Бөлім: Кіріспе. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы



бет1/7
Дата18.11.2019
өлшемі91,64 Kb.
#52019
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
биология
срс
Бөлім: Кіріспе. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы

1.Өсімдіктерді тозаңдандырады:

A.Құрттар, көбелектер, аралар, қоңыздар

B.Көбелектер, аралар, қоңыздар

C.Көбелектер, бактериялар, аралар, қоңыздар

D.Тышқандар, аралар, қоңыздар

E.Ұлулар,тасбақалар, аралар, қоңыздар

Көбелектер, аралар, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырады. Шұбалшаңдар топырақтың құрылымын жақсартады. Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жауабы в

2.Өсімдіктің тұқымдары мен жемістерін таратады:

A.Аралар, қоңыздар.

B.Құрттар

C.Қоңыздар

D.Жануарлар

E.Көбелектер, бактериялар

Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жануарлар өсімдік тұқымдары мен жемістерін таратады.

3.Топырақты қарашірікпен байытатын:

A.Қоңыздар

B.Өсімдіктер

C.Көбелектер, бактериялар

D.Құрттар

E.Жануарлар

Өсімдіктер топырақты қарашірікпен байытып, құрылымын жақсартады. Ауаны шаң мен улы газдан тазартады. Ауру тудыратын майда ағзаларды жояды. Аптап ыстықты, қақаған аязды бәсеңдетеді

4.Топырақтың құрылымын жақсартады:

A.Өсімдіктер

B.Көбелектер, бактериялар

C.Шұбалшаңдар

D.Қоңыздар

E.Жануарлар

Көбелектер, аралар, қоңыздар өсімдіктерді тозаңдандырады. Шұбалшаңдар топырақтың құрылымын жақсартады. Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өсімдіктердің зиянкестерін азайтып, пайда келтіреді. Жануарлар өсімдік тұқымдары мен жемістерін таратады.

5.Ғалымдар жыл сайын бунақденелілердің:

A.2 мың жаңа түрлерін ашады

B.5 мың жаңа түрлерін ашады

C.5 мың жаңа түрлерін ашады

D.4 мың жаңа түрлерін ашады

E.3 мың жаңа түрлерін ашады

Ғалымдар жыл сайын 2 мың бунақденелілердің жаңа түрлерін ашады; сол сияқты балықтардың, құрттардың, саңырауқұлақтардың тізімдері де жаңа түрлермен толығып жатады. Бірақ құстар мен сүтқоректілер арасында мұндай жаңалықтар өте сирек кездеседі.

6.1938 жылы жалманды тапқан:

A.Ж.М.Кудерин

B.Б.М.Мусин

C.В.А. Селевин

D.А.Ы.Жандеркин

E.Х.Д.Досмухамедов

1938 жылы В.А. Селевин басқарған зоологиялық экспедиция Бетпақдала өңірінен тышқан тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан. Оның бесеуін ұстағанда бұл аса елеулі жаңалық болып қабылданды және оны әрі қарай зерттеуге жол ашты.

7.Балқаш көлінің солтүстігінде мекендейтін тышқанның түрі:

A.Қосаяқ

B.Кәдімгі тышқан

C.Жалман

D.Суыр


E.Қоян

Жалман Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде өте сирек ұшырасады.

8.Көшпелі шегірткені сүйіп жейтін тышқанның түрі:

AЖалман

B.Кәдімгі тышқан


C.Суыр

D.Қоян


E.Қосаяқ

Жалман Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде өте сирек ұшырасады. Ол көшпелі шегірткені сүйіп жейді; көбелек, қоңыз сияқты бунақденелілермен де қоректенеді.

9.Жалманның негізгі тіршілік ететін жерлері:

A.Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары

B.Балқаш көлінің оңтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары

C.Қызылқұм шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары

D.Африка шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары

E.Гобби шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары

Жалман Бетпақдала шөлі, Балқаш көлінің солтүстігі, Алакөл, Зайсан ойпаттары өңірінде өте сирек ұшырасады. Қазақстанда ғана кездесетін, жүні майда, жібектей сусылдаған, қалың, құлағы түтік болып қусырылатын, алақан тәрізді жазылатын кішкене ғана аң. Ол көшпелі шегірткені сүйіп жейді; көбелек, қоңыз сияқты бунақденелілермен де қоректенеді; өте сирек болғандықтан, ол қорғауға алынған.

10.В.А. Селевин басқарған зоологиялық экспедициясының жаңалығы:

A.Кірпі тәрізді кемірушілердің бірі – атжалманды тапқан

B.Егеуқұйрық тәрізді кемірушілердің бірі – қосаяқты тапқан

C.Қоян тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан

D.Тышқан тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан

E.Бауырменжорғалаушы тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан

Бетпақдала өңірінен тышқан тәрізді кемірушілердің бірі – жалманды тапқан. Оның бесеуін ұстағанда бұл аса елеулі жаңалық болып қабылданды және оны әрі қарай зерттеуге жол ашты.

Пән: Биология, Бөлім: Биология ғылымдары

1.Жануарларды зерттейтін ғылым:

A.Химия

B.Анатомия


C.Зоология

D.Ботаника

E.Эстетика

Зоология (грекше: «зоон» – жануар, «логос» – ғылым) – жануарлар әлемін зерттейтін ғылымдар биология саласына жатады. Биологияның белгілі бір саласы арнайы оқу орнында оқытылады. Оны бітірген адам осы саланың маманы болып шығады. Мысалы, ботаник, зоолог, дәрігер, зоотехник, агроном және т. б.

2.«Өсімдіктану» атты оқу құралын жазған Қазақстаннан шыққан тұңғыш биолог-ғалым:

A.Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов

B.Т.Б. Дарханбаев

C.Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин

D.Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин

E.Бағрам Мұсаұлы Мусин

Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин Қазақстаннан шыққан тұңғыш биолог-ғалымдардың бірі, «Өсімдіктану» атты оқу құралын (1927, 1930) басып шығарды. Ол жиырма жасында ауыл шаруашылық мектебін бітіріп, егіс және мал шаруашылығының маманы атанды.

3.Қазақтың арқар-меринос қойын, жүндес ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек еткендердің бірі:

A.Т.Б. Дарханбаев

B.Бағрам Мұсаұлы Мусин

C.Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин

D.Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин

E.Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов

Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин зоотехник, биология ғылымының кандидаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақтың арқар-меринос қойын, жүндес ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек еткендердің бірі.

4.Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашқан ғалым

A.Н. В. Павлов

B.В.А. Грачев

C.А.А. Слудский

D.А.Ф. Ковшарь

E.С. В.П. Голоскоков

Биология ғылымдарының докторы, академик Н. В. Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты.

5.С.Г. Навашин:

A.Фотосинтезде цитоплазманың рөлін алғаш сипаттаған

B.Өсімдіктің ұрықтануын ашқан

C.Фотосинтезде ядроның рөлін алғаш сипаттаған

D.Фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған

E.Фотосинтезде жасушаның рөлін алғаш сипаттаған

Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдардан С.Г. Навашин (өсімдіктің ұрықтануын ашқан).

6.Қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алған:

A.Бағрам Мұсаұлы Мусин

B.Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов

C.Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин

D.Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин

E.М.И. Исмагилов

Бағрам Мұсаұлы Мусин зоотехник, ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі. Малдың жаңа қолтұқымы қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алған.

7.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында:

A.Жүгері масағы мен қанаттанған шырақ бейнеленген

B.Бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген

C.Арпа масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген

D.Күріш масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген

E.Тары масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған

8.Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығының орналасқан жері:

A.Маңғыстау

B.Іле Алатауы

C.Алматы облысы, Талдықорған

D.Қостанай далалы аймағы

E.Талас Алатауы

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы).

9.Барсакелмес мемлекеттік қорығының орналасқан жері:

A.Талас Алатауы

B.Қостанай далалы аймағы

C.Шығыс Қазақстан

D.Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі

E.Маңғыстау

Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі, ондағы құландар Алтынемел мемлекеттік табиғи ұлттық саябаққа әкеліп жіберілді).

10.Үстірт қорығының орналасқан жері:

A.Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі

B.Оңтүстік Алтай

C.Маңғыстау

D.Қостанай далалы аймағы

E.Шығыс Қазақстан

Үстірт қорығы (Маңғыстау).

Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Өсімдіктер. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар

1.Жасуша:

A.Ағзаның қосымша белгілерін еселеп сақтайтын құрылымдық бөлшегі

B.Тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі

C.Тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтамайтын құрылымдық бөлшегі

D.Ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын денесі

E.Өсімдіктің тіршілік белгілерін сақтамайтын құрылымдық бөлшегі

Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады.

2.Көру түтігі:

A.Микроскоптың екінші бөлігі

B.Микроскоптың айнасы барі бөлігі

C.Микроскоптың негізгі бөлігі

D.Микроскоптың бұрандалы бөлігі

E.Микроскоптың қосымша бөлігі

Микроскоптың негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі. Көру түтігінің жоғары жағына 2 линзасы (әйнек) бар окуляр (латынша: «окулус»– көз) кигізілген.

3.Микроскоптың барлық бөлшектері:

A.Айнаға бекітіледі

B.Линзаға бекітіледі

C.Табанға бекітіледі

D.Окулярға бекітіледі

E.Түтікке бекітіледі

Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін табанға бекітіледі.

4.Көру түтігінің екі жағында:

A.Ортасы тесік заттық үстелше орналасады

B.Бұрандасы бар

C.Заттық айна бар

D.Заттық үстелше орналасады

E.Айна орналасады

Көру түтігінің екі жағында бұрандасы бар. Бұранда арқылы көру түтігі жоғары көтеріп, төмен түсіруге болатын тұтқаға (штативке) бекітіледі. Көру түтігінің дәл астында ортасы тесік заттық үстелше орналасады.

5.Заттық үстелшенің астында:

A.Айналмалы айнасы бар

B.Көру түтігі бар

C.Айналмалы айнасы бар

D.Заттық үстелше бар

E.Бұрандасы бар

Заттық үстелшенің астында жарық қабылдайтын айналмалы айнасы бар. Микроскоптың барлық бөлшектері орнықты тұру үшін табанға бекітіледі.

6.Затты тек жарықтың көмегімен көретін микроскоп:

A.Кіші микроскоп деп аталады

B.Линзалы микроскоп деп аталады

C.Жарық микроскобы деп аталады

D.Қарапайым микроскоп деп аталады

E.Электрондық микроскоп деп аталады

Затты тек жарықтың көмегімен көретіндіктен жарық микроскобы деп аталады.

7.Қараймын сөзі грекше:

A.«Окулус» деп аталады

B.«Скопэ» деп аталады

C.«Объект» деп аталады

D.«Объектум» деп аталады

E.«Микро» деп аталады

Микроскоп («микро»– ұсақ, «скопэ»– қараймын) – өте ұсақ заттарды 100-ден 2 000 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал.

8.Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін:

A.Окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне қосады

B.Окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне бөледі

C.Окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне көбейтеді

D.Окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-бірінен алады

E.Окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне азайтады

40 = 600 есе үлкейтеді. болса, 15 , ал объективте 40Көретін затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды бір-біріне көбейтеді. Мысалы, окулярда 15

9.Микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы:

A.Пияздың ішкі бөлігі

B.Пияздың қалың қабығы

C.Пияздың жапырағы

D.Пияз өңі

E.Пияздың тамыры

Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы – пияз өңі.

10.Микроскоптан басқа майда затты көрсететін, құрылысы қарапайым құрал:

A.Ұлғайтқыш қол әйнегі

B.Жарық әйнек

C.Ұлғайтқыш үлкен әйнек

D.Көрсететін қол әйнегі

E.Тұтқалы ұлғайтқыш әйнек

Микроскоптан басқа майда затты (3-5 есе) сәл үлкейтіп көрсететін, құрылысы қарапайым құрал – ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа). Оның негізгі бөлімі – екі жағы бірдей дөңес шыны (линза). Пайдалануға ыңғайлы болу үшін шынының айналасы құрсауланған, қолмен ұстайтын сабы бар.

Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Өсімдік жасушасының құрылысы

1.Қабықшаның өте жұқарған жері:

A.Вакуоль

B.Цитоплазма

C.Ядро

D.Саңылау



E.Қабықша

Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады.

2.Жасунықтан (целлюлоза) тұрады:

A.Қабықша

B.Қабықша саңылауы

C.Ядро

D.Цитоплазма



E.Вакуоль

Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша – жасунықтан (целлюлоза) тұрады.

3.Саңылау:

A.Қабықшаның қысылған жері

B.Қабықшаның өте жұмсақ жері

C.Қабықшаның ашық жері

D.Қабықшаның өте жұқарған жері

E.Қабықшаның қалың жері

Қабықшаның өте жұқарған жерін – саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады.

4.Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер:

A.Цитоплазмада орналасады.

B.Ядрода орналасады.

C.Вакуольде орналасады.

D.Сыртында орналасады.

E.Қабықшада орналасады.

Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады.

5.Жасушаның көбеюіне қатысады:

A.Қабықша

B.Вакуоль

C.Ядро

D.Цитоплазма


E.Пластидтер
Ядро – цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Әрбір тірі жасушаның тірілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.

6.Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер:

A.Пластидтер

B.Қабықша

C.Цитоплазма

D.Ядро
E.Вакуоль


Пластидтер – тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер – хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

7.Хлоропластар:

A.Өсімдікке қызыл түс береді

B.Өсімдікке қоңыр түс береді

C.Өсімдікке қызылсары түс береді

D.Өсімдікке жасыл түс береді

E.Өсімдікке сары түс береді
Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі.

8.Өсімдіктің тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер:

A.Хлорокок

B.Лейкопластар

C.Хлорофилл

D.Хромопластар

E.Хлорофилл
Лейкопластар – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.

9.Лейкопластар:

A.Өсімдіктің ұшында кездесетін ұсақ денешіктер.

B.Өсімдіктің тамырында, түйнегінде кездесетін денешіктер.

C.Өсімдіктің жапырағында кездесетін түссіз, денешіктер.

D.Өсімдіктің тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер.

E.Өсімдіктің сабағында кездесетін түссіз, денешіктер.

Лейкопластар – өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер.

10.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді:

A.Хлорофилл

B.Вакуоль

C.Лейкопластар

D.Хромопластар

E.Хлорофилл



Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.
Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Өсімдік ұлпалары

1.Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері:

A.Ұлпа, жабын, негізгі тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы

B.Түзуші тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы

C.Түзуші, жабын, негізгі тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы

D.Мүше, жабын, негізгі тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы

E.Тоз, негізгі тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы
Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы.

2.Барлық ұлпалардан бұрын түзілетін ұлпа:

A.Негізгі ұлпа

B.Түзуші ұлпа

C.Су жинаушы ұлпа

D.Тірек ұлпасы

E.Жабын ұлпа
Түзуші ұлпа барлық ұлпалардан бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады.

3.Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын ұлпа:

A.Жабын ұлпа

B.Түзуші ұлпа

C.Су жинаушы ұлпа

D.Негізгі ұлпа

E.Тірек ұлпасы
Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді. 

4.Жасушаларының қабығы қалың, ірі болатын ұлпа:

A.Тірек ұлпасы

B.Негізгі ұлпа

C.Су жинаушы ұлпа

D.Жабын ұлпа

E.Түзуші ұлпа
Су жинаушы ұлпаның жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады. Су жинаушы ұлпа шырынды (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава) және сортаң (тұзы көп) жерде өсетін өсімдіктерде (сораң, сарсазан) болады.

5.Су жинаушы ұлпа:

A.Барлық ұлпалардың ішінде де болады

B.Көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат

C.Жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан

D.Жасушаларының қабығы қалың, ірі болады

E.Ең соңынан түзіледі

Су жинаушы ұлпаның жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады. Су жинаушы ұлпа шырынды (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава) және сортаң (тұзы көп) жерде өсетін өсімдіктерде (сораң, сарсазан) болады. Алоэ суды шырынды жапырағына, кактус өркеніне (сабағына) жинайды.

6.Жабын ұлпа:

A.Өткізгіш ұлпа, тоз, қыртыс

B.Өң, тоз, қыртыс, қор жинаушы

C.Фотосинтездеуші, тоз, қыртыс

D.Өң, тоз, қыртыс

E.Түзуші ұлпа, тоз, қыртыс
Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.

7.Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар:

A.Жеміс жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді

B.Фотосинтездеуші, су жинаушы, жарық жинаушы деп бөлінеді

C.Ауа жинаушы, шаң жинаушы, қор жинаушы, деп бөлінеді

D.Қор жинаушы, ылғал жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді

E.Фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді
Жасушааралық кеңістіктері өте кең болады. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.

8.Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында жаңа қабаттар пайда болып:

A.Қабықша түзіледі

B.Цилиндр түзіледі

C.Ұлпа түзіледі

D.Эллипс түзіледі

E.Қыртыс түзіледі
Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Қыртыс жасушалары өлі болғанымен тереңіректегі, тірі жасушалар бөлініп, діңнің көлденеңін ұлғайтады.

9.Өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында кездесетін ұлпалар:

A.Қор жинаушы ұлпалар

B.Су жинаушы ұлпалар

C.Жабын ұлпалар

D.Негізгі ұлпалар

E.Тірек ұлпасы
Қор жинаушы ұлпалар кездеседі. Қор жинаушы ұлпада нәруыздар, көмірсулар, майлар және т.б. артығы қорға жиналады.

10.Негізгі ұлпа:

A.Қорға жинаушы → газ алмасу→ тасымалдаушы қызметін атқарады

B.Сіңіру  → фотосинтездеуші → қорға жинаушы → газ алмасу қызметін атқарады

C.Газ алмасу → зат алмасу → қорға жинаушы → қызметін атқарады

D.Жұту  → фотосинтездеуші → газ алмасу қызметін атқарады

E.Фотосинтездеуші → суға жинаушы → зат алмасу қызметін атқарады
Негізгі ұлпа → сіңіру→фотосинтездеуші →қорға жинаушы →газ алмасу қызметін атқарады.
Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар

1.Қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізетін ұлпа:

A.Түзуші ұлпа

B.Негізгі ұлпа

C.Жабын ұлпа

D.Тірек ұлпасы

E.Өткізгіш ұлпа
Өткізгіш ұлпа – қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді. Тамырдың сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесі тамырға өткізеді. 

2.Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа бірлесіп:

A.Өткізгіш және түтікшелі-талшықты шоқ түзеді

B.Өткізгіш ұлпасын және шоқ түзеді

C.Тірек ұлпасын және талшықты шоқ түзеді

D.Негізгі ұлпа және түтікшелі шоқ түзеді

E.Жабын және түтікшелі-талшықты шоқ түзеді
Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі-талшықты шоқ түзеді. Өткізгіш шоқтардың екі ұшы сүйірленген ұзынша жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады. Сондықтан органикалық заттар қабықтағы өткізгіш ұлпалармен қозғалады. Минералды тұздардың судағы ерітіндісі сүректегі өткізгіш ұлпаларымен қозғалып, өсімдік мүшелеріне жеткізіледі. Күзде сүзгілі түтік жасушаларының саңылаулары уыз тәрізді затпен бітеліп, органикалық заттардың өтуі (қозғалуы) тоқталады. Өсімдік тыныштық күйге көшеді. Көктемде уыз тәрізді заттар еріп, жолдар ашылып, органикалық заттар қозғалысы қайта басталады.

3.Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда:

A.3-4 айдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады.

B. 2-3 айдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады.

C. 3-4 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады.

D.1-2 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады. 

E.6-7 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады.

Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар сүзгілі түтіктер деп аталады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулар болады. Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда 3-4 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады.

4.Керексіз қалдық заттарды сыртқа шығаратын ұлпа:

A.Тірек ұлпа

B.Түзуші ұлпа

C.Өткізгіш ұлпа

D.Негізгі ұлпа

E.Бөліп шығарушы ұлпа
Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған жерінен шайыр түрінде бөлінсе, жапырақтан артық тұздар тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен сыртқа шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы ұлпа дейді. Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан. 

5.Ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық:

A.Шірнеліктер

B.Тәтті шырын

C.Сүтті шырын

D.Эфир майы

E.Майлы шырын

Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар – шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары. Сүт жолы өсімдіктің барлық мүшесінде орналасқан. Сүтті шырын – ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық. Оның құрамында көмірсулар, майлар, нәруыздар бар.

6.Тамыр топырақтан нелерді сорып алып, жер үсті мүшелеріне жеткізеді?

A.Органикалық заттарды

B.Майларды

C.Нәруыздарды

D.Көмірсуларды

E.Минералды тұздарды
Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздардың судағы ерітіндісін өсімдіктің жер үсті мүшелеріне жеткізеді. Ал жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесі керісінше тамырға өткізеді.

7.Бөліп шығарушы ұлпа керексіз қалдық заттарды бөліп шығарумен қатар, қандай қызмет атқарады?

A.Тірек

B.Жабындық



C.Қорғаныштық

D.Тасымалдаушы

E.Қоректік
Бөліп шығарушы ұлпалардың қатысуымен бөлінген заттар өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды.

8.Эфир майын бөліп шығаратын қасиеті бар бөліп шығарушы ұлпаның құрылымдары:

A.Домалақ басты түктер

B.Безді қабыршақтар

C.Сүт жолдары

D.Жабысқақ түктер

E.Шірнеліктер
Заттарды сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар – домалақ басты түктер жабын ұлпаның өңінен пайда болады, эфир майын бөледі. Сондықтан өсімдік хош иісті.

9.Шірнеліктерден бөлінетін шірне қандай қызмет атқарады?

A.Өсімдікке хош иіс беріп тұрады

B.Микробтардан қорғайды

C.Эфир майын бөліп шығарады

D.Бунақденелілерді еліктіреді

E.Өсімдікті қолайсыз жағдайлардан қорғайды
Пішіні мен құрылыс әр түрлі болып келетін шірнеліктерден бөлінетін шірненің құрамындағы қант, витамин, минералды заттардың ерітіндісі, хош иістері бунақденелерді еліктіреді.

10.Өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырып тұратын ұлпа?

A.Жабын ұлпа

B.Өткізгіш ұлпа

C.Түзуші ұлпа

D.Бөліп шығарушы ұлпа

E.Тірек ұлпа
Тамырда, сабақта, жапырақ жүйкелерінде орналасып, өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен байланыстырады. Сондықтан барлық мүшелерінде өткізгіш ұлпалар орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет