Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



Дата22.06.2017
өлшемі151,5 Kb.
#19879
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Садық Индира Әмірханқызы №48 орта мектебі тарих және құқық пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.


Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуыныңжоғарыдеңгейі».
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.Дарындылық –адам бойындағы қабілеттіліктің жоғарғы деңгейде дамуы, іс-әрекет барысында ерекше жетістікке жету. «Дарындылық» ұғымы «сый»(дар) деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғы алғышарттарын білдіреді.

Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50жылдарында психолог Б.Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді.Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс –әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым. Дарындылықтың психо-физиологиялық ерекшеліктерін айқындауда педагог-психологтердің ұйғарымы төмендегідей:

- дарындылық-оқушының жоғары нәтижеге жетудегі ерекше қабілеттілігі, жасампаздық мүмкіндігі(В.Шадриков,Л.Выготский,С.Рубинштейн);

-Д.Ж Рензули бойынша дарындылық дегеніміз –үш байланыстың үйлесімдігі; жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды.Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды;

-дарындылықтың психологиялық құрылымы–шығармашылықтың негізгі құрылымдық элементтерімен және адамның шығармашылық дамуымен сәйкес келеді.( А. Матюшкин);

-дарындылық дамуының бастауы-оқушының танымдық қабілеті (А. Матюшкин,В. Юркеевич).

Дарынды оқушыда басым болатын танымдық түрткі жаңалыққа ынталанудың, жаңалықты жағдайды туындатудың,жай нәрседен жаңалықты байқаудың төменгі баспалдағында пайда болатын ізденушілікке,зерттеушіллікке белсенділік формасында көрінеді.(Е.Соколов,Хорн,ДжБернлайн,Э.Голубева,Н.Данилова.)

Дарындылық ұғымы шығармашылық, талант, данышпандық, қабілеттілік, дарынды бала ұғымдарымен байланысты:



Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.Бұрын болмаған жаңа, соны өнім өндірудегі адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы мақсатты іс-әрекеті(Б.Коротяев,Я.Пономарев, О.Тихомиров), онда шығармашылықты ізденушілікпен, зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға болады.

Талант-қабілеттілікті кең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Қабілеттік- адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасқан қасиет. Нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Психологтар дарындылықтың белгілерін екі аспектігі бөліп қарауды ұсынады: инструменталды және мотивациялы.Инструменталды-қызметтің тәсілін білдіреді,мотивациялық- бала шындықтың және өзінің іс-әрекетінің түрлі қырына қандай көзқараспен қарайды,оларға деген қарым-қатынасының қандай екенін білдіреді. Америкалық ғалымдар дарынды бала мәселесін тәжірибелік бақылауларға сүйеніп, өзара байланысты үш белгіге ерекше көңіл аударған: танымның жоғары деңгейде дамуы,психикалық даму,физикалық мәліметтер.Оқу үрдісінде жеке таным үрдісін, жалпы интеллектуалдық жүйені дамыту қажет.

Белгілі психолог Н.С Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп атап көрсетті:

-ұқыптылық,жинақтылық,зейіннің тұрақтылығы,еңбек ету қабілетінің жоғарылығы;

-ақыл –ой,логикалық ойлауының тездігі,кез-келген жағдайда талдап салыстыра білуі;

-барлық күш-қуатын сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі.



Дарындылық белгілері –дарынды бала бойындағы ерекшелік,ол шынайы іс-әрекет пен бақылаудың бағалау жолдарымен пайда болатын іс-қимыл.

Балалар дарындылығын шешуде бір-бірімен тығыз байланысқан үш параметрге назар аударылады: таным қасиетінің дамуы,психикалық дамуы,дене қабілетінің дамуы. Дарынды балаларды оқыту үрдісінде білім берумен қатар психо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай «шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау » керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әректті қалыптастастыру үрдісі жүргізілуі тиіс.Мұны оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет.Осы қажеттілікті орындаудың жүйелі тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың,ойдың дамытудың ізденіс іс-әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі-логикалық ойлау операциялары-оқыту технологиясының негізіне алынған.Оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың қолданудың әдістемесі қарастырылған.Оқыту технологиясының мақсаты-оқу үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми-ізденіске бағыттау.Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер белгіленді.

1.Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолдану тәртібін белгілеу.

–шығармашылық ойлаудың ( ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалық операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу;

-логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір кезеңдерінде,оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық тапсырмаларды,сұрақтарды құруда,тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде қолдануды енгізу;

-оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін жасау.

2.Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында: -сабақта игерген шығармашылық іс-әрекет дағдылары бойынша өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындау;

-шығармашылық жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып, шағын шығармашылық жұмыстар жасау арқылы нақтылы ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау.

3.Оқушылардың ғылыми –шығармашылық жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда: -өз бетіше материалды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау; -ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру; -өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалық заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу керек.

Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет –дарындылықтың айқын белгілері.Сұрақ қоя білу,тапқырлық,кітаппен жұмыс,құбылысты бақылау,талдау,болжам құруға талпыну сияқты біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері щығармашылықпен тығыз байланысты.Дарынды балаларға тән тағы бір ерекшелік-ойдың айқындылығы, күрделі мәселелерді айқын сөздермен,оны бір-бірінен шығатын етіп, тиісті жүйелермен көрсете білуі. Дарынды балалардың біліктер жүйесі.(2-кесте)





Жұмыс жасау білігі

Біліктер қосылған жүйесі

қолданылғантәсілдер

1.

Кітаппен,оқулықпен жұмыс жасау білігі.

а)кітаппен,оқулықпен жұмыс істеу;

ә)бағдарлай білу.



Жұмыс дәптермен

2.

Құбылысты бақылау білігі.

а)бақылау нысанын таңдау;

ә)бақылау жүргізу

б)бақыланып отырған құбылысты дәл сипаттау


Интернет желісі

3.

Құбылысты талдау білігі

а)құбылыстарды, заттарды салыстыру,беттестіру;

ә)құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу,құбылысты ойша біріктіру.



хрестоматия

4.

Болжам құру білігі (жауаптың басқа нұсқасын іздеуі)

а)болжам құруға талпыну;

ә)мәліметтерді тексеру және таңдау.



Психологиялық тест

5.

Оқу-тәрбиелік шараларды құру біліктері түрінде материалдарды жалпылау білігі.

а)шығарма, мазмұндама,өтірік өлең,ертегі,т.б. жазу;

ә) материалдарды талдау, тұжырым жасау;

б)оқу-тәрбиелік шараларды құру біліктері;

в)тәрбиелік шараға қатысу.



Сауалнама

Сабақ барысында ғылыми-шығармашылыққа бағыттаудың тәжірибелік жалғасы сабақтан тыс уақыттағы оқушыларды дамыту жұмыстарында орындалатын өзіндік ізденістері арқылы ұйымдастырылуы шарт.Осы тұрғыдағы дамытушылыққа байланысты қамтамасыз ету үшін арнайы «Талантты табу,тану,таныту» бағдарламасы дарынды балалардың біртұтас жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Қазіргі таңда алдыңғы елдердің қатарынан көрінуіміз үшін дарынды балалардың қабілетін ашу, оны танытуда педагогика саласының атқаратын қызметі ерекше.Қарыштап дамып бара жатқан заманда мектеп қабырғасынан бастап дарын иелерінің қабілеттерін ашу «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағат сөзге сүйеніп оқушының жеке қасиетін тауып, танып, таныта білу ұстаздардың бірден –бір міндеті болып саналады.Өйткені адам қабілетінің ашылуы қоршаған ортаға, қоғамға байланысты.

Егеменді еліміздің келешегі мен кемелі білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын ертерек табу олардың игілігін көру бүгінгі күннің көкейтесті мәселелердің бірі болғандықтан қоғам қажеттілігі мен сұраныс қанағаттандыратын өмір сүру қағидаларын меңгеруге кең көлемде білім алған, жоғары деңгейде түсіну қабілеті бар дарынды оқушыларды тауып,танып,таныту мақсатында оқу тәрбие процесінде жеке, жетекшілік жұмыс жүйемді құрдым.Оқушылардың дарындылығын ашудағы мақсатым- бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан тәні және жаны сұлу,өзіне-өзі сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы әлемдік, өмірлік ірі кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу.Оқушылардың жеке қабілетін ашудағы негізгі ұстаным талантты табу,тану,таныту.

Жұмыс жүйемнің негізгі міндеттері мыналар: *оқушылардың табиғи интеллектуалдық қабілетін дамыту. *оқушыларға ғылым негіздерін игерту арқылы тұрақты дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. *Жеке тұлға дарындылығын дамытудың әдістерін жан-жақты байыту. *Оқушылардың жалпы интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру. Жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді орындауды жүзеге асыраудың бағыттары төмендегідей: *Оқушының денсаулығын анықтау; *Мектеп психологы арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін ашу; *Баланың бас ұстазы болған ата-аналар тегін зерттеу; *Мектепшілік, қалалық,республикалық,халықаралық деңгейдегі жарыстарға,жоба қорғауға,олимпиадаларға,интеллектуалды жарыстарға қатыстыру. Жұмыс жүргізу жүйемді жүзеге асырудағы қолданған әдістерім: *Баланың отбасылық жағдайы,оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме,сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары); Оқушылардың шығармашылық дарындылығының 3 деңгейі:Креативті,интегративті когнитивті деңгейі.Оқушылардың шығармашылық дарындылығының құрылымдық- мазмұндық моделі.(1-кесте)

Бөліктер

Өлшемдер

Көрсеткіштері.

Мотивациялық

Шығармашылық іс-әрекетке құндылық бағдарының болуы.

-шығармашылық іс-әрекетке тұрақты танымдық;

-дербес шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қажетсіну;

-шығармашылық нәтижеге ұмтылу.


Интеллектуалдық

Шығармашылық ой-өрісінің тереңдігі және танымдық-интеллектуалдық дербестігінің болуы.

-танымдық және инттелектуалдық біліктілігінің деңгейі;

-шығармашылық дарындылыққа тән психологиялық сапалар мен шығармашылық іс-әрекет туралы білім деңгейі;

-интеллектуалдық тапсырмаларды шешу мүмкіндіктері.


Рефлексиялық

Шығармашылық дарындылығын дамытуда рефлексиялық іс-әрекеттің үйлесімділігі мен өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау жүйесін меңгеруі.

-шығармашылық ой-өрісінің рефлексиялық сипаты;

-танымдық ізденімпаздығының жоғары деңгейі;

-обьктивті бағалау және ішкі рефлексиялық мүмкіндіктерінің дамуы;

-ұжымдық шығармашылыққа бастамашылдық идеясын көрсетуі.



Ұсынылып отырған шығармашылық дарындылықты дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы мен олардың даралық ерекшеліктерін айқын қабілеттерін,креативтілігін арттырып, шығармашыл дарынды тұлғаның қалыптасуына негіз болады.

Оқыту үрдісінің мазмұнындағы бейімді оқыту үрдісін орындау технологияның ішкі құрылымында қарастырылады. Бейімді оқытудың талаптары бойынша әр пән белгілі мамандықтарға негіз болады. Пән бойынша оқушылардың болмысын жасай отырып, онда сабақ барысында игеруге мамандыққа қажетті дағды, іскерліктері мен қабілеттері бойға сіңіріледі.

Мектеп оқушыларын мақсатты деңгейге жеткізу үшін дарынды балаларды дамыту мен тұлғалық болмысын қалыптастыру белгіленген.Болмыста дарынды оқушылардың бойында болуға тиісті құнды сапалық қасиеттер көрсетілген.

Оқу үрдісі біртұтас жүйе болғандықтан, сабақ уақытысында РДДО технологиясын қолдану барысында қалыптасқан оқушылардың шығармашылық іс-әрекет біліктіліктері сабақтан тыс уақыттағы оқушылармен жүргізілетін дамыту жұмыстарында жалғасын табуы тиіс.РДДО(рейтингілік деңгейлік дамыта оқыту) технологиясы – оқытудың жаңаша технологияларының қағидаларын негізге ала отырып жоғары қабілетті оқушылардың білім негіздерін меңгерумен қатар шығармашылық тұрғыда (өнімді) ойлауға, өз бетінше ізденуге, ғылыми-ізденіс бастамаларын үйренуге баулуға бағытталған. Дамыта оқыту мақсаты, міндеттері,әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес беріген оқытуды айтамыз Өнімді ойлаудың жүйесі- танымдық іс-әрекеттен логикалық қисынды операциялар арқылы іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау.



Танымдық

Логикалық

Шығармашылық

Оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.

Логикалық ойлау операциларын игеруі, оқу материалдары бойынша операцияларды қолдана отырып құрылымындағы тапсырмаларды орындау.

Шығармашылық алгоритмінің әдіс-тәсілдерінигеруі, шығармашылыққақадам жасау,түрлендіру,ой уындату, қортындыжасау,ғылыми– ізденіс жүргізу.

Деңгейлеу –оқушының игеруге тиісті білім мен білік жүйелерінің сатылай топтастырылған белгілері. Оқушының оқу материалын меңгерудегі ой іс- әрекетінің екі деңгейі бар: а) Өнімсіз- міндетті деңгейге сәйкес келеді;

ә) өнімді –лайықты және жоғары деңгейге сәйкес келеді, яғни эвристикалық және шығармашылық деңгей.

Деңгейлеудің қажеттілігі: оқушы өз іс-әрекетінің деңгейін салыстыра отырып жүйелеуі керек. Сабақтарда бағалаудың өзі деңгейлік белгілер арқылы атқарылады, бірақ онда оқушының танымдық іс-әректі бағаланады.РДДО технологиясында оқушының қисынды ойлау операцияларын қолдана отырып атқарған өнімді іс-әрекетінің деңгейі бағаланады. Өнімді іс-әрекетті деңгейлеп бағалау жүргізіледі.Оқыту үрдісінің сапасы үш параметр көмегімен бағаланады.

1.Үлгерім деңгейі.

2. Педагогикалық іс-әрекет деңгейі.

3.Шығармашылық тапсырмалардың күрделілік деңгейі.

Оқушылардың үлгерім деңгейі рейтингі әдісі арқылы бағалау бойынша анықталады.Шығармашылық тапсырмалардың күрделілік деңгейі оқушының игеруге тиісті білім, білік, дағды жүйесі логикалық ойлау операцияларын арқылы анықталады.Оқыту үрдісі үш деңгейлік оқыту сапасы арқылы жүргізіледі.Орта білім берудің салалық жалпыға міндетті стандартының үш деңгейіне негізделіп, қисынды ойлау операциялары күрделілігіне қарай үш деңгейге топтастырылған. 1. Міндетті деңгейі –минимум ҚР ОББ стандарт деңгейі. Қарапайым ойландыратын операциялар белгіленген. 2. Лайықты деңгейі – лицей, гимназия оқушыларының деңгейі. Күрделі жоғары ойлау операциялары белгіленген (шығармашылыққа бағытталған). Балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттері, іскерліктері сен сезім ерекшеліктері оқу-тәрбие үрдісінің өн бойындағы барлық жоспарлауларда басшылыққа алынады. Танымдық қабілеті және іскерлік пен дағдылары.Дивергентті ойлау, ой жүйесінің жетілуінің жоғары деңгейде болуы, ойлау операцияларының шапшаңдығы, дәлдігі,икемділігі.Көптеген идеяларды қабат өрбіте алу,шапшаң ойлау қабілеті. Жаңа стандартсыз идеяларды туындату қабілеті. 1. Ой еңбегінің нәтижесіне тез жете білу немесе жетілдіре алуға қабілеті,кең ауқымды интеллектуалдық іс-әрекетін іске асыра алу қабілеті. 2. Шығармашылық іс-әректті өз бетінше жүргізе алу қабілеті. 3.Құпиялы байланыс пен бағыныштылықты байқау қабілеті.Өзгеше әдеттен тыс және түсініксіз байланыстарды айқындау қасиеті. 4.Хабарларды іздеуді баламалы жолда пайдалана алу іскерлігі. 5.Хабарларды синтездеу мен кіріктіре білу іскелігі. 6.Іс-әрекет үрдісін, сондай-ақ нәтижесін аумақты талдау және бағалау іскерлігі. 7. Жаңа идеяларды өмірде қолдана іскерлігі. 8. Жорамал жасау және ой елегінен өткізу іскерлігі(өзіндік пікірлер, шешімдер шығару, қорытынды жасау). 9. Коммуникативтік қабілеті. 10. Сын тұрғысынан ойлау қабілеті. Сезім ерекшеліктері. 1. Ұлттық рухының күшті,интуициясы дамыған, сезімтал болуы. 2. Сыңарлы « Мен тұжырымдамасының» болуы. 3. Бастамашылдыққа ұмтылуы және тартысты талап ететін тақырыптарда тапқырлық көрсету. 4.Заңды ережені, әдеп-ғұрыпты сақтау мен сыйлауы. 5 Мақсатқа жету табандылығы мен таным қажеттілігін қанағаттандыруы. 6Адамгершілік мәселелерін талқылауға жүйріктігі ( обал-сауапты пайымдауы,әділеттілігі) 7.Өз қабілеті мен ерік-күшіне сенімділігі, өзін-өзі ұйымдастыра білуі. 8. Өзар қарым-қатынастағы дауларды шеше білу. Сонымен қазіргі кезде білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде.Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды.Дарынды бала болашағымыз үшін, қоғам үшін өте маңызды.Әрбір талантты адам шығармашылық тақырыппен жігерлі еңбек етіп, қоғамға зор пайда келтіреді.Қоғамның болашағы тек қана саяси көшбасшыға байланысты емес,оның болашағы,сол қоғамға қанша дарынды балалар өсіп келеді,соған да байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балалардға арналған мектептерді

дамыту және қолдау көрсету туралы» Өкімі.

2.Қ.Жарықбаев «Психология»

3.Ү.Жексенбаева «Дарынды балаларды диагностикалау»

4. Ү.Жексенбаева «Жеке тұлғаның дарындылығы» Қазақстан мектебі.

5.С. Төлтебаева. «Дарынды балалардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыру»

Қазақстан мектебі. 2010жыл.

6.З.Бектібаева. «Дарындылық дамытудың теориялық негіздері»



Қазақстан мектебі. 2009жыл.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет