Дайындаған: Хурмет Ахтоты Оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу жолдары



бет1/4
Дата13.12.2021
өлшемі27,53 Kb.
#100368
  1   2   3   4
Байланысты:
Оқушыны мәнерлеп оқуға баулу


«Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК

Оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу жолдары

Дайындаған: Хурмет Ахтоты


Оқушыларды мәнерлеп оқуға баулу жолдары
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтамыз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай өз ойын көпшілік алдында еркін, әсерлі жеткізе білу қажеттігі туындап отыр. Өз беттерінше әдеби шығарма оқымайтын,планшет пен смартфоннан ажырамайтын осы заман ұрпағын мәнерлі , әсем сөйлеуге баулу үшін , оларды ең әуелі мәнерлеп оқуға қызықтыра білу қажеттігі туындап тұрған сияқты.Сол себепті де мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында «көркем сөз» сыныптары мен үйірмелері жұмыс істейді.Сол үйірмелерді жүргізетін педагогтардың алдына қандай жолмен, қалай оқушыларды мәнерлеп оқуға баулуға болатыны жайлы сұрақтар туындап жатады.

Мектеп оқушыларының оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасына дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады. Оқушыны кез-келген шығарманы мәнерлеп оқуға төселдірудің тәсілдері өте көп.Соның бірі-дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игерту керек.

Олар:

а) логикалық кідірістер;



ә) психологиялық кідірістер;

б) грамматикалық кідірістер болып бөлінеді.

Мектеп оқушыларының оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасын дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет