М., 1974;



9. Уразов Е.Л., Аманжолов К.Р., Муханбеткалиев Х.С., На страже независимости Казахстана, А., 2003.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет