Делбегетей ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі Айжан Акемиеваның есепті баяндамасының тезисі



Дата11.02.2018
өлшемі45,97 Kb.
#37479
Делбегетей ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы округ әкімі Айжан Акемиеваның есепті баяндамасының тезисі

2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша округте 1 елді мекен (Қоңырбиік ауылы) бар. Халық саны 352 адам тұрады, оның ішінде қазақтар саны- 346, орыстар - 6. 2016 жыл округ бойынша 4 сәби дүниеге келді, 3 адам қайтыс болды, 10 адам басқа жақтан келді. Зейнеткерлер – 59, оның 16- сы мүгедектер, тыл ардагерлері – 7.

Округте 19 шаруа қожалығы (1 асыл тұқымды ақбас сиырларды өсіретін «Мақсат» шаруашылығы) бар, мектептер саны – 1, дәрігерлік мекеме – 1 (ауылдық медпункт), мәдени ошақтар саны - 1 (Жастар орталығы), сауда нүктелерінің саны – 2, мал сою алаңы – 1, шағын наубайхана – 1, ветеринарлық пункт – 1.

Округ бойынша 10 шаруа қожалығы ірі қараның тұқымдық түрленуі бойынша субсидия алса, 2 шаруа қожалығы («Абзал» ш/қ мен «Мақсат» ш/қ) асыл тұқымды қошқарлар сатып алу және қой санын көбейту бойынша субсидия алды. Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша ұсақ мал саны азайса, ірі қара мал мен жылқы өсімінің көрсеткіштері артығымен орындалды. Ауылдық округте тұрғындар мен шаруа қожалықтары бойынша 2017 жылдың 1-ші қаңтарына мал саны барлығы:


2016 ж. 1 қаңтар 2017 ж. 1 қаңтар

Ірі қара – 2453 бас, аналығы -1367 бас. 2730 бас, аналығы – 1765 бас.

Ұсақ мал – 6754 бас, аналығы – 4632 бас. 5031 бас, аналығы – 4054 бас.

Жылқы – 602 бас, аналығы- 283 бас. 780 бас, аналығы – 357 бас.



Округ бойынша жергілікті салықтарды жинау барысы:

Жоспар Орындалуы

Мүлік салығы- 9 000 теңге 9000 теңге

Жер салығы - 11600 теңге 11600 теңге

Көлік салығы - 300 000 теңге 358312 теңге
Білім беру саласы: Қоңырбиік негізгі мектебінде жалпы бала саны – 65, оның ішінде негізгі мектебімізде - 35 бала, кіші орталықта- 20 бала, мектепалды даярлық тобында- 10 бала білім алуда. Білім беру саласында 13 мұғалім, 2 тәрбиеші, 1 психолог жұмыс істейді. Оның жоғары білімдісі - 12, арнаулы орта білімдісі – 4.

Аудандық ағылшын тілінен мәнерлеп оқу сайысынан Касымжанова Л.М І орын, аудандық «Үздік информатика пәні мұғалімі» сайысы және «Әдістемелік құрал» сайысынан Кабдыгалиева Д.Е. ІІ орын, аудандық мұғалімдер арасындағы туристік жарыста «Қоңырбиік негізгі мектебі» - ІІ орын алды. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына орай аудан әкімінің мадақтама грамотасын бастауыш сынып мұғалімі Идрисова А.Т. алды. Аудандық білім бөлімінің алғыс хатын Отарбаева Т.М., Калиева Ж.С., Көкебаева Д.Қ. алды. Технология пәнінен аудандық көрме жарысында Абдулина В.А., Отарбаева Т.М. ІІ орын иеленді.

Биология пәнінен облыстық интеллектуалдық конкурста 6-сынып оқушысы Идрисов Мерей ІІІ орын, Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен аудандық пәндік олимпиадада Айсанов Қазбек математикадан ІІІ орын, қазақ тілі пәнінен Киржибаева Диана ІІ орын, орыс тілі пәнінен аудандық олимпиадада Слямханова Самал ІІІ – орын, облыстық «Балапан» конкурсынан Алтай Айым ІІІ орын, Айсанова Алтынай, Ризабек Гүлзат, Жеңісқанова Наз, Ерланқызы Ару ІІ орын, Облыстық қазақ тілі пәнінен «Айналайын» конкурсынан Жұмаділова Еркежан ІІ орын, Киржибаева Диана, Алтай Ералы, Акрамов Алинур ІІІ орын алды.

«Мектепке жол» акциясы аясында 1-сынып табалдырығын аттаған 7 балаға мектепке қажетті оқу құралдары сыйға тартылды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп түлектері 110 мың теңге көлемінде мектепке демеушілік көрсетті.



Спорт саласы: Аудан әкімінің жүлдесіне арналған ХI халықтық спорт ойындарында 22 округ арасында округ командасы IХ орынға ие болды. Маметеков Бауыржан Балдырғанұлы қазақша күрестен, армреслингтен І, гір көтеруден ІІ орын алды, Балтабаев Медет Кабдылханұлы қол күресуден ІІ орынды иеленді, қазақша күрестен ІІІ орынға ие болды.

Мәдениет саласы. Аудандық сайыстарға округ тұрғындары белсене қатысады.Астана күніне орай аудандық Жастар үйінің мамандары және аудандық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен аудандық әкімшілік-аумақтық бірліктерінің 19-24 жас аралығындағы жастар арасында «Ел жүрегі – Астана» сайысында Делбегетей ауылдық округінен Досхан Балтабаев 2- орынды иеленді.



Денсаулық сақтау саласы: Округ тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ауылда 1 фельдшер қызмет етеді. Аурулардың алдын алу барысында жыл сайынғы егу, емдеу профилактикалық шаралары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Ветеринария бойынша. Ауылымыздың мал дәрігерлері Ж.Абдулин, А.Қапанбаев қажетті ветеринарлық-профилактикалық шараларды тұрақты түрде жүзеге асырады. Уақытымен малды егу, қан алу жұмыстары жүргізілуде, ауылымыз малға қатысты аурулардан аман. Ветаптекада малды емдеуге қажетті дәрілер бар.Профилактикалық жұмыстар жоспарлы түрде жақсы жүргізіледі деп айта аламын: ірі қара, ұсақ мал, жылқы бруцеллезге қарсы тексеруден өтті, сібір жарасы, аусыл, туберкулезге қарсы қан алынып үнемі бақылаудың салдарынан округте жұқпалы аурулардың тарауына жол берілмеді. Аурудың алдын алу шаралары мақсатында қыстақтардың, ауыл тұрғындарының қора-жайларында дизенфекция жұмыстары жасалды. Көше кезіп жүрген қаңғыбас 16 иттің көзі жойылды.

«Ақтайлақ» шаруа қожалығы лизингке «Казагрофинанс» бойынша 5 млн 400 мың теңгеге ауылшаруашылық техникасын (трактор МТЗ – 82) сатып алды.

Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру келісімшарты негізінде аз қамтамасыз етілген отбасыға шартты ақшалай көмек енгізу «Өрлеу» бағдарламасы бойынша бір жанұяға көмек көрсетіліп отыр. 18 жасқа толмаған балаларға арналған жәрдемақыны 5 жанұя алды.

Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы әр санаттағы 11 адам 2017 жылдың І жартыжылдығына кезеңдік басылымдарға тегін жазылды. Мерзімді баспасөзге жазылу бойынша округіміз жоспарды 110 пайызға орындады.



Жарма ауданы әкімінің 2016 жылғы халыққа есеп беру кездесуі барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-сұрақтарды жүзеге асыру бойынша берген тапсырмалары толығымен орындалды. Қоңырбиік ауылында орналасқан су ұңғымасының құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа ауыл ортасынан жаңадан 30 метрлік тереңдікте құдық қазылып ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Өңірлерді дамыту бойынша Қоңырбиік ауылындағы көшелеріне 57 жарықтандыру бақандары орнатылды.

2017 жылы ауыл шаруашылығында тұқымды мал басының үлесін арттыру; сыбайлас жемқорлықтың,қылмыстықтың, нашақорлықтың алдын алу, жастар саясатын жүзеге асыру; спорт – мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізу; ауылды абаттандыру , көгалдандыру жұмыстары жүргізілмек.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет