«Ботаника» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



Дата27.07.2020
өлшемі21,62 Kb.
#75645
Байланысты:
Botanika kaz
Kletka-biologiyasy


«Ботаника»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)



1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М080 - Биология

М083– Геоботаника

Шифр білім беру бағдармалар тобы



3. Тест мазмұны: Тест «Ботаника» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.



Тақырыптың мазмұны


Қиындық деңгейі


Тапсыр

малар саны

1

Кіріспе. Биосферадағы өсімдіктердің құндылығы және адамның тәжірибесі

А

1

2

Жоғары өсімдіктердің пайда болуы және жердегі өмірге байланысты анатомиялық және морфологиялық саралануы

A

1

3

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпалары

В

2

4

Ұрық, тұқым және өркен морфологиясы

А

1

5

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативті органдарының дамуы және құрылымы

С

2

6

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің репродуктивті биологиясының морфологиялық негіздері

В

2

7

Балдырлар

А

1

8

Балдырлар систематикасы

B

1

9

Саңырауқұлақтар

C

2

10

Саңырауқұлақ тектес ағзалары

А

1

11

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

В

1

12

Ашықтұқымдылар бөлімі

В

1

13

Гүлді немесе жабық тұқымды өсімдіктер бөлімі

А

1

14

Магнолиопсидтер немесе қос жарнақтылар класы

С

2

15

Дара жарнақтылар немесе лилиопсидтер класы

В

1

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

20


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың теориялық және ғылыми негіздерін толығымен қамтиды, сонымен бірге студенттердің осы курстың материалдарын қаншалықты деңгейде меңгергендігін бағалауға мүмкіндік береді.



5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:


  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.



9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Бегенов Ә., Тыныбеков Б., Ахметова А., Чилдибаева Ә. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясының зертханалық практикумы. - Алматы: «Қазақ университеті», 2011. 188 б.

  2. Курманбаева М.С. Ботаника негіздері мен өсімдіктер әлемінің әралуандылығы.-Алматы, 2011, -101б.

  3. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы Б.М. Силыбаева, Ж.К.Байғана, Н.Ш.Карипбаева, В.В. Полевик. – Семей, 2010ж. 587бет.

  4. Лотова Л.И. Ботаника: морфология и анатомия растений. М., изд-во «Комкнига», 2007. 510 с.

  5. Ботаника: Курс альгологии и микологии: Учебник/Под ред. Ю.Т. Дьякова - М.: Изд-во МГУ, 2007- 559с.

  6. Әметов, Ә.Ә. Ботаника.- Алматы, 2005, 512 б. 

  7. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары.- Алматы, 2004 

  8. Абдрахманұлы, О. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер.- Алматы, 2003 

  9. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алма-Ата, Изд-во Қазақ университеті, 2-ое издание, исправленное, дополненное, 2001


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет