Денешынықтыру пәні мұғалімдері үшін дайындаған



бет1/6
Дата06.02.2022
өлшемі20,32 Kb.
#81053
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дене шыныктыру ереже Отежанова Ж
Эксперименталды психологияның даму тарихы

Мажидова Дильназ Ф12/9 тобы.


Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе-жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Сонымен қатар қаупсіздік ережелерін сақтау тек мұғалім мойынында ғана емес әр оқушы ұстанымында болуы тиіс. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.


Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;
Сабақ бастадларда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т.б. аурулармен ауырыл тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.
Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.
Спорт залдағы электр резеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;
Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;
Гранат, кіші доп т.б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.


Жеңіл атлетика

  1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.

  2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.

  3. Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

  4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

  5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.

  6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.

  7. Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.

  8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

  10. Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет