Даму психологиясы


Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін



бет5/6
Дата25.08.2017
өлшемі1,04 Mb.
#26194
1   2   3   4   5   6

Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау. Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылы немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады).

Жасөспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру («Қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп, орындап шықсам, қабілетті болғаным»). Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлық, даңғойлық көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т. б. сынап көргісі келуден болады.

Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы – әлеуміттік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп атайды. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болады. Өз «менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық «мен» де (қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы «мен» де (өзімнің моральдық үрдістерім негізінде сондай болуға тиістімін), қиялдағы «мен» де (бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан «мендер» де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі ұғынуы да қарама-қайшылықтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жасөспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жасөспірім өзін-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балдаң жасөспірімдік кезде жалпы алғанда рефлексияның өсуі, өзіне барынша ден қою тән. Мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуынан да (жасөспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет бейнелерін өзіне «өлшеп көруден» де, басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады. Кейбір психологтар жасөспірімдік рефлексиясының өзін-өзі оқшаулау, шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептеуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жатсыну жағдайлары аз болмайды.

Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айырылу сезімі ретінде, өз «менінің» бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқалар түсінбейтініндей көру т.с.с ретінде уайымдалады. Алайда, бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жасөспірімдік шактың қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде міндетті түрде соншалық қиын болмайтынын айтпағанның өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болмайтын өсу қиыншылықтары.



Тұрақты эгоцентризімнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жасөспірімдерде ғана немесе бұған дейінгі дамудың ерекшеліктерімен байланысты (өзін-өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы) оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатынастың олар неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады.

Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұғындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, ұйымшыл ортада тәрбиеленген жасөспірім жігіттер мен қыздардың көпшілігінде психологиялық оқшаулану мен рефлексия қарым-қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым-қатынастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.

Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажыратусыз байланысты. Жасөспірімдік рефлексия, бір жағынан, өзінің «менін» ұғыну («Мен кіммін? Мен қандаймын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын?»), ал, екінші жағынан, дүгиедегі өзінің жағдайын ұғыну («Менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де, айналамдағы дүние де жақсы болуы үшін мен не істеуім керек?») болмақ . Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтар қояды.

Екінші, неғұрлым жалпы, дүниетанымдық сұрақтарды жас өспірім қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау, әлеуметтік-адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың элементіне айналады. Жасөспірімдік рефлексиясының тереңдігі мен қарқындылығы (интенсивтігі) көптеген әлеуметтік, жеке типологиялық, өмірбаяндық факторларға байланысты, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген.



Жасөспірімнің өзін-өзі сыйлауы және оның функциялары. Жеке адамның көбіне жасөспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі – өзін-өзі сыйлау, яғни қорытындыланған өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау не қабылдамаудың дәрежесі. Өзін-өзі барынша сыйлау менменсудің не сын тұрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мұның мәнісі адам өзін өзгелерден нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың төмендегі үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруді, өз күшіне сенбеуді көрсетеді. Өзін сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейлі жеке өзін-өзі бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті немесе сәтсіз жағдайлар оны керісінше арттыруы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкене кезінен бастап-ақ көптеген факторлар – ата-аналардың көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т. б. әсер етеді. Жасөспірім кезде бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік қайта қаралады.

Жасөспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай келмейтін талаптар қояды, өз қабілеттерін, ұжымдағы алатын орнын т. б. асыра бағалайды. Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне ересектерді (құрдастарында) мезі қылады, көптеген тартыстар мен түңілушіліктер туғызады. Жас адам өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен қателесулерден кейін барып (әдетте, кейінірек мектептен кеткеннен кейін) беріледі.

Жасөспірімнің өзіне деген сенімі қаншалық жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіпті. Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді. Өзін-өзі сыйлауы төмен жасөспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста көбінесе қиыншылық көреді, қайсыбір жалған бет перде жасап алып, айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа рөлде көріну қажеттігі ішкі құрбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар сынағанды, күлгенді, жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтынына мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның жалғызсырап қиналуы соғұрлым көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамның әлеуметтік талаптарының деңгейі біршама төмен болады, оны жарысу сипаты бар іс-әрекет атаулыдан тартындырады. Мұндай адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен, алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен бағалауын нығайта түседі.

Бақылау сұрақтары
1. Балаң жастық және бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері.

2. Балаң жастағы дене күшінің дамуы.

3. Дамудың әлеуметтік жағдайы және ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері.

4. Өзіндік сананың алғы шарттары.

5. Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау.
Әдебиеттер [2, 4, 6, 7, 9, 18, 21]
11-тақырып. Кемел жас психологиясы

Жоспар

1. Кемелдік жастың өзіндік даму ерекшеліктері.

2. «Акмә» және «акмеология» туралы ұғым.

3. Ересектердің отбасындағы рөлі.



Кемелдік жастың өзіндік даму ерекшеліктері. Кемелдік – шақ ең ұзаққа созылатын адам дамуын кезеңі (30-60 жас аралығы) көптін арасында бұл кезеңді қалыптастыру мәселесі талас туғызып жатады. Біреулер бұл кезеңді (зейнетке кету кезеңі) деп анықтаса, енді біреулері «нағыз қоғам өмірін гүлдендіретін» кезең деп анықтама береді. Э. Эриксонның пікірінше, кемелдік шақ 25-тен 65- жасқа дейін созылады, яғни өмірдің 40 жыл уақтын алады деген сөз.

Кемелдік жақта, жастық шақтағыдай өмірінің маңызды бөлігін кәсіби қызмет пен жанұялық қатынастар алып отырады. Бірақ та олардың әлеуметтік даму жағдайы өзгеріп отырады: Бір кәсіпті таңдау мен өмірлік жарды таңдау орын алса, яғни өмірдің маңызды жақтарын ұйымдастыру болса, онда кемелдік шақта өзінің «менін» толық аша білу жағдайы жүзеге асады, яғни кәсіптік қызметпен жанұяда өзін толық аша білуі маңызды болып табыылады Э. Эриксонның ойынша, кемелдік шақтың негізгі мәселесі бұл даму жолының прогрессивтілігі мен регрессифтілігі арасындағы таңдау болып табылады. Бұл жерде ересектің көзқарасында өнімділік ұғымы мынадай түсінікке ие: шығармашылық және кәсіби өнімділік болып табылады.

Кемелдік шақтың негізгі ерешелігінің бірі өзінің және өзгелер өмірі үшін жауапкершілікті сезіну. Кемелдік кезеңдегі жеке бастың дамуынан ақталмаған максимализмнен құтылуды талап етеді, бұл әсіресе жас өспірімдік пен жастық шаққа тән. Бұл кезеңдегі ойладыратын мәселелер өмір мәселелеріне салмақтылықпен қарау, әсіресе кәсіби қызметтің жан-жақтылығына назар аудару болып табылады.

Кемелдік кезеңдегі көптеген адамдардан «жоспарланбаған» дағдарыс болады, яғни тұрақты екі кезең шекарасынан икемделу емес, нақты кезеңнің өзіне тұрақталу болып табылады. Бұл «40 жас дағдарыс» деп аталады.

Бұл дағдарыс кейбіреулерінде ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталып ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл 30 жастың дағдарысының қайталануы болып сияқты, яғни өмірдің мәнін іздеу дағдарысы. 30 жастағы дағдарыс кезінде адам белгілі бір нақты шешімге келе алмаса, 40 жаста бұл дағдарыстың қайталануы сөзсіз. 30 жастағы дағдарыс кезіндегідей, бұл кезде де адам қатты уайымға түсіп, өзінің өміріне деген қанағаттанбаушылық, өмірлік жоспарлары мен оның жүзеге асуы арасындағы алшақтықты сезінуін басынан кешіреді.

Кәсіби қызметтегі мәселелерге қоса, бұл кезеңде жанұялық қатнастарда да қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл кезеңде, әдетте, балалары өзіндік-дербес өмір сүре бастайды, кейбір өзінен үлкен туысқандары өмірден өтіп жатады. Жақын адамдарынан айырылу, жанұяда болатын келіспеушіліктер, барлығы дағдарыстық жағдайды одан да тереңдете түседі.

40 жастағы дағдарыстың туындау кезінде адам өзінің өміріне қайта үңіліп, өмір мәнін іздестіре бастайды, «Я – концепциясын» жаңадан құра бастайды бұл дағдарыспен көптеген маңызды өзгерістер байланысты, мәселен, кәсібін өзгертуіне жаңа басқа жанұя құруына дейін баруы мүмкін.

Кемелдік кезеңнің жаңа орталық шағы – бұл оның өнімділігі болып табылады. Яғни Э. Эриксон бойынша интегралды білім жүйесі, кәсіби өнімділік пен болашақ ұрпақ өміріне өз қорын қалдыру мәселесі болып табылады. Осыменен жастық шақта – орталық жастық жаңа білім бағыты болып, біріншіден, жанұялық қатынастар, ата-ана болу, екіншіден, кәсіби қабілеттілігі болса, онда кемелдік кезеңде осы екеуінің біріккен білім жүйесі, алдағы меңгерілген дағдылар нәтижелерін бекіту болып табылады.

40-жастық дағдарыс жағдайындағы аса маңызды мәселе - өмір жоспарының қайта түзілүімен байланысты «Я- концепциясының» өзгеруі болып табылады.

«Акмә» және «акмеология» туралы ұғым. Көптеген психолгтардың пікірінше кәсіби өнімділіктің мәселелері «акмэ»-гулдену өсудің биік шыңы, кезеңдерімен түсіндіреді, ол антикалық заманның өзінде-ақ пайда болған. Ежелгі гректердің түсінігінше, «акмэ» деген ұғымы даму психологиясында кемелдік шақты зеттейтін сала болып табылған. Бұл саланы «акмэология» деп атамыз.

Көптеген зертеушілер, оның ішінде швейцарлық психолог Э. Клапаредтің, ойынша кемелдік кезеңдегі өзінің гүлдену-өсінуіне өзінің кәсіби шыңына жеткенде өзінің шыңына жеткенде адам өзінің дамуын тоқтатады, жеткен нәтижесінде тоқтап, өзінің шығамаршылық потенциялына қанағаттанады.

Кемелдік кезеңдегі «акмэнің» бөлінуі – бұл кемелдік кезеңге әркелкі көзқарстардың пайда болуы, осыдан өмірлік елсенділікпен энергияның төмендеуі болып табылады. Г. Кайктің анықтауы бойынша, кемелдік бұл – жанұялық өмірдегі гулдену, өсу болып табылады. Бұл кезеңде көптеген адамдарды өзінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мәселелері, өзінен кейінгі ұрпаққа белгілі бір шеберлікті қалдыру қажеттілігі жүзеге аспай қалған жоспарлары мен назардан тыс қалған мүмкіндіктер уайымдатады, өзінің жақын –туыстарымен жақын қатынастарды қалай сақтау мәселесі ойландырады.

Кемелдіктің ерте және ортаңғы кезінде бірінші фаза сақталады, ортақ функциялар сапаларының прогрессивті даму фазасы жүзеге асады. Бірақта, екінші фаза да туындайды, бұл кәсіби қызмет процесіндегі арнайы психикалық функциялар мен байланысты прогрессивті даму болып табылады. «АКМЭ» туралы түсінікті жақтаушылардың пікірінше акмеологияның негізгі міндеті – осы өнімді кемелдік кезеңнің туындау заңдылықтарын орналастыру болып табылады.

Бір қатар мамандықты меңгеруге қолайлы кезең өнімділік жас ерекшелік шыңы өздерінің мінез-құлқына негізделген. Барлық кәсіпкерлерінде шеберлік, білім мен тәжірибе физикалық және фунуционалды дайындықтың жоғары деңгейі жауап бере алуы тиіс. Сыналушы ұшқыштар, кәсіби спортшылар, әртістер өзінің «акмэсіне» кемелдік щақтың алғашқы кезеңінде жетеді, одан кейін біршама басылады. Басқа кәсіптерде мәселен, хирург-дәрігерлер, авиадиспетчер және т. б. «акмэ» кемелдік шақтың ортасында немесе соңына қарай жетуі мүмкін.

Мұндай жағдайлардың барлығында да кәсіптік өнімділік шыңы шеберлік, білім, тәжірибе деңгейлерінің қажетті оптималды үйлестілігіне байланысты, бір жағынан, функциональды дайындыққа негізделсе, екінші жағынан, физикалық дайындыққа негізделген.

«Акмэнің» мерзімі мен ұзақтығына адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, кез келген спорттың түрлерінде жас шағы ерекше маңызға ие.

«АКМЭ» мәселесі, әсіресе шығармашылық кәсіптегі адамдарда қызығушылық туғызады оқымыстыларды, жазушыларда, ақындарда, композиторларда, суретшілерде және т. б. өте айқын мысалдарды келтіруге болады, А. Н. Верстовский өзінің шығармашылық өнімділік шыңына «Асколдова могила» 36 жасында жеткен одан кейінгі 27 жыл уақытында осы секілді шығармаларды шығара алмады.



Ересектердің отбасындағы рөлі. Кемелдік шақ – өмірдің барлық сапасында өнімділік пен тиімділікке жететін. Ересек адамның маңызды міндеттерінің бірі – өзінің балаларын өсіріп-жетілдіру. Өсіп келе жатқан балалар мен ата-аналардың қатынасы әр түрлері болады бұл жерде әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Ең маңызды, шешуші жағдай әрбір ата-ананың балаға деген эмоционалдық қатынастар базасына байланысты болып келеді. Психологияда мұндай қатынастардың үш вариянты қарастырылады: Эмоционалдықтың негізі болып табылатын шартсыз сүйіспеншілік, негізделген сүйіспеншілік және баланы қабылдамау.

Аналық шартсыз сүйіспеншілікті Э. Фроле былайша сипаттаған: «Аналық сүйіспеншілік – бұл баланың өмірі мен мұқтаждықтары үшін өмір сүру, өзін-өзі құрбан ете біледі. Альтруистикалық сипаттағы ана сүйіспеншілігі махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады. Жанұяда сүйіспеншілікке ие баланың уайым-қайғылар мен сүйіспеншілігін» деген түсінікте бірігеді. «Мен әдемімін, мен қайталанбас адаммын, сондықтанда сүйіктімін. Мен сүйіктімін, өйткені анам маған мұқтаж деп ойлайды. Мен сүйіктімін, өйткені бұл менмін. Мен сүйікті болуым үшін еш нәрсе істеудің қажеті жоқ».

Баланың әдемілігінен немесе ұсқынсыздығына, қабілеттілігіне қарамастан сүйеді. Балаға осындай сүйіспеншілік қажет.

Негізделген сүйіспеншілік – шынайы махаббат емес. Баласы мұндай жағдайда ата-анасының талап-үміттеріне жауап берген жағдайлардағана сүйеді. Егер бала ұқыпты, тәртіпті, тіл алғыш, мәселе әкелмейтін, жақсы оқитын, ата-анасының жолымен жүрген жағдайда ғана сүйіспеншілікке ие болады.

Негізделген сүйіспеншілік бала бойында өзіне-өзі сенімсіздік, мазасыздық сенімін туғызады, сондай-ақ өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетеді.

Кемелдік кезеңдегі даму, әдетте, оның психологиялық жасының динамикасы мен байланысты болып келеді. Бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-бірімен сәйкес емес жастың үш түрін топтастыруға болады:



  1. Хронологиялық (төлқұжаттық).

  2. Физикалық (не биологиялық).

  3. Психологиялық.

Физикалық жас төлқұжаттық жастан онша ерекшеленбейді. Мысалы, 40 жаста 20 жасар болып көрінуге болады және бүкіл ағза денсаулығы да сәйкес келүі мүмкін, немесе кәріліктің белгілеріне де ие болуға болады.

Психологиялық жас, бұл адам өзін-өзі қалай сезінуді қалай қабылдайды саған байланысты. Бұл жас ерекшелігі көбіне физикалық жасқа әсер етеді.

Психологиялық жас – бұл жас ерекшелік идентификация, яғни өзін – өзі қабылдаудың әр түрлі деңгейіне де тәуелді болуы мүмкін.

Психологилық жас, жас ерекшелік идентификация – уақыт ұғымдары туралы түсініктер мен байланысты өзіндік сана аспекті болып табылады.

Уақытты қабылдау, жас туралы түсініктердің қалыптасуын жеке тұлғаның ес процесінің қосылуына тәуелді болып келеді. Мәселен, үш жасқа дейін бала «қазіргі нақты уақытпен» өмір сүреді, қазіргі мезетте қабылданған заттарға ғана эмоционалды қатынас жасайды.

Кемелдік кезеңде психологилық жас көбіне жеке-тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді, сон дай-ақ оның тұлғалық бағыт-бағдарына өмірлік мақсаты мен оны жүзеге асыруды спецификасына да байланысты болып келеді.


Бақылау сұрақтары
1. Кемелдік жастың өзіндік даму ерекшеліктері.

2. «Акмә» және «акмеология» туралы ұғым.

3. Ересектердің отбасындағы рөлі
Әдебиеттер [3, 4, 5, 6, 7, 8]
12-тақырып. Қартаю және кәрілік

Жоспар:

1. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары.

2. Қартаю және психологиялық жас.

Адамның соңғы өмір уақытын - қартаю деп атаймыз ( 60-70 жас аралығы ). Б. Д. Бромлей қарттық кезеңнен басқа (55-70 жас аралығы) солу-қажу, 70-тен жоғары кезеңді төмендеу деп атады. Э. Эриксон бойынша, өмірдің соңғы жылдарын кемелденудің соңы деп атаймыз. Өйткені, мұндай атау адам өмірінің аяқталу кезеңінің мазмұнына көбірек сай келетін секілді. Сондай-ақ, бұл кезеңді көптеген адамдарда «қартаю – қуаныш емес» деген түсінігіне сай келе бермейді.

Жоғарыда айтып өткендей, кемелдік пен соңғы кемелдікті ажыратып тұратын – бұл зейнетке кету факторы болып табылады. Бұл көбіне кризистік кезеңді тудырады, яғни бұл зейнетке кету кризисі» деп аталады.

Ең алдымен, әдеттегі тұрмыс салты бұзалады, адам өзін керексіз, тастанды сезініп, ендігі кезекті қоғамдық өмірге қатысы жоқтығын түсінеді. Өзінің әлеуметтік статусының төмендеуі, жылдар бойы жинақталған өмір ырғағының жоғалуы, әдетте, адамның жалпы физикалық және психологиялық жағдайының нашарлауына да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кейбір жағдайларда өлімге де әкелуі мүмкін.

«Зейнетке кету дағдарысы», әдетте, немерелерінің өзіндік-жеке өмір сүруінің бастауымен тереңдей түседі, әсіресе, өзін жанұяға арнаған әйелдер үшін. Өмірдің соңғы кезеңдерінде биологиялық қартаю процесі тез жүреді.

Физикалық күші таусыла бастайды, денсаулықтың жалпы жағдайы нашарлай бастайды, кейбір психикалық функциялардың деңгейі төмендей бастайды, ең алдымен еске сақтау процесі мен ас қорыту мүшелерінің қызметі бұзылады. Бұл регрессивті процестер адамдардың хронологиялық және биологиялық жасына сәйкес әр түрлі сәйкес пайда болып отыратын көптеген адамдарда төлқұжаттық жас психологиялық жасқа негізделіп келеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда әйелдер өмірінің ұзақтығы 80 жас болса, ал ерлер өмірінің ұзақтығы 60 жас болып табылады. Бірақ та, статистикалық мәліметтер бойынша, өлім жастық шақта немесе бөьек кезінде де келуі мүмкін. Зейнетке кету көбіне биологиялық қартаюмен сәйкес келе бермейді, және де материалдық жағдайының төмнедеуіне де алып келеді. Сондай-ақ, өмір серігінің өліміне байланысты, немесе туысқандарын жоғалтумен байланысты да дағдарыс тереңдей түсуі мүмкін.

Э. Эриксон бойынша, қарттық кезеңде «адамның көңіл бөлу фокусы» болашақ туралы уайымдары өткен тәжірибеге ауыстырылады. Одан кейін психологиялық өткен шақ ұлғайып, нақты мерзімдік перспектива қысқарады. Осыменен, психологиялық қартаю, қарттық сезімінің туындауы қалыптасады.

Сондай-ақ Э. Эриксон, бұл жерде дамудың негізгі екі сызығын бөліп көрсетті. Егер де адам «өзгелер туралы уайымдап, олардың жағдайларын жасап, өзгелер үшін үлгі болған болса, онда бұл адамда өткен тәжірибесінен қалған жемістерді қайта жаңғырту туралы идеялар туындауы мүмкін. Мұндай адамда өзінің бүкіл өмір барысындағы тұлғалық дамуындағы бағалау өлшеміне байланысты «эго-интеграция» процесі пайда болуы мүмкін». Э. Эриксонның ойынша, эго-интеграция психо-әлеуметтік кризиске қарағанда қарттық кезеңге маңызды фактор болып табылады. Егер де адамның дамуы прогрессивті сипатта болатын болса, ол өзінің бүкіл даму жолына қанағаттанып, кәсіби қызмет саласымен қатар, неке мен жанұяда да үйлесімді қатынаста болуы мүмкін.

Өзінің шеберлігінің жалғасын өзіннің ұл-қыздарын көргенде, немесе берген тәрбие, білімінің нәтижесіне қанағаттанатын болса, онда адам қарттық кезеңге көңілі толып, келер өлімнен қорықпайды. Тек осындай жағдайда ғана, Э. Эриксонның айтуынша, адам нағыз қарттыққа жете алады, сүрген өмірінің даналығын сезіне алады. Даналық – бұл өлім алдындағы өмірдің шартсыз маңыздылығын саналы түрде түсіну.

Егер де, адам өзінің өткен өмірін «жүзеге аспай қалған мүмкіндіктер мен қателесу» деп санайтын болса, онды өмірдің қорытынды кезеңінде оның бойында эго-интеграцияның болуы мүмкін емес. Ал, өз кезегінде, эго-интеграцияның жоқтығы «өмірді қайта жасау» секілді өкінішпен байланысты өлімнен жасырынша қорқуына алып келеді. Мұндай жағдайды Э. Эриксон адамның дамуындағы өкіну-қайғыру кезеңі деп атаған.

Қартаю және психологиялық жас. Жоғарыда атап өткендей, қарттық шақтың белгілерінің бірі – бұл психологиялық қартаю болып табылады. Бұл кезеңде қарт адамдарға өзінің өткен өмірін бағалаудан басқа эго-интеграцияға жету үшін «өмірге қызығушылықтың» қажеттігін атап өтеді. Ол өзінің немерелерінің тәрбиесіне қажет екенін, саяси оқиға-құбылыстарға, денсаулықты нығайтуға арналған дене дене шынықтыру бағдарламаларының және т. б. қажеттілігін де атап өтеді.

Сондай-ақ, қарттық кезеңдегі психологиялық жастың артуы оның міндетті бөлігі болып табылмайды. Өмірдің соңғы кезеңі болып табылатын бұл жас физикалық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жоғалту уақытында субъективті тартымсыз сипатқа ие болады.

И. С. Конның мәліметтері бойынша, қарт өздерін «орта жасқа» жатқызады, тек кейбіреулері өздерін кәрімін деп санайды. Нақты жағдайда пси хикалық жағдайының нашарлауымен, денсаулығының төмендеуімен, қоғамдық қатынастар шеңберінің кемуімен, материалдық жағдайының төмендеуімен байланысты болған кезде ғана адам кәрілік сезімін, жас өзгеруінің негативтілігін сезінуі мүмкін.

Шығармашылық – кәсіби өмірі ұзаққа созылған адам кәрілік кезеңде де психологиялық жасын үй лесімді сақтап қалады. Қазіргі кезде геронтологтар негізгі назарын кәріліктің медико-биологиялық себептері мен уақытынан бұрынғы өлімнің себептерін апнықтауға бұрып отыр. Бұл мәселелердді шешу үшін әдеттегі өмірді 100-150 жасқа дейін созу керек болады. Геронтопсихологиядағы маңызды мәселелерді шешуде ең алдымен псрхологиялық жас ерекшеліктерін дұрыс қалыптастыру болып табылады.

Психологиялық жасты өлшеу, ескеру кейде жеке тұлғаның даму спецификасын болжамдауға және түсінуге көмектеседі. Кемелдік кезеңдегідей, қарттық шақта да өзін жас сезінуі жеке тұлғалық өлгемге байланысты болып келеді. Ең соңғы кезең өте маңызды болып келеді. Жеке тұлғаның қарқынды дамуы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, өзін-өзі толық аша білуі кез келген жас кезеңінде болуы мүмкін.

Психологиялық жас хронологиялық жасқа қарағанда ауқымырақ болып ке леді, сондықтан да оны өмірдің сапалығы деп атайды. Адам өзін қашан туылғанын, қандай жастық категорияға жататынын сезінгеннен гөрі, ол қалай өмір сүретінін, өзін қалай сезінетінін, қалай қабылдайтынын сезінген маңыздырақ болып келеді. Біздің эрамыздың басында өмір сүрген Л. Сенеканың айтуынша, «біздің өміріміз алтын секілді, көлемімен емес, салмағымен өлшене білсін, оны іспен өлшейік, уақытпен емес...» деген.

Қарттық кезеңнің дамуының үш нұсқасын бөліп көрсетуге болады:


  • өмір сүріп үлгеру;

  • қызмет түрлерінің, әрекет түрлерінің ауысуы;

  • кемелік кезеңдегі өмір мазмұнын сақтай білу.

Өмір сүріп үлгеру. Бұл психологиялық болашақтан айырылумен сипатта лады. Ол жеке тұлғаның әр алуан бағыттарында орны алуы мүмкін. Адамның гедонистикалық бағыттылығын да өзінің қарттық шағына дейін өмір сүріп үлгермейді. Адамның эгоистік бағыттылығында өмір сүріп үлгеру дамуға тән сипат болып табылады.

Кемелдік шақтан қарттық шаққа өтудегі қызмет түрлерінің ауысуы жеке тұлғаның бағыттылығында да көрініс беруі мүмкін.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет