Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»


ҰБТ-ге дайындық бойынша тренигтердің бағдарламасы



бет3/13
Дата01.04.2017
өлшемі1,51 Mb.
#13325
түріБюллетень
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҰБТ-ге дайындық бойынша тренигтердің бағдарламасы
Түлектердің ҰБТ өтуде сапалық көрсеткіштеріне әсер ететін жағымсыз факторларды алдын алуға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты: «Түлектердің жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру».
Бағдарламаның міндеті:

1.Түлектерді психологиялық өзіндік реттелу дағдыларына үйрету.

2.Стрестік жағдайдағы адекватты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

3.Өзіне-өзі сенімділігін арттыру, өзінің күшіне сену қабілеттерін дамыту, эмоционалды жағымды қатынастар орнату.


Психологиялық диагностика әдістемелері

«Мазасыздықты бағалау» анкетасы

«Мазасыздық шкаласы» Кондаш бойынша

Проективті тест «Автопортрет»


Бағдарлама 6 кездесуден тұрады

1 кездесу «Психологиялық диагностика»

2 кездесу «Өзіңнің қорқыныштарыңды биле»

3 кездесу « Еске сақтау және оның тиімді жолдары.»


4 кездесу «Сенімділік орнат»

5 кездесу «Тайм-менеджмент: өз уақытыңды үнемде»

6 кездесу «Өмірлік оқиғаларға және жауапты жағдайларға өзіңді қалай дайындау керек».
Кездесу 1 ден 1,5 сағатқа созылуы мүмкін, топтың жұмыс жасау өнімділігіне байланысты.

Кездесудің ұзақтығы және жиілігі мектептің шарттарымен байланысты болуы мүмкін. Әр кездесуде қатысушыларға оқу үстінде және оқудын тыс жағдайларда тапсырмаларды орындауға беріледі. Сондықтан да олардың өткізілуі уақыт аралығы 1 жұмадан аз болмауы керек.

Әр кездесу ҰБТ-ге дайындық кезінде, оны өтуде пайда болатын қиындықтар мен мәселелерді шешуге көмектеседі. Әр кездесудің соңында қатысушылар жадынамалар алады:

- қорқынышқа қарсы жүр

- тыныштықтың бес деңгейі

- бастауға үйрен

- №1 дайындық

ҰБТ тапсырудың жалпы ережелері

Неден қауіптену?

ҰБТге қатысу ережелері



ҰБТге қалай өзіндік дайындалу керек

Тестілеу кезіндегі негізгі ережелер

ҰБТге дайындыққа 5 қадам



Күресуге шығу – еркін лақтыру

1 кездесу «Психологиялық диагностика

Оқушылармен Бағдарламаның тақырыбы, мақсаты айтылып, 1 кездесуді диагностикалық байқаумен бастайды. Төмендегідей әдістемелер жүргізіледі:

1. «Мазасыздықты бағалау» анкетасы

«Мазасыздық шкаласы» Кондаш бойынша

Оқушылармен бірге диагностиканың нәтижелері өңделіп, әрқайсысы өзіне лайықты мазасыздық деңгейін көреді.

Сондықтан да психолог мазасыздықты, үрей сезімдерін төмендетіп, сенімді мінез-құлық орнату үшін психологиялық тренингтік жаттығулар жүргізу ұсынады.


2 кездесу «Өзіңнің қорқыныштарыңмен биле»
«Танысу» жаттығуы

Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.

Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен – биші Әлиямын». Келесі ойыншы айтады: «Биші Әлияны сіздерге таныстырамын, ал мен - .......», (мысалы, «зейінді Гулден»). Келесі ойыншы алдыңғы екеуін таныстырады және өзінің есімін айтады және т.с.с.

Ең соңғы ойыншы өзінің есімін айтады, бірінші ойыншы жаттығуды мынадай сөйлеммен аяқтайды: «Сонымен, осында .........қатысып отыр», қатысып отырғандардың барлығын атап шығады.

Талдау: Есімге лайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай ойыншының өзін таныстыруы ерекше болды?
«Автопортрет» жаттығуы

Оқушыларға А4 парақ таратылады. Өздерінің автопортретін суретін салу ұсынылады.

Талқылау: Өздеріңнің суретін салу қиындық тудырды ма? Сезімдерің қандай?
«Бірақ» жаттығуы

Мақсаты: Тренингке бір қалыпты қарқын енгізу, өз ойынды аяқ астынан айтып салу.

Шеңбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:

Мен шаршадым, бірақ..........

Мен кішкентай бойлымын, бірақ.............

Мен кейде ұстамсызбын, бірақ................

Мен ұялшақпын, бірақ.............

Мен жалқаумын, бірақ............

Мен ашушаңмын, бірақ.........

Мен сөзге жоқпын, бірақ...........

Мен тым көнгішпін, бірақ..........

Мен бауырсақ пісіре алмаймын, бірақ...

Мен оқушымын, бірақ.....

Менің үйде телефоным жоқ, бірақ.....



Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ....

Менің математикадан үлгерім жақсы, бірақ....

Мен классикалық музыканы тыңдауды ұнатпаймын, бірақ....

Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ....

Мен әнді жақсы айта аламын, бірақ....

Мен кейде тым көп ұрсамын, бірақ...

Мен аздап жеңіл ойлаймын, бірақ....

Мені тез күлдіруге болады, бірақ....

Мен қырсығып қаламын, бірақ....
Талдау: Осы тапсырманы орындау сендерге ұнады ма? Өз ойыңызды бірден айтып салуда сізге не қиын келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?
«Маска» жаттығуы

Дене бұлшықеттерінің босаңсуы. Орындықта отырып, денелеріңнің бұлшықеттерін бос ұстаңдар. Терең демімізді аламызда, шығарамыз. 3-4 рет қайталанады.


Тренингтің соңы

Үйге тапсырма: Әртүрлі өмірлік жағдайларда өзіңе тұрақталуға, сенімді болуға дағдыларын қалыптастыру.

«Жымию» жаттығуы

Әр қатысушы өздерінің жымиюларын (улыбкаларын) сыйлайды. Барлығы бір уақытта жасайды.



Каталог: assets -> images -> document
document -> «Бүгінгі жасөспірімдерді теріс әрекеттерден, әлеуметтік желілерден сақтандыру жолдары»
document -> О работе с сайтами суицидальной направленностью
images -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
document -> «Бекітемін» ШҚО білім басқармасының басшысы А. Садыкова
images -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
document -> Құрметті жерлестер шығысқазақстандықтар!
document -> «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенімен» ынтымақтастықта жұмыс істейтін облыстағы мектептер тізімі
document -> ШҚо бб «ШЫҒыс қазақстан өҢірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығЫ» кмм


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет