БҚо тасқала ауданы Қ. Сәтбаев атындағы мектебінің



Дата22.06.2017
өлшемі28,44 Kb.
#19790
БҚО Тасқала ауданы

Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Жанабергенова Г.К.

Сыныбы 4 «В»

19.11.2015 ж.

Дүниетану

Тақырыбы:Дала өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты:Дала өсімдіктері мен жануарлары алуан түрлі болатынын,оның адамға

пайдасы туралы түсіндіру; өзара оқу,талдау,өзінше білім алуға

машықтандыру;

Табиғатты сүюге,адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу;

Тіл байлығын молайту,есте сақтау қабілетін дамыту,қызығушылығын

арттыру.

Әдісі: топпен жұмыс

Көрнекілігі: видео-фильм,музыка,сюжетті сурет.
С/барысы

1.Ұ/бөлімі.

- Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім?
- Тірлік,тірек, адамдық.
- Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адалдық

2.Үй жұмысын тексеру (сұрақтар арқылы)

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары тақырыбына сәйкес

1 топ 2 топқа,2 топ 3 топқа,3 топ 1 топқа сұрақтар қояды.Әр топ 5 сұрақ қояды.

(Топ басшыларына бір бет қағаз беріледі.Сол қағазда топ басшылары жауап берген оқушыларға + қояды.Сабақ соңында бағалайды.)

3.Сергіту сәті: Видео «Қазақстанның даласы»

-Бұл фильм не туралы? (Балалардың жауабы: Дала өсімдіктері мен жануарлары)

4.Жаңа тақырып.Дәптерімізді ашып, Қарашаның он тоғызы деп жазамыз.

А) Ауа райын белгілеу.

Ә) Сабағымыздың тақырыбы дәптерімізге жазамыз:Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Б) Қазақ тілі сабағында оқыған М.Әлімбайдың «Дала баласы» өлеңін есімізге

түсірейік

Бес жасында ат құлағында ойнайтын,

Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын

Мен баласы даланың!

Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін

Бес саусақтай түгендейтін,түстейтін

Мен баласы баланың!

В) Топтық жұмыс.Балаларға дайын суреттер үйлестіріледі.

(Даланың суреті,дала өсімдіктері мен жануарлар суреті) Тапсырма беріледі.

1 топ-даланың климаты

2топ-даланың өсімдіктері

3топ-даланың жануарлары

Әр топтағы балалар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып,жауаптарын айтқанда суретін тақтаға жапсырады.

Бәрі жауап берген соң тақтада даланың суреті,өсімдіктері,жануарлары туралы сюжетті картина шығады.

-Мұғалім балалардың жауаптарын қорытындылайды және жусан туралы әңгімелейді.(тақтаға жусанның суреті ілінеді)

-Жусанды қазақ даласының символы деп есептейді.Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап,туған жерге сағыныш сезімге бөленеді.Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік.Алыс сапарға аттанғанда жусанды өзімен алып жүріп,туған жерге деген сағынышын басады,яғни «Отан» деген ұғыммен пара-пар мағынада айтылады.

5.Дәптермен жұмыс Дала туралы 5 жолды өлең

1жол-зат есім

2жол-екі сын есім

3жол-үш етістік

4-жол-4 сөзден тұратын сөйлем

5 жол-синоним

Мысалы: Дала

Ашық,жасыл

Гүлдейді,құлпырады,жайнайды

Дала құрғак,егіндік болады

Алқап


6.С/қорытындылау.

Оқушылар «Дала өсімдіктері мен жануарлары» туралы 1 сөйлемнен айтады.



Топ басшылары қойған бағаларын айтады.

7.Үйге тапсырма 66-69 бет оқу,№4,69бет
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет