Бұл не деген масқара! : Бейімбет Майлин туралы қызықты деректер



Дата15.03.2020
өлшемі29,32 Kb.
#60212
Байланысты:
Бейімбет Майлин
Абу Ханифа, Абу Ханифа, Бейімбет Майлин, Мағауин мифі, Мағауин мифі
Бұл не деген масқара!": Бейімбет Майлин туралы қызықты деректер

© Photo: qostanay.tv

ДЕРЕКҚОР

21:02 07.11.2019Қысқа сілтеме алу



Тақырып:

Өмірбаяндар (89)

362441

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, әңгіме жанрының хас шебері, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл

Үш бәйтеректің бірі Бейімбет Майлин аз ғана ғұмырдың ішінде біраз шаруаны тындырып кетті. Қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерді. Елдің жұмысына араласты. Жазушының өміріне қатысты қызықты деректерді Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.



Балалық шағы мен еңбек жолы

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай облысы, казіргі Бейімбет Майлин ауданындағы Ақтөбе деген жерде дүниеге келген. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айырылды. Жетімдік зардабын көп көрді. Байларға жалданып, жұмыс істеді. Көрші ауылдағы медреседе екі жыл сауат ашқан.

1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда білім алды. Медреседе белгілі татар жазушылары Мұхит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимовтен сабақ алады, башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен бірге оқиды. Денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмай, ауылға оралады.

1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. Әңгімелері газет-журналдарға шығып тұрады. Мәселен, "Садақ" журналына "Шұғаның белгісі" әңгімесі жарияланды.

Бейімбет Майлин "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан"), "Ауыл", "Ауыл тілі", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде жұмыс істеп, басшылық қызметтерін атқарған.

Қалың малы болмады

Майлин "Шұғаның белгісі" әңгімесі арқылы өзінің қалай үйленгенін көрсеткен. Ол өз кейіпкері сияқты ауылда мұғалім болып жүргенде үйленбек болып, қыз іздейді. Бірақ таңдаған қыздары оның әке-шешесінен ерте айырылғанын біліп, шаңырақ құруға келіспейді. Артынан Күнжамалды ұнатып қалады. Оған үйленейін десе, қалың малы болмады. Сөйтіп, біраз жүріп қалады.

Арада үш жыл өтеді. Бұл екі жас үшін үлкен сын болды. Күнжамалдың әкесі қызының жүдеу көңілін байқайды да, "Малы құрысын, қалыңдығын алып кетсін!" деп хабар береді. Алайда Бейімбет қарбалас жұмыстардан шыға алмай, біраз уақыт өткізіп алады. Ақыры сәті түсіп, қыстың қыраулы күндердің бірінде қалыңдығын алып кетеді. 

Тағы оқыңыз: Сәкен Сейфуллинге қатысты алыпқашпа әңгімеге нүкте қойылды

Бейімбет Майлин өте қарапайым адам болған. Дүниеге қызықпаған. Оған бір оқиға дәлел. 1926 жылы жұбайы екеуі ауылға қыдырып бармақшы болады. Алайда Би ағаның қолы тимей, бөгеліп қалады.

Күнжамал өзі барады. Ол кезде Майлиннің қаламақы көбірек алған кезі еді. Күнжамал жарымның көңілін көтерейін деп, ауылға келе сала, пәуескеге арба сатып алады. Бұдан бөлек, құлынды бие, сиыр, қой, тіпті жиһаз алып, шөп шабатын арба да алып қояды. Осыны жеткізейін деп, отағасына хат жазады. Хатты оқыған Бейімбет Майлин қатты ашуланады. "Бұл не деген масқара! Мені саудагер деп ойлап жүрсің бе? Анау дүниенің бәрін құрт, жұртқа тарат, сат!", - деп жауап жазған екен.

Бейімбет Алаш қозғаласына қалай қосылды?

1917 жылғы ақпан төңкерісі қазақ даласына да елеулі өзгеріс әкелді. Сол аласапыран кезде Бейімбет Майлин Алашорда идеясын жақтады. Ақын Алаш идеясын жақтайтынын өз өлеңдерінде ашық көрсетеді. Ал 1918 жылы Қостанайға Ахмет Байтұрсынұлы келіп, қазақ жастарын Алашорда әскерінің қатарына өтуді үгіттейді. Бейбіт Майлин тізімге алғашқылардың бірі болып жазылады. Сөйтіп, Алаш идеясына белсене араласады.

Бейімбет Майлин мен Аспандияр Кенжин ауылдарды аралап, салық жинау шараларына қатысады. Алайда үш айдан кейін Майлин Алашорданың қатарынан кетіп қалады. Сөйтіп, бірте-бірте алыстайды. Дегенмен, сталиндік репрессиялар кезінде оған жеңілдік жасалған жоқ.

Тағы оқыңыз: Тоқаевқа бәрін айтамын - Шаханов президентпен не үшін кездескісі келеді?

Бейімбет Майлин алдымен партия қатарынан шығарылды. Одан кейінгі тергеу 53 күнге созылды. Атылғанға дейін тағы үш ай түрмеде отырды. Сол кездегі отбасының жағдайын Майлиннің қызы – Рәзияның хатынан анық байқауға болады.

"Ардақты әкем Беймбет Сталиндік репрессия кезінде 1937 жылы қазанның 6-сында жазықсыз "халық жауы" деген жаламен қамауға алынып, 1938 жылдың 26 ақпанында НКВД-ның түрмесінде атылды. Ал 1938 жылдың 13 сәуірінде шешем "халық жауының әйелі" ретінде 8 жылға сотталып, лагерьге айдалды. Ал, біз, балалары - Мереке, Еділ және мен Семейдегі балалар үйіне жіберілдік. Ал екі жасар кенжеміз – Гүлсімді Алматыдағы сәбилер үйіне орналастырды. Бұл уақытта үлкен ағамыз Әукен Қостанайда болды. Біздің балалық шағымыз өте ауыр, қиын жағдайда өтті. Ол кезде мен 12 жасар баламын. Әке-шешеден тірідей айырылған бес баланың тағдыры не болушы еді. Біздің көргенімізді, көл болған көз жасымызды адамның басына бермесін!", - деп жазды Рәзия Бейімбетқызы.

Жазушының шығармашылығы

Бейімбет Майлин поэзия, проза мен драма саласында бірдей өнімді еңбек етті. Жазушы Сәбит Мұқанов та Майлиннің бірнеше шығарманы қатар жаза алатынын ерекше атап өткен. Ол бір драманы жазып жатса, қолы босағанда бастап кеткен романын да жалғастыра беретін. Арасында әңгімелерін жазып тұрды. Өзі істеген газеттерге мақалаларын да басып отырды. Ал поэзиялық шығармаларында жазушы "Мырқымбай" деген кейіпкері арқылы сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.

Майлиннің "Байдың қызы", "Рәзия қызы", "Қашқын келіншек", "Зайкүл", "Маржан", "Өтірікке бәйге", "Хан күйеуі", "Кемпірдің ертегісі", "Бөліс", "Мырқымбай" поэмалары өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілеріне айналды. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алды.

Бейімбет Майлин - 15-ке тарта повесть, "Азамат Азаматович" атты роман жазған қаламгер. Ал "Қызыл жалау" мен "Қоңсылар" атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы. "Амангелді" атты қазақтың алғашқы фильміне сценарий жазғандардың бірі. Бірақ оның аты-жөнін фильмнің титрінен алып тастады.



Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/spravka/20191107/11945527/Beymbet-Maylin.html

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет