Деңгейлеп саралап оқытудың ерекшелігі



бет1/4
Дата25.12.2021
өлшемі24,58 Kb.
#105288
  1   2   3   4
Байланысты:
4лекция
4лекция, 921949336014 1-апта лекция

деңгейлеп саралап оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ



Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міңдеті-білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.



Жалпы білім беру саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп іс жүзіне асуы егемен еліміздің өркендеу бейнесінің бір көрінісі. Өркениетті елдер мен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруге көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе. Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік..

Өзектілігі — Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.

Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудьщ жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В. Давыдов, Л. Занков, Ш. Амонашвили, т.б. зерттеулерінде карастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет