Ұбт-ға психологиялық дайындық Ата-аналар мен оқушылардың Ұбт-ге байланысты үрейін басу және сенімділіктерін арттыру



Дата01.11.2019
өлшемі1,22 Mb.
#50943
Байланысты:
ҰБТ-ға психологиялық дайындық


ҰБТ-ға психологиялық

дайындық

Ата-аналар мен оқушылардың

ҰБТ-ге байланысты үрейін

басу және сенімділіктерін

арттыру

Мақсаты:


ҰБТ-ге психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы,

мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту,

оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.

ҰБТ туралы Тұрсынбек Қабатовтың әзілін

назарларыңызға ұсынамыз

1-жаттығу:

“Сәлем хат”

Өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, қорапқа салыңыздыр.

Бұларды араластырған соң

сіздер оны қайтадан алып,

өзіңізге келген сәлемдемені

оқисыздыр. Қаласаңыз

өзіңізге естелікке алып

қалуыңызға болады.

*Сәлемдеме жазу қиын болды ма?

*Сіздің сәлемдемені оқығанда қандай

күйде болдыңыз?

*Біздің тренингті жалғастыруға

дайынсыз ба?*

2-жаттығу: “Неге жеткім келеді?

Бір сәт ойланып әр топ өздері неге жеткілері

келетіні туралы сахналық көрініс әзірлейді.

Немесе өлең жолдарын құрастыруға да болады.

Уақыты: 10 минут

* Өз мақсатыңыз жайлы айту қиын болды ма?

* Өз мақсатыңызға жететініңзге сенесіз бе?

* Ол үшін не істеу керек?

* Сіздің мақсатыңыз өте ауқымды ма?

3- жаттығу: “Эксперимент”

Мақсаты: стресс жағдайында

өзін ұстай білуге шынықтыру.



Уақыты: 10 минут

Өткізу техникасы:

Әрбір топқа бейтарап түрде жазылған

әріптерден құралған мәтіні бар топтама

таратылады.

Сол мәтінді оқу тапсырылады.

Нұсқау: Сіздерге 30 секунд ішінде 3 үзінді

оқу керек. Ол үшін әр топтан 1 қатысушы

шығып, мына мәтіндерден қалаған

біреуін алады.



4-жаттығу: “Үрленген қуыршақтар

Мақсаты: Қатысушылардың қысылу сезімін жеңу, бұлшық етті босаңсытуға жаттығу.

Нұсқау: Қазір сіздер үрмелі қуыршаққа айналасыздар, ал қазір сіздер аусы шығарылған қуыршаққа ұқсап, бастарыңызды еңкейтіп, қолдарыңызды төмен түсіріңіздер де бүкіл денелеріңізді босаңсытыңыздар. Үрлеуіш құралдың (насос) қызметін атқара және «пш,пш,пш» деген дыбыс шығара отырып, доңғалақты желге толтырып жатқан адамның жұмысын еске түсіретін қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы уақытта мен жіберген ауамен толығасыңдар және денелеріңді түзете бастайсыңдар, қолдарыңды жоғары көтеріп, бұлшық еттеріңе қысым түсіресіңдер.

Барлығы тұрып, бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң «мен қазір тығынды аламын, барлық қуыршақтар шардан жел шыққандағы дыбысқы ұқсас дыбыс шығарыады да орындарына отырады, денелерін босаңсытады» деймін.



Мақсаты: ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру

Уақыты: 10 минут

Өткізу техникасы: Әр топқа тапсырма беріледі. Сол тапсырма бойынша топ мүшелері өз жобаларын жасап қорғайды. Схема түрінде, сурет түрінде, т.б. болуы мүмкін.

Топтық жоба

Тапсырмалар:

1- топ:

ҰБТ-ге дайындық барысындағы кемшіліктер.

2-топ:

ҰБТ-де сәтсіздікке ұшырататын үш қасиетіңіз.

3-топ:

Мақсатқа жетуге көмектесетін үш қасиет.

4-топ:

Емтиханды жақсы тапсыру үші не істеу керек ?

«Кім жылдам» ойыны

Мақсаты: Бірлесе әрекет етуге, өзара тіл табысуға, достық қарым-қатынасқа, мақсатқа жетуге талпынуға, ептілік пен шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Нұсқау: Оқушылар және ата-аналар болып екі топқа бөлініңіздер де бір қатарға тұрыңыздыр. Мен сіздерге доп беремін, ал сіздер сол допты музыка әуенінің астында алдымен екі аяқтың арасымен алдыдан артқа қарай бересіздер. Сосын арттан алдыға қарай екі қолдарыңызбен жібересіздер. Қай топ бірінші болса сол топ жеңімпаз. Жеңімпаздарға ду қол шапалақ соғылады.

Талдау:

Ойын ұнады ма?

Сіздіңше бұл ойынның мақсаты не?

Ойын барысында қандай кедергілер болды?

Сол кедергіні жеңуге сізге не көмектесті?

«Жетістікке жету жолдары» (мини дәріс)

Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз лаззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның құмарлана шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолдарының бірі – жетістік.

Жетістікке жетуді үйренудің бір жолы – өз-өзіңе төмендегідей сұрақтарды қойып, оған жауап іздеу болып табылады:



*Оқығанда ұнатамын ба?

*Түсініп оқимын ба?

*Жатқа не білемін?

*Талдау жасай аламын ба?

*Топпен жұмыс істеймін бе?

*Оқығанымды айта аламын ба?

*Тұжырым жасаймын ба?

*Қайталау жасаймын ба?

*Білгім келген нәрсені

іздестіремін бе?

*Білетіндерден сұраймын ба?

*Жұмыс істеу қабілетім қандай?

*Қайтсем тыңғылықты жұмыс

істей аламын?

*Оқығанымды қалай тоқимын?

*Ең көп не нәрсеге көңіл бөлемін?

*Немен шұғылданамын?

* Қандай нәрседен ләззат аламын?

* Өзімді-өзім бақылаймын ба?

* Жетістікке жету шарттарын орындаймын ба?

* Қазір не үйреніп жүрмін?

* Істегендерім көңілімнен шыға ма?

* Кемшіліктерім қандай?

* Кемшін қалатын тұстарымды толықтырамын ба?

* Нені дұрыс істемін?

* Нені одан да жақсы істеуіме болатын еді?

* Қажетті шарттарды ыңғайластырдым ба?

*Жоспармен әрекет еттім бе?

*Жүйелі жұмыс іс тедім бе?

*Жетістікке жеттім бе?

*Жетістігімді құттықтадым ба?

Жетістікке жетуді үйренгендер үнемі жетістіктен қол үзбейтін болады. Еттің дәмін алған адамның етсіз тамақ жегісі келмейтіні сияқты, жетістіктің дәмін татқан адам да жетістіксіз жүре алмайтын болады. Кісі ақша табудың жолын тапқан кезде қалай байыған сайын байи түссе, дәл солай жетістікке жетудің көзі табылған кезде табыстар өздігінен келе береді. Ең бастысы, жетістікке жетуді үйренуге болатынын біліп, алғашқы адымды аттай алу керек. Демек, жетістікке жетудің алғашқы қадамы – оны үйрену.

Жетістік тынымсыз еңбекті, талмас қанатты, сарқылмас күшті, таусылмас қуатты, қажымас қайратты керек етеді. Жетістік оңайлықпен келмейді. Бұл жолда адамдар ащыны да, азапты да шегеді, ауырды да тартады, бар қиындыққа төзеді. Төзімі жоқтар мен әлсіздер жетістіктің ос ыбір шеңберіне кіре алмай қалады. Ал кіргендер оны кеңейтуге тырысады. Өйткені жетістікке талпынғандарда өздерін табысқа апаратын белгілі бір ұстанымдары қалыптасады. Бұл ұстанымдар еріксіз оны жетістікке жетелейді.

Бір ай ішінде осындай ұстанымдармен қалай жетістікке жетуге болатыны

туралы күнтізбекті мен сіздерге даярлап қойдым. Ол сендердің күнделікті күнтізбегіңе айналуы тиіс. Онда жазылғандарды оқы, айтылғандарды тыңда, ақылдарын ал, кеңестерін пайдалан және жетістікке жет.

Стрессті қалай жеңуімізге болады?

Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады.

Бұл кінәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды жек көру және т.б.

Көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды.

Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!

Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның

нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз немесе ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Шығыс даналығы осылай дейді. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стресстің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның қорытпауы, спазмалар.

Стрестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары,

қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық

болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды,

психикалық шаршауларды туындатады және бағынышты етеді.

.     «Стресті жеңу үшін не істеу қажет?» 

Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе,

В витамині жетіспейді. Витаминдерді шамадан тыс пайдаланбаған жөн.



Екіншіден:денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып

дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.



Үшіншіден:психикалық және физикалық демалу үшін релаксация

қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.



Төртіншіден:үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасыңның,

жолдастарыңның, жақын-туыстардың көмегі қажет.

Психологиялық  тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты

мәжілістерге қатысыңыздар, қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңдар.

Ата-аналарыңа, өздеріңнің әжелерің мен аталарыңа, ағайларың мен апайларыңа және басқа жақын-туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңдар.

“Күйзелістен арылайық” арттерапиялық жаттығуы

Түрлі-түсті қарындашты алыңыз. Босаңсыған сол қолыңызбен абстрактілі суреттер салыңыз: сызықтар, түрлі-түсті дақтар, фигуралар, т.б. Ойыңызға барлық күйзелістер мен уайымдарды түсіріп, сол жағымсыз көңіл-күйіңізді сызықтар мен түстер арқылы көрсетіңіз. Өзіңіздің жабырқаңқы көңіл-күйіңңізді материализовать етіп, қағаз арқылы бейнелегендей болыңыз.

Суретті аяқтаған соң, қағаздың екінші жағын аударып, оған сіздің осы күйзелістер мен уайымдарыңызды бейнелейтін кез-келген 4 сөз жазыңыз. Көп ойланбаңыз, ойға келген, бірінші сөзді жаза беріңіздер.

Енді суретке тағы да қараңыз, күйзелістеріңізді тағы да бастан кешіргендей болыңыз, жазылған сөздеріңізді оқып шығыңыздар. Сосын бүкіл энергияңызбен, рақаттылықпен қағазыңызды умаждап тастаңыз да, мына бір қоқыс шелегіне лақтырып тастаңыз.

Енді біз бүкіл күйзелістен, уайымдардан арылдық, босаңсыдық. Ішкі тыныштыққа ие болдық.

  • ҰБТ туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

  • 2.ҰБТ сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.

    3. Алдын ала : “Тапсыра алмасам не болады?” деп уайымдамаңыз.

    4. ҰБТ – дан өмірлік мәселе жасамаңыз.

    5. ҰБТ үстінде ішкі даусыңызға ерік беріп: “Мен тапсыра алмаймын. Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті” – деген ойларға батпаңыз.

    6. Өз күшіңе сен. Өз күшіңді сезінудің өзі күш береді.

    7. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың, екі жақтап.

Психологиялық кеңес

ҰБТ- да жетістікке жетейік

Арман мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашау шашайық.

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайым,

Көрмей қайғы-уайым

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашан да берік болсын

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайым,

Көрмей қайғы-уайым

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР

Экзамен сөзі латын тілінен «сынақ» деп аударылады. 11 сынып оқушылары үшін ҰБТ тапсыру ауыр, жанды қинайтын сынақ болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда бала ата-ананың қолдауын өте қажетсінеді.

*ҰБТ тапсыруға көп бұрын балаңызбен қосымша пән етіп нені таңдайтынын талқылаңыз. Бұл дайындық жоспарын құруға көмектеседі: қай пәнге көп көңіл бөлу керек, ал қай пәнді жай ғана қайталап шықса жеткілікті.

*ҰБТ алдында үйде барынша қолайлы жағдай жасаңыз. Бала сіздің қолдауыңыз бен мейіріміңізді сезіну керек. Бұл кезде баланы үй шаруасынан босатыңыз, уақытын емтиханға дайындалуға ғана жұмсасын.

*Балаға материалды білетіндігіне сенімді болуына көмектесіңіз, өйткені бұл ол мектепте өткен материал ғой. Оның бар зейінін қойылған сұраққа аударуға үйретіңіз, әдетте жауап соның өзінде тұратын болады.

*Балаңызбен ҰБТ алдында кешке ол дайындықты тоқтатып, далада серуендеп келіп, жуынып, уақытында ұйықтауға жатады деп келісіңіз. Соңғы он екі сағат білімін емес, ағзаны дайындауға жұмсалу керек.

*Үйде жазбаша емтиханға дайындықты жиі өткізіңіз. Тестінің үлгі нұсқасын алып, балаға 3 сағат уақыт, таза қағаз парақтарын беріңіз. Уақытты белгілеңіз де, сынақтың басталғанын айтыңыз. Бұл уақытта баланы ешкімде, ешнәрсе де мазаламауға тиіс. Уақыт біткенде, сынақты тоқтатыңыз. Бала демалғаннан кейін тапсырмаларды баламен бірлесіп тексеріңіз. Қателерді түзеп, олардың неге болғанын талқылап көріңіздер.

*Дайындық кезінде бала аздаған үзіліс жасап отыруын бақылауға алыңыз. Шаршамай тұрып дем алып алған – қатты шаршап кетпеудің ең жақсы емі екенін түсіндіріңіз.

*Ата-аналар тарапынан ең басты көмек – олардың қолдауы мен өз балаларына деген сенімі.

 

Психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындық кезінде өзіңізге мына ұстанымдар  арқылы көмектесе аласыз.

Сіз өзіңіздің дайындығыңыз бен ойыңызды бір жақты етіп жинақтауға тырысыңыз. Арман мақсаттарыңыздың қандай жағдайда болмасын жүзеге асатынына өзіңізді сендіріңіз. Ата-анамның үмітін ақтай алмай қаламын, құрбы-құрдастарымның соңы болып қаламын немесе төмен балл алсам не болады деген ойлармен өзіңіздің миыңызды шаршатпаңыз. Сіз қандай балл алсаңыз да ата-анаңыздың сүйікті баласы, құрбы-құрдастарыңыздың ортасында адал дос болып қала беретіңізді естен шығармаңыз. Болашаққа қойған асыл армандарыңызды қалай да орындап шығатыныңызға сенімді болыңыз. Зердені, жадыны шынықтыратын жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанып, уақытыңызды дұрыс жоспарлап, жүйелі түрде дайындық жүргізіңіз. Өзіңізді өзіңіз тексеріп көруден жалықпаңыз. Өзіңіздің шын мәнінде білімді екнніңізге көз жеткізсеңіз, ешқандай емтихан алдында жүрексінбейтін боласыз.

Бұл сынақ – үлкен асу! Бірақ бұл асудан сабырсызданбай, өзіңізді барынша қолыңызға алып, нық сеніммен тапсырамын деп өзіңізге сенсеңіз ғана толығымен жетістікке жетесіз. Сынақ өткеннен кейін де өмір жалғаса береді! Сынақ өміріңіздің құлшынысын төмендететін немесе өміріңізді мүлде өзгертіп жіберетін құбылыс деп қабылдамай, тек өміріңізде кездесетін кезекті емтихандардың бірі ретінде қарау керек.

 

 “Жан сыры” айдарының кеңесшісі Алматы қаласындағы №64 мектептің психологы Динара Мұқажанова жауап береді. 

Құрметті Жас түлек!  Адамның бала кезіндегі мақсаттары  көбінесе ата-анасының араласуымен жүзеге асып жатады. Бірақ үлкен жетістіктерге жеткісі келетін адам, өз алдына мақсат қойып, оған қол жеткізіп үйренуі керек. Әр адамның кез-келген бір арманына қолы жетсе, екінші бір арманы кезекке тұрып, қол бұлғап, оның алдынан жаңа бір мақсатты меже күтеді. Сіздің де өміріңіздегі бір мақсаттың кезекке тұру сәті де келіп қалған сияқты. ҰБТ жасөспірімдердің 11 жыл оқыған білімдерінің есебі болып табылады. Ол есепке жан-тәндеріңізбен дайындалу үстіндесіздер. Өзіңіздің жоғары оқу орнына түсуге деген құлшынысыңыз бен ата-анаңыздың артқан үміті ойыңыздан еш шықпай, сынаққа дайындалу кезінде кедергілер келтіруі мүмкін.

Қазіргі қоғамдағы балалардың кез келген мәселеге, әдеттегі болып жататын жағдайларға қобалжып мазасызданып, көңіл-күйлерін төмендетіп отырады. Мұдай жайт қоғам өмірінің, қазіргі қоғам адамдарының ғана емес, жасөспірімдердің де бойларында жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына себепкер болуда.



Сіз есіңізге түсірсеңіз, тоғызыншы сыныпты бітіргенде қобалжып, сол емтиханнан өте алмай қалармын деген күдік мазыңызды алған болатын. Бірақ ол емтиханнан да өтіп қуанған кездеріңізді қазір есіңізге алып күліп те жатасыз. Сол секілді алда келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестте жақындаған сайын қорқыныш туындатады. Бірақ қорқыныш, мазасыздық сіздің физиологиялық  жүрек қағысыңыз, терлеу, дем жетпеу сияқты симптомдар арқылы көрініп, дайындығыңызға кедергі келтіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет