Бұл жерде ертегілерді балалардың өзі сахналаудың маңызы өте зор



Дата28.01.2018
өлшемі59,22 Kb.
#34836
Алғы сөз.

Қазіргі қоғам жан-жақты, білімді де білікті, ой-өрісі жетіліп өскен жаңа адамды тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «білім берудің деңгейлері мен мазмұнын анықтағанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі» деп көрсеткен.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар бөлімінде «өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс-әрекет аясында көрсетеді» делінген.

Осы орайда мен мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілерді өздері сахналауы олардың ауызша сөйлеу, қимыл-қозғалыс, ой-өрістерін және тағы басқа қабілеттерін дамытатынын ескере келіп, мектепте «Балақай» қуыршақ театрын ашып, сол театрға жетекшілік етіп, халық ертегілерін немесе халық ертегілерін модернизациялап, оны балаларға оқып беріп, сосын балалардың өздері сахналап қоюына жағдай жасап отырамын.

Бұл жерде ертегілерді балалардың өзі сахналаудың маңызы өте зор.

-Біріншіден баланың тілін дамытады.

-Екіншіден есте сақтау қабілетін дамытады. Бала өз бетімен кейіпкердің рөлін ойнауға тырысады.

-Эмоционалдық дамуына әсер етеді.

-Кейіпкерлерге еліктеп, өзін дұрыс ұстай білуге, өз ойын ашық айтуға үйренеді.

-Ертегі кейіпкерлері өмірдегі досындай болып кетеді.

-Баланың қимыл-қозғалысын жетілдіруіне септігін тигізеді.

-Ауызша сөйлеу машығын үйренеді.

-Таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл-ойы жетіледі.

Бүлдіршіндер әлемі ерекше дүние екені баршамызға мәлім. Балалар қиялшыл, арманшыл болып келеді. Сондықтан менің мақсатым ертегілерді сахналау арқылы балалардың пәк әлеміне бой сүңгітіп, олардың армандарына қанат бітіру дей келе, өзімнің «Жарқын болашақ» деген ертегімді ұсынып отырмын.

Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданының әкімдігінің

«А. Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі»

мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

«Жарқын болашақ» ертегі

Авторы: Шаяхметова Камшат Кенжеканкызы

Қуаныш ауылы 2017 жыл

Бағзы заман өткен екен,

Қазіргі кез жеткен екен.

Сол кезеңде хан бопты,

Ханның аты Нұрлы екен.

Атына заты сай екен,

Жүрген жері нұр екен.

Нұрлы көшті бастаған,

Нұрлы жолмен жүр екен,

Елдің қамын ойлаған,

Ақылы асқан дана екен.

Мәңгілік ел қылам деп,

Еңбек етіп жүр екен.

Күндердің күнінде сол Нұрлы хан халқына жар салыпты.

-«Егер кімде-кім алдыма келіп, кідірмей-мүдірмей, болашақты өлең қып айтса, сол адамға сый-сияпат беремін, тіпті уәзір етіп қоямын»-депті.

         Бұл хабар жұрттың құлағына тегіс тиген соң, ханның сый-сияпаты мен оған уәзір болуға қызықпайтын адам болмайды. Әркімдер-ақ дәмелі болып: «Ой, айтпай несі бар!» – деп ханның алдына барады, бірақ өлең қып келістіріп айта алмай жатады.

Жұрттың ең соңынан бір жас жігіт кіріп келіп, иіліп, тәжім етіп, сөйлеуге ханның рұқсатын сұрайды.

         Сонда Нұрлы хан тұрып:

         — Ие, не арызың бар? – дейді.

         — Тақсыр, жарлығыңызды естіп, болашақ туралы өлең айтқалы келіп тұрмын! – дейді жігіт. -Атың кім жас жігіт?

-Менің атым Жарқын.    -Ал, ендеше сөйлей ғой! – дейді хан.

2050 жыл екен

Көзімді ашсам,

Өлмеппін әлі тірі екем. Алпыстан жасым асса да,

Астанада жүр екем.

Бәйтерекке шығып ап,

Қолымды бұлғап тұр екем.

Астананың ғажабына,

Көзім тоймай жүр екен.

Кітабына Гиннестің,

Алтыннан жазып парақты.

Өнертапқыш бір қазақ,

Аузына елді қаратты.

Сол қазақ ашқан жаңалық,

Таңғалдырды ғаламды.

Мәңгілік қылатын адамды,

Дәрі ойлап тауыпты.

Осындай ғажап дәріге,

Әлемнің көңілі ауыпты.

Өлгісі келмей бәрі де,

Көп ақшаға сатып алыпты.

Қымбатқа сатып алғанмен,

Ешкімге дәрі жақпайды екен.

Бұл дәрі тек қазақты ғана,

Мәңгілік ел қып сақтайды екен.

2050 жыл екен.

Жетімдер үйі жабылып,

Анасыз бала жоқ екен.

Он сегіз миллион қазағым,

Отыз миллион боп тұр екен.

Жабылып қарттар үйі де,

Қарттарым өз үйінде.

Өз үйі -өлең төсегі,

Немерелерін сүюде.

Жас ғалымдар ашады екен,

Ай сайын небір жаңалықты.

Қазақ елі өркен жайып,

Рухы түлеп жаңарыпты.

Қазақ ашқан жаңалыққа,

Бар әлем қалыпты тосылып.

Сиқырлы суды тауыпты,

Алмақшы бәрі асығып.

Сиқырлы су «Бірлік» екен,

Бірлік бар жер тірлік екен.

Қасиетті қазақ жері,

Көз тоймайтын көркем екен.

Асанқайғы бабам айтқан,

Ырыс пенен дәулеті асқан.

Жер жаннаты Жерұйыққа,

Айналыпты Қазақстан.

2050 жыл екен.

Еліміз біздің ел екен,

Жүрген жері төр екен.

Тек қазақша сөйлейтін,

Бақыт қонған ел екен.

Орыс тілі әлсіреп,

Екінші орында тұр екен.

Ағылшын тілін үйреніп,

Латынша жазып жүр екен.

Елу елдің қатарынан,

Қазақстан көрініпті.

Жасалған небір ғажаптан,

Қазақ елі өркендепті,

Азияның барысы боп.

Нағыз мықты ел болыпты,

Білімі мен табысы көп.

Ғажаптар көп айта берсем,

Түсім емес өңім сенсең.

Бақыттысың егер де сен,

Қазақ боп туып, қазақ боп өлсең.

2050 жыл екен

Осы айтқандарым шын екен.



Жас жігіттің өлеңіне Нұрлы ханның көңілі толып:  «Ұлы мақсаттарды өзінің алдына ұлы халық қана қоя алады.Адам қай іске бет түзеп ұмтылса, сол істе мақсатына жетеді. Түбінде сенің қолынан үлкен-үлкен жұмыс келер», – деп, айтқан уәдесімен сый-сияпатын беріп, өзіне уәзір қылып сайлады.

         Сөйтіп жас жігіт Жарқын мұратына жетіп, барлық арманы орындалыпты.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет