Бөлімі-Сөйлеу мәдениеті Тақырыбы-«Сиқырлы сандық» Мақсаты



Дата13.08.2017
өлшемі21,28 Kb.
#23289
Білім беру саласы-Коммуникация

Бөлімі-Сөйлеу мәдениеті

Тақырыбы-«Сиқырлы сандық»

Мақсаты-Балалардың тілдерін байланыстырып сөйлеуге үйрету.Диалогты, маналогты сөйлеу.Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру ұқыптылыққа тәрбиелеу. 

Сөздік жұмыс: сандық ,сиқырлы

Биллингвальды компонент: сиқырлы-волшебник , қар-снег.

Шаттық шеңбері.Музыка әуенімен залға сиқырлы сандық кіреді.Тәрбиеші балалардың көңілін өзіне аударады,сұрақ қояды)

-Балалар, қараңдаршы!

-Бізге не келе жатыр?

-Қандай сандық?

Балалар сұраққа жауап береді.

-Үлкен сандық.

-Сандық қандай?

-Сандық әдемі,сиқырлы.

Ұйымдастырушылық –ізденушілік.

Тәрбиеші сандықты ашып көреді.Балалар сандықтың ішінде не бар екенін білуге қызығушылық білдіреді.Тәрбиеші:

-Ішінде не бар екенін көрейік. (Сандық ашылмайды)

-Не істейміз? Тәрбиеші:

-Мен жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тапсаңдар, мүмкін сандық ашылады.

-Кіруге адам батпайды, затыңды аман сақтайды. Балалар жұмбақты шешуге тырысады .

-Жауабы сандық. (Сандық ашылады)

-Балалар ,сандықтың ішінде бірнеше тапсырмалар бар екен орындаймыз ба? Балалар тапсырманы орындауға келіседі.



1-тапсырма:

Құрастырма ойын:

«Қыс мезгілінің» суреті шығады. Балалар құрастырады.

2-тапсырма:

Ойын «Кім тез құрастырады?».Аққаланы құрастырып, дене құрылысын неше бөліктен тұратынын санап айтып береді.Тәрбиеші қыста әртүрлі ата-аналар арасында сайыстар болғанын ,онда белсенді қатысқан ата-аналарды, мақтау қағаз алғанын атап өтеді.

Тәрбиеші:

-Ал ,енді қандай тапсырма бар екен?



3-тапсырма:

Сурет бойынша «Қыс мезгілі» туралы әңгімелеп бер.



4-тапсырма:

Тәрбиеші:

-Сандықта тағы не бар екен, қарайықшы.Балалар аңдарды алады, сипаттайды.

-Мынау-қоян.Қоян орманда тұрады. Сәбіз,шөп жейді.

-Мынау-қасқыр. Орманда, тауда тұрады. Ет жейді.

-Мынау- аю.Балық жейді.Бал жақсы көреді.Қыста ұйықтайды.



-Балалар ,біз бүгін қандай жыл мезгілі туралы айттық? Құрастырма ойындардан қандай суреттер шықты? Тағы қандай тапсырмаларды орындадыңдар? Қандай жыл мезгіліне арналған әңгіме айттыңдар?

Рефлексия:Ал, ендеше бүгін оқу іс әрекеті ұнады, қызықты өтті деген бала көңілді аққаланы таңдайды.Ал, оқу іс әрекеті маған ұнаған жоқ ,қызықсыз өтті деген бала көңілсіз аққаланы таңдайды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет