Cабақтың тақырыбы: Шешендік сөзге қойылатын талаптар.
Шешендік сөзге қойылатын талаптар:
Сөз мазмұнының тереңдігі.
Ойдың жүйелі берілуі.
Пікірдің дәйектілігі.
Дәлелділігі.
Сөз мағыналарының дұрыс берілуі.
Сөзлдік қордың байлығы.
Мақал-мәтелдермен тұрақты тіркестерді орынды қолдана білу.
Сөз айшықтылығы.
Сөз анықтығы.
Сөз дәлдігісөз бедерлігі.
Сөз әдебі.
Сөз қысқалығы.
Сөз әсерлілігі.
Шешенге қойылатын талаптар:
Қабілеті мол
Шешенге қойылатын талаптар
Білімділік
Шыншылдық
Мәселесін анық білу
Жинақылық
Аңғарымпаздық
Шешен сөзге шебер, ойға жүйрік, тіл мәдениетін жан-жақты игерген адам болу керек.
Ал, тіл мәдениеті өз ойын дұрыс, анық мәнерлі сөзбен жеткізе білу іскерлігін меңгеру болып табылады.
«Құнды сөз құнарлы ойдан туады» Л.Н.Толстой
Сөйлеуге дайындық-шешенннің қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс.
Сөйлер алдында шешен көп жағдайда қатты толқиды, тіпті тыңдаушылармен кездесуден қорқады, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді. Атақты орыс баспагері И.Т. Сытин ең кішкентай аудиторияның алдында да қысылған. Ал ол-өте білімдар, орыс мәдениетінің мақтанышы, орыс тілінің тамаша білгірі болған.
Неміс зерттеушісі Отто Эртстің “Сізге сөз берілді” деген еңбегінде көпшілік алдындағы қорқыныштың себептерін көрсетіп, одан құтылудың жолдарын ұсынады.
Оның пікірінше, қорқыныштың себебі – шектен тыс ойлап қайғыру. Мұндай жағдайда сөздің мазмұнына көңіл аударып, іс жайында ғана ойлауды ұсынады. Көпшілік жағдайда шешен өзінің мүмкіндіктеріне сенбейді, сондықтан шешен сөйлеуге жақсы дайындалғанына, тыңдаушыларға маңызды және пайдалы нәрселер айтатынына өзін-өзі сендіру керек. Тәжірибесі жоқтықтан қорқатындарға мүмкіндік туған сәттердің бәрінде сөз сұрап, сөйлеп жаттығу керек. Бір сөзбен айтқанда, психологиялық дайындық қажет. Сөйлеуші өзінің көңіл күйі мен сезімін билей алуы қажет.
Шешеннің қорқынышы сөйлеуге жеткілікті дайындалмағанынан да болуы мүмкін. А.Ф.Кони дәріске жақсы дайындық болған кезде шешен өзіне – өзі сенімді бола алатындығын айтады. “Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың”, - дейді.
Сөйлеуге дайындық – шешеннің қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс.
Жаттығумен жұмыс
1-тапсырма. СӨЗЖАРЫС
Өнер алды - ... тіл. (қызыл)
Тіл ... жарады, ... жармаса , ... жарады.(тас, бас)
Сөз ... тапса, мал ... табады. (жүйесін, иесін)
Жанды жаралайтын да ... , емдейтін де ... . (сөз)
... сөз - жарым ... . (жақсы,ырыс)
Тау мен тасты ... бұзар, адамзатты ... бұзар.(жел,сөз)
Шешеннің сөзі - ... . (ортақ)
Адамның өзі жетпеген жерге ... жетеді.(сөзі)
Жақсының сөзі - ... тең.(жырмен)
Таза сөйлеу-биік ... .(мәдениеттілік)
Бал тамған тілден ... тамар.(у)
2-тапсырма. Мына шешендік сөздердің авторларын табыңдар:
Өнер алды-қызыл тіл. (М.Қашқари)
Шешендік –ақылмен билеу өнері. (Платон)
Шешеннің ең ұлы қасиеті-қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау. (Цицерон)
Ақыл мен білімнің тілмашы-тіл. (Ж.Баласағұн)
Ойлап айтқан сөз де оралмайды,
Ойнап айтқан сөз де оралмайды .(Ә. Науаи)
Ақын болып туады,шешен болып шығады.(Цицерон)
Айтар сөзді алдымен ойлап ал. (Қорқыт)
3-тапсырма. Мына берілген тақырыптарға өз ойымызды білдірейік:
Өмірде не қымбат?
Байлық пен мансап
Денсаулықты сақтау
Интернет жүйесі
Сабақты бекіту:
1.Шешендік сөзге қойылатын талаптар.
2. Шешендік сөздің сапалары.
3. Шешенге қойылатын талаптар.
Үйге тапсырма:
47-тапсырма.
Кітапта берілген мәтінді түсініп оқыңыздар.
Мәтінге ат қойыңыздар.
Автордың сөзіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
Шешен сөзінің сапалық сипатын бағалаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |