Цитология



Дата08.06.2018
өлшемі0,7 Mb.
#41763


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





Ж.М.Базарбаева


ЦИТОЛОГИЯ

ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ

(оқу құралы)

Алматы

2011


УДК 576 :378 (075.8)

ББК 28.04 :06 я73

Б16

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология факультетінің Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:

биология ғылымдарының докторы, профессор С.Т.Төлеуханов;

биология ғылымдарының докторы, профессор З.Г.Айташева;

биология ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Сапаров



Базарбаева Ж.М.

Цитология және гистология: Оқу құралы. – Алматы: Printmaster, 2011.- 208 бет.



ISBN 978-601-247-180-9

Оқу құралында цитологияның және гистологияның негізгі мәселелері ғылымның соңғы жаңалықтарына сүйене отырып баяндалып, жан-жақты талқыланған. Әр сабаққа теориялық мәліметтер беріліп, соңында микроскоп арқылы зерттелетін препараттар толық сипатталған. Оқу құралының әрбір тақырыбы суреттер арқылы толықтырылған. Бұл оқу құралы университеттердің биология факультетінің студенттеріне арналған.



Барлық құқықтары қорғалған. Бұл басылымның бірде-бір тарауын автордың жазбаша рұқсатынсыз қолданылуына және таратылуына тыйым салынады.

УДК 576 :378 (075.8)

ББК 28.04 :06 я73

ISBN 978-601-247-180-9 © Базарбаева Ж.М., 2011.



АЛҒЫ СӨЗ

«Цитология және гистология» пәні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде көп жылдардан бері оқылып жүр. Кейінгі жылдары бұл пәннен қазақ тілінде оқу құралдары жарық көре бастады. Бірақ осы уақытқа дейін қазақ тілінде жазылған оқу құралдарында лабораториялық сабақтарға көңіл бөлінбей жүр. Сондықтан да, бұл оқу құралында цитология және гистология пәнінен теориялық мәліметтермен қатар лабораториялық сабақтарының тапсырмалары және бақылау сұрақтары берілген.

Курс екі бөлімнен тұрады: «цитология» (клетка туралы ілім) және «гистология» (ұлпа туралы ілім).

«Цитология және гистология» курсының негізгі мақсаты студенттерге клеткалар мен ұлпалардың құрылыстары, қызметтері және олардың даму ерекшеліктері туралы білім беру.

Цитология бөлімінде бұл ілімнің негізгі тақырыптары: клетканың зерттеу тәсілдері, микротехникалық әдістер, про және эукариот клеткаларының құрылысы, плазмалемма, клетка органоидтарының морфологиялық ерекшеліктері (эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомдар, митохондриялар, пластидтер), клетка қосындылары, интерфазалық ядро, клетка циклі, клеткалардың циклі, клеткалардың бөліну жолдары жан-жақты көрсетіледі.

Гистологияға арналған кітаптың екінші бөлімінде ұлпалардың құрылысы, қызметтері, жіктелуі туралы мағлұматтар берілген. Бұл бөлімнің негізгі тақырыптары: онтогенез бен филогенездегі ұлпалардың шығу тегі, эпителий ұлпасы, ішкі ортаның ұлпалары (қан, дәнекер ұлпа, шеміршек, сүйек), бұлшық ет және нерв ұлпалары. Оқу құралының әрбір тақырыбы үлгілер мен суреттер арқылы толықтырылған.



Лабораториялық сабақта студент көрсетілген тақырыпқа байланысты гистологиялық препараттармен танысып, олардың суретін дәптеріне салып, негізгі бөлімдерін белгілейді. Студенттер гистологиялық препараттардан басқа электроннограммалармен де жұмыс істейді. Әр тақырыптан кейін бақылау сұрақтары және өздігінше жұмыс жасау тапсырмалары берілген. Кітаптың соңында цитология мен гистологияның негізгі сұрақтары мен тест материалдары орын алады.

Биологияның соңғы жаңалықтарымен камтып жазылған бұл оқу құралы биология факультетінің «биология», «экология» және «биотехнология» студенттеріне арналған және цитология мен гистология пәнінің бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет