Циклограмма 1-апта (29. 10. 02. 10. 2018 ж.) «Бұлбұл» орта топ



Дата22.10.2019
өлшемі45,62 Kb.
#50438
Байланысты:
Бұлбұл 1-апта ноябрь цикло
1 апта бұлбұл 2018 сен, 1 апта бұлбұл 2018 сен, Актуальность выбранной темы, Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы, Сынып сағаты Отбасымбақыт мекенім, Mektep psiholog esebi, агылшын эссе , Упражнения в движении физра срсп
ЦИКЛОГРАММА

1-апта (29.10.-02.10.2018 ж.) «Бұлбұл» орта топ

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Ата- аналармен әңгімелесу

Ата-аналарды жақсы көңіл-күймен қарсы алу.

Бала денсаулығын сақтау мен нығайту туралы ата-аналармен әңгімесу, балаларда көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.





Ойындар(үстел үсті,саусақ және т.б)



Ү/О: «Мозайка құрастыру»

Д/О: «Сиқырлы қорапша»

Д/О:«Не қайда өседі»


Ү/О «Жалғасын тап»

Д/О: «Не артық?»

Д/О:« Дене мүшелері»


«Денсаулық»жайлы фото сурет қарастыру.

Ү/О: «Лото»

Д/О:«Кім жылдам?»


Ү/О:«Мекенің тап»

Ү/О: «Жемістерді жина»

Д/О:«Дене мүшелері»


Саусақ театры: «Күн мен Ай»ертегісі

Ү\О: «Не артық»

Ү/О: «Жемістерді жина»


Таңертенгі гимнастика(5 мин)

Таңғы жаттығулар 5

Таңғы ас

Ас ішкенде орындықта дұрыс отыруға дағдыландыру.Көркем сөз: Рақмет дәміне,ризалық берсін бәріне.




Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар







Ойындар,

Ұйымдастырылған оқу

қызметіне дайындық

«Торғайлар мен мысық»

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.




«Кім жылдам?»

Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу.




« Қоңырау үні» ойыны

Мақсаты:Көзді жұмып дыбысты қай жақтан естілгенін айт.




«Жұбын тап» ойыны»

Мақсаты:Жалаушаларды түсі бойынша жұбтастыруға дағдыландыру.



« Қояндар мен қасқырлар» ойыны»

Мақсаты: Қимыл-қозғалыстарын арттырып ептілікке баулу.








1.Музыка

(жетекшінің жоспары бойынша



.Дене шынықтыру

(жетекшінің жоспары бойынша)



2.Көркем әдебиет

Тақырыбы:Мәдіхат Төрежанов «Кішкентай бағбан»

Мақсаты: Мәдіхат Төрежанов «Кішкентай бағбан»

- әңгіменің мазмұнын олардың атауымен салыстыру үйрету.

-әңгіме кейіпкерлерінің қылықтарын бағалай алуға дағдыландыру.

-әркез қол үшін беру, өзгелерді ренжітпеу, тірі тіршілікке қамқорлық жасауға тәрбилеу арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Дидактикалық ойын:

«Үйшік ертегісіндегі кейіпкерді ата»

Мақсаты:Ертегіні әңгімелей білуге үйрету.Сөздік қорларын молайтып,ертегіні сахналап,образға кіріп әртістік қабілеттерін дамыту.

2.Сурет салу

Тақырыбы: «Көкеністер мен жемістер»

Мақсаты:Көкеністер мен жемістерді бейнелеу( натюрморт)

Міндеттері:-көкеністер мен жемістерді бейнелеу барысында дөңгелек пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты көре білуге үйрету

-заттардың пішіні бойынша нобайын салу және қылқаламның ұшымен, жақпаларды ырғақты түрде жағу техникасын жетілдіру.

-денсаулық және тазалыққа тәрбиелеу арқылы дұрыс әрекет құндылығынын мәнін ашу.

Дидактикалықойын:

« Жемістерді жина»

Мақсаты:Жеміс-жидектер мен көкеністердің аттарын атауға үйрету.


1Мүсіндеу

Тақырыбы:«Досының мүсіні»

Мақсаты: Досының мүсінін бейнелеу,мүсіндеу Міндеттері:

-Адам бейнесін мүсіндеу

- дене бөліктерін мүсіндей алу дағдыларын дамыту.

-Әркез қол ұшын беру, өзгелерді ренжітпеу, бірлікке және ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу..



Дидактикалық ойын:

«Дене мүшелері»

Мақсаты:Дене мүшелерін дұрыс атауға,сезу мүшелерінің қандай қызмет атқаратының үйрету

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Дәрумендердің пайдасы және дұрыс тамақтану»

Мақсаты: Дәрумендердің пайдасы және дұрыс тамақтану туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Міндеттері:

-Сөздерді жекеше және көпше түрде қолдануға үйрету.

-Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы заттарды сипаттауға зейінің дамыту.

-Салауатты өмір салтының ережесін, денсаулық пен тазалыққа тәрбиелеу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Дидактикалық ойын:

«Жемістерді жина»

Мақсаты:Жеміс-жидектер мен көкеністердің аттарын атауға үйрету

Дене шынықтыру

(жетекшінің жоспары бойынша)


1.ҚМҰҚ

Тақырыбы: «1ден 5ке дейінгі сандарды қайталау»

Мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі сандарын қайталау.

1. Заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету.

2. 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атауға дағдыландыру

-Өзгелерге көмектесуге, жол ережелерін сақтай білуге тәрбиелеу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу..



Дидактикалық ойын:

«Шатасқан сандар»

Мақсаты:Сандарды үш тілде кері және тура санауға үйрету

.Дене шынықтыру

(жетекшінің жоспары бойынша)
Magic English»

(жетекшінің жоспары бойынша)




1 Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері»

Мақсаты:Бөлме өсімдіктері туралы білімдерін байыту.

Міндеттері:

-Бөлме өсімдіктерін атап ажырата білуге үйрету.

-Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын,зейінін дамыту.

- Тірі тірішілікке қамқорлық жасау құндылығынын мәнін ашу. Өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасауға тәрбиелеу...



Д/О «Гүлге қандай күтім керек»

Мақсаты:Гүлдерге жасалатын күтім туралы айту.Балаларды қамқорлыққа,енбекқор болуға,гүлдерді аялауға тәрбиелеу.


.Сурет салу

Тақырыбы: «Көкеністер мен жемістер»

Мақсаты:Көкеністер мен жемістерді бейнелеу( натюрморт)

Міндеттері:-көкеністер мен жемістерді бейнелеу барысында дөңгелек пішіндегі бірнеше заттардың көлеміндегі айырмашылықты көре білуге үйрету

-заттардың пішіні бойынша нобайын салу және қылқаламның ұшымен, жақпаларды ырғақты түрде жағу техникасын жетілдіру.

-денсаулық және тазалыққа тәрбиелеу арқылы дұрыс әрекет құндылығынын мәнін ашу

Д/О Дене мүшелері»

Мақсаты:Дене мүшелерін дұрыс атауға,сезу мүшелерінің қандай қызмет атқаратының үйрету





Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты:Балаларды дұрыс әрекет жасай білуге үйрету.

-Заттық әлемімен таныстыру,денсаулық,тазалық ұғымдарын кеңейту.

-Балаларды әркез таза жүруге,дәрумендер жеуге,денсаулықтарын сақтауға дағдыландыру.

-Балаларды тәртіпті төзімді болуға тәрбиелеу арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Д/О Дене мүшелері»

Мақсаты:Дене мүшелерін дұрыс атауға,сезу мүшелерінің қандай қызмет атқаратының үйрету



Орыс тілі

Тема «Продукты и питания»

Цель: продолжать обогащать словарь детей по русскому языку, ввести в активный словарь названия продуктов питания, учить отвечать на вопросы полным предложением. Воспитывать у детей бережное отношение к продуктам питания, заботливость и трудолюбие.

Д/игра «Куда что положить?»

Книгу положу на полку.

Подушку положу на кровать.

Лампу поставлю на стол.

.4.«Super Dancer»

(жетекшінің жоспары бойынша)


Серуенге дайындық

Балалардың серуенге дайындығы (қажетті құрал жабдықтар) Балалармен жеке әңгіме жүргізу.




Серуен

Күндізгі жарықтықты бақылау

Мақсаты: Тірі емес табиғаттың алауантүрлері туралы білімдерін жетілдіру (бұлт, күн, аспан, су, жаңбыр, қар, тұман); Күннің орналасуымен табиғаттың өзгеруі арасындағы қарым-қатынас орнатуға жетiлдiру.

Тәрбиеші балалармен бірге күнді бақылайды. Күнкүнгiрттене жарқырайды. Күн жазда қалай жылытты, қарашада қалай жылытады?

Күнделікті күннің жолы: қай жақтан шығады, қайда батады. Аулада және терезеден күннің жарықтануын, орналасуын бақылау. Ауаның төмендеуін және жарық күннің арасындағы байланысты орналастыру. Қозғалмалы ойын: «Күн мен түн»Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін дамыту.


Серуеннен оралу

Жүйелі түрде шешіну, киімдерді бүктеу, орнына қою. Ойын: «Аяқ киімнің орнын тап»

Беті, қолдарын сабындап жууға, өз орамалдарына сүртінуге дағдыландыру.






Балалардың назарын тамаққа аудару, мәдениетті тамақтануға, ас қайтаруға баулу

Түскі ас

Бата:Асың,асың,асыңа,

Бақыт қонсын басына.

Бірлік берсін басыңа,

Береке берсін асыңа



Бата:Дастарханың майлы

Көңілің жайлы .

Өміріңе не тілесен

Тілегің қабыл болсын.



Дастарханыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін,

Астарыңа адалдық берсін

Бастарыңа амандық берсін,

Дендеріңе саулық берсін!


Бата:

Асқа адалдық берсін,

Басқа амандық берсін.

Денсаулық берсін

Рақмет дәміне,

Ризалық берсін бәріңе.

Аман болып басыңыз,

Жүзге жетсін жасыңыз.







Ұйқы

Балаларға тынығып ұйқтау үшін жағдай жасау.




«Ең қасиетті жемісертегісін оқып беру.»

«Үру білмеген ит» Ертегісін оқыпберу

Баяу музыка тыңдау.

Баяу бесік жырын тыңдау.

«Алтын балық үнді ертегісі!»

Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары.

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүргізу. Мәдени гигиеналықшараларын орындау..

Мұнда бері қараңыз,

Бізде санай аламыз,

1,2,3 дегенде,Түзу тұрақаламыз.






Бесін ас

Дастархан басындатүзу отырамыз,, тамақты тауысып жейміз, сүт өте пайдалы құрамында біздің ағзамызға керекті көп дәрумендер бар.

Ойындар ,дербес әрекет.

С/р «Құтқару қызметі

С/р «Қуыршақты тамақтандыр»;

Ірі құрылыс материалдары және конструкторлардан штангы құрастыру.

Д/о:«Кілемше»


С/О: «Дәмхана»

Д/о:«Артығын тап».

С/О: «Дүкен»

Тұзды қамырдан «Жемсалғыш» жасау




Көлеңке театры: «Үш аю»

С/О: «Дәмхана

С/О: «Қуыршақ Сәулені серуенге киіндірейік»


С/О: «Шаштараз»

Д/о:« «Артығын тап».

С/О: «Дүкен»

Д/о:«Табиғат өзгерістерді ата»




Д/о:«Қажет затын тап»

С/р: «Аурухана»

С/р: Құрылысшы»

Д/о «Кім жылдам»



Серуенге дайындық

Балалардың жүйелі түрде киініп серуенге шығуы.Дұрыс киіне білуге үйрету.

Серуен

Күндізгі жарықтықты бақылау

Мақсаты: Тірі емес табиғаттың алауантүрлері туралы білімдерін жетілдіру (бұлт, күн, аспан, су, жаңбыр, қар, тұман); Күннің орналасуымен табиғаттың өзгеруі арасындағы қарым-қатынас орнатуға жетiлдiру.

Тәрбиеші балалармен бірге күнді бақылайды. Күнкүнгiрттене жарқырайды. Күн жазда қалай жылытты, қарашада қалай жылытады?

Күнделікті күннің жолы: қай жақтан шығады, қайда батады. Аулада және терезеден күннің жарықтануын, орналасуын бақылау. Ауаның төмендеуін және жарық күннің арасындағы байланысты орналастыру.

Болжам: күн тез шығып, жылы болса – ауа-райы өзгереді.

Мақал-мәтелдер: қараша айында қар бораса – нан көп болады.

Жұмбақ:

Күндер қысқарады, түндер ұзарады

Кім біледі, кім айтады бұл қай кезде болады? (Күз)

Қозғалмалы ойын: «Күн мен түн»

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін дамыту.

Ойын барысы:

Бұл ойын алаңда ойналады. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарама-қарсы екі жағынан әрбір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне «күн», екіншісіне «түн» деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен: ойын жүргізуші «күн» деп дауыстаса, «түн» тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады.



Алаңдағы еңбек: алаңды кураған бұтақ, жапырақтан тазалау

Ең алғашқы аязды бақылау

Мақсаты: табиғатта болатын алауантүрлі өзгерістермен таныстыруды жалғастыру: қырау, аяздардың арасындағы байланыстарды себептi-тергеудi жетiлдiру; өз еркімен ауа-райын болжауды және жануарлармен өсімдіктерге әсерін көрсетуді үйрету.

Қырау – бұл ағаштарда жерде жатқан заттарда пайда болатын жұқа мұз.



Болжам: Түнде шық көпболса - найзағай да, жауын да болмайды.

Қозғалмалы ойын: «Ақ қоян отыр»

Мақсаты: Мәтінді тыңдауға, оқылған сөздер бойынша қимыл жасауға, секіруге, жүгіруге, шапшаң болуға үйрету.

Барысы: Балалар бір қатардағы орындыққа отырады. Тәрбиеші оларға қоян екенін айтады. Және алаңға жүгіруді ұсынады. Балалар тәрбиешіге жүгіріп келеді.

Ақ қояным отырып

Қозғалтады құлақты . (бала сөздерді тыңдап, қимыл жасайды)

Кім қоянды қорқытты

жүгіріп қашты қояным (балалар орындарына жүгіріп кетеді)

Қозғалмалы ойын «Тауық қорадағы түлкi»

Мақсаты: Балаларды серкірудегі координаттық қозғалыстарын жетілдіру.

Ойын алаңының бір шетінде «Тауық қора» белгіленеді. «Тауық қорада» «Ілулі бақанда» (орындықта) «Тауықтар» отырады. Ойын алаңындаңы «Тауық қораға» қарама-қарсы «Түлкінің іні» болады. Қалған жерлер қорған. Ойын жүргізуші «Түлкі», қалған балалар «Тауық» болады. «Тауықтар» аулада жүргіріп жүреді, жемдерді шоқып, аяқтарымен тарсылдатады. Тәрбиешінің «Түлкі!» белгісі бойынша – «Тауықтар» «Тауық қораға» қашады да, «Ілулі бақанға қонақтайды, қашып үлгермеген ойыншыларды өзінің ініне алып кетеді. Ойын аяқталады. Басқа «Түлкі» сайлап ойынды қайталауға болады.

Алаңдағы еңбек: Жолды сыпыру


Су бетіне қатқан мұзды бақылау

Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру,табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үйрету,табиғатты аялауға тәрбиелеу,сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиеші балалрдың назарын жердегі кішкентай көлшіктерге аударады, бетіне жұқа мөлдір мұз қатып қалған.Кейбір көлшіктерден күзден қалған жапырақтарды байқауға болады. Мұзды аяқ киімдеріңмен жарып көріңдер. (ол жұқа, тез сынады) Егер мұзды лақтырса, олар ұсақ бөліктерге бөлінеді.(мұз қатты). Егер мұзды қолға ұстасақ, ол еріп кетеді.



Жұмбақ: Отқа жанбас-суға батпас (мұз)

Болжам: егер қыста қар аз және күн суық болса, жаз құрғақ және ыстық болады.

Қозғалмалы ойын: «Түлкі мен қаздар»

Мақсаты: ептілікке ,шапшаңдыққа үйрету.

Алаңдағы еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету, жолды сыпыру.


Тұрғын үй маңындағы құстарды бақылау

Мақсаты: сан алуантүрлі құстардың түрлерімен таныстыруды жалғастары; қыстайтын, жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы білімдерін жетілдіру; аяушылық танытуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші балалармен әңгіме құрады: тұрғын үй маңында қандай құстар қыстап қалды? Неге? Олардың жемдері қайда, немен қоректенеді? Қазіргі құстардың мінез – құлықтарымен жаздағы құстарды салыстыру. (Жазда құстар көңілді шиқылдады, әндетіп құрт – құмырсқаларды ұстап жеді, батпақ суға түсті. Ал қазір тоңған күйі бұтақтарда отыр немесе ыстақ тығылып отыр, әндері естілмейді).



Болжам: күзде құстар төмен ұшса – суық қыс болады.

Жаңылтпаш:

Ақ бұлт қырау, мақта аппақ,

Ақ сүт айран, қант та аппақ.

Тақпақ: Күз. Қыс-құнар береді,

Көктем-дән себеді.

Жаз-бастап өсірсе,

Күз-жинап береді.



Қозғалмалы ойын: «Қояндар.»

Мақсаты: балаларды ептілікке,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Барысы: екі бала сайланады,қоян және қасқыр,қалған балалар шеңбер жасап тұрады. Шеңбер ішінде қасқыр,ал сыртында қоян жүреді.

Балалар «сұр қоян» тақпағын айтады.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Қоян шеңбер сыртында секіріп жүреді,ал қасқыр шеңберден шығып қоянды ұстауға асығады. Ойын жалғаса береді.

Қозғалмалы ойын: «Мысық отыр шатырда»

Алаңдағы еңбек: алаңды кураған бұтақ, жапырақтан тазалау



Көп қабатты үйлерге бақылау

Мақсаты: Балаларға көп қабатты үйлердің кімдер және неден жасайтыны туралы мағлұмат беру.Ой – өрісін дамыту

Көркем сөз:

Қалада көп биік үй

Соның бірі біздің үй

Барады үйлер биіктеп

Төбесіне тиіп көп

Мысал сұрақтар:


  • Балалар біз қай қалада тұрамыз?

  • Қалада қандай үйлер көп?

  • Сендер тұратын үй қандай?

  • Көп қабатты үйлерден басқа тағы қандай үйлер боады?

  • Үйлерді кімдер салады?

  • Құрылысшылар неден үйді салады?

Саусақ ойыны:

Қазықты біз қағамыз

Кірпішті біз қаламыз

Әдемі үй саламыз

Онда өзіміз тұрамыз

Қозғалмалы ойын: «Соқыр теке қоңырауымен»

Мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеру.

Барысы: бір балаға қоңырау беріледі,басқа екі бала соқыр теке болады.Олардың көздері байланады,қоңырауы бар бала қашады,ал соқыр текелер оны ұстап алуға тырысады.Егер екі баланың біреуі қоңырауы бар баланы ұстап алса,онда олар ауысады.

Кешкі көлеңкеге бақылау

Заттардан көрінген кешкі көлеңкеге тәрбиеші балалармен бақылайды. Кешкі жарық күннен түскен жарық емес, даладағы шамдардан түскен жарық.

Алаңдағы еңбек:

алаңды кураған бұтақ, жапырақтан тазалау




Балалардың үйге қайтуы.

Ата-аналарға кеңес «Баланы еңбекке баулу».

Медбикенің кеңесі «Тазалық-саулық кепілі».

Психолог кеңесі: «Баламен көп тілдесу»

Үйде баламен бірге«Дені саудың жаны сау»сурет салу.

«Денсаулық»тақырыбында кітапшалар дайындап әкелу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет