«Дамыта оқыту технологиясы» Жумабекова Айкерим Сериковна «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының І санатты тәрбиешісі



Дата04.10.2020
өлшемі19 Kb.
#63982

«Дамыта оқыту технологиясы»
Жумабекова Айкерим Сериковна
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасының І санатты тәрбиешісі
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы

Ғалымдар педагокикалық технологияны негізінен үш топқа бөліп қарастырады.

1.Оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті технологиясы.

2.Жеке тұлғаға бағдарланған технология.

3.Дамыта оқу технологиясы.

Осы технологиялар ішінде дамыта оқытуға тоқталатын болсақ; бұл технология бойынша баланың интеллектуалдық қабілетін, тұлғалық дамудың ішкі механизмдерін іске қосуға ықпал ететін оқу тәсілдері назарда болады.

Қазіргі оқыту үрдісіндегі өзгеріс бірінші топтағы технологиядан екінші, үшінші топтағы технологияға көшуді талап етеді, басқаша айтқанда дәстүрлі оқыту жүйесінен жаңа дамыту оқыту жүйесі мен оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған технологиясына көшу көзделеді.

Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдаумен шектеліп қалмай, бос уақытында тәрбиеші сол баламен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Ол үшін баланы алдын ала зерттеушілік жұмысқа дайындау қажет. Дамыта оқыту баланың ойлау, сезіну қабілетін дамытатынын және бағдарламаның маңызы зор екенін айтқым келеді.

Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, саналы шешім қабылдауға дайын болу керек. Ендеше, балалардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын сын тұрғыда қалыптастыру жолдарын ұсынатын бағдарламаны үйренейік, үйретейік. Оқыту тәжірибесі педагокиқалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.

Шығармашылықты дамыта оқыту технологиясы.

И.П.Волков орта және жоғары сынып оқушылары үшін «шығармашылық тапсырмалар» әдістемесін жасады. Оның мәні мынада:мұғалім оқушыларға көптеген шығармашылық тапсырмалар береді, негізінен қағазбен, картонмен, ағашпен, металлмен жұмыс істеу, сурет пен картинкаларды орындау ерікті сипатта болады. Әрбір оқушы тапсырманың түрін өз жүрек қалауымен, бейімділігіне сәйкес таңдай алады. Осындай жұмыстың түріне араласа отырып, олар бірте-бірте қызығушылықтарын анықтайды, қабілеттерін дамытады. Әрбір оқушыға «шығармашылық кітапша» арналады, онда орындалған жұмыс жазылады, сол арқылы олардың қабілетін,нышандарын белгілі дәрежеде анықтауға болады және дамыту үшін жұмыстар белгіленеді.

Осы айтылған анықтамалардан мына сызба шығады.

Мақсат-құрал-ереже-нәтиже.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Көркем әдебиет.

Дамыта оқытудың бір түрі:1.Оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту.

Мақсаты:балалаларға кез келген мазмұнға сын тұрғысына қарап, өз көз қарасын білдіруге үйрету. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл жоба бойынша бала терең әрі жан-жақты ойлауға, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйренеді. Баланың қиялы шексіз, арманы ұшан теңіз.

Үш кезеңге бөлеміз.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы.

1.Қызығушылығын ояту

2.Мағыналы шолу

3.Ой толғаныс

Және де «Ассосация» әдісі бойынша баланың қызығушылығын ояту кезеңі аса тиімді. Бұл әдіс балалардың бұрынғы білімін есіне түсіріп, жинақтайды әрі топ мүшелері бір-бірінен үйренеді.

Мақта қыз бен мысық

Мақсаты:Баланы өз ойын еркін айтуға, шығармашылық қасиетін дамытуға, сын тұрғысынан қарауға үйрету.

Сабақтың міндеті:«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұнын түсіндіру, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкерлердің көңіл-күйін танытудағы, көркемдік ерекшелігін көрсету.

Күтілетін нәтиже:Бала ертегіні дұрыс талдай білуге, кейіпкерлердің жағымды немесе жағымсыз екенін айыруға үйрену. Әр кейіпкердің сөзіне мән беріп дұрыс қабылдауға дағдыландыру.

Сабақтың әдісі:Ассоциация, Венн диаграммасы, әрі қарай ертегіні жалғастыру, ұнаған кейіпкерді суреттеу.

Көрнекілігі:Ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Пәнарлық байланыс:Көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту,сурет.

Сабақтың барысы:

Қызығушылығын ояту.

2.Жаңа мағынаны тану кезеңін «INSERT»-әдісі бойынша түсіндіру.

Балалар өз таңдаулары бойынша топқа бөлінеді.

1-топ.Ертегіні рөлдерге ойнау

2-топ.Ертегінің кейіпкерлеріне қарап әңгіме құрастыру./ойнаған кейіпкерлерінің суретін салу/

3-топ.Ойтолғау.

4-топ.Ертегіні аяқтау әрі қарай не болғанын қалайсың? Әр топ өзінше жұмыс жасайды.

Ой қорыту.Балалардың ойына түрткі болу.



Ойтолғаныс. Осы ертегіні тыңдағанда не ойладың? Мен мысық болсам қыздың қатығын төкпей айтқанын орындар едім, екеуміз дос болар едік. Енді ертегіден алған әсерлерің туралы сурет салайық.

Қорытынды.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет