Болашақ маманның КӘсіби өзін-өзі дамытуының педагогикалық шарттары



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі29,84 Kb.
#117367
  1   2
Байланысты:
2 мақала
5 Сыныптан тыс, Документ Microsoft Office Word, Еліміздің білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылу принциптері, құрылымы, Нагашыбаева А, Кажет коргану курс.жұмыс, сценарий

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Таганова А.М., Жармұханбет Н.Е.


Қазақстан, Ақтөбе
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Aru73@mail.ru
nur_0212.kz@mail.ru
Қазақстан Республикасы білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында «Білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – мемлекеттің əлеуметтік жəне кəсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын жоғары білімді əрі бəсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады» делінген [1].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ғылым мен тəжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталып, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашатын білім деңгейімен қамтамасыз етуді» қарастырады [2].
Еліміздің білім беру стратегиясының негізгі мақсаты – бүгінгі қоғамдағы саяси ахуалды, нарықтық қатынасты түсінетін, жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім берудегі негізгі мақсат – тек білімді, кəсіби маманданған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай жəне əлеуметтік адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды түсінуге жəне дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясының тамыры сонау алыс замандардағы философиялық жүйелерден бастау алады. Осы жерде ғұлама Аристотель де өзін-өзі іске асыруды жан мен тәннің өз-өздерін дамыта түсулерімен байланыстырып, адамдардың ұмтылатын мақсаттарын екіге бөледі. Яғни, бір жағдайда адамның өзіндік әрекеті мақсат болса, екінші жағдайда сол іс-әрекеттің нәтижесі мақсат болып табылады. Басқаша тұрғыда оның нәтижесі Ф.Бэкон бойынша «Адамға өзін-өзі тану жеткілікті емес, сондай-ақ оның өзін саналы түрде әрі іскерлік тұрғыда көрсетіп, қалыптастырудың әдісін таба білуі қажет» деген, К.Л.Фейербахтың айтуынша «адамды құндылық деп тануда», Гегельдің пікірінше «жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуында», маркссист-классиктер бойынша адамның болмыстық күштерін іске асыруында, шетелдік психологтардың (К.Маслоу және т.б) тұжырымдауларынша жеке тұлғаны өзектендіруде.
Ерте қайта өрлеу кезеңінің радикалды гуманисті Пико Делл Мирандала (1449-1463) «адамның қасиеттері жайлы» сөзінде «Адам сен аспандық та, жерлік те, ажалды да, ажалсыз да болып жаралмағансың. Сен өз еркің мен арыңа сүйеніп өзіңнің иең болып, өз-өзіңді өз материалыңнан жасап шығаратын суретші болуға тиіссің» деген. Неміс антропологиясының өкілдері адамның болмыстағы орнын «өз-өзіне қойылғандық» деп көрсетеді. К.С.Мусин мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлықтарының әдістемелік негізін талдай келе, экзистенциалдық тұрғыдан қарастыруды адам мен жеке тұлғаның және адам өмірінің мәні жайлы білімнің дамуының басты бағыты деп есептейді. Орыс философиясында өзін-өзі дамытудың мәні ішкі бір құбылысқа тән имманентті түрғыда қарастырылады. Осы тұрғыда қарастыушылардың бірі П.Д.Успенский ХХ ғасыр басындағы орыс қоғамдық санасына тән өз - өзін дамытушы, жетілдіруші субьект ретіндегі адамның имманентті белсенділік идеясын дамытады. Адамның өзін-өзі өзектілендіру тұжырымдамасы да осы идеямен үндес. Америкалық психолог А.Маслоу өзін-өзі өзектілендірген адамды бірдеңе қосылған кәдімгі адам ретінде емес, яғни ештеңесі алынып тасталмаған кәдімгі адам ретінде қарастырады. Автордың ойынша өзін-өзі өзектілендірген тұлғалар өз мүмкіндіктеріндегі істердің барлығын өз күштерімен жүзеге асырып, өз мүмкіндіктеріне адекватты жағдайға дейін дамиды. Бұл жерде ұлы сазгер Бетховеннің «О, адам, өзіңе өзің көмектес» деген ұстанымын мысалға алу жеткілікті. Көмекке өз-өзіне көмектескен адам ғана қол жеткізеді деген даналыққа сәйкес, өз-өзіне көмектесу жеке тұлға дамуының негізгі алғышарты болып есептеледі.
Классикалық педагогикада өзін-өзі дамыту болмысы жайлы философиялық тұжырымдар табиғилық принципінен көрініс табады. Я.А.Каменскийдің айтуынша аталған принцип адамның оң мүмкіндіктерінің ізгі идеясын көрсетеді. П.Ф.Каптерев бойынша педагогикалық процестегі табиғилық жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және ағзаның өзін-өзі жетілдіруіне жүйелі түрде қолдау көрсету ретінде қарастырылады. Л.Н.Толстой мұны қысқа да, нұсқа «адамдарды белгілі үлгілер бойынша қалыптастыру тиімсіз, заңсыз және мүмкін емес» деген формулаға сыйғызады. Классиктердің ізгілікке негізделген идеялары кәсіби өзін-өзі дамыту ерекшелігі болып табылады. Я.А.Коменскийдің табиғилық революциясы және осы істі жалғастырушы И.Г. Песталлоцци тұжырымдамалары үлкен ізгілікке толы. Я.А.Коменскийдің ойынша бала бесікте жатқан кезінен бастап, нақты жағдайда өзіне ненің қажетті әрі пайдалы екендігін біліп, соны жасауға ұмтылып, сенуге тиісті. И.Г. Песталлоцци тәрбиелеудің басты мақсаты адам табиғатының ішкі күштерінің дамуына әсер етіп, адам мен табиғаттың шығармашылық үндестігін сезіну дейді. Өзінің жылдар бойы жинақтаған тәжірибесіне сүйене отырып ол, тәрбиелеудің табиғилығының негізгі принципің анықтаған. Яғни, бұл жерде ол баланы тәрбиелеп, қалыптастырудың және дамытудың жалғыз жолы баланың өз өмірі деген. Ізгілік жолын өзге де ресейлік дарынды педагогтар та жалғастырды. Л.Н.Толстой тәрбиелеуді ізгілік тұрғысынан қарастыра отырып, ұрпақтар арасындағы шынайы қарым-қатынасты сақтай отырып, ешқандай мәжбүрлеусіз жағдайдағы бостандық пен өзін-өзі жетілдіру түсінігін енгізді. Бұл тұрғыда К.Д. Ушинский өз ойын «тәрбиеші баланы оқытудың орнына көметесу керек» деп білдіреді. П.Ф.Каптерев жаңа кезеңде оқыту мен тәрбиелеудің тұтасығы мәселесін қарастыруды жалғастырып, И.Г.Пестолоцци мен К.Д.Ушинскийдің педагогикалық тәжірибелеріне сүйеніп, педагогикалық процессті ағзаның өзін-өзі дамытуына және жеке түлғаның жан-жақты жетілуіне жүйелі түрде қолдау көрсету деген тұжырым жасады.
Философиялық әдебиеттерде дамудың үш типі қарастырылады: прогрессивті, регрессивті және бір жазықтағы даму. Прогрессивті даму – қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғарыға қарай шығу түзуінен, ескірген сапалық жағдайдан жаңаға қарай қозғалыс, жаңару үрдісі. Бұл даму үстіндегі жүйенің одан да жоғары деңгейге көтерілуі. Жоғарғы деңгей төменгімен салыстырғанда күрделі, жетілген, мазмұны жағынан бай. Жоғарылықтың тағы да бір даусыз критерийі төменгі деңгейдің сол жоғарының ішінде болуында. Даму үрдiсiнiң күрделілiгi, қарама-қайшылықтылығы мен спираль түріндегі құбылыс болуы, мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің жетілуін оның өзінің алға қарай жылжуын өзі дайындайтын үрдiс деп қарауға мүмкіндік береді және философиядағы «өзін-өзі алға ілгерілету» - «өзін-өзі дамыту» ұғымына сәйкес келеді. Өзін - өзі ілгерілетуде сыртқы әсерлер аралық роль атқарады. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы өзін-өзі ілгерілетуден сапалық сипатымен өзгешеленеді және ол ұйымдастырудың жоғары деңгейге өтуімен қатар жүреді. Жеке тұлғаның дамуы осы жеке тұлғаға тән түрткілер жүйесі басқаратын іс-әрекетте жүзеге асады. Мұнда даму белгісі ретінде сапалық және сандық нәтижелерде көрінетін өзгерістерді алынады. Әдетте өзгерістер жеке тұлғаның әртүрлі өрістерін қамтиды. Дегенмен, әрбір жеке тұлға үшін бұл өзгерістердің орын алуы, белсенділік танытуы жағынан жеке-дара болып келеді. Даму мен өзін-өзі дамыту бір-бірінің қайнар көзі бола тұра, бірін-бірі байыта түседі. Өзін-өзі дамыту жеке тұлғаны билеп алып, өз нәтижелерінің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе отырып, оқу мен тәрбие ықпалымен одан әрі дамудың ең жақсы немесе ең жаман алғышарттарын жасайды. Егер оқу мен тәрбие дамудан айтарлықтай озып, ең жақын даму өрісінде болса, олардың дамытпалы нәтижесі болатыны белгілі. Бұдан шығар қорытынды: өзін-өзі дамыту – жеке тұлғаның бойында қайта қалпына келмейтін сапалық өзгерістердің оның өз еркіне байланысты орын алуы және жеке тұлғаның өз дамуына өзі жауап беруі. Бірақ бұл бірден жүзеге аспайды, ол жеке адамның дамуының белгілі бір кезеңінде орын алады. Баланың баршаға таныс «Мен өзім» деген сөзі өзін-өзі дамытудың бастауы болып табылады. Бірақ өзін-өзі дамыту қажеттілігінің жеке тұлғаның тұрақты қасиетіне айналуы үшін біршама уақыт қажет.
В.Андреевтің анықтамасы бойынша өзін-өзі дамыту дегеніміз - өз теориялық және басқа да сапаларыңды дамыта отырып өз-өзіңмен белсенді түрде жұмыс жүргізе білу. Жеке тұлға адамның қозғалыстағы «қуатты ядросы» ретінде алдына мақсаттар қойып, оны іске асыруға дайындықтың жоқтығын сезінген шақта қайтадан жаңа мақсаттарға қарай бейімделу бағыттарын іске қосады. Осылайша жеке тұлға үнемі үйлестіру жолында жүреді. Сондай-ақ әр кезде жеке тұлға қажетті деңгейде тиісті меже белгілеумен болады. Бір сөзбен айтқанда өзін-өзі дамыту процессі адамның өз болмысын табу механизмі ретінде көрінеді.
Психолог А.В. Суворовтың пікірінше кез келген өзін-өзі дамытудың болмысы әлемді өзін, өмірдегі орнын көрудің сапалы өзгерістері мен субъект белсенді түрде әрекет ететін істерінде өз өзімен және тұтас әлеммен байланыстардың қайта құрылуында тұрады. Үстемділік өзін-өзі дамытып отырған субъектінің жеке белсенділігінде болған соң, бұл бәрінен бұрын өзін-өзі дамытуға тән дүние. Кез келген дамытушы әсер адам өзі әрекет етіп отырғандықтан ғана нәтижелі бола алады. Диалектикалық түрде даму мен өзін-өзі дамыту салыстырмалы жағдайда да қатарласып та бір-бірін айырбастай алмайды.
Бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіби даярлығының теориялық негіздерін ашып көрсететін маңызды зерттеулер баршылық О.А.Абдуллина, Ю.П.Азаров, А.Н.Алексюк, Ш.А.Амонашвили, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, А.И.Щербаков және т.б. оларда болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі қарастырылып, кәсіби қабілетін анықтау бойынша жұмыстар жүйеленген. Ал, Н.Д.Хмель, Б.Р.Айтмамбетова, Ш.Әбенова, А.А.Иванова, Н.И.Ильясов, К.Т.Каргин, В.И.Коркина, К.С.Оспанов, С.І.Әбілдина, Қ.А.Сарбасова және т.б. зерттеулерінде жоғары оқу орынында мамандарды даярлауға аса мән беріліп, жас педагог тұлғасын қалыптастыру мәселесі өз шешімін тапқан. Кәсіби маман тұлғасының қалыптасуында жоғары немесе кәсіптік оқу орнындағы білім мен тәрбиенің берілуімен қатар, өзіндік кәсіби дамуды қосар еді. Бұл, психолог Г.А.Цукерманның [3] сөзімен айтқанда: «Өзін-өзі дамыту мəселесі қазіргі педагогикалық санаға иесіне бағынбайтын, бөтелкеден шыққан жын тəрізді жəне де өзінің жаңа əміршісінің ойын одан əрі дамытып, бұрынғы иесінің тас-талқанын шығарғандай…». Бұл алғы шарттар сол үшін пісіпжетілген болар. Ескі көзқараспен тұлғаны дамыту мен қалыптастыру – дамуды объективті үрдіс деп қарауға жеткіліксіз болуы мүмкін.
Оқыту мен тəрбиелеу процесін жүзеге асыру үшін, белгілі психолог С.Л.Рубинштейннің [4] «Сыртқы себеп – ішкі тəртіп арқылы» деген формуласымен де мүмкін емес болды. Сол себепті, өзін-өзі дамыту идеясы тек психолог пен педагог мамандардың ғана емес, жай адамдардың арасында кеңінен таралған. Соңғы онжылдықта адамның психологиясы мен жеке басына қызығушылығы өскені белгілі. Бұған себеп өте көп
Өзін-өзі дамытудың не екенін анықтап көрейік. Отандық психологияда бірінші анықтама беріп жəне оның ерекше белгілерін дəлелдеген В.И.Слободчиков пен Е.И.Исаев: «Өзін өзі дамыту – адамның өз өмірінің субъектісі болуға қабілеттілігі, өмірлік іс-əрекетін қайта құрастыра алуы» деген. Өзін-өзі дамытудың белгілері қандай? Ең алдымен мынаған көңіл бөлу керек, өзін-өзі дамытуды талдау үшін, өмірлік іс-əрекет деген жалпы түсінікті адамның іс əрекеті мен мінезінің негізгі нысанасы етіп алу керек [5].
Ғалымдар педагогтің өзіндік дамуын анықтауға 3 түрлі мүмкіндігі мен жолы барын көрсетеді: бейімделу жолы, өзіндік өсу жолы, тоқырау жолы (тұлғаның құлдырауы, кері кетуі, азғындауы, ісəрекеттің жоғалуы). Бейімделу – білім беру саласының барлық талаптарына бейімделіп, оқып-үйрену, рөлдік ұстанымдарды қолға алу. Өзіндік өсу – кəсіби маман болу үшін үнемі ізденісте болу, өзін толығымен көрсету, өзгеру.
Кəсіптік деңгейде өзін-өзі дамыту мына бағыттарда жүруі мүмкін: өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзіндік өзектілік. Педагогтің кəсіптік салада бекуіне əр түрлі жағдай түрткі болуы мүмкін: мұғалім деген бейнеге сай болуға ұмтылуы; басқалардан кем болмауы; басшы мен əкімшілік талаптарының деңгейінде болуы; директордың «жақсы» көретін адамдарына деген қызғанышты жəне т.б. Бұл мұғалімнің өзінің жұмыс деңгейін жоғарылатуына түрткі болуы мүмкін, бірақ ол көп жағдайда əр түрлі айлалы əрекет жасауды қанағат тұтады. Айлалы əрекеттерді пайдаланып, жасырын жолмен өзінің мақсатына жету жолында тек біржақты пайдаға жетеді, қарсыласы оны сезбейді де, сонымен қатар тəуелсіздік елесі туындайды.
Педагогтің өзін-өзі жетілдіру үрдісі мына деңгейлерден тұрады:
• Жеке тұлғаның өзінің іс-əрекетіне жəне қарымқатынастарына талдау жасауы. Өзін-өзі тану кезінде өзі туралы көзқарас қалыптасады, өзінің күшті жəне əлсіз жақтарын байқайды, өзін-өзі тұлға ретінде қабылдау механизмі жүзеге асады. Өзін-өзі жетілдіру стратегиясын таңдауына байланысты, өзін тұлға ретінде қабылдай ала ма, əлде жоқ па (тұлғаның жеке қасиеттерін қабылдай ма, қабылдамай ма?).
• Мінсіз «Мен» бейнесінің қалыптасуы – өзін-өзі болжау механизмінің қатысуымен жүзеге асады. Бұл бейненің өзі жалпылама немесе нақтыланған, уақытпен жақындастырылған жəне т.б. болуы мүмкін;
• Өзін-өзі дамыту бағдарламасын тұжырымдауда педагогтік кемелдену əрекетінің реті мен білімділігі анықталады, уақытын, жағдайын нəтижесін болжайды, өзін-өзі тəрбиелеу мен өзін-өзі оқытудың амал-тəсілі айқындалады; • Бағдарламаны жүзеге асыру;
• Жасалған жұмыстың тиімділігіне баға беріп, өзінің кəсіби тұрғыдан дамуына байланысты жасайтын жұмысына түзетулер енгізіп, бақылау жасауы [6].
Мақалада қарастырып жатқан мәселе бойынша, педагогтың өзін-өзі кəсіби жағынан дамыту деңгейінің кезеңдерімен байланысты негізгі өзекті сұрақ туындайды. Психолог Л.М.Митинa мұғалімнің өзін-өзі дамытудағы кəсібилігін екі түрге бөледі: бейімделушілік жəне кəсіби даму [7].
Бейімделушілік үлгі жалпы өмірлік стратегияны жүзеге асырады: Адам өзі ғана өмір сүріп жатқандай, əр нəрсеге қарым-қатынасы бүкіл өміріне қатысы жоқтай. Бұл жерде ішкі рефлексия ғана қолданылады.
Мұғалімнің мінезіне негізгі əсер етуші күш – ішкі жағдай мен талаптар, сондықтан оның өзін-өзі дамытуы осы талаптар жолындағы құрал ретінде жүреді жəне төмендегі деңгейлерден өтеді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет