Дербес білім беру ұйымы



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата01.11.2019
өлшемі2,21 Mb.
#50949
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5 Oку жоспары Математика 5 сынып


 

• 

 



«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» 

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАТЕМАТИКА 

Оқу жоспары 

 

 

2018-2019 оқу жылы 



 

 

5-сынып 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



Мазмұны 

Ұзақ мерзімді жоспар .......................................................................................................... 3

 

Орта мерзімді жоспар .......................................................................................................... 7



 

5.1A бөлім: Натурал сандар және нөл саны ...................................................................... 7

 

5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі .................................................................. 20



 

5.1С бөлім: Жай бөлшектер .............................................................................................. 29

 

5.2А бөлім: Жай бөлшектерге амалдар қолдану ............................................................. 35



 

5.3А бөлім: Мәтінді есептер .............................................................................................. 44

 

5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану ....................................... 48



 

5.3С бөлім: Жиын ............................................................................................................... 58

 

5.4.A бөлім: Пайыз ............................................................................................................. 64



 

5.4B бөлім: Бұрыштар. Көпбұрыштар .............................................................................. 68

 

5.4C бөлім: Диаграмма ...................................................................................................... 72



 

5.4D бөлім: Кеңістік фигураларының жазбалары ........................................................... 75

 

Қысқа мерзімді жоспар ...................................................................................................... 79



 

Сабақ жоспары ................................................................................................................... 79

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі ......................................................................................... 81



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 



Ұзақ мерзімді жоспар 

Пәні: Математика 

Сынып: 5 

Ұзақ мерзімді 

жоспар бөлімі 

Ұзақ мерзімді жоспар 

бөлімінің мазмұны 

Оқу мақсаттары 

1-тоқсан (43 сағ + 2 сағ) 

5.1А Натурал 

сандар және 

нөл саны (15 

сағ) 


Натурал сандар және нөл 

5.1.1.1  

натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру;  

5.1.1.2 


тақ және жұп сандар ұғымдарын меңгеру; 

Координаталық сәуле. 

Натурал сандарды салыстыру. 

Қос теңсіздік 

5.3.1.1 

өлшеудің  түрлі  ұзындық  бірліктерін  білу  және  координаталық 

сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну; 

5.5.2.2 


натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу; 

5.1.2.1 


натурал  сандарды  салыстыру,  сонымен  қатар  координаталық 

сәуленің көмегімен салыстыру

5.5.2.6 

сандарды салыстырудың нәтижесін 

>, <, = белгілері арқылы жазу; 

5.5.2.7 


натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды 

зерттеу; 

Арифметикалық амалдардың 

қасиеттері. Натурал сандарға 

арифметикалық амалдар 

қолдану  

5.1.2.2 

амалдар  саны  төрттен  артық  болатын  жақшамен  және  жақшасыз 

берілген санды өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау 

және мәндерін табу;  

5.1.2.3 

санды  өрнектердің  мәндерін  табу  үшін  көбейту  мен  қосу 

амалдарының қасиеттерін қолдану; 

Санды және әріпті өрнектер, 

олардың мәндері. Өрнектерді 

ықшамдау 

5.2.1.1 

қосу  және  көбейту  амалдарының  қасиеттерін  қолданып,  әріпті 

өрнектерді түрлендіру; 

5.2.1.2 


 

әріптердің берілген мәндері бойынша әріпті өрнектердің мәндерін 

табу; 

Теңдеу. Теңдеудің түбірі. 



Теңдеуді шешу 

5.2.2.1 


арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі 

негізінде теңдеулерді шешу; 

5.2.2.2 

теңдеудің шығарылуының дұрыстығын тексеру тәсілдерін 

қолдану; 

Формула. Формула арқылы 

есептеу. Мәтінді есептерді 

шығару. Натурал сандардан 

тұратын сандар тізбегі 

5.5.1.1 


натурал  сандарға  арифметикалық  амалдар  қолдана  отырып, 

мәтінді есептерді шығару; 

5.5.1.8 

әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану

5.5.1.9 

мәтінді есептерді шығару үшін формулаларды қолдану; 

5.2.3.1 

натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау; 

5.2.3.2 

натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу; 

5.2.3.3 

натурал  сандар  тізбегінің  заңдылықтарын  құрастыру  және 

тізбектерді жазу; 

5.1В Натурал 

сандардың 

бөлінгіш (16 

сағ) 

Натурал сандардың 



бөлгіштері мен еселіктері 

5.1.1.5 


натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу; 

5.1.2.8 


натурал сандардың бөлгіштерін табу; 

5.1.2.9 


натурал сандардың еселіктерін табу; 

Жай және құрама сандар 

5.1.1.6 


 

 



жай және құрама сандардың анықтамаларын білу; 

Бөлінгіштіктің негізгі 

қасиеттері 

5.1.2.10 

көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін талдау; 

5.1.2.11 

қосындының және айырымның берілген натурал санға 

бөлінгіштігін талдау; 

2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік 

белгілері 

5.1.2.5 

натурал  сандардың  2-ге,  5-ке,  10-ға  бөлінгіштік  белгілерін 

қолдану; 

5.1.2.6 


натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану; 

Дәреже 


5.1.1.3 

натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;  

5.1.1.4 натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету; 

 5.1.2.4 

бірдей сандардың көбейтіндісін дәреже түрінде жазу; 

Құрама сандарды жай 

көбейткіштерге жіктеу 

5.1.2.7 


құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу; 

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара 

жай сандар. Ең кіші ортақ 

еселік 


5.1.1.7  

ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең 

кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) ұғымдарының анықтамаларын білу; 

5.1.2.12 

екі және одан артық сандардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табу; 

5.1.1.8 


өзара жай сандардың анықтамасын білу; 

 5.5.1.2 

мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану; 

5.1C Жай 

бөлшектер (12 

сағ) 


Жай бөлшек. Жай 

бөлшектерді оқу және жазу 

5.1.1.9 

жай бөлшек ұғымын меңгеру; 

5.5.2.1 

жай бөлшектерді оқу және жазу; 

Жай бөлшектің негізгі қасиеті  5.1.2.14 

жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану; 

5.1.2.15 

жай бөлшекті жаңа бөлімге келтіру

Дұрыс және бұрыс жай 

бөлшектер 

5.1.1.10 

дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату; 

Аралас сандар 

5.1.1.11 

аралас сан анықтамасын білу; 

5.1.2.13 

бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке 

айналдыру; 

Жай бөлшектер мен аралас 

сандарды координаталық 

сәуледе кескіндеу 

5.5.2.3 


жай бөлшектерді, аралас сандарды координаталық сәуледе 

кескіндеу; 

2-тоқсан (33 сағ + 2 сағ) 

5.2A Жай 

бөлшектерге 

амалдар 


қолдану (33 

сағ) 


Жай бөлшектерді ортақ 

бөлімге келтіру. Жай 

бөлшектерді және аралас 

сандарды салыстыру 

5.1.2.16 

жай  бөлшектерді ортақ бөлімге  келтіру; жай  бөлшектерді, аралас 

сандарды салыстыру; 

Жай бөлшектерді косу және 

азайту 

5.1.2.17 



бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 

5.1.2.18 

бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 

Аралас сандарды қосу. Аралас 

сандарды азайту 

5.1.2.19 

натурал саннан жай бөлшекті азайтуды орындау; 

5.1.2.20 

аралас сандарды қосу және азайтуды орындау; 

Жай бөлшектерді және аралас 

сандарды көбейту. Өзара кері 

сандар 


5.1.2.21 

жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау; 

5.1.1.12 

өзара кері сандар анықтамасын білу;  

5.1.2.22 

берілген санға кері санды табу



 

 



Жай бөлшектерді және аралас 

сандарды бөлу 

5.1.2.23 

жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау; 

3-тоқсан (48 сағ + 2 сағ) 

5.3A Мәтінді 

есептер (8 сағ) 

Санның бөлігін және бөлігі 

бойынша санды табуға 

берілген есептер 

5.1.2.24 

санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу; 

5.5.1.4 

санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды 

немесе  шаманы  табуға  арналған  есептерді  құрастыру  және 

шығару; 


Бірлесіп орындалатын 

жұмыстарға қатысты есептер  

5.5.1.3 

жай  бөлшектерге  арифметикалық  амалдар  қолданып  мәтінді 

есептер  шығару  (мысалы,  бірлесіп  жұмыс  жасауға  қатысты 

есептер және тағы басқа); 

5.3В Ондық 

бөлшектер 

және оларға 

амалдар 


қолдану (35 

сағ) 


Ондық бөлшек. Ондық 

бөлшектерді оқу және жазу. 

Ондық бөлшекті жай 

бөлшекке айналдыру 

5.1.1.13 

ондық бөлшек ұғымын меңгеру; 

5.5.2.5 

ондық бөлшектерді оқу және жазу; 

5.1.1.14 

ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну, 

мысалы, 1,3 және 1,30; 

5.1.2.25 

бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру; 

Ондық бөлшектерді 

координаталық сәуледе 

кескіндеу. Ондық 

бөлшектерді салыстыру 

5.5.2.4 


ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу; 

5.1.2.26 

ондық бөлшектерді салыстыру; 

Ондық бөлшектерді қосу және 

азайту 

5.1.2.27 



ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 

Ондық бөлшекті натурал 

санға көбейту. Ондық 

бөлшектерді көбейту 

5.1.2.28 

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді 

орындау; 

Ондық бөлшекті натурал 

санға бөлу. Ондық бөлшекті 

ондық бөлшекке бөлу 

5.1.2.30 

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді 

орындау; 

Ондық бөлшектерді 10; 100; 

1000; ... және 0,1; 0,01; 0,001; 

... сандарына көбейту және 

бөлу 

5.1.2.29 



ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту 

ережелерін қолдану; 

5.1.2.31 

ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 – бөлу 

ережелерін қолдану; 

Ондық бөлшектерді 

дөңгелектеу 

5.1.1.15 

санның жуық мәні ұғымын меңгеру

5.1.2.32 

ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу; 

Мәтінді есептерді шығару. 

Бөлшектерден тұратын сандар 

тізбектері 

5.5.1.5 

бөлшектерге  арифметикалық  амалдар  қолданып  мәтінді  есептер 

шығару;  

5.2.3.4 


бөлшектерден тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау; 

5.2.3.5 


бөлшектерден  тұратын  тізбектердің  заңдылықтарын  құрастыру 

және тізбектерді жазу; 

5.3C  Жиын  (5 

сағ) 


Жиын. Жиынның 

элементтері. Жиындарды 

кескіндеу 

5.4.1.1 


жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру; 

5.5.2.8 


жиындармен жұмыс істеуде 

⊂,∪,∩, ∅, ∈, ∉ символдарын қолдану; 

Жиындар арасындағы 

қатынастар. Ішкі жиын 

5.4.1.4 

ішкі жиын ұғымын меңгеру; 

5.4.1.5 

жиындар  арасындағы  қатынастардың  сипаттамасын  анықтау 

(қиылысатын және қиылыспайтын жиындар); 

Жиындардың бірігуі мен 

қиылысуы 

5.4.1.2 


жиындардың қиылысуы және бірігуі анықтамаларын білу; 

5.4.1.3 


 

 



берілген  жиындардың  қиылысуы  мен  бірігуін  табу,  нәтижесін 

∪,

∩ символдарын қолданып жазу; 



Мәтінді есептерді шығару 

5.5.1.7 


Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер шығару; 

4-тоқсан (38 сағ + 2 сағ) 

5.4А Пайыз 

(12 сағ) 

Пайыз 

5.1.1.16 



пайыз ұғымын меңгеру; 

5.1.2.33 

бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ; 

Санның пайызын және 

пайызы бойынша санды табу 

5.1.2.34 

берілген санның пайызын табу; 

5.1.2.35 

бір  санның  екінші  санға  пайыздық  қатынасын  және  керісінше 

табу; 


5.1.2.36 

берілген пайызы бойынша санды табу; 

Мәтінді есептерді шығару 

5.5.1.6 


пайызға байланысты мәтінді есептерді шығару; 

5.4B 


Бұрыштар. 

Көпбұрыштар 

(8 сағ) 

Бұрыш 


5.3.1.4 

бұрыш  және  оның  градустық  өлшемі  ұғымдарын  меңгеру, 

бұрыштарды белгілеу және салыстыру,  

5.3.1.5 


бұрыштардың  түрлерін  ажырату  (сүйір,  тік,  доғал,  жазыңқы, 

толық); 


5.3.3.1 

бұрышты транспортир көмегімен өлшеу;  

5.3.3.2 

градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу;  

5.3.3.3 

бұрыштың  градустық  өлшемін  табуға,  бұрыштарды  салыстыруға 

берілген есептерді шығару; 

Көпбұрыш 

5.3.1.7 

көпбұрыш ұғымын меңгеру; 

5.4C 

Диаграмма (5 



сағ) 

Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек 

сектор 

5.3.1.2 


шеңбер,  дөңгелек  және  олардың  элементтері  (центр,  радиус, 

диаметр) ұғымдарын меңгеру; 

5.3.1.3 

циркульдің көмегімен шеңберді салу; 

5.3.1.6 

дөңгелек сектор ұғымын меңгеру; 

Диаграмма 

5.4.3.1 


дөңгелек,  сызықтық  және  бағанды  диаграммалар  туралы 

түсініктері болу;  

5.4.3.2 

дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу;  

Статистикалық деректерді 

көрсету тәсілдері 

5.4.3.3 

кесте  немесе  диаграмма  түрінде  берілген  статистикалық 

ақпаратты алу; 

5.4D Кеңістік 

фигураларыны

ң жазбалары (5 

сағ) 

Тік бұрышты параллелепипед 



(текше) және оның жазбасы 

5.3.1.8 


тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы туралы 

түсінігі болу; 

5.5.2.9 

жазық 


фигуралардың 

және 


кеңістіктегі 

геометриялық 

фигуралардың  жазбаларын  салу  (текше  және  тік  бұрышты 

параллелепипед); 

Фигураларды қиюға берілген 

есептер. Фигураларды 

құрастыруға берілген есептер 

5.3.2.1 


фигураларды қию және құрастыру арқылы есептер шығару; 

5-сыныптағы математика курсын қайталау (8 сағ) 

 


 



Орта мерзімді жоспар 



Математика. Негізгі орта білім беру. 5-сынып 

5.1A бөлім: Натурал сандар және нөл саны 

Ұсынылатын сағат саны: 15 

Осыған дейін меңгерілген білім 

«Цифр»,  «сан»,  «жұп  сан»  және  «тақ  сан»  ұғымдарын  білу;  натурал  сандармен  арифметикалық  амалдарды  орындай  алу.  Әріпті  және  санды  өрнектермен  жұмыс  істе 

дағдылары; сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттерін білу. 

Мәнмәтін 

Берілген бөлімде алған білімдері «Рационал сандар» бөлімін оқып үйренуге мүмкіндік туғызады. 



Бөлім бойынша оқу мақсаты 

Оқытудың тілдік мақсаты 

Бөлім бойынша лексика және 

терминология 

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер 

Оқушылар 

-  натурал сан, жұп және тақ натурал 

сандар ұғымдарын біледі; 

-  есептеулерде натурал сандарға 

арифметикалық амалдардың қасиеттерін 

қолданады;  

-  натурал сандарды координаталық 

сәуледе кескіндей алады; 

-  натурал сандарды салыстырады, 

сонымен қатар координаталық сәуленің 

көмегімен салыстыруды орындайды; 

-  теңдеуді шешеді және табылған түбірді 

тексеруді орындайды; 

-  қосудың және көбейтудің қасиеттерін 

қолдану арқылы әріпті өрнектерді 

түрлендіреді; 

-  әріптердің берілген мәндері бойынша 

әріпті өрнектердің мәнін табады

-  мәтінді есептерді арифметикалық және 

алгебралық тәсілдерді қолдану арқылы 

шешеді; 


-  сан тізбектерін құрастырады және 

толықтырады. 

Оқушылар: 

-  есептеулерде натурал сандарға 

арифметикалық амалдар қасиеттерін 

қолдануды тұжырымдай алады; 

-  нүктелердің координаталық сәуледе 

орналасуын түсіндіре алады; 

-  мәтінді есептердің шешімдерін 

түсіндіре алады;  

-  санды тізбектердегі заңдылықтарды 

сипаттай алады;  

-  белгісіз компонентті табу ережесі 

негізінде теңдеулердің шешімін 

тұжырымдайды; 

-  көбейтудің үлестірімділік қасиеті 

негізінде көбейткішті жақшаның 

сыртына шығаруды түсіндіреді; 

-  сандарға  амалдар  қолдану  қасиеттері 

негізінде әріпті өрнектерді ықшамдау 

алгоритмін сипаттайды; 

-  жақшаларды  ашу  ретін  және  ұқсас 

қосылғыштарды 

біріктіруді 

тұжырымдайды. 

-  натурал сандар, жұп сандар, тақ 

сандар; 

-  координаталық сәуле, 

координаталық сәуленің басы, 

нүктенің координатасы, бірлік 

кесінді; 

-  арифметикалық амалдардың 

қасиеттері (ауыстырымдылық, 

терімділік және үлестірілімділік); 

-  өрнекті ықшамдау; 

-  сандарды салыстыру; 

-  теңдеу, теңдеудің түбірі, теңдеуді 

шешу; 


-  сандар тізбегі; 

-  әріпті өрнек; 

-  өрнектің мәні; 

-  коэффициент; 

-  жақшаларды ашу; 

-  ортақ көбейткішті жақшаның 

сыртына шығару; 

-  әріпті бөлік; 

-  ұқсас қосылғыштар. 

-  координатасы үлкен нүкте 

координаталық сәуледе ... оң жағына 

қарай орналасады; 

-  координатасы кіші нүкте координаталық 

сәуледе ... сол жағына қарай орналасады; 

-  есептеуді тиімді тәсілмен орындау; 

-  көбейтудің үлестірімділік қасиетін 

қолдану арқылы ... ; 

-  қосындыны (айырманы) санға көбейтуді 

орындау үшін ...; 

-  өрнекті ықшамдау үшін ... керек; 

-  теңдеудің түбірі деп ... ; 

-  теңдеуді шешу үшін ....керек; 

-  теңдеуді шешу дегеніміз ... ; 

-  әріпті өрнектің мәнін табу үшін ... керек; 

-  жақшаларды ашу үшін ... керек; 

-  ортақ көбейткішті жақшаның сыртына 

шығару үшін ... керек; 

-  өрнекті ықшамдау дегеніміз ... ; 

-  ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін ... 

керек; 


-  егер ... қосылғыштар ұқсас деп аталады; 

-  әріпті өрнектің мәнін табу үшін ... керек. 



Қысқаша шолу 

Оқушылар натурал сан ұғымын меңгереді, натурал сандарға арифметикалық амалдардың қасиеттерін қолданады, натурал сандарды кескіндеу мен салыстыруда координаталық 

сәулені қолданады, мәтінді есептерді арифметикалық және алгебралық тәсілдер арқылы шығарады, натурал сандардан тұратын сан тізбектерін зерттейді. 

 

Тақырыбы 



Оқу мақсаттары 

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері 

Мұғалімге арналған ескертпелер 

Оқу ресурстары 

Натурал 


сандар және 

нөл  

5.1.1.1 

натурал 


сандар 

жиыны 


ұғымын 

меңгеру; 

Оқушыларға  өзінің  айналасындағы  белгілі  бір  заттарды  санауды 

тапсырыңыз (мысалы, үстелдердің, парталардың, қаламсаптардың, 

кітаптардың, кітап беттерінің, жұлдыздардың санын, және т.с.с.). 

Келесі түрдегі сұрақтарды оқушылармен талқылаңыз: 

1. Заттарды санау қай саннан басталады? 

Ұ 

Сыныппен ауызша жүргізілетін жұмыс. 

 

Ұ 

Оқушыларға  кезекпен  орындау  арқылы 

 

http://matssir.ucoz.ru/loa



d/5_klass/matematika_5_

vilenkin_1p/2-1-0-10

 

 


 

2. Берілген заттардың сандарының ең кішісін анықтау мүмкін бе? 



3. Берілген заттардың ең көп санын анықтау мүмкін бе? және т.б. 

Берілген  іс-әрекетті  жүзеге  асыруда  саралап  оқытудың 

"Проблемалық  оқыту"  қағидасы  қолданылады,  ол  -  оқушыларға 

жаңа  білімді  өз  бетімен  қалыптастыру  дағдыларын  жетілдіруге 

және оны терең түсінуге мүмкіндік береді.  

 

Осы  түрдегі  сұрақтар  қою  арқылы  оқушыларға  натурал  сан 



ұғымын өздері тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз. 

Ары  қарай  оқушылармен  бірге  төмендегідей  сұрақтар  мен 

тапсырмаларды талқылаңыз. 

Мысалы: 


1. Ең үлкен санды атауға бола ма? 

2. Нөл саны натурал сан бола ма? 

3. Көптаңбалы натурал сандар қалай оқылады? 

4. Сандардың разрядтары мен кластарын атаңыз және т.б.  

Оқушыларға  ғаламтордан  натурал  сандар  және  олардың  басқа 

елдерде  қолданылуы  туралы  қызықты  мәліметтер  табуды 

ұсыныңыз  (мысалы,  Түркияда  0  саны  натурал  сан  болып 

есептеледі  және  көптеген  көпқабатты  үйлер  нөлінші  қабаттан 

басталады). 

натурал  сандардың  разрядтарын  және 

кластарын кестеге толтыруды ұсыныңыз. 

 

 



Оқушылардан  ұсынылған  сандарды 

жазуды  және  оқуды,  олардың  сәйкес 

разрядтарын  және  кластарын  көрсетуді 

сұраңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет