«Дауылды жылдардың жалынды жыршысы» 1-жүргізуші:Қайырлы күн оқырмандар,оқытушылар,студенттері м.Өтемісов атындағы БҚУ-не 90 жыл толуына орай «Дауылды жылдардың жалынды жыршысы»



Дата25.05.2022
өлшемі14,42 Kb.
#144955
Байланысты:
Сценарий Махамбет
f5fd33deeca4cc0, Түйіндеме1, 1 мінездеме Назерке

«Дауылды жылдардың жалынды жыршысы»
1-жүргізуші:Қайырлы күн оқырмандар,оқытушылар,студенттерІ
М.Өтемісов атындағы БҚУ-не 90 жыл толуына орай «Дауылды жылдардың жалынды жыршысы»атты халқын найзалы күреске шақырған өршіл рухты,ерлік пен батырлықтың нағыз символына айналған Махамбеттей нар тұлғаның құрметіне орай ұйымдастырылып отырған шараға қош келдіңіздер!ІШараның мақсаты:М.Өтемісұлының ерлігі мен өрлігін,ақынның отты шығармаларын ұрпаққа таныту,оның жырларын өшірмей, санамызға мәңгілікке сіңіру,өскелең ұрпақты қайсарлыққа,батылдыққа тәрбиелеу,еліне,жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
М.Өтемісұлы 1803 жылы Батыс Казақстан облысы,Жәнібек ауданында туған.Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы,халқының азаттығын көксеген күрескер,ел бастаған батыр,қазақтың өр рухты ақыны.Махамбеттің ақындық,шешендік таланты елге ерте танылады.Ол жас кезінен батыр,палуан,мерген,домбырашы,ақын атанады.
2-жүргізуші:М.Өтемісұлының жырлары-ұрпақтарға ұлттық сана-сезім мен отаншылдықты атадан балаға жалғасатын елдік пен дәстүрін биік адамгершілікті ұқтыратын шығармалар.Махамбет шығармалары-тарихи шындықтың көркем бейнесі.
«Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан
Ел құтқарар ер едім,
Жандаспай ақыры бір тынбан-деп елі үшін құрбан еткен Махамбеттей ақынның бейнеролигіне назар аударайық
1-жүргізуші:Махамбет-ерлік поэзиясын жасаған ақын,туған жерге табынған ұлы лирик.Махамбет жырларының асыл арқауы-туған жердің туын көтеру,оны талауға түсірмеу,туған жер үшін бас тігіп,найзалы күреске шығу,келешек ұрпақты патриоттыққа шақыру.Назарларыңызға Махамбет жырларын ұсынамыз.Оқитындар:1.
2.
3.
2-жүргізуші:Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы-Исатай Тайманұлы. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым» т.б өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы,адамгершілік,қайсарлық,тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталады.Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып,оларды жеңіске жетелеп,ұран көтеріп,өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы-өршіл жырлары болды.
Исатай батырға арналған өлеңдерін қабыл алыңыздар
Махамбеттің «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері-хан сұлтандарға қарсы жазылған,олардың бет пердесін ашатын жырлар болды
Ханға арналған өлеңдер
Көрніс
Махамбет ақындығымен қатар шебер күйші болды.Оның 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза,шалқар күй» деген атпен жарық көрді.
Күй
.Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп,көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ,асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақын жырлары орыс,араб,парсы сөздерінің көп кездесіп,шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді.Ол жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып,қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.
Сіздерге «Бір университет-бір кітап» атты кітап көрмесімен кітапханашы Гүлшира Шаденовна таныстырады.
Шараға келген қонақтарға сөз кезегі беріледі.
М.Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп 4 томдық жинағы жарыққа шықты.Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді.Интернетте Махамбет сайты ашылды.Атырау обылысында Махамбет атындағы аудан,ауыл,көше бар.Ақын қайтыс болған Атырау обылысының Индер ауылынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды.Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды.Батыс Қазақстан Университеті,Орал Қаласындағы санаториялық мектеп-интернат,республикадағы көптеген елді мекендердегі көшелер,т.б Махамбет атымен аталады
.Махамбет поэзиясы-патшашыл хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды,ол озық идеялы,халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты.Махамбет поэзиясына тән өжеттік,өрлік,өткір сын,әр кезде де кейінгі жастарға үлгі.Ақынның бітім тұлға-тұрпаты,ісі, сөзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге тұрарлық.
Осымен бүгінгі «Дауылды жылдардың жалынды жыршысы» атты кешіміз аяқтала келді,көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет,аман-сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет