Бронх демікпесі ауру тарихы Паспорттық бөлім



Дата08.02.2022
өлшемі192,22 Kb.
#98164
Байланысты:
2. НЫСАНЖАН АРУЖАН
2. НЫСАНЖАН АРУЖАН, Мақала және жоспар

Бронх демікпесі ауру тарихы
Паспорттық бөлім
1. Науқас аты-жөні: Аймаганбетова Айсулу
2. Ұлты: Татар
3. Жынысы: Әйел
4. Жасы: 16.08.1956 , 60 жаста
5. Жұмыс орны: Зейнеткер
6. Мекен-жайы: Қарағанды обл.
7. Түскен күні: 25.08.2016ж
8. Стационарға жолдаған ұйым:
9. Жолдаған ұйым диагнозы: Бронх демікпесі
10. Клиникалық диагноз: Бронх
демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты.
Шағымдары: Науқас тәулігіне 10 рет болатын тұншығу ұстамасына шағымданды, көбінесе түнгі уақытта. Тыныштық қалпындағы тыныс шығуы қыйындайтын ентігу, бұл сәл ғана жүктемеден күшейе түседі, шырышты қақырық бөлінетін ұстамалы жөтел, түнгі ұйқысының бұзылуы және де физикалық белсенділігінің төмендеуі.
Anamnesis morbi: Бронхо обструктивтісиндромы 1995 жылы (39 жасында) басталған, ол тұншығу ұстамалары, ұстама тәрізді ентігу, жөтел болуымен мазалаған. Стационарлықемін пульмонологиялық бөлімшеде алған, бронхиалды астма нақтыланған, ем барысында жағдайы жақсарған. 5 жылішінде ауру ремиссияланған. кейін ОКБ-ның пульмонология бөлімшесіне қайта қаралған, Беклазон Эко Легкое-ні үнемі қабылдап отыру ұсынысымен шағарылған.Ушығулары әсіресе жазғы уақытта, шамадан тыс суықтанғанда қозады. 2016 жылдың наурыз айында пульмонологиялық бөлімшеде бронхообструктивті синдром клиникасымен стационарлы ем қабылдады, Бронх демікпесі ауыр дәрежесі диагнозы нақтыланды. Жағдайы жақсарып, Беклазон 1000мкг/тәул + Спирива респимат 5 мкг/тәул тағайындалып шығарылды. 10 күн РФ болып жағдайы нашарлаған, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамалары жиілепентігуікүшейген Қазақстанға келіп вокзалда кезекші дәрігер уақытша көмек көрсеткен(Дексаметазон 8мг+ Эуфилин 10мл көк тамырға). Шұғыл түрде пульмонологиялық бөлімшеге бронхообструкцияның айқын көрінісі және тыны алу жеткіліксіздігі негізінде жатқызылды.
Anamnesis vitae. Туберкулез, вирусты гепатит және венерологиялық аурулармен ауырмаған. Басынын откен аурулары: жатыр мойынының cr(сәулелі терапия), холецистэктомия, полипэктомия. Гемотрансфузия жүргізілген. Аллергиялықанамнез: Жануарлардың жүні, Көше шаңы, күкірт - тұншығу. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Зиянды әдеттері: шылым шегпейді. Наркотикалық заттар қолданбаған. гиникологиялық анамнез минструация 14 жасынан бастап 3 күннен, жүктілік 3, босану 2, аборт 1. Менопауза 1983 жылы жатырдың с-г терапиясынан кейін басталды. Тұқым қуалаушылық: анасында қант диабеті. Еңбек Тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық Еңбеканамнезі: Қалыпқа келтіру дәрігері. Эксперттік анамнез: Зейнеткер
Status praesens. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықты, тұншығу ұстамасына байланысты. Санасы ашық Төсектегі қалпы ортопноэ. Есі анық. Дене бітімі - нормостениялы.
Тері жабыны физиологиялық түсте. Ісінулер жоқ. Шеткерілимфа түйіндері ұлғаймаған.
Сүйек- буын жүйесі өзгермеген.
Тыныс алужүйесі.
Кеуде клеткасы цилиндр тәрізді, екі бөлігі де симметриялы тыныс алу актісіне қатысады. ТАЖ 26 рет минутына.
Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі аздап төмендеген, сол жақ жоғарғы бөлікте дауыс дірілі күшейген.
Салыстырмалы перкуссияда: L. Mediaclavicularis сызығы бойынша сол жақта 1-2 қабырға аралықта, жауырын үсті аймағында перкуторлы дыбыс қысқарған.


Тамыр шоғырының шекарасы.
" Оң жақта: II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде
" Сол жақта: II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде
» Қантамыр шоғырының ені-5см.
Аускультацияда: жүрек ырғағы дұрыс, жүрек тондары анық. Артериялық қан қысымы 90/60 мм сынап бағанасында. Патологиялық пульсация байқалмайды. Ж
ЖЖ 92 рет минутына.

Жүрек-қанайналым жүйесі.


Жалпы қарағанда: Жүрек шекаралары визуальді өзгермеген. Мойын тамырларының тұсында ісіну, патологиялық соғу байқалмайды. Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралығында, бұғана орта сызығынан 0,5 смішке қарай пальпацияланады. Ені 2 см, көлемі 2 см, күші шамалы.

Тамыр шоғырының шекарасы.


Оң жақта: II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде
Сол жақта: II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде
Қан тамыр шоғырының ені-6 см.
Аускультацияда: жүрек ырғағы дұрыс, жүрек тондары әлсіреген. Артериялық қан қысымы 90/60 мм сынап бағанасында.
Асқорыту жүйесі
Жалпы қарағанда: тәбеті жақсы, жұтыну актісі сақталған Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылттүсті, қабыну процесстері байқалмайды. Тілі ылғалды, таза. Қызыл иегі қалыпты
Беткей пальпацияда: іші жұмсақ, ауырсынусыз.
Образцов-Стражеско бойынша терең жылжымалы пальпацияда: сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек сезіледі, беті тегіс, жылжымалы, ауырсынусыз, шұрқұрамайды, d-3 см; соқырішекоң жақ мықын аймағында пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз, d-4-5см; тоқішектің көлденең бөлігі кіндік маңында пальпацияланады, d-3 см, ауырсынусыз;
Тоқішектің өрлемелі және төмендеген бөлігі пальпацияланады, ауырсынусыз.
Бауыр қабырға доғасынан шықпаған Шеті үшкір ауырсынусыз
Курлов бойынша перкуссия:
1. media clavicularis - 10 см.
2. media anterior - 9 см.
3. arkuscostalis - 7 см.
Көк бауыр пальпацияланбайды. Курлов бойынша өлшемі 6*4 см. Нәжісінің түсі қоңыр, жоспарланған, ретті Іш қатумен іш кебу байқалмады.
Зәршығаружүйесі.
Бел аймағын қарағанда ісіну және басқа патологиялық процесстер көрінбейді, екі бүйрек те пальпацияланбайды. Соққылау симптомы 2 жақ бөлігінде теріс мәнді
Зәршығаруы еркін, ауырсынусыз. Зәр шығару жиілігі тәулігіне 3-4 рет. Дизуриялық өзгерістер жоқ
Эндокриндік жүйе. Бұл жүйе жағынан шағымдары жоқ. Қалқанша безі ұлғаймаған. Бездер жағынан патологиялар анықталған жоқ.
Жүйке - психика жүйесі.
Санасы ашық, есі дұрыс, адекватты. Тері сезімталдығы сақталған. Менингиальді және бас милық жүйкелердің зақымдалу симптомдары жоқ, Ұйқысы қалыпты, көңіл-күйі біркелкі.
«Саусақ мұрын» сынамасын дұрыс орындайды. Есту иіс, дәм сезу мүшелерінде өзгерістер жоқ, Есте сақтауқабілеті сақталған
1. Бронхобструктивті синдром.
Оғантәнсимптомдар қиын бөлінетін аз мөлшердегі қою қақырықты жедел, өкпеде перкуторлы қорабты дыбыстың естілуі, аускультацияда құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі. Және тұншығуұстамасы - оның негізінде бронх әткіздігіштігі бұзылып, бронхоспазммен көрініс береді. Ол экспираторлы түншығу ұстамасымен сипатталады
2. Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы- физикалық жүктемеден кейінп ентігу.
3. Астено-вегетативті синдром- тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, бас айналуына негізделеді.
Бронхобструктивті синдром.
Тұншығуұстамасы
Қиынбөлінетінсұршырышты қақырық
Тыныс алу жеткіліксіздік синдромы.
Ентігу
Астено-вегетативті синдром әлсіздік бас айналу
Менің науқасымның ауруының ағымының ауырлығын, негізгі анықтайтын клиникалық көрініс тұншығуұстамасы болыптабылады Сондықтан негізгі синдром бронхобструктивті синдром
Осы айтылған синдром келесі ауруларда кездеседі:
1. Жүрек демікпесі.
2. Бронхкарциноиды.
3. Созылмалы обструктивті бронхит.
4. Бронхдемікпесі.
Жүрек деміпесі. Жүрек демікпесі ол- жүйке-психикалы және физикалық күштүскенде тұншығуұстамасымен сипатталатын ауру.
Аурутуғызатын факторлар: Жедел миокардинфарктісі, жеделжүрек жеткіліксіздігі, ауыр диффузды миокардиттер, кардиосклероз, қос жармалы қақпақша ақаулары, қолқаның ақаулары.
Науқас шағымы: жүрек демікпесімен ауыратын науқастар инспираторлы тұншығуұстамасына, қызғылт түсті, сүйық көпіршікті қақырықты жөтелге шағымданады.
Ал, менің науқасым, физикалық күш түскенде басталатын экспираторлы тұншығуұстамасына, құрғақ ысқырықты сырылдарға, қиын бөлінетін сұр шырышты қақырықты үстамалы жөтелге шағымданады.
Жүрек демікпесі анамнезінде көбіне аурукезінде гипертониялық ауру, жүрек ақаулары, ЖИА, созылмалы гломерулонефрит байқалады.
Ол, менің науқасымда бұл жағдайлар кездеспейді.
Қарағанда: Жүрек демікпесінде науқас беті бозарған, сұр көк түсті, акроцианоз байқалады Сипағанда тері жамылғысы ылғалды, суық Науқас мәжбүр қалыпта болады.
Менің науқасымда беті бозғылт- қызғылт реңді, тері жабыны физиологиялықтүсте тері жамылғысы сипағанда жылы.
Перкуторлы: Жүрек демікпесі бар науқастарды өкпенің төменгі бөлігінде кіші қан айналым шеңберіндегі қанның іркілуіне байланысты, өкпелік дыбыстың тұйықталуы болады.
Ал, менің науқасымда бүкіл өкпе үстінде қорабты дыбыс естіледі
Жүрек демікпесі бар науқастарда жиі жүрегі солға ұлғайған, жүрек ырғағы бұзылған тахикардия, өкпе артериясы үстінде II тон қосарланған және күшейген болады.
Менің науқасымның жүрек шекаралары қалыпты, ырғағы бұзылмаған тахикардия байқалмайды, жүрек тондары әлсіреген Жоғарыдағы көріністер науқасымда жоқ.
Аускультативті: Жүрек демікпесі бар науқастарда өкпенің төменгі бөлігінде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.
Менің науқасымда өкпе үстінен құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс шығаруы қиындаған.
Жоғарыда айтылған көрсеткіштерге қарап, менің науқасымда «Жүрек демікпесін» жоққа шығарамын
БРОНХ КАРЦИНОИДЫ. Бронх карциноиды (БК) ол-бронх эпителиінен өсетін қатерлі ісікті сырқат.
Аурутуғызушы факторлар:
Созылмалы бронхит, бронхэктаз, пневмосклероз, созылмалы пневмония сияқты өкпенің бейспецификалық аурулары.
Науқас шағымы: бронх карциноиды кезінде науқас ұстамалы жөтелден кейін жеңіл бөлінетін сұйық ал қызыл қан аралас қақырыққа шағымданады.
Алменің науқасымда қақырық шырышты сұр түсті, қою, жабысқақ және аз мөлшерде қиын бөлінеді.
Бронх карциноиды кезінде ауырсыну сезімі тұрақты болады.
Ал менің науқасымда ауырсыну сезімі байқалмайды
Қарағанда: БК бар науқастарда дене температурасы субфибрильді және ұзақ уақыт сақталады, ал менің науқасымның дене температурасы түрақты 36,5°
БК кезінде ұстама кезінде науқас бетінде, мойынында, кеуденің жоғарғы бөліктерінде қызғылт- күлгүн немесе ал қызыл дақтар пайда болады.
Ал менің науқасымда тері физиологиялықтүсте.
Пальпацияда: БК кезінде лимфа түйіндері ұлғаяды.
Ал менің науқасымда лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Перкуторлы: БК бар науқастарда өкпелік дыбыс тұйықталған, менің науқасымда бүкіл өкпе үстінде қорапты өкпелік дыбыс естіледі.
Аускультативті: БК кезінде сырыл естілмейді кейде өкпенің бір сегменттерінде естілуі мүмкін
Ал менің науқасымда өкпе үстінен күргақысқырықты сырылдар естіледі.
Осы көріністердіескеріп «Бронх карциноиды» ауруын жоққа шығарамын.
СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТ. Созылмалы обструктивті бронхитол- бронхтардың созылмалы диффузды аллергиялық емес қабынуы және өкпе вентиляциясының газ алмасуының обструктивті түрімен жүретін сырқат.
Аурутуғызатынфакторлар:
Темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіби қызметтің жағымсыз жағдайлары, жедел респираторлық ауру, туганнан ферменттер жетіспеушілігі (альфа 1 антитрипсин), бронх гиперреактивтілігі.
Науқас шағымы Созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын науқастардың шағымында аурудың басталуы суық тиюмен байланысты, және ол таңертең аз мөлшерде бөлінетін шырышты іріңді кақырықты жөтелмен көрініс береді
Ал менің науқасым тұншығу үстамасына және сол ұстаманың соңында қиын бөлінетін сұртүсті шырышты қақырықты жөтелге, тыныштық және шамалы күш түскенде пайда болатын ентігуге, әлсіздікке шағымданады.
СОБ-пен ауыратын науқастардың анамнезінде темекі шегу, кәсіби ауруларорын алады, менің науқасымның анамнезінде бұл жағдайлар бар
Қарағанда: кеуде клеткасы алдыңғы және артқы бағытта кеңейген болады.
Ал менің науқасымның да кеуде клеткасы қалыпты.
Перкуссияда: Созылмалы обструктивті бронхиті бар науқастарда өкпеде қорабты дыбыс болып, өкпенің төменгі шекарасының қозғалғыштығы төмендейді.
Менің науқасымда да қорабты дыбыс естіледі, бірақ бүкіл өке бойында күшейген
Аускультацияда: СОБ-ти бар науқастарда везикулярлық тыныс әлсіреп, тыныс шығаруы ұзарып құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі
Менің науқасымда да құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
Жоғарыдағы көрсеткіштерді ескере отырып СОБ-ті жоққа шығаратын
БРОНХ ДЕМІКПЕСІ. Брох демікпесі деген-ол иммундық және бейиммундық механизм негізінде бронхтардың реактивтілігі өзгеретін созылмалы қайталамалы сырқат.
Аурутуғызатын факторлар:
Бронхтардың гиперреактивтілігі, атопия, тұқым қуалау, аллергендер (әндірістік, эпидермальді,инсектті, шаңтозаң, саңырауқұлақтар, тағамдар, дәрі- дәрмектер) кәсіптік, арахидон қышқылының метобализмінің бұзылуы дисгормональді бұзылыстар, респираторлы инфекциялар, полютанттар.
БД ауыратын науқас анамнезінде бронхит, созылмалы обструктивті бронхит, пневмониялар, аллергиялық аурулар болуы мүмкін.
БД кезінде түншығу үстамасы инфекциялықемесаллергендердің әсерімен байланысты (шаң- тозаң, тұрмыстық және өндірістік әр түрлі иістер, суық ауа т. 6.), және тыныштықта, шамалы физикалық күштүскенде экспираторлы ентігу болып, аз мөлшерде қиын бөлінетін қақырықты ұстамалы жөтелдер болады.
Менің науқасымда тұншығу ұстамасы негізі шамалы физикалық күш түскенде немесе тыныштық күйде де экспираторлы ентігу болады, ұстама соңында аз мөлшерде қиын бөлінетін сұр түсті шырышты қақырық бөлінетін ұстамалы жөтел болады.
Қарағанда БД-де науқас мәжбүр қалыпта-денесіналғаеңкейтіп, екі қолымен тірепотырады (ортопноэ).
Менің науқасымда осы қалыпта отырады және де айтылған көріністербайқалады
Перкуссияда: БД бар науқастарда өкпе үстінде қорабты дыбыс естіледі.
Менің науқасымда да осы белгілер бар.
Аускультацияда: БД бар науқастарда, әсіресе дем шығару үзарады және ысқырықты сырылдар естіледі
Бұл көріністер менің де науқасымда да бар.
алғашқы диагноз
Мен тексерген науқасымның шағымына, anamnesis morbi-iне, anamnesis vitae-сіне, объективті зерттеулеріне, ағзалары мен жүйелеріне І этап бойынша жүргізген ажыратпалы диагнозының негізделуінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, алғашқы диагнозды непздеймін
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты.
Алғашқы диагнозды негіздеу
Бронх демікпесі - Науқастәулігіне 10 рет болатын түншығу ұстамасына шағымданды, көбінесе түнгі уақытта Тыныштық қалпындағы тыныс шығуы қыйындайтынентігу. бұл сәл гана жүктемеден күшейе түседі, шырышты қақырық бөлінетін ұстамалы жөтел, түнгі үйқысының бұзылуы және де физикалық белсенділіпнің төмендеуіне байланысты негізденмін,
Анамнезінде Жезқазған қаласында жұмыс істеп жүргенде алғаш 1995 жылы болған, бронх демікпесі диагнозы қойылған
Объективті белгілерден дене пішіні нормостениялы, кеуде клеткасы симметриялы тыныс алуға қатысады Тыныс алғанда кеуде клеткасы кеңеймейді, тек толығымен жоғары көтеріледі
Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі сақталған, дауыс дірілі екі өкпесінде әлсіреген
Перкуссияда өкпе үстінде қорабты өкпелік дыбыс естіледі.
Аускультацияда окпе үстінде құрғақ ысқырықты сырылдарестіледі
Ауыр дәрежесі - тәулігіне 10 рет болатын тұншығу ұстамасына шағымданды, көбінесе түнгі уақытта Тыныштық қалпындағы тыныс шығуы қыйындайтын ентігу, бұл сәл ғана жүктемеден күшейе түседі, шырышты қақырық бөлінетін ұстамалы жөтел, түнгі ұйқысының бұзылуы және де физикалық белсенділігі төмендеген
Басқарылмайтын саты - тәулігіне 10 рет болатын тұншығуұстамасына шағымданды, көбінесе түнгі уақытта, физикалық белсенділігі төмендеген Шұғыл көмекті қажет етеді.
Тыныс алужеткіліксіздігі 3 дәрежелі- ТАЖ 24р мин
ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ.
Негізгілері:
1. Жалпы қан анализі.
2. Спирография.
3. Пикфлоуметрия.
Қосымша:
1. Жалпы зәранализі. 2 Қанның биохимиялық анализі
3. Жалпы қақырық анализі.
4. Иммунды зерттеу.
5. Рентгенография.
6. ЭКГ
7. Бронхография.
8. Бронхоскопия.
Лабораторлық және құралды зерттеулерәдісі.
1 Жалпы қан анализі. 26. 08. 2016ж.
Гемоглобин-139 г/л Эритроциттер-4,7*1012/л
» Түсті көрсеткіш-0,9 » Лейкоциттер-8,9*109/л
ЭТЖ-24 мм/сек
Қорытынды зозинофилия ЭТЖ жоғарлаған
2 Жалпы зәранализі 26.08.2016ж.
• Жалпы зәр 200мл • Түсі-сары
Реакциясы-қышқыл Салыстырмалы тығыздығы -1016 Мөлдірлігі-мөлдір
Белок-жок, Глюкоза-жок Эпителий-0-1 көруаймғында
• Лейкоцит-1-2 көруаймағында.
Эритроцит жоқ Цилиндр жоқ
• Тұздар-жоқ
Бактериялар-жоқ
Қорытынды: Зәрдің жалпы анализі қалыпты.
3 Қанның биохимиялықанализі
26.08.2016 ж.
Билирубин жалпы-15 ммоль/л
тура-3 ммоль/л тура емес- 12ммоль/п
АСТ-180 ммоль/л АЛТ-182 ммоль/л Жалпы белок 70 г/л Альбумин 42 г/л Глобулин- а 27г/л
a2-10 г/л ү-19,6 г/л Мочевина 4.4 г/л Жалпылипид-4,6 г/л Холестерин -5 ммоль/л Сиал қышқылы -300 бірлік СРБ+ К* 3,5 ммоль/л Na' -140 ммоль/л
Қорытынды: жалпы белок фракцияларының а және глобулиннің сиал қышқылының жоғарылағаны және СРБ оң мәнді.
4.4. Жалпы қақырықанализі 26.08.2016 ж.
• Түсі сұр
Консистенциясы- созылмалы Иісі- жоқ
• Реакция негізді
Эозинофиль Шарко-Лейден криссталдары кездеседі
5 Иммунды зерттеу 26, 08. 2016ж Қорытынды: иммунограммада қан сарысуында Е аныңталды
6. Рентгенография. Жалпы
рентгенографиядағы кеуде клеткасының тіке проекциясында: өкпе алаңының мөлдірлігі жоғары, өкпе түбірлері айқын көрінеді. Кеңеюі байқалмайды. Диафрагма қалыпты орналасқан. Жүрек және маңындағы тамыплар қалыпты.
7. Электрокардиограмма. Жүрек ырғағы синусты, минутына 80 рет. Жүректің электр өсі оңға ығысқан. Ошақты өзгерістер жоқ.
8. Бронхография. Өкпенің алдыңғы проекциясының бронхографиясында: бронх саңылауы кішірейген, ішкі контурының тегістігі бұзылған, бронх тармақтарының азаюы.
9. Бронхоскопия. Гиперемия, шырышты қабаттың ісінуі, шырышты секреттік жиналуы көрінеді.
10. Спирография: ФОВ -70%, тыныс
алу жолының кедергісі жоғарлауынан. Дем шығару жылдамдығы азайған.
ФЖЕЛ- төмендеген, дем шығарудың шектелуінен. Тиффно сынамасы-68%.
Қорытынды: өкпе вентиляциясы бұзылған.
10. ПикфлоуметрияПСВ 52%

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет