Delphi — визуалды программалау жүйесі



бет1/7
Дата27.11.2019
өлшемі0,65 Mb.
#52548
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
konspekt Delphi
tus-Joru , Достык туралы накыл создер, Jarnama psihologiasy , 10 esep-bilet , Калиева Ш.Балалар тәжірибесіндегі
Delphi — визуалды программалау жүйесі

Соңғы уақытта программалаға деген қызығушылық көбейіп отыр. Оның негізгі себебі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен күнделікті өмірге енгізілуі. Егер адам компьютерді жақсы меңгесе ерте ме кеш пе компьютерге арналған программаны өзі жазғысы келеді.

Дербес компьютерді қолданушылар арасында Windows операциялық жүйесінің орны ерекше. Сондықтан да программа құрастырушылардың осы операциялық жүйеге арналған программаларды жазуға тырысатыны түсінікті жағдай.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қарапайым программистке Windows жүйесіне арналған программа құру арман болатын. Өйткені бұл жүйеге арналған программалар тек қана «Borland C++ for Windows» тілінде жазылатын, ал ол кәсіпкер программистердің қолынан ғана келетін.

Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы, программалау құралдарына деген қажеттілік Borland Delphi (1сурет) және Microsoft Visual Basic сыяқты «жылдам құрастыруыштардың» пайда болуына себеп болды. RAD (Rapid Application Development – жылдам қолданба құрастыру ортасы) жүйелерінің негізінде визуалды жобалау технологиялары мен уақиғалық программалау жатады. Бұл дегеніміз программалау барысында кездесетін көптген жұмысты жүйе өз міндетіне алады да, ал программистке қолданба дизайнын құрастыру құрастыру мен уақиғаға байланысты программалар жазу ғана қалады. RAD жүйелерін қолдану программистің жұмыс өнімділігін бірнеше есе арттырады.

Delphi — жылдам қолданба құрастыру ортасы, программалау тілі ретінде Delphi тілі қолданылады. Delphi тілі – қатаң типтелген, объектіге бағытталған тіл. Бұл тілдің негізінде программистерге бұрыннан таныс Object Pascal жатыр.



Объектіге-бағытталған программалау технологиясы.

Объектіге-бағытталған программалау (ОБП) қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие. Delphi ОБП іске асырудың танымал құралы болып табылады. Бұл орта сонымен бірге визуалды программалау құралы ретінде ұсынылады, яғни объектілерді монитор экранында көру және оларды программаның орындалуына дейін қандай да бір түрде бейнелеу мүмкіндігін береді.

ОБП тілінің негізгні ұғымы объект. Пішін, батырма, енгізу өрісі, жазу т.б. визуалды объектілерді объект деп атауға болады.

Қасиет, Уақиға, Әдіс ұғымдары.

Қасиет – объектінің сипаттамаларын (өлшемі, түрі, түсі, экрандағы орны т.б.), немесе объектінің күйін бейнелейтін объет атрибуты.

Уақиға - объектімен танылатын әрекет болып табылады. (Тышқанмен шерткенде, фокус алғанда, пішін жүктелгенде т.б.)

Тәсіл – объектіге қатысты жасалатын әрекет болып табылады. Синтаксисі: Объект.тәсіл.


Delphi — жылдам қолданба құрастыру ортасымен танысу

Delphi программасын іске қосқаннан кейін жоба терезесі пайда болады.



Меню қатары. (1)

Delphi программасының командаларын таңдауға мүмкіндік береді.



Басты меню деп Delphi терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Ол сендерге Windows –тың басқа қолданбалары бойынша таныс менюлерге ұқсайды.

Файл – қолданбаларыңды құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады. Жобаға пішіндерді қосуға мүмкіндік береді.

Правка – алмасу буфері арқылы көшірмелеу және кірістіру іспетті стандартты операциялар орындалады. Олар бағдарлама фрагменттеріне ғана емес, кез келген объектіге де қолданылады. Сондақ-ақ пішінде объектіні бекіту, объектілердің өзара орналасуын өзгерту мүмкінідіктері бар.

Вид - әр түрлі құрауыштар мен инстументтерді қарау режимі қосылады. Пішіндер мен бағдарламалық модульдерді, сондай-ақ даярлама процесін неғұрлым өнімді ететін алуан түрлі көмекші объектілерді қарауға болады.

Проект – жобаның жүрегі. Жобаға модульдерді қосуға, өшіруге арналған командалар, қолданба іске қосылғанда бірінші жүктелетін пішінді көрсету т.б. командалар орналасқан.

Выполнить – қолданбаны іске қосу, қатені іздеу командары орналасқан.

Сервис – қолданба терезесін баптауға арналған.

Окна – бірі пішіннен екінші пішінге жылдам ауысу, т.б. командалар.

Справка – көмек.

Жөндеу тақтасы. (3)

Программаны іске қосу, жөндеу командалары орналасқан.

Вид – панель инструментов – отладка

Стандартты тақта. (4)



Жобаны, файлды сақтау, ашу командалары орналасқан.

Вид – панель инструментов – стандартные

Объектілер бұтағы терезесі (дерева объектов) (5)

Белсенді пішінде орналасқан объектілер мен олардың байланысын көрнекі түрде бейнелеуге арналған. Бұл терезеде орналасқан кез келген компонентті шерткен кезде «инспекторлар объектісі» терезесіне сол компонеенттің қасиеттері шығады.
Объектілер инспекторы терезесі (6)

Терезе 2 астардан тұрады. 1-ші астарда объект қасиеттері бейнеленсе, 2- ші астарда белгіленген объектіге қатысты жасалатын оқиғалар тізімі көрсетіледі.



Вид-инспектор объектов

Программа коды жазылатын терезе (8)

Код терезесі программа мәтінін жазу мен редактрлеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережемен жазылады және программаның орындалу алгоритімін анықтайды. Delphi жүйесінде Object Pascal тілі қолданылады, ол өзімізге бұрыннан таныс паскаль тілінің жетілдірілген түрі. Объетілер инспекторы терезесіндегі объектіге қатысты оқиғаны 2 рет шерткенде бұл терезе пайда болады немесе Вид – обзор кода командасы арқылы бұл терезені шығаруға болады.

Пішін (7)

Delphi бағдарламасының негізгі объектісі - пішін. Басқа кез келген объект сыяқты, ол да қасиеттерге, әдістер мен оқиғаларға ие. Жалпы, пішін дегеніміз - әр түрлі басқару элементтері орналасатын қолданбаларыңның болашақ терезесі. Жобада бір пішін де, бірнеше пішін де болуы мүмкін. Жаңа пішін жобаға «Файл – Создать – Форма» командасы арқылы қосылады.

Жобада бар пішіндер тізімін шығару командасы: Вид – формы



Пішіннің жиі қолданылатын қасиеттері

property Name: Объект аты.

property Caption: Басқару элементімен бірге бейнеленетін жазуды қайтарады.

property: Font: Шрифт форматы.

property: Color: Фон түсі.

property: Windows State: Пішінге байланысты қасиет. Пішіннің экранда кәдімгі, бүктелген, жазылған түрде шығуын анықтайды.

Орналасу орны мен көлеміне байланысты 4 қасиет бар: (пиксель бойынша):



property Height: Integer; // Ұзындығы

property Left: Integer;// Сол жақ шеттен объектіге дейінгі аралық

property Top: Integer;// Жоғарыдан объектіге дейінгі аралық

property Width: Integer;// Ені

Форма үшін сол жақ шет (жоғарыдан) деп тұрғанымыз экраннан бастап.

Басқа объектілер үшін өзі орналасқан объектіден бастап саналады. 4 қасиеттің біреуінің өзгеру басқаларының автоматты өзгеруіне себеп болады.
type TAlign = (aINone, alTop, alBottom, alLeft, alRight, alClient) ;

Өзі орналасқан объектілерге қатысты объектінң орналасуы.



property Visible: Boolean объектінің экранда көріну немесе көрінбеуі.

Мысалы: Form1.visivle = False (Объектіге қатысты қасиетті қолдану)

Form1.Hide / көрсету (Объектіге қатысты әдісті қолдану)

Form1.Show / көрсетпеу (Объектіге қатысты әдісті қолдану)
property Enabled: Boolean; объектіні қолданба орындалу барысында қолдана алу немесе алмауын анықтайды.
Пішіннің жиі қолданылатын оқиғалары

Компоненттер тақтасы. (2)

Пішінге орналастыруға болатын көптеген объектілерден тұрады. Компоненттер Delphi программасынында қолданба жасаудың негізгі құралы болып табылады.

Вид – панель инструментов – панель компонентов

Компоненттер тақтасы бірнеше парақтардан тұрады:






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет