Болашақ физика бакалаврының педагогикалық ЖҰмысқа кәсіби даярлығын қалыптастыру



бет1/5
Дата25.01.2022
өлшемі148 Kb.
#114156
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Блум
10 сынып-Кадыр Мырза Али, витамины

БОЛАШАҚ ФИЗИКА БАКАЛАВРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақалада болашақ физика бакалаврының педагогикалық қызметке кәсіби даярлығының қалыптасуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: қалыптастыру кезеңдері мен мақсат-міндеттері, құрылымы мен мазмұны, әдістері мен факторлары, деңгейлері сипатталған. Білімгерлердің кәсіби дайындығының жеткіліксіз қалыптасу себептері айқындалған. Болашақ педагогтардың оқушыларды тәрбиелеуге дайындығын қалыптастырушы модельдің құраушылары берілген.

В статье описаны основные показатели формирования профессиональной готовности будущих бакалавров физики к педагогической деятельности: этапы формирования, цели и задачи, структура и содержание, методы и факторы, уровни. А также определены причины недостаточной сформированности профессиональной готовности студентов. Даны основные компоненты модели готовности будущих педагогов к воспитательной работе в школе.

In the article the basic indexes of forming of professional readiness of future bachelors of physics are described to pedagogical activity: forming stages, aims and tasks, structure and maintenance, methods and factors, levels. And also reasons of insufficient formed of professional readiness of student are certain. The basic components of model of readiness of future teachers are given to educator work at school.ӘОЖ

ТҮЙІНДІ СӨЗДЕР: болашақ физика бакалавры, педагог, педагогикалық қызмет, кәсіби даярлық, қалыптастырушы кезеңдер мен деңгейлер, мақсат-міндеттер, әдістер мен факторлар, оқушыларды тәрбиелеу, модель.

КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА: будущий бакалавр физики, педагог, педагогическая деятельность, профессиональная готовность, цели и задачи, методы и факторы, этапы и уровни формирования, воспитание обучающихся, модель.

KEYWORDS: future bachelor of physics, teacher, teacher pedagogical activity, professional readiness, aims and tasks, methods and factors, stages and forming levels, education of student, model.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халыққа Жолдауында «Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек» [1] екендігін атап көрсетіп, егемендік алған еліміздің болашағы саналы жастарға байланыстылығына ерекше тоқталды, ұлтжанды, дарынды, талантты тұлғаны қалыптастыру ұстаздар қауымына жүктелетіндігін меңзеді.

Еліміздегі орта білім беру жүйесі қоғамдық өмірдің барлық саласындағы белсенді іс-әрекетті саналылықпен орындауға қабілетті, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Бұл аса жауапты да күрделі міндетті шешу педагогқа, оның терең кәсіби дайындығының сапасына тұтастай толық тәуелді. Адамзатты ізгіліктікпен тәрбиелеуді азаматтық борыш санайтын ұстаз қауымы егемен еліміздің экономикалық қарыштап дамуында өз үлесінің қомақты болуы керектігін сезінеді. Ұстаз қызметінің сапалық жаңа мазмұнмен толығуы, педагог еңбегінің әлеуметтік мәнділігінің артуы, оқу-тәрбие үдерісінің демократиялануы жоғары оқу орындарында (одан әрі – ЖОО) педагогтарды дайындаудың сипатын қайта қарауды қажет етуде. Білімгерлерге озық педагогикалық теория негіздері мен он екі жылдық мектеп тәжірибесін жетік меңгерту, олардың кәсіби ойлауын дамыту, педагогикалық бейімділіктері мен дағдыларын қалыптастыру, белсенді шығармашыл тұлға ретінде тәрбиелеу университеттегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруді міндеттейді.

Білімгерлердің педагог қызметіне дайындалуын қалыптастыру мәселесі бірнеше деңгейлерден тұратын, көптеген факторларға тәуелді, жан-жақты жоспарлауды қажет ететін күрделі үдеріс. Оны жүзеге асыру жоғары педагогикалық білім берудің теориясы мен практикасының озық үлгілерін тиянақты талдауды, бірізді жүйелі тұрғыдан объективті қарастыруды талап ететін үлкен кешенді жұмыс. Талдау жасау барысында басты назарға іліккен теориялық-әдіснамалық мәселелердің сипаттамалары бізге кәсіптік дайындықтың біртұтас тұжырымдамасы болу керектігі және болашақ педагогтарда кәсіптік дайындықты қалыптастыру қажеттігі анықталды.

Болашақ физика бакалаврының кәсіптік даярлығын қалыптастырудың мақсат-міндеттері әр кезеңге сәйкес өзгеше болады. І кезеңнің мақсат-міндетіне мыналар жатады: білімгерлердің кәсіптік бағдар алуы мен бастапқы оқу үдерісіне бейімделуінің аяқталуы, білімгерді мамандықтың мазмұнымен таныстыру, мамандық үшін маңызды қажеттіліктер мен себеп-дәлелдерді, қызығушылықты (танымдық және басқа да), кәсіптік рөлдің талаптары мен міндеттерін дамыту мен бекіту, педагог мәртебесін және мамандық ерекшелігін бағалай түсу.

ІІ кезеңдегі кәсіби дайындықты қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттері: ЖОО бітіргеннен кейінгі педагогикалық қызметке бағдардың бекуі, білімгерлердің оқуға бейімділігінің жетілуі, мамандыққа қойылатын талаптар мен мазмұн туралы білімнің нығаюы, мамандық үшін маңызды қажеттіліктер мен себеп-дәлелдердің, кәсіптік қызығушылықтың беки түсуі; білімгерлерді ЖОО-да дайындау үдерісінде кәсіптік дайындықты қалыптастырудың мақсаты, құрылымы мен мазмұны жәйлі, кәсіптік міндетті шешудің тәсілдері жәйлі, педагогикалық қызметтің құрылымы жәйлі білімнің жинақталуы; дайындықты өзіндік бағалау және кәсіптік міндетті шешу үдерісінің ең тиімді еңбек шартына сәйкесуі; педагогикалық қызметке бейімділік пен дағдыны жинақтау; педагогикалық практиканы өту барысында педагогикалық қызметтің талаптары мен шарттарына бастапқы бейімделу; кәсіптік құндылықтарды интериоризациялау; педагогикалық қызметтің нәтижелеріне жауапкершілік сезімін күшейту; жеке тұлғаның мамандыққа маңызды қасиеттері мен педагог мамандығына мақсат қоюшылыққа, кәсіптік білім, бейімділік пен дағдыға (тәжірибе жинауға) күш - жігерді топтастыруға, өзектілендіруге қабілетті жандандыру.

ІІІ кезеңдегі кәсіптік дайындықтың бекуі оқудың бітуі жақындаған сайын арта түседі де, дербестік сипаттағы іс-әрекеттердің мөлшері көбейе береді: педагогикалық мамандыққа бағдар аяқталып, ЖОО бітіргеннен кейін жалғасатын жұмысқа көңіл бөліне бастайды, мамандық үшін маңызды қажеттіліктер, дәлел-себептер, жеке тұлғаның құндылықтары мен сапалары беки түседі; педагогикалық қызметтің талаптары мен шарттарына бейімделуді жетілдіру; білімгерлер игерген педагогикалық қызметтің дифференциалды білімін, бейімділігін, дағдысын (педагогикалық практика уақытында жинақталған тәжірибеден топтастыра) жинақтау, оның негізгілерін екшеу, кәсіптік дайындықтың өздігінен қалыптасуының білімі мен бейімділігін жетілдіру, педагогикалық қызметке кәсіптік мақсат қоюды бекіту.

ІV кезеңдегі кәсіптік даярлықты жетілдіруді (педагогтың кәсіптік шеберлікке жету жолындағы бастамасы мен одан әрі қарай жетілу жолындағы жұмыстарын) қамтитын мақсат-міндеттер – даярлықтың өздігінен қалыптасуына дайындықты аяқтау. Бұл кездесетін қиындықтарға қарамастан жұмыста жоғары нәтижеге, кәсіптік шеберлікке қол жеткізуді мақсат еткен дербес педагогикалық қызмет негізіндегі кәсіптік даярлық деңгейінің үнемі жетілуі жолымен жүзеге асады.

Осылайша, зерттеу жүргізу нәтижесінде болашақ педагогтардың өзінің алдағы қызметіне кәсіптік даярлығының мазмұны мен құрылымын, оның айнымалыларының құрамын және құрылымдық құраушыларының өзара байланысын нақтылауға мүмкіндік алдық. Бұл білімгерлердің ЖОО-да оқуы кезінде кәсіптік даярлығының қалыптасу әдістемесін жасақтауға қажетті алғышарттар жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет