Дәріс № Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерінде көру қабілеті нашар балаларды оқыту ерекшеліктері



бет1/10
Дата31.03.2022
өлшемі50,97 Kb.
#137476
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
инклюзив 8-15
stud.kz-5559 (1), 1.СӨЖ (копия), пед. психология, Педагогикалық шеберлік, Документнункнк

Дәріс № 8.
Тақырыбы:Жалпы білім беретін мекемелерінде көру қабілеті нашар балаларды оқыту ерекшеліктері.
Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Жалпы білім беретін мектептердегі көру қабілеті балаларға білім беру туралы.
2.Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін қамту.
1.Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру мәселесінің қалыптасуы мен дамуына көз салсақ, көз жанарынан айырылған балаларға арналған мектептер мен мекемелердің ашылуына себепкер болған Валентин Гаюидің еңбегіне назар аударамыз. 39 жасар педагог Валентин Гаюи 1784 жылы Париж қаласында өз қаражаты есебінен көз жанарынан айырылған балаларға арнап мектеп ашады. Ашылған мектепті «Еңбек етуші зағиптардың шеберханасы» деп атайды. Мектепке ең алғашқылардың бірі болып 12 бала қабылданады. Валентин Гаюи оларға арнап өзінің оқу әдістемелік құралын жазады. Мектептің материалдық жағынан қамтамасыз етілудегі қиындықтарға қарамастан мектеп жанынан баспахана ашады. Баспахананың көмегімен көз жанарынан айырылған балаларға бедерлі қаріптермен (шрифт) жазылған кітап басып шығарады. Көз жанарынан айырылған балаларға арналған кітаптың баспадан шығарылуы адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып саналды. Арнаулы қаріптермен басылған көз жанарынан айырылған балалардың сауатын ашу жұмыстары 1829 жылы Луи Брайльдің алты нүктелі қарпі шыққанға дейін жалғасты.
1803 жылы патшалық Ресейдің императоры болған Александр І Валентин Гаюиге сол кездегі империяның астанасы болған Санкт-Петербург қаласында қаласында көз жанарынан айырылған жандарға арнап мектеп ашып беруін өтінеді. Өтінішті қабылдаған мейірімді Валентин 1807 жылы Санкт-Петербург қаласында Александр І патшаның демеушілігімен Ресей тарихындағы алғаш көз жанарынан айырылған тұлғаларға арнап мектеп ашады. Мектепте көз жанарынан айырылған жандарға білім беру мен тәрбиелеу ісі, қол өнер жұмыстарына үйрету жұмыстары қолға алынды. Ресей империясының ағарту саласына қосқан орасан үлесі үшін император Александр І Валентинді төртінші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапаттайды. В.Гаюи 1745жылғы 13 қарашада Францияның Сен-Жюст ауылында кедей тоқымашының отбасында дүниеге келген. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының шешімімен В.Гаюи дүниеге келген күн, яғни 13 қарашаХалықаралық зағиптар күні деп белгіленді.Зағип жандардың,нашар көретіндердің санының күрт өсуі ДДСҰ алаңдатып, 1967жыл соқырлыққа қарсы күрес жылы деп жарияланды.
Көрудің бұзылуы соқырлық (тотальды) және нашар көрушілікпен анықталады. Соқырлар – көрудің болмауы, жарық сезгіштіктің жоғалуы 0,04 өткірлігімен, нашар көрушілік 0,05-0,2 өткірлігімен сипатталады. Көрудің сақталу деңгейіне қарай көру қабілеті былайша анықталады:
- Абсолютті соқырлық -екі көздегі көру сезімталдығының жоғалуы;
Практикалық соқырлық - көру қалдығының сақталуы, жарық сезгіштік, заттардың формаларын (контур, силуэт, қолдың саусақтары) көру.
Көрудің бұзылуы туа пайда болуы мүмкін немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болған соқырлықтың себебі катаракта, глаукома, көз торшасының патологиясы, көру нервтерінің атрофиясының тұқымқуалаушылық жолмен таралуы болып табылады. Тағы бір себебі -ананың жүктілік кезіндегі түрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Жүре пайда болған көрудің бұзылу себептері, көру органдарының ауруы, орталық нерв жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит), бас миының немесе көздің соққы алуы болып табылады. Балалар арасындағы көрудің бұзылуындағы негізгі клиникалық формалары нерв жолдарының, көру анализаторының қабықтық зоналарының зақымдануы, көз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен түсіндіріледі. Балалар арасында кездесетін көру қабілетінің бұзылуларына қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады. Аталған кемшіліктердің әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:
-қимылдық сфераның шектелуі;
- әлеуметтік тәжірибе мазмұнының толық болмауы;
- эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;
- ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;
- өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;
- шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет